Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет11/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      23. «Күйші композиторлар» – 9 сағат:


      1) күй атасы Құрманғазы;
      2) Күй шебері Тәттімбет;
      3) Халық композиторы Дәулеткерей;
      4) Күй шешені Қазанғап;
      5) Арнау күй;
      6) Күй анасы – Дина.
      24. «Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар» – 7 сағат:
      1) көне аспаптар сыр шертеді – қобыз және скрипка;
      2) халықтың мақтанышына айналған – домбыра-комуз, шертер-балалайка;
      3) ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз - барабаны, асатаяқ - ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка;
      4) табиғатпен үндескен сыбызғы;
      5) халық арфалары – жетіген, гусли, цимбало;
      6) шырқа, сырнай.
      25. «Концерт залына саяхат» – 10 сағат:
      1) өнер ордасы – театр;
      2) концерт залымен танысайық;
      3) филармония – өнер шаңырағы;
      4) камералық музыка;
      5) ең үлкен музыка аспабы – орган;
      6) хор капелласының концерті;
      7) квартет өнер көрсетеді;
      8) қазақ халқының биі;
      9) эстрада музыкасының концерті.
      26. «Туған өлкем» – 8 сағат:
      1) «Алатау»;
      2) «Ақ бұлақ»;
      3) «Бір бала»;
      4) «Сағындым Алматымды»;
      5) «Атамекен», «Өз елім»;
      6) «Туған жер».
      27. Ән орындау кезінде:
      1) әндердің әуенін сазды орындауға дағдылану, әндердің мәтінінің мазмұнына мән беру, түсініп орындауға дайындау;
      2) әннің ырғағы мен әуенін дұрыс айтуға машықтандыру;
      3) шумақ пен қайырманың кезектілігін ескеру, әндердің мінезі мен көңіл күйіне лайық интонациялық белгілерін сақтау;
      4) дем алу ережесі және нақты дауыс мәнерімен жұмыс жасауын қадағалау.
      28. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, С.Асанов «Қошақаным», К.Дүйсекеев, Ш. Сариев «Ана», қазақтың халық әні «Гүлдерайым», қазақтың халық әні «Қалаулым», К.Шілдебаев, А.Асылбеков «Жаңа жыл», С.Мұратов, Б.Ысқақов «Наурыз тойы», Н.Тілендиев «Алатау», Б.Тәжібаев «Ақ бұлақ», Б.Тәжібаев «Туған жер».
      29. Аспапта орындау кезінде:
      1) ұрмалы аспаптарды меңгеру арқылы ырғақтық есту қабілетін қалыптастыру, үйренген әндері мен музыкалық шығармаларды ырғағына сай сүйемелдей білу;
      2) халық әндерінің негізінде домбыра аспабын меңгеру.
      30. Музыка тыңдау:
      1) баланың мүмкіндігіне лайық әртүрлі сезімге құрылған музыканы тыңдай білу;
      2) музыкалық шығармалардың өзіндік сипатын айыра білу, ең негізгі саздық мәнерін ерекшелеу;
      3) музыканы өмірмен байланыстырып, табиғаттың түрлі құбылыстарымен салыстыра білу, музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшелігін айыра білу, адам дауысы, табиғаттың дыбысы;
      4) музыкадан алған әсерін әңгіме, сурет, бейнелеу, қимыл-әрекет арқылы көрсете білу.
      31. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Құрманғазы «Қайран шешем», «Аман бол, шешем», «Машина», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Бұқтым-бұқтым», «Адай»; Тәттімбет «Саржайлау», «Сылқылдақ»; Дәулеткерей «Қосалқа», «Құдаша», «Көрұғлы»; Қазанғап «Көкіл», «Шынаяқ тастар», «Құс қайтару», «Өттің дүние»; Дина «Әсем қоңыр; Ықылас «Күйаңыз», «Аққу», «Жез киік»; халық күйі «Салкүрең»; орыстың халық әні «Коробейники»; халық күйі «Сары өзен»; халық әні «Қараторғай»; халық әні «Бір бала»; А.Қоразбаев «Сағындым Алматымды»; Е.Хасанғалиев «Атамекен»; Н.Римский-Корсаков «Хоровод» әні, Садко «Заиграйте, мои гусельки»; М.Мусоргский «Картинки с выставки» («Избушка на курьих ножках», «Старинный замок»); П.Чайковский «Времена года» («Масленица», «Подснежник»); В.А Моцарт, А.Глоба «Көктем әні», хорға өңделген; А.Рубинштейн, М.Лермонтов «Горные вершины», хорға өңделген; А.Алябьев, И.Козлов «Вечерний звон», хорға өңделген; П.Чайковский «Да исправится молитва моя», хорға өңделген; В.А. Моцарт. Квартет, ор.10, Ре минор, үзінді; Ғ.Жұбанова Квартет для струнных № 1,үзінді; А.Жайымов «Шалқыма»; Бах И.С. Органға арналған «Токката және Фуга», ре минор, үзінді; Каччини Дж. «Аве Мария», дауысқа және органға арналған; А.Алябьев, А. Дельвиг «Соловей»; Л.Хамиди, Н.Әлімқұлов «Бұлбұл»; А.Варламов, М.Лермонтов «Белеет парус одинокий»; Түркеш «Көңіл ашар»; Құрманғазы «Сары-арқа».
      32. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы-қысқа, қатты-жай; әуен – шығарманың музыкалық сипаты, музыкалық бейне; түрі – әндегі шумақ пен оның қайырмасы, күйдегі буын, аяқталған шығарма; ырғақ – әр түрлі ырғақтық ерекшеліктер; қазақ халқының музыкалық аспаптарының тембрлік ерекшеліктері; композитор – орындаушы – тыңдаушы; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр (жалпы түсінік); хор – балалар, ерлер, әйелдер, аралас; музыкалық аспаптар – ыспалы аспаптар – қобыз, скрипка; шертпелі аспаптар – домбыра-комуз, шертер - балалайка. Ұрмалы, сілкімелі аспаптар – асатаяқ-ложки, тұяқ тас-барабанка, қоңырау-бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка; үрмелі аспаптар – мүйіз сырнай-зурна, мес қобыз – волынка; сырнай – гармонь, баян; үрмелі аспаптар - тастауық-чопа чор, сыбызғы - свирель; жетіген – гусли, цимбалы.
      33. Шығармашылық тапсырмалар:
      1) музыкалық шығармалардың сипатына сай қимыл әрекет жасау;
      2) би қимылдары мен қарапайым бірқалыпты музыкалық ырғақтарды орындау;
      3) музыкалық образдарға ену.

4. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      34. «Халқымыздың мақтанышы әнші композиторлар» – 9 сағат:


      1) ел еркесі – Ақан сері;
      2) аты әнге айналған – Балқадиша;
      3) ән жүйрігі – Біржан сал;
      4) Біржанның Теміртасы;
      5) сұлу сазды – Гәкку;
      6) Жаяу Мұса – Ақсиса;
      7) Абай салған сырлы әндер.
      35. «Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі» – 7 сағат:
      1) халық аспаптар оркестрі қалай құрылды?
      2) домбыра мен қобыз аспабының түрленуі;
      3) оркестр құрамындағы аспаптар;
      4) оркестрдегі дирижердің міндеті;
      5) қазақтың көне музыкалық аспаптарын жинаушы – Болат Сарыбаев;
      6) «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі;
      7) көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы.
      36. «Бүгінгі заман музыкасы» – 10 сағат:
      1) үрмелі аспаптар оркестрі;
      2) эстрадалық симфониялық музыка;
      3) джаз оркестрі;
      4) қуыршақ театры;
      5) кино және музыка;
      6) эстрада өнері.
      37. «Қазақстан кәсіби композиторларының музыкасы» – 8 сағат:
      1) бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан – А.Жұбанов;
      2) қазақ операсының сазгері – М.Төлебаев;
      3) кәсіби әннің шебері – Б.Байқадамов;
      4) өмірге әнмен сән берген – К.Дүйсекеев;
      5) қазақ музыкасының мақтанышы – Ғ.Жұбанова;
      6) домбыраны күй сандықта сарнатқан – Н.Меңдіғалиев;
      7) қазаққа вальс сыйлаған – Л.Хамиди;
      8) музыка майталманы – Е.Брусиловский.
      38. Ән орындау кезінде:
      1) ән айту шеберліктерін меңгеру;
      2) шығарманы орындау барысында музыкалық бейнелерге ене білу;
      3) дирижердың нұсқауымен ән айтуды үйрену.
      39. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Ә.Бейсеуов, Т.Молдағалиев «Ұстазым», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Туған жер», халық күйі «Келіншек», А.Жұбанов «Ақ көгершін», халық әні «Жар-жар», халық әні «Сәулем-ай», халық күйі «Салкүрең», Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр».
      40. Аспапта орындау кезінде:
      1) ұжыммен бірге ұрмалы аспаптармен халық әндерін бір ырғақта сүйемелдеп үйрену;
      2) домбыра аспабында халық әндері мен күйлерін орындаудағы шеберліктерін шыңдау.
      41. Музыка тыңдау:
      1) музыкаға аса мән беріп тыңдауға үйрету, жанрлық ерекшеліктерін білу, көңілкүйі мен оның сырсипатын түсіну;
      2) халықтық және кәсіби жанрларды ажырата білу, музыкалық образдың даму барысын қадағалау, музыканы жанды әрі образды өнер деген түсінігін қалыптастыру;
      3) белгілі бір шығарманы әр түрлі орындауда тыңдатып салыстыра білу қабілетін дамыту (вокалдық, аспаптық, оркестрмен және жеке орындаудағы).
      42. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Ақан сері «Маңмаңгер», Ақан сері «Балқадиша», Біржан сал «Адасқақ», Біржан сал «Теміртас», Үкілі Ыбырай «Гәкку», Жаяу Мұса «Ақ сиса», Абай «Көзімнің қарасы», қазақтың ғұрыптық әндері: Жаржар, Сыңсу, Беташар; халық әні «Япурай», Махамбет «Жұмыр Қылыш», Ортеке биі «Секіртпе», Н.Тілендиев «Саржайлау», Ж.Дәулетов «Қазақ елі», А.Жұбанов «Ақ көгершін», М.Төлебаев «Біржан-Сара» операсынан үзінді «Би», Б.Байқадамов «Су тасушы қыз», К.Дүйсекеев «Домбыра», Ғ.Жұбанова Скрипкаға арналған «Романс», Н. Меңдіғалиев «Домбыра туралы поэма», С.Бәйтереков «Әлия», Л.Хамиди «Қазақ вальсі», Е.Брусиловский «Бозайғыр», Б.Жұманиязов «Серпін», П.Чайковский «Пляска скоморохов», Н.Тлендиев «Ата толғау», «Көш керуен», М.Глинка «Камаринская», Л.Бернстайн «Дивертисмент», «Әскери марш», Е.Брусиловский 3-і симфония "Сары-Арка", скерцо; А.Зацепин «Біздің сүйікті дәрігер» фильміне музыка, Блюз «Бүги мен блюз айтамын», Дж.Гершвин «Менің сүйіктім», Миллс И., Эллингтон Д. «Керуен», Браун Джеймс. Би джаз.
      43. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік, әндердің жанрлық ерекшеліктері лирикалық, бесік жыры, жаржар, сыңсу, беташар, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка, халық композиторлары – сал, сері, халық композиторларының әндері, халық аспаптар оркестрі, ансамбль, квартет, трио, дуэт, эстрада және рок тобы.
      44. Шығармашылық тапсырмалар, халық композиторларының туындыларының мазмұны бойынша сахналық қойылымдар жасау.

5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      45. «Ұлы ұстаздар көші» – 9 сағат:


      1) күй дәстүрінің шежірешісі – Қали Жантілеуов;
      2) ән өнерін паш еткен – Манарбек Ержанов;
      3) әншілік өнердің хас шебері – Жүсіпбек Елебеков;
      4) қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев;
      5) әнін көкке қалықтатқан – Ғарифолла Құрманғалиев;
      6) күй аңызын ардақтай жеткізген – Дәулет Мықтыбаев;
      7) ұстазды ұлы тұтқан күйші – Төлеген Момбеков.
      46. «Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» – 7 сағат:
      1) симфониялық оркестр қалай пайда болды;
      2) симфониялық оркестрдегі ішекті-ыспалы аспаптар;
      3) оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар;
      4) жезді аспаптар қашан пайда болды;
      5) ұрмалы аспаптар тобы;
      6) арфа аспабы қайдан келді;
      7) оркестрге үн берген аспап.
      47. «Еуропа опералық театрларына саяхат» – 10 сағат:
      1) опералық театр тарихы;
      2) еуропаның атақты опера театры – Ла-скала;
      3) әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры;
      4) орыстың Үлкен театры;
      5) әйгілі Вена опералық театры;
      6) Сидней опералық театры;
      7) неміс опера театры.
      48. «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» – 8 сағат:
      1) орыс халық музыкасы;
      2) қырғыз халқының музыкалық өнері;
      3) өзбектің әндері мен билері;
      4) ұйғыр халқының музыкалық мұрасы;
      5) корей халық театры;
      6) украин халқының әйгілі гопагі;
      7) грузин халық биі лезгинка;
      8) неміс маршы;
      9) татар халқының сұлу сазды әндері.
      49. Ән орындау кезінде:
      1) ән айтудың түрлері – сұлулап әрі мәнерлеп жеке орындау;
      2) өз бетімен және дирижердің нұсқауымен орындау;
      3) әнді және оның орындалуын талдай білу, ән айту ережелерін сақтау.
      50. Орындауға ұсынылатын репертуар: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны», Абай «Желсіз түнде жарық ай», Базар жырау «Терме», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Ана тілін сүйеміз», К.Дүйсекеев, Ш.Сариев «Солдат болам мен ертең», Жаяу Мұса «Ақсиса», Халық әні «Құралай», А.Жұбанов, Н. Баймұхамедов «Ақ көгершін», И.Ильясов, Ж.Боранбаев «Қазақы дастарханым», Қазанғап «Шынаяқ тастар», С.Мұхамеджанов, Г.Жұмабаев «Қазақстан», И.Нүсіпбаев, Е.Елубаев «Достық», Б.Оралұлы, А.Асылбек «Астана».
      51. Аспапта орындау кезінде:
      1) домбыра, ұрмалы және тағы басқа даңғыра аспаптарда ойнай білу;
      2) басқа да ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен әндер мен музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындай білу.
      52. Музыка тыңдау:
      1) образ жасаудағы музыкалық мәнерліктің маңызын түсіну;
      2) халықтық және кәсіби жанрлардың ерекшелігін білу, хор және оркестр түрлерін тыңдау арқылы айыра білу;
      3) музыкалық аспаптардың тембрлік ерекшеліктерін білу, музыканы тыңдау арқылы әрбір ұлтқа тән ерекшелігін айыра білу;
      4) музыканы өмірдің тыныс тіршілігі яғни құбылыстармен салыстыра білу.
      53. Тыңдауға ұсынылатын репертуар: Естай «Қорлан», Мәди «Қарқаралы», Ықылас «Жез киік», Мұхит «Үлкен айдай», Ықылас «Шыңырау», Сүгір «Бес жорға», Л.В.Бетховен «3-симфония» үзінді, Н.Паганини «24 каприс», Сен-Санс «Аққу», М.Равель «Балеро», А.Хачатурян «Гаянэ» балетінен қылышпен би, Ф.Шопен «Прелюдия», итальян халық әні «Күнім менің», Ж.Бизе «Кармен» операсынан Кармен ариясы, П.Чайковский «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы, орыстың халық әні «Светит месяц», қырғыз халық күйі «Ақ тамақ – көк тамақ», өзбек халық әні «Ялла», ұйғыр халық әні «Аппақ-аппақ тошканларым», корей халық әні «Мунген тауы», украин халық биі «Гопак», грузин халық биі «Лезгинка», неміс «Маршы», татар халық әні «Су бойлары».
      54. Музыкалық сауаттылық, жалпы түсінік: дыбыс, оның сипаты – жоғары, орта, төмен; созылмалы-қысқа, қатты-жай; музыкалық мәнерлілік – әуен, ырғақ, регистр, екпін, динамика, тембр, лад; композитор – орындаушы – тыңдаушы; халық композиторлары – күйші, сал, сері; халықтық және кәсіби (композиторлық) музыка; орындаушылар – домбырашы, қобызшы, пианист, скрипкашы, флейташы, әнші, әртіс; музыканың негізгі түрлері – вокалды, аспапты, жеке орындау, хор, оркестр; халық билері – лезгинка, гопак, сиртаки, бульба, мавриги, лендлер, мазурка, полька; кәсіби (композиторлық) музыка – әндер, аспаптық пьесалар, прелюдия, сюита, поэма, симфония, балет, опера; оркестрлер – симфониялық оркестр, оркестрлік топтардың құрамы; музыкалық аспаптар – скрипка, альт, виолончель; флейта, кларнет, гобой, фагот, труба, туба; барабан, литавра.
      55. Шығармашылық тапсырмалар, барлық ішкі сезім, көңілкүйімен шығармаларды сезіну және музыка жайлы өзінің ойын әңгіме, сурет немесе қимылмен көрсете білу, теледидардан көрген, радиодан естіген музыкалық хабарлар жайлы өз ойын айта білу, музыкалық ертегілерден сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысу.

6. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      56. Оқушылардың дайындығы пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелеріне қарай бағаланады.


      57. Пәндік нәтижелері екі аспектен қарастырылады: білу керек және орындай алу керек.
      58. «Музыка» 1-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
      1) музыкалық сауаттылықтың негіздерін: музыкалық және ұрмалы дыбыстарды, жоғары және төмен дыбыстарды, қысқа және ұзақ дыбыстарды;
      2) музыкалық мәнерлілікті көрсететін негізгі белгілерін: тез, орташа, жай екпінділігі, динамикалық көрінісі, әуені;
      3) жанрлық ерекшеліктерін – ән, күй, би, марш;
      4) музыкалық аспаптардың аталуын (домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, дауылпаз, балалайка, гусли, свирель);
      5) ән орындаудың негізгі ережелері.
      59. «Музыка» 1 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
      1) музыкалық аспаптар тембрін анықтауды;
      2) музыка шығармаларының көңіл-күйін айыра білуді;
      3) музыкалық шығармаларды тыңдауды;
      4) бағдарлама репертуарынан музыкалық шығарма мазмұнын айтуды;
      5) аспапта орындалған нақышты және таныс әндерді дауыс ырғағымен тани білуді меңгеруі тиіс;
      6) дирижердың сүйемелдеуімен ән айту;
      7) ұрмалы аспаптарда, домбырада қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау.
      60. «Музыка» 2-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын;
      2) қарапайым музыкалық терминологияны білу және оларды қолдануды;
      3) ырғақ, екпін, динамика, тембр, әуен, сүйемел (аккомпанемент), лад сынды негізгі музыкалық терминдерді;
      4) асатаяқ – қасықтар, қоңырау – бубенцы, сақпан – трещотка, даңғыра – дойра, дабыл – барабандар, сырнай – гармонь, жетіген – гусли, цимбало, домбыра – комыз – дутар сияқты музыкалық аспаптарды;
      5) шумақ және әннің қайырмасы, күйдің буыны, бүтін шығарма сынды қарапайым түсініктерді.
      61. «Музыка» 2 сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
      1) халық музыкасы, халық әні, халық күйші-композиторы ұғымдарды анықтауды;
      2) вокалдық, аспаптық, жеке, хор және оркестр сынды музыка түрлерін ажырата білуді;
      3) дыбыс бояуына қарап халық аспаптары үнін меңгеруі тиіс;
      4) әнді дұрыс яғни дер кезінде бастап және аяқтау, әуен бойынша орындау, әннің тыныс белгілерін дұрыс қолдану, әннің мәтінін нақты әрі түсінікті айту, дирижердің нұсқауын түсіну;
      5) әндерді өзінің сүйемелдеуімен музыкалық аспаптарда орындай алу.
      62. «Музыка» 3-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
      1) жанрлардың атауларын, халықтық және кәсіби (композиторлық) музыкаға жататын жанр түрлерін;
      2) білетін шығармалардың атаулары мен олардың авторларын;
      3) әнші, сал-сері, халық композиторы сынды халық музыкасына жататын нақты ұғымдарды;
      4) музыкалық бейненің дамуына әсер ететін, музыкалық мәнерліліктің негізгі белгілерін;
      5) қазақтың халық аспаптары оркестрінің құрамын;
      6) қазіргі заман қазақстан композиторлар есімін.
      63. «Музыка» 3-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
      1) композитор – орындаушы – тыңдаушы  деген ұғымдарды түсінуді;
      2) халықтық және кәсіби музыка деген ұғымдарды түсінуді;
      3) халықтық және кәсіби музыканың түрлерін салыстыруды;
      4) тыңдаған шығармалардың көңілкүйін, жанрын аңықтауды;
      5) музыкалық терминдерді қолдана отырып шығарма жайлы өз ойын айта білуді;
      6) туған өлкедегі музыкалық дәстүрлер жайында баяндауды.
      64. «Музыка» 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар білу керек:
      1) жанрлардың аңықтамасы, халық және кәсіби музыкаға жататын жанр түрлерін;
      2) ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;
      3) симфониялық оркестр құрамын және оған жататын ішекті, ағаш және жезді үрмелі, ұрмалы аспаптардың атауларын;
      4) әлемге танымал театрлардың атауларын білуін;
      5) республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;
      6) туған өлкесінің дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;
      7) білетін музыкалық шығармаларды есту арқылы ажыратып, олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуі тиіс.
      65. «Музыка» 4-сыныпты аяқтаған кезде оқушылар орындай алу керек:
      1) сыныптан, концерттен, радиодан, теледидардан көріп естіген музыкалық шығарма және орындаушы жайлы өз пікірін ашық айта білуді;
      2) музыка жайлы әңгіме қозғағанда, қарапайым музыкалық терминдерді қолдана отырып, музыкалық сауаттылығын көрсете білуін;
      3) әндер мен қүйлерді музыкалық аспапта өз мәнерінде орындауды меңгеруін;
      4) музыкалық сахналық қойылымдар жасау, мектепте және басқа да музыкалық мерекелер мен фестивальдарға қатысуын.
      66. Тұлғалық нәтижелер:
      1) қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың музыкасын түсініп, бағалай білуі;
      2) қоршаған ортадағы сұлулықты сезінуі;
      3) қазақстан музыка өнерінің жетістіктеріне мақтаныш сезімінің қалыптасуы;
      4) музыка өнері мен адам өмірінің байланысын түсіне білуі;
      5) сапалы мәдени талғамын дамытуы;
      6) өз көңіл күйімен сезімін білдіру үшін музыканы пайдалануы.
      67. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер:
      1) естіген шығармасына өзінің көңіл күйі мен әсерін білдіре алады;
      2) музыканың негізгі көркемдеуші құралдарын ажыратып, музыкалық шығармаларға жалпылама талдау жасай алады;
      3) мектеп, сынып өміріндегі қоғамдық мәдени жұмыстарда белсенділік танытады;
      4) қосымша деректермен өз бетімен жұмыс жасай алады;
      5) музыка өнері жайлы әнгіме жүргізе алады.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
10-қосымша         

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4–сыныптары үшін
«Бейнелеу өнері» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.


      2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады.
      3. Оқыту мақсаттары:
      1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
      2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
      3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
      4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
      4. Оқыту міндеттері:
      1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
      2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
      3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
      4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
      5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
      6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
      7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
      8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.
      5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:
      1) көркемдік іс-әрекет түрлері;
      2) көркемдік сауат негіздері;
      3) қоршаған әлемді тану;
      4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.
      6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:
      1) бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;
      2) екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;
      3) үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;
      4) төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.
      7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.
      8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
      1) «Сауат ашу», «Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысандарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;
      2) «Әдебиеттік оқу»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;
      3) «Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;
      4) «Дүниетану», «Өзін - өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;
      5) «Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру;
      6) «Еңбекке баулу»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;
      7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.
      9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 135 сағатты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет