Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің тамыздағы пәндік секцияларында талқылауға ұсынылатын мәселелері:
- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын жалпы орта білім беру мекемелерінің 6, 8-сыныптарында жаңартылған мазмұндағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың ерекшеліктері;
- 2018/2019 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны;
- Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру жолдары;
- Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін оқу мақсаттарына сәйкес таңдау – табысты сабақ негізі;
-Төрт дағдыны қалыптастырушы бағалаудың әдістері, түрлері;
- Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған белсенді жұмыс түрлері;
- Білім алушыларды жиынтық бағалауға дайындау жолдары.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау және критериалды бағалау;
2. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
3. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
4. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
5. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
7. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
8. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
9. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
10. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен сабақтастырудағы шеберлік;
11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
12. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;
13. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны мұғалімді де, білім алушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы өмірлік жағдаяттарды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2018-2019 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
Елордамыз – Астана қаласына 20 жыл (1998 ж.);
Шал ақынның туғанына 270 жыл (1748-1819);
Бұқар жыраудың туғанына 350 жыл (1668-1781);
25 маусым – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 125 жыл (1893 - 1937);
2 қыркүйек – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 100 жыл (1918-1987);
25 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына – 95 жыл (1923—1994);
28 қыркүйек –жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейхановтың туғанына 75 жыл (1943-1993);
28 қазан – қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл (1893-1920);
29 қазан – қазақ ақыны, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына – 95 жыл (1923);
12 желтоқсан – қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына – 90 жыл (1928 - 2008);
5 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл (1894-1938;
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста (1924);
15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938).
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
http://nao.kz - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;
http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар сайты;
http://mugalimder.kz - республикалық сайт;
http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;
http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт;
http://bilimger.kz- білім порталы;
http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;
http://sabak- сайт творческих учителей Казахстана;
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік сайт;
http://bilimsite.kz/ustaz - білімділерсайты;
http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
http://oqu-zaman.kz- ұстаздар мен білім алушыларға арналған қосалқы білімді сайт;
http://tarbie.org- ұстаздар сайты;
http://kazbilim-edu.kz- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |