Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет3/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

2. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:


      1) білім керек бәріне (17 сағ.);
      2) атадан қалған асыл мұра (19 сағ.);
      3) неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем (12 сағ.);
      4) қыста талай қызық бар (16 сағ.);
      5) қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым (18 сағ.);
      6) адам болам десеңіз (19 сағ.);
      7) бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге (19 сағ.);
      8) туған өлке табиғатын қастерлейік (16 сағ.).
      14. Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.
      15. Ауыз әдебиеті үлгілері:
      1) балаларға арналған тақпақтар, ойын өлеңдер, төрт түлік жырлары, бесік жыры, өтірік өлеңдер (үзінділер), мақал-мәтелдер (әртүрлі тақырыптағы), жұмбақ-жаңылтпаштар (әртүрлі тақырыптағы);
      2) ертегілер: хайуанаттар жайындағы, қиял-ғажайып оқиғалы, шыншыл ертегілер;
      3) бата, айтыс үлгілері, аңыз-әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер, шешендік сөздер.
      16. Жазба балалар әдебиеті үлгілері:
      1) қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, А.Тоқмағамбетов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әлі, Б.Ысқақов, Қ.Баянбай, С.Қалиев, Ж.Смақов, Т.Молдағалиев, С.Мәуленов, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, Е.Өтетілеу, Е.Елубаев, Н.Айтов және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Көбеев, С.Сарғасқаев, С.Мұқанов, Ш.Мұртаза, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев және т.б.), орыс және әлем классиктері (Л.Толстой, И.Крылов және т.б.) мен орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің шығармалары;
      2) жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер;
      3) ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
      17. Әдеби-теориялық білім:
      1) халық ауыз әдебиеті жанрлары жөнінде (ертегі, өтірік өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыз-әңгіме және т.б.) өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы түсінік (өлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, сықақ өлеңдер және т.б.), мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат;
      2) диалог туралы балалардың түсінігіне сай анықтама.
      18. Мәтінмен жұмыс:
      1) мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау;
      2) мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру және сұрақ қоя білу;
      3) мәтінге берілген суреттермен жұмыс жасау, мәтін мазмұны бойынша сурет салу;
      4) сөздік жұмысын жүргізуге қатысу, түсіндірілетін сөздермен жұмыс;
      5) жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізу: шығарма, хат, құттықтаулар жазу және т.б.
      19. Шығарма атауын, оның шығарма мазмұны және шығарманың басты идеясымен байланысын түсіну. Атау нұсқауларын ойластыру, неғұрлым сәйкес атауды таңдау. Тақырып атауы, иллюстрация және түйін сөздер негізінде мәтін мазмұнын болжау. Мәтіннен түйін сөздерді, айтылған ойды дәлелдейтін сөйлемді, сөз тіркестерін табу. Мәтін кейіпкерін ауызша сипаттау. Мәтінді бөлімдерге бөлу, өздігінен бөлімдерге атау беру. Мәтіннің (мәтін бөлімдері бойынша) негізгі ойын анықтау, мәтіндегі негізгі ойды мәтін атауымен сәйкестендіру.
      20. Оқу дағдысы. 2-сыныпта оқушылардың мәтіндерді дұрыс, түсініп оқуына баса көңіл бөлінеді. Шапшаң, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Оқу түрі: дауыстап оқу, іштей оқу.

3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны

      21. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:


      1) талаптан да, білім мен өнер үйрен (16 сағ.);
      2) маужырап барқыт қоңыр күз (10 сағ.);
      3) туған елім, туған жерім (15 сағ.);
      4) ата-бабам тарихы – менің тарихым (15 сағ.);
      5) туған жерге қыс келді (10 сағ.);
      6) жақсыдан үйрен (15 сағ.);
      7) масатыдай құлпырар жердің жүзі (10 сағ.);
      8) табиғат – менің өз үйім (15 сағ.);
      9) жаздыгүн шілде болғанда (12 сағ.);
      10) сарқылмас қазына (18 сағ.).
      22. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.
      23. Ауыз әдебиеті үлгілері:
      1) бесік жыры, төрт түлік туралы жырлар, жұмбақтар және жаңылтпаштар, түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер (өнер, білім, тәрбие, еңбек, ынтымақ, бірлік, батырлық, ерлік, жақсылық және жамандық, достық және т.б.);
      2) қазақ және басқа да халықтар ертегілері;
      3) аңыз әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер;
      4) шешендік сөздер, нақыл сөздер;
      5) батырлар жыры;
      6) айтыс түрлері.
      24. Жазба балалар әдебиеті үлгілері:
      1) қазақ ақындарының балаларға арналған өлеңдері (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Жабаев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Т.Жароков, А.Тоқмағамбетов, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ж.Смақов, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Мәуленов, Ө.Тұрманжанов, Н.Айтов, Ә.Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Б.Ысқақов, Ө.Ақыпбеков, Ғ.Қайырбеков, О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ш.Мұртаза, С.Бегалин, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев, М.Төрежанов, С.Шаймерденов және т.б.), орыс және әлем классиктерінің (Л.Толстой, Ш.Айтматов, А.Гайдар және т.б.) шығармалары;
      2) жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер;
      3) ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).
      25. Әдеби-теориялық білім:
      1) 4-сыныпта әдебиет теориясы элементтерінен алдыңғы сыныптарда өткен ертегі, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең т.б. жөнінде білетін білімдерін одан әрі арттыра түседі;
      2) халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, наным–сенім өлеңдері, тұрмыс–салт жырлары, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал–мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу, метафора қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы балалардың түсініктеріне сай анықтамалар.
      26. Мәтінмен жұмыс:
      1) мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату;
      2) өздігінен мәтінді бөлімдерге бөлу және атау; әр бөлімнің және тұтас шығарманың (мұғалімнің көмегімен және өздігінен) басты ойын бөлу;
      3) қарапайым жоспар құрастыру (қарапайым жоспар нұсқасы: жоспардың пункттері – хабарлы сөйлемдер; сұрақтардан тұратын, мәтіндегі сөйлемдер арқылы құрастырылған жоспар);
      4) мұғалім немесе оқушылардың құрастырған жоспарын мәтін құрылымымен сәйкестендіру;
      5) өздігінен кейіпкер туралы жоспар құрастыру;
      6) мәтін бойынша алдын-ала құрастырылған сұрақтарға, оқыған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру;
      7) өздігінен мәтінге сұрақтар құрастыру, оқу барысында мазмұнды болжау;
      8) тақырып атауы, иллюстрация және түйін сөздер негізінде мәтін мазмұнын болжау; өздігінен тақырып атауын ойластыру;
      9) қандай да бір ойды дәлелдеу үшін және нақты тапсырма бойынша таңдап оқуды қолдану;
      10) мәтінді сахналау;
      11) авторлар жөнінде қосымша деректер жинау;
      12) сөздіктермен жұмыс жасау;
      13) шығармашылық жұмыстар: өлең, мәтін құрастыру және т.б.
      27. Оқу дағдысы. Іштей және дауыстап сөздерді тұтас мәнерлеп, дұрыс, саналы, жылдам оқу. Сөйлем құрылымына сәйкес келетін, дауыс ырғағын, қарқын, үнін, екпінін таңдап оқу.

4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      28. Білім мазмұнын құруда жанрлық–хронологиялық ұстанымы басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.


      29. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:
      1) кәусар бұлақ (24 сағ.);
      2) асыл арналар (12 сағ.);
      3) жарық жұлдыздар (20 сағ.);
      4) мәуелі бақ (70 сағ.);
      5) әлем әдебиеті үлгілері (10 сағ.).
      30. Халық ауыз әдебиеті үлгілері:
      1) батырлар жырынан үзінділер («Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Тайбурылдың шабысы», «Алпамыс батыр», «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» және т.б.);
      2) аңыз әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар;
      3) халық арасында шешендігімен елге танылған билер мен батырлардың даналық шешендік сөздері;
      4) ақындар айтысы. Жұмбақ айтыс;
      5) ертегілер;
      6) мысалдар.
      31. Жазба балалар әдебиеті үлгілері. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары (әл-Фараби даналық ойлары, М.Қашғари, Ж.Баласұғын нақыл сөздері, М.Өтемісұлы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеев, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, С.Дөнентаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Жабаев, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, И.Байзақов, М.Иманжанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, Т.Айбергенов, Б.Бұлқышев, Ө.Тұрманжанов Т.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, С.Жүнісов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, А.Сейдімбек, Қ.Жұмағалиев, С.Жиенбаев, Б.Момышұлы, М.Шаханов, О.Сүлейменов, Ғ.Қайырбеков, О.Бөкей, А.Асылбеков, Ж.Әбдірашев, Ф.Оңғарсынова т.б.), әлем әдебиеті классиктері (Ш.Айтматов, Н.Хикмет, Э.Корр, Э.Хемингуэй, Г.Х.Андерсен, Л.Толстой, И.Крылов, т.б.) мен педагог В.Сухомлинскийдің балаларға арналған шығармалары. Жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер. Ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік.
      32. Әдеби-теориялық білім:
      1) көркем мәтіндердегі пейзаждың, портрет, мінездеудің, диалог, монологтың орны туралы қарапайым түсінік, жазушы қолданған көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу, эпитет) табу, шығарманың тақырыбы мен идеясы, композициясы, сюжеті туралы практикалық тұрғыда түсіндіру;
      2) эпикалық жырлар, аңыз, теңеу, айтыс, әдеби ертегі, мысал, диалог, монолог, сатира, кейіптеу, фантастикалық шығарма, портрет, лирика, мінездеме, қайталау, логикалық екпін, сюжет, естелік және т.б. туралы ұғымдар.
      33. Мәтінмен жұмыс:
      1) мәтін бойынша автордың көзқарасына өз пікірін білдіру;
      2) мәтінді эстетикалық-сезімдік тұрғыда қабылдау, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беру (сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне, автордың көзқарасына сүйеніп және бүгінгі күн талабына сай өз көзқарасын білдіре отырып);
      3) мәтіндегі оқиғаның ретін, себебін, уақытпен, тарихи кезеңмен себеп-салдар байланысын көрсете алу;
      4) өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану;
      5) өздігінен шығарманың атауын түсіну;
      6) мәтінді оқу үдерісінде (кезеңдері: мәтінді оқу барысында өздігінен сұрақтар құрастыру, мүмкін болатын жауаптарды болжау, өзін-өзі бақылау);
      7) «автормен диалог» жүргізу;
      8) оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату;
      9) өздігінен әртүрлі нұсқада қарапайым жоспар құрастыру, мұғалімнің көмегімен және өздігінен күрделі жоспар құрастыру;
      10) нақты тақырыпқа әңгіме құрастыру үшін мәтіннен қажетті мәліметтерді табу;
      11) өздігінен мәтіннен түйін сөздерді айырып көрсету;
      12) негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау;
      13) шығарма кейіпкерлерінің образын сезіне отырып рөлге бөліп оқу;
      14) оқу мәдениеті. Ауызша және жазбаша сөйлеу.
      34. Оқу дағдысы. Ауызша сөйлеу мәнерлілігі тәсілін қолдана отырып, қажетті нормаларды сақтай жылдам, саналы, дұрыс, мәнерлі оқу. Өздігінен мәнерлеп оқуға дайындалу. Көлемі мен жанры әртүрлі кез-келген мәтінді іштей саналы оқу.

5. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      35. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:


      1) мәтінді саналы оқуды;
      2) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
      3) мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
      4) мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды;
      5) көлемі 150–200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді;
      6) мәтіннің азат жолдарынан басталатын бөліктеріндегі ойды анықтау және оған атауы қоюды;
      7) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
      8) тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
      9) ертегілерді түрлеріне қарай топтауды;
      10) халық ауыз әдебиетінің шағын жанрларын (жұмбақ, жаңылтпаш, қаламақ, сұрамақ, санамақ) ажыратуды;
      11) өлеңнің басты ерекшеліктерін (ұйқасқа құралады, шумақтан тұрады және т.б.);
      12) өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды;
      13) оқулықпен жұмыс атқаруды (мәтін, сұрақ–тапсырмалар берілген беттерді көрсету және т.б.);
      14) шығарманың авторы мен тақырыбын атауды.
      36. 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет:
      1) сурет бойынша диалог құруды;
      2) тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды;
      3) ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
      4) сызба бойынша өлең құрастыруды;
      5) өзі байқаған және көрген іс-әрекеттер мен оқиғалар бойынша шығарма–суреттемелер жазуды;
      6) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
      7) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
      8) 2-3 өлеңді жатқа айтуды;
      9) мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
      10) 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды.

6. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      37. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:


      1) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз екпінін дұрыс қойып оқуды;
      2) нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды;
      3) мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды;
      4) көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре әңгімелеуді;
      5) көлемі 200–250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді;
      6) мәтінге түрліше жоспар құруды;
      7) мәтін мазмұнын өз сөзімен, толық әңгімелеуді;
      8) мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоюды және оны дәлелдеуді;
      9) оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасы мен пікірін білдіруді;
      10) шығармадағы негізгі ойды табуды;
      11) шығарма кейіпкерлеріне сипаттама, олардың іс-әрекеттеріне баға беруді;
      12) мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды.
      38. Оқушылар меңгеруі қажет:
      1) ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды;
      2) сызба бойынша өлең құрастыруды;
      3) өзі байқаған, көрген іс-әрекет, оқиғалар бойынша шығарма – суреттемелер жазуды;
      4) мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
      5) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
      6) мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);
      7) 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгеруі қажет.

7. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      39. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:


      1) тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;
      2) мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;
      3) қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);
      4) өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);
      5) көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;
      6) басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты–диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;
      7) шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;
      8) мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;
      9) мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
      10) мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;
      11) мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;
      12) әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.
      40. Оқушылар меңгеруі қажет:
      1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
      2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;
      3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;
      4) ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
      5) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
      6) мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;
      7) әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
      8) көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;
      9) ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;
      10) сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;
      11) тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;
      12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
      13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
      14) 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды.
      41. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуінен;
      2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;
      3) ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;
      4) қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;
      5) мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;
      6) адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.
      42. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
      1) бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;
      2) мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;
      3) мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;
      4) көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;
      5) шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;
      6) шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;
      7) ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;
      8) танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
4-қосымша         

Бастауыш білім беру деңгейінің 3–4-сыныптары үшін
«Орыс тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
(орыс тілді емес)


1. Пояснительная записка

1. Учебная программа разработана в соответствии с Государственным общеобязательным стандартом среднего образования (начального, основного среднего, общего среднего образования), утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080.


      2. Учебный предмет входит в образовательную область «Язык и литература». Роль русского языка в школьной системе образования определяется в целом его основной функцией как языка межнационального общения в многонациональном государстве.
      3. Главные цели обучения русскому языку на начальном этапе:
      1) формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическом материале;
      2) взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудированию, говорению, чтению, письму);
      3) практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации);
      4) воспитание средствами русского языка коммуникативной, нравственной и эстетической культуры.
      4. Задачи учебного предмета:
      1) научить учащихся строить простейшие типовые предложения, широко употребляемые в живой русской речи, обогатить словарный запас учащихся (в пределах лексико-грамматического минимума);
      2) научить распространять простейшие типовые предложения за счет ранее усвоенных слов и словосочетаний по законам синтаксического строя русского языка;
      3) сформировать у учащихся элементарные навыки активного пользования синтаксическими конструкциями для выражения собственных мыслей, чувств и наблюдений в рамках тематики для чтения и развития речи;
      4) совершенствовать навыки чтения и письма, полученные на уроках родного языка; дифференцировать звуки и буквы в системе гласных и согласных с учетом различий в фонетических системах родного и русского языков.
      5. Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих сферы общения: учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки), сказки.
      6. При отборе содержания обучения русскому языку как второму следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.
      7. Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.
      8. На начальном этапе обучения русскому языку как второму учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно 450-500 слов).
      9. Объем учебной нагрузки составляет:
      1) в 3 классе 2 ч. в неделю, общее количество – 68 час;
      2) в 4 классе 2 ч. в неделю, общее количество – 68 час.
      10. В процессе обучения русскому языку в школах с нерусским языком обучения осуществляется межпредметные связи с:
      1) родным языком. Опора на родной язык при изучении общих явлений русского и родного языков, сопоставление сходных и различающихся явлений в русском и родном языках, использование перевода на родной язык при объяснении значения слов, словосочетаний, предложений и текстов;
      2) математикой. Использование математических представлений для понимания слов со значением пространства и времени, использование счета при проведении подвижных и дидактических и ролевых игр, перенос общеучебных умений и навыков, сформированных на уроках математики (сравнение, сопоставление, группировка);
      3) изобразительным искусством. Использование предметных, сюжетных рисунков для семантизации новых слов, составление устных и письменных рассказов по картинкам, развитие тонкой моторики пальцев руки в процессе рисования, штриховки при организации словарной работы, развития эстетических чувств, представлений учащихся при рассмотрении картин, иллюстраций к текстам;
      4) познанием мира. Краеведческого материала, предметов окружающего мира, действий человека, животных для семантизации новых слов, чтение и анализ текстов по тематике окружающего мира, обогащение словарного запаса по темам окружающего мира;
      5) музыкой. Использование музыки для проведения «физкультминуток», подвижных, дидактических и ролевых игр, исполнение песен, скороговорок при выполнении фонетических упражнений, ритмических движений и др.;
      6) физической культурой. Проведение физкультминуток, подвижных игр в процессе обучения.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет