Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет23/136
Дата07.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#96630
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020

Өзін-өзі бағалау түрлері
Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады және оны жиынтық бағалауға дайындық кезінде өткізген тиімді. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды.
Оқу жетістіктерінің бағалау критерияларына сәйкес тиісті тапсырмалар таңдалады және жасалады. Білім алушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, білім алушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.
Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.
Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.
Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.
Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады.
Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі – топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.
Бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.
Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады.
Критериялар ретінде пәндік және жалпы оқуға икемділігі көрсетіледі.
Мысал ретінде, бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу барысында төмендегідей пәндік жалпы оқуға икемділігі қалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері.
Математикалық модельдеу білім алушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.
«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында, мысалы, төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:
- нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;
- жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;
- ғылым әдістерін қолдану, ең бастысы байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе білу.
Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жүйесіне сәйкес оқу пәндері бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.
Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.

  1. Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек, яғни:

- тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;

    • тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».

  1. Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».

Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты, мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады.
Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып білім алушылары көрсете алатындай критерийлерді таңдау қажет. Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көптеген білім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық 100% білім алушылардың әрі қарай оқуда табысқа жетуі үшін негізгі базалық критерийлерге сәйкес нәтижелерін ғана көрсету жеткілікті.
Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.
Бастапқыда үлгі критерий болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.
Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді. Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.
Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім білім алушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?»,- деп сұрайды.Солай критерийлер қалыптасады.
Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауды үйренеді.
Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.
Диктант, шығарма, бақылау жұмысы, эссе жазуға дайындық кезінде білім алушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелердің бағасы мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға, қателердің себептерін анықтап, ескертуге мүмкіндік береді.
Мұғалім мен білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне жақсы баға бергені маңызды. Ал білім алушылардың қателерін әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге пайдалану қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   136




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет