Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін «Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



бет6/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптары үшін
«Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Бастауыш сыныптардағы (1-4-сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
      3. Оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
      4. Оқытудың міндеттеріне:
      1) тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
      2) бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
      3) оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
      4) оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
      5) стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
      6) баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
      7) қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
      5. «Математика» пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
      6. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
      1) ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды, сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің ережелерін қолдану, оқулықпен, дидактикалық материалдармен және т.б. жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысы мен сапасының қалыптасқан деңгейін ескеру;
      2) дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану;
      3) еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;
      4) бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктігін қолдану;
      5) дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т.б сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

      7. Дайындық кезеңі (12 сағ):


      1) бірден онға дейінгі сандар тізбегі. Кері тізбек (оннан бірге дейінгі тізбек);
      2) заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзын (ұзындығы бойынша артық). Қысқа (ұзындығы бойынша кем), массасы бойынша салыстыру. Ауыр (массасы бойынша артық). Жеңіл (массасы бойынша кем), сыйымдылығы бойынша салыстыру. Көбірек (азырақ) сыйдырады, бағасы бойынша салыстыру. Қымбат (бағасы бойынша артық). Арзан (бағасы бойынша кем), ауданы бойынша салыстыру. Ауданы бойынша артық (кем);
      3) заттарды санау. Есептік санау. Реттік санау. Артық, кем, сонша. Тура және кері санау;
      4) заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Қозғалыс бағыты (бір-біріне қарама-қарсы, бір бағытта, қарама-қарсы бағытта);
      5) қозғалысты жылдамдық бойынша салыстыру. Жылдам (жылдамдық бойынша артық). Баяу (жылдамдық бойынша кем);
      6) заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу, қисық), сәуле, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, текше, шар. Заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша салыстыру;
      7) уақыт бойынша салыстыру (ерте, кеш). Үлкен (жасы бойынша үлкен). Кіші (жасы бойынша кіші);
      8) есеп. Заттың көрнекілігі негізінде жауабы санау арқылы табылатын қосындыны (қалдықты) табуға, бірнеше бірлікке ұлғайтуға (кішірейтуге) берілген есептерді шығаруға дайындық;
      8. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Кесінді. 1 см дәлдікке дейінгі кесіндінің ұзындығын табу (24 сағ):
      1) 1-ден 9-ға дейінгі атау. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатары;
      2) санауы бойынша сандарды салыстыру;
      3) алдыңғы санға 1-ді қосу, санау барысында келесі сан болатын саннан 1-ді азайту арқылы санды алу;
      4) қосу. «+» белгісі. 2 + 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі қосу бір», «екіге 1-ді қосу», «екіні бірге арттыру», «екі мен бірдің қосындысы»;
      5) азайту. «–» белгісі. 2 – 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі минус бір», «екіден 1-ді азайту», «екіні бірге кеміту», «екі мен бірдің айырымы»;
      6) қосу мен азайтудың тәсілдері: ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды қолдану;
      7) санау нәтижесі мен сандарды салыстыру (соның ішінде есептеудің көмегімен есептің сұрағына жауап табу кезінде);
      8) санның құрамы;
      9) әртүрлі өлшеулер арқылы заттардың ұзындығын өлшеу. Заттың ұзындығы өлшеу нәтижесі мен санын салыстыру;
      10) 0 саны. 0 санын алу және белгілеу. 0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу;
      11) 1 сағ. дәлдікке дейін сағат бойынша уақытты анықтау;
      12) «<», «>», «=» белгілері. Теңдік. Теңсіздік;
      13) тура және тура емес теңдіктер мен тексіздіктер;
      11) кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындық бірлігі – сантиметр (1 см); Бөліктері бар сызғыш;
      12) кесіндіні салу. Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш;
      9. 10–ға дейін қосу мен азайту. Есептің құрылымы. Теңдік. Теңсіздік (48 сағ):
      1) қосу. Қосынды. Қосылғыш. Қосындының мәні;
      2) санды өрнек;
      3) азайту. Айырма. Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні;
      4) қосу мен азайтудың компоненттерінің арасындағы байланыс;
      5) өзара кері амалдар;
      6) қосу мен азайтудың тәсілдері: сандарды бөліктері бойынша қосу және азайту;
      7) қосу мен азайтудың тәсілдері: ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды, санның құрамы туралы білімдерін қолдану;
      8) қосудың ауыстырымдылық қасиеті;
      9) 10 дейінгі қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары;
      10) 0 санымен қосу мен азайтуды орындау;
      11) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының құрамы. 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг.;
      12) ұзындық бірлігі – дециметр (1 дм). 1 дм = 10 см;
      13) әріпті өрнек. Бір әрпі бар өрнектің мәні;
      14) теңдеу. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде және таңдау тәсілі арқылы теңдеулерді шығару. Теңдеудің түбірі;
      15) есептің құрамы. Шарты және сұрағы. Есептің шешуі және жауабы. Қосындыны және қалдықты табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған есептер.
      10. Толық ондықтар. Жүз (12 сағ).
      1) жаңа санау бірлігі – ондық, оның құрылуы;
      2) ондықпен санау. Ондықтардың атауы, реті, оқылуы және жазылуы;
      3) ондықтарды салыстыру;
      4) ондықтарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу мен азайту;
      5) 20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар (ірілеу және ұсақтау);
      6) азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер.
      11. 10-нан 20-ға дейінгі сандар. Өзара кері есептер (24 сағ):
      1) екінші ондықтың сандарын оқу және жазу;
      2) біртаңбалы және екітаңбалы сандар;
      3) екітаңбалы санның бірліктер және ондықтар разрядтары;
      4) екітаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;
      5) айырымдылық салыстыруға берілген есептер;
      6) кері есеп. Өзара кері есептер.
      12. Қайталау (12 сағ):
      1) қосу және азайтудың сәйкес жағдайларының кестелері;
      2) 10-ға дейін және ондықтарды қосу және азайту;
      3) өрнек, теңдік (оның ішінде теңдеу) және теңсіздік;
      4) есепті шығару;
      5) кесінділерді салу, олардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Қайталау (8 сағ):


      1) бірліктермен және ондықтармен санау.
      2) өрнек. Теңдік. Теңсіздік. Теңдеу.
      3) екітаңбалы сандарды құру және салыстыру.
      4) екітаңбалы санның ондық құрамы және жіктелуі.
      5) 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, оқу және жазу.
      6) теңдеу. Есептерді шығару.
      14. біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу. Санды өрнек. Сынық сызық және оның ұзындығы (42 сағ):
      1) 11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру. Сандардың ондық құрамының негізінде екітаңбалы сандарды қосу және азайту;
      2) кестелік қосу және азайту.
      3) біртаңбалы сандарды қосу, санды екі біртаңбалы сандардың қосындысы түріне келтіру білімдеріне негізделген;
      4) + 2, + 3, + 4, + 5, + 6, + 7, + 8, + 9 түріндегі біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі;
      5) қосу мен азайту – өзара кері амалдар;
      6) 11– , 12 – ,13 – , 14 – , 15 – , 16 – , 17 – , 18 – түріндегі азайту;
      7) 20 көлеміндегі қосу мен азайту;
      8) санды өрнек және оның мәні. Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру;
      9) жақша. Жақшасы бар және жақшасыз берілген санды өрнектерде қосу және азайту амалдарын орындау реті;
      10) қосудың терімділік қасиеті;
      11) қосындыдан санды және саннан қосындыны азайту;
      12) сантиметр және дециметр арасындағы қатынас. Ұзындығы 1 см дәлдікпен алынған кесіндіні салу;
      13) сынық сызық. Сынық сызықтың ұзындығы;
      14) көпбұрыш;
      15) белгісіз қосылғышты, азайғыш пен азайғышты табуға берілген есептер;
      16) айырымдылық салыстыруға берілген есептер;
      17) екі амалға берілген есептер – екі қосылғыштың қосындысын табуға берілген құрама есептер;
      18) кері есептер. Өзара кері есептер. Қосалқы түрде берілген есептер.
      15. 20-дан 100-ге дейінгі сандар.
      16. Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт бірліктері. Тік бұрыш. Тіктөртбұрыш. Шаршы. Көпбұрыштың периметрі (40 сағ):
      1) 100-ге дейінгі сандарды оқу, жазу және салыстыру;
      2) екітаңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдері;
      3) санның ондық құрамы негізінде қосу және азайту. 14 + 3, 17 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 20 + 18, 38 – 20 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 21, 57 – 21 түріндегі қосу мен азайту. 37 + 3, 40 – 3 түріндегі қосу мен азайту. 36 + 24, 60 – 36 түріндегі қосу мен азайту. 27 + 8, 35 – 8 түріндегі қосу мен азайту;
      4) масса. Масса бірлігі – килограмм (1 кг);
      5) ұзындық. Ұзындық бірлігі – метр (1 м). Сыйымдылық. Сыйымдылық бірлігі – литр (1 л);
      6) уақыт аралығы. Уақыт бірліктері – минут (1 мин), секунд (1 с), тәулік (1 тәул), апта, ай, жыл, ғасыр. Ұзындық бірліктері мен уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастар;
      7) шамалар. Баға, мөлшер, құн;
      8) тікбұрыш. Сүйір және доғал бұрыштар. Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары және олардың қасиеттері;
      9) шаршы. Торкөз қағазға тіктөртбұрыш пен шаршыны салу;
      10) көпбұрыштың периметрі;
      11) 50 + с – 16 түріндегі әріпті өрнек. Бір әрпі бар өрнектің мәні. а + 8 = 6 + 20 түріндегі теңдеу;
      12) қалдықты табуға берілген құрама есеп. Азайғышты (азайтқышты) табуға арналған құрама есептер;
      13) ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26 + 42, 68 – 42 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 43 + 28, 71 – 43 түріндегі жазбаша қосу мен азайту. 26 + 34, 60 – 26 түріндегі жазбаша қосу мен азайту;
      14) қосу және азайту амалдарын тексеру. Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін салыстыру;
      15) тура теңдіктердің қасиеттерінің негізінде қарапайым теңдеулерді шығару және салыстыру;
      16) теңдеудің көмегімен есептерді шығару;
      17) белгісіз үшінші қосылғышты табуға арналған құрама есептер.
      17. 1000-ға дейінгі сандар (14 сағ):
      1) жүздік. Жүздіктермен санау;
      2) үштаңбалы сан және оның ондық құрамы;
      3) 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу;
      4) үштаңбалы сандарды салыстыру;
      5) 600 + 300, 900 – 300 (6ж. + 3ж., 9ж. – 6ж.) түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
      6) 440 + 50, 750 – 90 (44онд. + 5онд., 75онд. – 9онд.)түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
      7) 120 + 780, 900 – 120 (12онд. + 78онд., 90онд. – 12онд.) түріндегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
      8) санның ондық құрамы негізінде үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері;
      9) санды бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған құрама есептер;
      10) айырымдылық салыстыруға арналған есептер;
      11) ұзындық бірлігі – километр (1 км). Масса бірліктері – грамм (1 г), центнер (1 ц), тонна (1 т).
      18. Көбейту және бөлу. Тіктөртбұрыштың, шаршының периметрі (24 сағ):
      1) көбейту. Көбейткіштер. Көбейтінді. Көбейтіндінің мәні;
      2) көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Көбейтудің компоненттерінің арасындағы байланыс;
      3) бөлу. Бөлінгіш. Бөлгіш. Бөлінді. Бөліндінің мәні;
      4) көбейту мен бөлудің байланысы. Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар;
      5) 2, 3, 4 сандарына көбейту және бөлудің кестелік жағдайларының негізінде біртаңбалы сандарды көбейту мен бөлу амалдарын түсіну;
      6) тіктөртбұрыш және шаршының периметрі;
      7) қосу, азайту, көбейту және бөлуге бір-екі амал орындауға берілген есептер (бірдей бөліктерге және мағынасы жағынан бірдей есептер);
      8) есептердің шешулерін әртүрлі тәсілдермен (амалдармен арқылы жазу, өрнек құру және оның мәнін табу арқылы) жазу.
      19. Қайталау (8 сағ):
      1) 100, 1000 көлеміндегі сандар нумерациясы;
      2) екітаңбалы және үштаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау;
      3) шамалар және оларды салыстыру;
      4) өрнектер, теңдіктер (оның ішінде теңдеулер), теңсіздіктер;
      5) геометриялық фигуралар. Көпбұрыштың периметрі;
      6) есептер және оларды шешу тәсілдері.

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      20. Қайталау (14 сағ):


      1) 20-ға дейін қосу және азайту кестесі;
      2) 100-ге дейін сандарды ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосу мен азайту.
      3) 1000-ға дейінгі сандардың құрылуы, оқылуы және жазылуы.
      4) үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдері. 2, 3, 4 сандарына көбейту мен бөлудің кестелік жағдайлары;
      5) шама (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық). Шамалар бірліктері арасындағы қатынастар;
      6) теңдеу. Өрнек. Санды және әріпті өрнектер;
      7) теңдік. Теңсіздік;
      8) құрама есептер және оларды шығару тәсілдері;
      9) геометриялық фигуралар. Периметр.
      21. Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары. Геометриялық фигураның ауданы. Әріпті өрнек. Теңдеу (46 сағ):
      1) көбейту кестесі;
      2) бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту және бөлу амалдарын тексеру;
      3) көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табу ережелері;
      4) сандарды 0 санына және 1 санына көбейту;
      5) нөл санын натурал санға бөлу. Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы;
      6) тең бөліктерге бөлу. Санның және шаманың бөліктері. Санның үлесін (бөлігін) және үлесі (бөлігі) бойынша санды табу;
      7) көбейту және бөлу амалдары бар теңдеулерді шығару;
      8) санды өрнектер. Әріпті өрнектер. Екі әрпі бар өрнектердің мәндері;
      9) жақша бар және жақшасы болмайтын 2-3 амалдардан тұратын санды өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау реті;
      10) белгісіз көбейткішті, бөлінді мен бөлгішті табуға, бірнеше рет ұлғайту мен кішірейтуге, еселік салыстыруға берілген есептер;
      11) тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрін табу тәсілдері. Геометриялық фигуралардың ауданын «көзбен» және беттестіру арқылы табу;
      12) ауданды өлшеу. Палетка. Аудан бірліктері:1 м2, 1 дм2, 1 см2;
      13) тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы;
      14) геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу.
      22. 1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту. Шамалар арасындағы тәуелділік (21 сағ):
      1) келесі түрлердегі үштаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері: 246 + 342, 588 – 246; 362 + 456, 818 – 362; 236 + 687, 923 – 236; 286 + 617, 903 – 286;
      2) қосу және азайту амалдарын тексеру;
      3) шамалар. Бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.
      4) шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару: баға, саны, құны; бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса; бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын.
      23. 100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем (сыйымдылық) (52 сағ):
      1) көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері. Көбейтудің қасиеттерін қолдану;
      2) қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу;
      3) нөлге аяқталатын сандарды көбейту және бөлу;
      4) екітаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту мен бөлуді біртаңбалы сандардың разрядтық қосылғыштарға жіктеуі арқылы жазу;
      5) екітаңбалы санды екітаңбалы санға таңдау тәсілімен бөлу;
      6) ондықты ондыққа, жүздікті жүздікке ауызша бөлу;
      7) екітаңбалы санды біртаңбалы санға, үштаңбалы санды біртаңбалы санға ауызша көбейту;
      8) санның квадраты мен кубы;
      9) тура теңдіктердің қасиеттері. Тура теңдіктердің қасиеттері негізінде теңдеулерді шешу;
      10) көлем. Фигуралардың көлемдерін салыстыру. Көлем бірлігі – кубтық сантиметр (1 см3);
      11) сыйымдылық. Таңдап алынған өлшем арқылы сыйымдылықтарды салыстыру;
      12) ұзындық бірлігі – миллиметр (1 мм). Ұзындық бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м = 10 дм, 1 дм = 10 см, 1 см = 10 мм, 1 м = 100 см;
      13) масса бірлігі – центнер (1 ц). Масса бірліктерінің арасындағы қатынастар: 1 ц = 100 кг.;
      14) аудан бірлігі – ар (1 а). Аудан бірліктері арасындағы қатынастар: 1 м2 = 100 дм2, 1 дм2 = 100 см2, 1см2 = 100 мм2,1 а = 100 м2;
      15) еселік салыстыруға, шамалардың арасындағы тәуелділікке (бір затқа жіберілген шығын, заттардың саны (мөлшері), жалпы шығын) берілген есептерді шығару;
      16) қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарына 2-3-амалдардан тұратын есептер.
      24. 1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері. Екітаңбалы және үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту және бөлу. Есептерді теңдеулерді көмегімен шығару (30 сағ):
      1) екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттамай жазбаша көбейту, екітаңбалы санды, үштаңбалы санды разрядқа аттау арқылы жазбаша көбейту;
      2) нөлмен аяқталатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту;
      3) 84:2, 426:2 түріндегі бірлік разряды берілген біртаңбалы санға бөлінетін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу;
      4) 42:3; 126:2 түріндегі үлкен разряды берілген біртаңбалы санға бөлінбейтін екітаңбалы, үштаңбалы сандарды осы біртаңбалы санға жазбаша бөлу; нәтижесінде бөліндінің мәні нөл саны болатын үштаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша бөлу;
      5) қозғалыс жылдамдығы. Жылдамдық бірліктері: 1 км/сағ, 1 м/мин, 1 см/с және т.б.;
      6) үш амалмен шығарылатын есептер. х+ 4Ч2 = 24 түріндегі теңдеуді шығару. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
      25. Қайталау (7 сағ):
      1) 100-ге дейінгі көбейту және бөлу;
      2) 1000-ға дейінгі сандармен арифметикалық амалдар орындау;
      3) шамалар және оларды салыстыру;
      4) өрнектер, теңдіктер (оның ішінде теңдеулер), теңсіздіктер;
      5) геометриялық фигуралар;
      6) тіктөртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы, текшенің көлемі;
      7) есептер және оларды шығару тәсілдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет