Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет22/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76

5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      54. Пәнді оқытуға оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағат; оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.


      55. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды.
      56. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 24/16 сағат. «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің сүйікті істері» – 8/6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: көсемше -а, -е, -й. Ауыспалы осы шақ;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Отбасы мүшелеріне 3-4 сөйлемнен тұратын сипаттама;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған отбасы туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
      оқылым: отбасы мүшелері туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: отбасы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Сұрақтарға жауап қайтару. Қарапайым этикеттік орамдарды пайдаланып, пікірлесім жасау;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
      қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      57. «Үйде не істеймін?» – 8/5сағат:
      1) тілдік бөлім: грамматика: көпше түрдегі жіктеу есімдігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: тақырып бойынша өз ойы. Үйде не істейтіні туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған үй шаруасы туралы шағын диалогтар;
      оқылым: үйде атқарылатын жұмыс туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: үйде не істейтіні туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап. Үйде не істейтіні туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      58. «Менің сүйікті тағамым» – 8/5 сағат:
      1) тілдік бөлім: грамматика: сын есім. Септік жалғаулары: ілік септігі, табыс септігі, шығыс септігі. Қалау райы;
      фонетика: қазақ тілінің буын үндестігі;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Өзінің сүйікті тағамы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған тағамдар туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
      оқылым: тамақтың түрлері туралы оқу мәтіндері.
      жазылым: өзінің сүйікті тағамы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзінің сүйікті тағамы туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      59. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/32 сағат. «Менің елім – Қазақстан» – 12/10 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: көптік жалғаулары. Шартты рай. Біріккен сөздер;
      фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Қазақстан туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстан туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
      оқылым: Қазақстан туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: Қазақстан туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Өзінің елі - Қазақстаны туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      60. «Астана – таза қала» – 8/5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: жалқы есім. Туынды сөздер. Тіркесті сөздер;
      фонетика: өзге тілден енген сөздердің орфографиясы;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойы. Астананың қандай қала екендігі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Астана туралы шағын диалогтегі ақпараттар;
      оқылым: Астана туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: Астананың демалыс орталықтары туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлемдер. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап беру. Астананың көрікті жерлері туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      61. «Мерекелер» – 10/6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: Еркін тіркестер. Жалпы есімдер;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын мереке туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айту;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған Қазақстандағы тойланатын мерекелер туралы шағын диалогті ақпараттар;
      оқылым: Қазақстандағы мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: мерекелер туралы шағын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын мерекелер туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      62. «Спорт. Менің сүйікті спортшым» – 8/5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: Сөз тіркестері. Сөйлем түрлері;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын спортшы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған спорт түрлері туралы шағын диалогті ақпараттар.
      оқылым: мереке түрлері туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: спорт, өзінің сүйікті спортшысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Өзіне ұнайтын спорт түрлері мен спортшылар туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:
      қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      63. «Зоопаркке саяхат» – 10/6 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: сын есім, етістіктер;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзі ұнататын аң/құс туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған зоопарктегі аңдар туралы шағын ақпараттар;
      оқылым: аң мен құстардың түрлері туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: зоопарк және өзінің сүйікті аң/құсы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Зоопарктегі өзіне ұнайтын аң/құс түрлері туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      64. Оқу еңбек аясы – 30/20 сағат. «Менің мектебім» – 10/7 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: күрделі зат есімдер. Ауыспалы осы шақ;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің мектебі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспадан тыңдаған мектеп туралы ақпараттар;
      оқылым: мектеп өмірі туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: өзінің мектебі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау. Сұрақтарға жауап жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Мектеп өмірі туралы пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      65. «Менің күнделігім» – 8/5 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: қос сөздер. Күрделі етістіктер;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: өзінің күнделігі туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі күнделік туралы ақпараттар;
      оқылым: оқу мәтіндеріндегі сөздердің мағынасын ажырата алады. Оқушы күнделігі туралы оқу мәтіндері;
      жазылым: өзінің күнделігі туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. Сұрақтарға жауап қайтару. Оқушы күнделігі қандай болуы керектігі туралы достарымен пікірлесім;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.
      66. «Демалыс» – 12/8 сағат:
      1) тілдік бөлім:
      грамматика: сұраулы сөйлем. Туынды сын есімдер;
      лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: диалог. Тақырып бойынша өз ойын айту. Монолог: Оқушылардың әр тоқсаннан кейінгі демалысы туралы 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін айта алады;
      тыңдалым: мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі демалыс туралы ақпараттар;
      оқылым: оқу мәтіндердегі оқушылардың демалысы туралы ақпараттар;
      жазылым: оқушылардың демалысы туралы шағын мәтін. Берілген тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесе алады. Сұрақтарға ауызша/жазбаша жауап қайтару. Өзінің демалысты қалай өткізгені туралы достарымен пікірлесім.
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: қазақ балалар әдебиетінің қарапайым үлгілері: санамақтар, тақпақтар, әндер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер (тақырып көлемінде). Қазіргі балалар әдебиетінің тақырыпқа қатысты үлгілері.

6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      67. Пәндік нәтижелер бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:


      1) естіген жеке сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс дыбыстауды;
      2) әліпбиді және әріптердің графикалық таңбаларын дұрыс жазуды;
      3) сөздегі дыбыстардың жуан-жіңішке үндесімдерін айыруды, дыбыс-әріп үйлесімдігін;
      4) белсенді қорына енген сөздердің екпінін/дауыс ырғағын дұрыс қоюды;
      5) тақырыптар бойынша ұсынылған 100-120 жаңа сөзді;
      6) лексикалық бірліктердің мағыналарын;
      7) бас әріппен жазылатын сөздерді;
      8) грамматикалық құбылыстардың қарапайым үлгілерін;
      9) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты құрудың жолдарын білуі тиіс.
      68. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) дыбыстарды таңбалары арқылы айыруды;
      2) тыңдаған сөздерді дұрыс түсіне алуды;
      3) тыңдаған мәтін мазмұнына сәйкес суреттерді таңдап, ретімен қоя алуды;
      4) тыңдалған ақпараттан түсінгені бойынша сурет сала білуді;
      5) әріп пен дыбыстарды сәйкестендіріп оқуды;
      6) сөздердің лексикалық мағынасын түсініп оқуды;
      7) кім?, не?, қандай? сұрақтарына жауап беруді;
      8) затқа 2-3 сөйлеммен қарапайым сипаттама беруді;
      9) суретке қарап 2-3 сөйлем құрап айтуды;
      10) өзі, досы туралы айтуды;
      11) қысқа өлең-тақпақ айтуды;
      12) қазақ тіліне тән әріптерді дұрыс жазуды;
      13) қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс жазуды;
      14) сөздерді кітаптан, тақтадан көшіріп жазуды;
      15) 2-3 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазуды;
      16) адамды не затты атап, оларға сандық, сапалық тұрғыдан қарапайым сипаттама беруді;
      17) қойылған сұраққа жауап беруді;
      18) сұрақ қоя білуді;
      19) қарапайым тілдік модельдер бойынша амандасу, қоштасу, танысу, алғыс білдіруді меңгеруі тиіс.

7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      69. Пәндік нәтижелер бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:


      1) қазақ тілінің фонетикалық-фонемалық жүйесін;
      2) тірек кестелер арқылы сөздердегі үндестік заңын сақтауды;
      3) қазақ тіліне тән тасымалдау (й, у, я әріптерінің тасымалы) ерекшеліктерін;
      4) тақырыптар бойынша ұсынылған 110-120 жаңа сөзді;
      5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін;
      6) заттың атын білдіретін сөздер: адамға – кім?, жан-жануарлар мен заттарға – не? сұрауын қоюды;
      7) заттың қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге сұрақ қоюды;
      8) айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратуды;
      9) сөйлемдегі сөз тіркесінің байланысын;
      10) белсенді сөздік қорына енген сөздерден тұратын қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза білуі тиіс.
      70. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) өзінің отбасы, досы, көшесі туралы қысқаша баяндауды;
      2) өз іс-әрекеті туралы қысқа, қарапайым түрде баяндауды;
      3) адамның/заттың қимыл әрекеттерін сипаттауды, сандық, сапалық мінездеме беруді.
      4) иллюстрацияға сүйеніп шағын хабарламаның мазмұнын түсінуді;
      5) шағын мәтіндердің мазмұнын түсінгенін кестелерді толтыру және суреттерді орналастыру арқылы білдіре алуды;
      6) шағын мәтіндегі сөздер мен фразаларды дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды;
      7) 4-5 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
      8) тыңдай отырып сөз, сөз тіркестері және жай сөйлемдерді жазуды;
      9) 3-5 сөйлемнен тұратын мәтін жазуды;
      10) өз отбасы мүшелерін таныстыруды;
      11) мағынасына қарап сұхбаттың 1-2 сөзін ауыстыруды;
      12) қатысымдық тұрғыдан қысқа диалогке қатыса алуды: үлкен кісімен, досымен амандасуды, танысуды, қоштасуды (өз атын айтады, басқаның есімін сұрайды) меңгеруі тиіс.

8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      71. Пәндік нәтижелер бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:


      1) сөздердің, сөз тіркестерінің дыбысталуын;
      2) үндестік заңын тірек кестелер арқылы қолдануды;
      3) белсенді қорына енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
      4) лексикалық тақырыпқа сәйкес 120-140 жаңа сөздердің мағынасын және оларды қажетіне қарай орынды пайдалануды;
      5) тілдік қатынаста сөзге тиісті қосымшаларды дұрыс жалғауды;
      6) баяндауыштың сөйлем соңында орналасатынын;
      7) сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыруды;
      8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын ауызша/жазбаша тілде қолдануды;
      9) қай? қандай? неше? нешеде? қашан? сұрау есімдіктерін қажет жерінде пайдалануды;
      10) соң, кейін септеулік шылауларын дұрыс пайдалануды;
      11) грамматикалық құбылыстарды функционалды тұрғыдан игеріп, оларды тірек кестелердің көмегімен ауызша/жазбаша түрде қолдануды;
      12) белсенді сөздік қорына енген сөздерді, сөз тіркестерін естіп отырып, сауатты жазу нормаларын білуі тиіс.
      72. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) таныс сөздер мен сөз тіркестерін, фразаларды қолдана отырып, өзі және отбасы жайлы айтуды;
      2) суреттерді,өзіне таныс заттарды 7-8 сөйлем арқылы сипаттауды;
      3) шағын әңгіме құрауды: адамды не затты атап, олардың іс-қимыл әрекеттерін сипаттауды, сандық, сапалық және мерзімдік мінездеме беруді;
      4) орташа көлемдегі әңгіме құрауды;
      5) 5-6 өлең-тақпақ пен мақал-мәтелдерді жатқа айтуды;
      6) 7-8 жай сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын әрі қарапайым ақпараттарды түсінуді;
      7) суреттер арқылы қазақ халқының ертегілерінің мазмұнын түсініп айтуды;
      8) берілген мәтін түрін ажыратуды;
      9) мәтіндегі негізгі ойды ажырата алуды;
      10) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді күнделікті өмірмен байланыстырып, өз пікірін білдіруді;
      11) негізгі ойды 1-2 жай сөйлеммен айтуды;
      12) ауыз әдебиетінің жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі тәрізді түрлерін ажыратуды;
      13) сөздерді лексикалық мағынасымен сәйкестендіре түсініп оқуды;
      14) 9-10 сөйлемнен құрылған мәтіндерді мәнерлеп оқуды, іштей оқи алуды;
      15) мәтіннің негізгі ойды анықтауды, бөлімдерге бөлуді;
      16) 7-8 жолды өлеңді мәнерлеп оқуды;
      17) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
      18) отбасы туралы таныс атауларды, сөздерді оқып, түсінуді;
      19) нақты үлгі бойынша тапсырмалар орындауды;
      20) белсенді лексикаға енген сөздерді сауатты жазуды;
      21) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
      22) шығармашылық сипаттағы шағын тапсырмаларды орындауды;
      23) ашық хатқа қысқа түрде құттықтау сөз, тілекжазуды;
      24) өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап беруді;
      25) шағын сұхбатқа қатысуды;
      26) баяу, нақты әрі түсінікті жүргізілген сұхбаттарда өз ойын айтуды;
      27) жағдаятқа байланысты туындаған сұхбаттарға қатысуды;
      28) қарапайым синтаксистік құрылымдарды пайдаланып, сөз тіркестері мен оралымдарды жағдаяттық тапсырмаларда қолдануды меңгеруі тиіс.

9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      73. Пәндік нәтижелер бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:


      1) қазақ тілінің фонемалық және фонетикалық жүйесі туралы;
      2) тірек кестелер арқылы қазақ тіліне тән үндестік заңын қолдануды;
      3) белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды;
      4) бастауыш сыныпқа ұсынылған лексикалық минимумның 480-500 сөзін;
      5) лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орынды пайдалануды;
      6) сөздердің түбірі мен қосымшаларын айыруды;
      7) сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды;
      8) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын, жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды;
      9) лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тәуелдеуді, септеуді, жіктеуді;
      10) сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті ажырата алуды;
      11) сөйлем түрлерін ажыратуды;
      12) сөйлемдегі сөздердің байланысын;
      13) үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуі тиіс.
      74. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) логикалық бірізділікпен әңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды;
      2) 8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-әрекетті сипаттауды;
      3) естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды;
      4) 10-12 сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсінуді;
      5) естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп айтуды;
      6) тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді;
      7) шағын мәтінді түсініп оқуды;
      8) 10-15 сөйлемнен құрылған мәтіндерді интонация сақтап мәнерлеп оқуды;
      9) іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды айыруды;
      10) оқыған мәтін бойынша: мәтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар жасауды, сұраққа жауап беруді және логикалық тұрғыдағы сұрақтар құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, әр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды;
      11) 9-10 жолды өлеңді мәнерлеп түсініп оқуды;
      12) өз бетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды;
      13) қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді;
      14) көркем мәтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді;
      15) контекстегі әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен байланыстыруды, өз пікірін білдіруді;
      16) белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырып сауатты жазуды;
      17) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды;
      18) грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды;
      19) қарым-қатынас әрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды;
      20) өз кестесін құруды (күн тәртібі, сабақ кестесі, т.б.);
      21) ашық хатқа құттықтау сөздер мен тілектер жазуды;
      22) диалог-сұрастыру жүргізуді, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді;
      23) күнделікті өмірлік және сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет нормаларын қолдана отырып, қатысымға түсуді;
      24) қатысымдық тұрғыдағы диалогке қатысуды: әңгімені бастауды, әңгімеге кірісуді, қайталап беруді өтінуді;
      25) таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды;
      26) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс.
      75. Тұлғалық нәтижелер 1-4-сынып оқушыларының:
      1) Отанына, туған жеріне, мектебіне;
      2) Қазақстан Республикасының рәміздеріне;
      3) қазақ халқына, қазақ тіліне құрмет көрсетуінен;
      4) өзгелермен қарым-қатынастағы сөз әдебінен көрініс табуы тиіс.
      76. Жүйелік-әрекеттік нәтижелер бойынша 1-4-сынып оқушылары:
      1) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлесім әрекетінің түрлерін қолдана білуі;
      2) қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуі;
      3) қазақ тілін үйрену барысында меңгерген сөздер мен тілдік бірліктерді өз ойын жеткізуде орынды қолдана білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
26-қосымша        

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)

1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.


      2. Бағдарлама негізгі орта мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.
      3. Білім мазмұны оқушылардың танымдық қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.
      4. Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді, тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп қолдануға мүмкіндік туғызады.
      5. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
      6. Пәнді оқыту мақсаты:
      оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
      7. Пәнді оқыту міндеттері:
      1) тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
      2) тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
      3) тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
      4) тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;
      5) мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;
      6) тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;
      7) тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;
      8) дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
      9) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
      10) оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
      11) әдеби тіл нормаларын меңгерту;
      12) тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
      13) оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
      14) шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
      15) мәтін табиғатына талдау жасай білу.
      8. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді:
      1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Тіл – әдебиеттің бірінші элементі. Қазақ тілін оқытып үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады; көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу. Әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету;
      2) «Қазақстан тарихымен»: тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;
      3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:
      тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;
      тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;
      танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
      9. Оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
      2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
      3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
      4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
      5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет