Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет168/252
Дата08.02.2022
өлшемі3,55 Mb.
#120068
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   252
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.


Жалпы орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту – өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.


«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойыншаоқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
11 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылына 68 сағатты.
жаратылыстану -математикалық бағытта:
11 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Адам. Қоғам. Құқық.» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
11-сыныпта­ аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
2019/2020 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық» пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған Дүниежүзі тарихы пәнінің оқу бағдарламасы.
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
Жалпы орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

  • әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;

  • анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

  • өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;

  • тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

  • қазіргі әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;

  • қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

Жалпы білім беру деңгейінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктерін анықтауға, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:
Жалпы білім беру деңгейінде тарих пәндерін оқытуда білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.
Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.
Жалпы білім беру деңгейінде тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білім мазмұнына сәйкес сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдану ұсынылады.
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.
Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны «Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және қоғамдық пәндер бойынша рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар академия сайтында орналастырылған: (https://www.nao.kz /Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету/ Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет