Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет125/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252
«Шетел тілі» оқу пәні
Сөйлеу қызметінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқытылатын тілдің мәдениетаралық функциялары, тілдік жүйе (фонетика, лексика, грамматика) «Шетел тілі» оқу пәнінің объектілері болып табылады.
2019-2020 оқу жылында 10 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды:
- Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В2 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша В1 деңгейіне жетуі тиіс.
Шетел тілін В1 және В2 сияқты жоғары деңгейлерде оқыту кезінде оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, өзге тілді ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге; білім алушыларды өз бетімен білім алуға дайындауға, сондай-ақ өзге тілді қарым-қатынастың жеке тәжірибесін меңгеруге; мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке тұлғаның дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Шетел тілін оқытудың жоғары деңгейлерінде білім беру мазмұнын іріктеу білім алушылардың мәдениетаралық диалогқа, өзара түсіністікке дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етуі, оларда өзге мәдениеттерге құрметпен қарауды тәрбиелеуі, өзге тілді қарым-қатынас процесінде өз ойлары мен сезімдерін білдіру қабілетін дамытуы тиіс.
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.
Шетел тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Қосымша оқу уақыты:
- шет тілді коммуникативтік іс-әрекет тәжірибесін кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін күрделі коммуникативтік тапсырмаларды шешу арқылы білім алушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға және қабілеттерін жетілдіруге;
- пәндік-тақырыптық мазмұнның базалық деңгейі бар бірыңғай шегінде нәтижелі игерілетін лексикалық және грамматикалық материалдың көлемін арттыруға;
- оқытылатын тіл елдерінің әлеуметтік-мәдени ерекшелігінің феномендері мен құбылыстарын интерпретациялау үшін білім алушылардың дайындық деңгейін арттыруға;
- оқытылатын тіл елдерінде қабылданған нормалар мен талаптарға сай тілдік және тілдік емес мінез-құлықты жүзеге асыруға;
- шетел тілін меңгеру бойынша білім алушылардың өздігінен білім алу қызметіне дайындық деңгейін арттыруға;
- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде компенсаторлық қабілеттерді жетілдіруге;
- оқу-танымдық қабілеттерді дамытуға арналуы тиіс.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 71 кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) нақты саны көрсетілген.
71-кесте. «Шетел тілі/ Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

2

2

2

2

Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, дебаттар, конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) жан-жақты пайдалануды көздейді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және сабақтан тыс іс-әрекет мүмкіндіктерін белсенді пайдаланған жөн, бұл білім алушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттыру үшін, танымдық қызметін, өзара тілдік қарым-қатынасын жандандыру, шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді.


Шет тілдік қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін және мәдениетаралық қарым-қатынас құбылыстарын интерпретациялауда білім алушылардың дербестігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін оқыту технологияларын үнемі пайдалану маңызды болып табылады.
2019-2020 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің (математика, биология, химия, информатика) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып білім алушыларымен өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді жаңашылдықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндер мен мерейтойларға назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет