Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау
Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады.
104-кесте. Математика пәні бойынша маңызды және маңызды емес қателер
Маңызды
|
Маңызды емес
|
Білім алушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қасиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер
|
Тұжырымдамаларды анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде дәлдіктің болмауы
|
Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі
|
Графиктерді салуда дәлдіктің болмауы
|
Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі
|
Тиімсіз шешімді қолдануы
|
Есептеу қателері, егер ол жаңылыс жазу болмаса
|
Шешуде негіздеменің, түсініктеменің жеткіліксіз болуы немесе болмауы
|
Логикалық қателер
|
Жазулардың, сызбалар мен графиктердің ұқыпсыз орындалуы
|
Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы
|
Жауапты қысқартылатын бөлшек түрінде жазу, бөлімінде иррационалдықтың болуы
|
Емтихан жұмысын бағалау кезінде елеулі және елеусіз қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Елеулі және елеусіз қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрде негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға төмендегідей ұсыныстар жасалады.
105-кесте. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жазба жұмыстарын бағалау критерийлері
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
Жұмыс толығымен орындалған:
5 (ҚГБ), 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма
|
Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес)
|
Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес)
|
Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалмаған
|
Жұмыста математикалық қателер жоқ
|
Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген
|
Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ білім алушы міндетті білім мен білікті меңгерген.
|
Білім алушының тақырып бойынша міндетті білім мен біліктігін меңгермегенін көрсететін үштен артық қате жіберілген
|
Материал мазмұнының логикалығы және толықтығы
|
Материалды баяндауда жекелеген дәлсіздіктер жіберілген
|
Материалды баяндау логикасы бұзылған, материал толығымен ашылмаған
|
Материалды баяндау логикасы бұзылған
|
Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын рәсімдеу
Емтихан жұмысын рәсімдеуде емтихан тапсырмаларын орындау барысында келесі талаптар сақталуы тиіс:
- есептің шығарылуының дұрыстығы;
- есептің шығарылуының негізделуі;
- есептің шығарылуының толықтығы;
- есептің шығарылуының тиімділігі;
- емле ережесінің сақталуы.
Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қаламмен салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |