Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет96/193
Дата24.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#133233
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   193
Байланысты:
Нұсқау хат 2018-2019 оқу жылы

4 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




1-3-сыныптар

2018-2019 оқу жылында 1-3-сыныптар жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен және жоспарларымен оқитын болады.


Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектебінде оқу процесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны немен ерекшеленеді:
- оқу бағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде әзірленген,яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарының жүйесі берілген;
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларын шешу және шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу».
Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың икемділігі мен әмбебаптылығы болып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен бөлімшелерді оқытудың бірізділігін, бөлім мен тиісті тоқсан аясында тақырыптарды немесе оқыту мақсаттарын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі. Мұғалімдер бірнеше оқыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқыту мақсаттарына жетуге жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындаудаоқыту мақсаттарын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім жоспарлау кезінде оқу материалын қайталау және бекіту сабақтарын алдын ала қарастыруы қажет. Шешім мұғалімдердің оқу-әдістемелік бірлестіктерінде алқалы түрде қабылдануы мүмкін.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары – әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және сөйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сөйлеу қызметін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл болып табылады.
Тілдерді оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін дамыту арқылы жүзеге асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім алушылардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи жағдаяттар негізінде оқыту ортасын үлгілеу маңызды.
Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарға сыныптар мен тоқсандар бойынша оқыту мақсаттары енгізілген.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқыту мақсаттары, сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту әдістемесі бойынша) оқу ресурстары берілген.
«Ресурстар» бағанында сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына көмек ретінде интернет-ресурстарға сілтемелер берілді. Оқыту мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау және оларды мұғалім өз сыныбы білім алушылармен даму деңгейлеріне қарайдамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар ұсыныс ретінде берілді.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту тәсіліне және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруыкерек.
1-3-сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін айтуын, өзін бағалауды, өзара бағалауды және т.б. тұжырымдайды.
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өз бетінше анықтайды.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды іске асыратын ортақ тақырыптарға көңіл аудару қажет (50-кесте). Оқу пәндерінің компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптарда тоқсандар бойынша бөлінген. Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып, оның әрқайсысына сағат саны шамамен бірдей бөлінеді. Әр ортақ тақырыпқа сағат санын мұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай өзі өзгертіп отырады.

51-кесте – Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар







1-сынып

2-сынып

3-сынып

1

Өзім туралы

Өзім туралы

Жанды табиғат

2

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

3

Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

4

Бізді қоршаған әлем

Менің туған елім

Сәулет өнері

5

Саяхат

Дені саудың жаны сау

Өнер

6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

7

Тағам мен сусын

Қоршаған орта

Су – тіршілік көзі

8

Дені саудың жаны сау

Саяхат

Демалыс мәдениеті. Мерекелер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныптарда – 24 сағатты, 2-сыныптарда – 25 сағатты, 3-сыныптарда – 29 сағатты құрайды.


1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ұлғайту әдісін жүзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады. Бейімдеу кезеңінен сәтті өту үшін қыркүйек – қазан айларында соңғы сабақтар стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізу керек. Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің міндеті – кішкентай мектеп оқушысының оқу қызметіне ішкі уәждемені қалыптастыру. Бірінші жартыжылдықта 1-сыныпта жиынтық бағалау жүргізілмейді және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім өз жұмысын әр білім алушының сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей жоспарлайды.
1-сынып білім алушысының көру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын дамыту үшінсергіту сәтінуақытылы өткізу, 1-сынып білім алушыларын ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.
2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды, сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, себебі пәндерді бір күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет, үй тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап етеді. Білім алушыларға үй тапсырмалары,оларды орындау мүмкіндігін ескере отырып мынадай шекте беріледі: 2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй тапсырмасы берілмейді.
Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады.Сабақ жоспарлау кезінде уәж, мақсат, оқу міндеті, мақсатқа қол жеткізу үшініс-әрекет тәсілдері, нәтижесі, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия ескеріледі. Сабақтың мақсатты бағыты білім алушылардыңоқу-танымдық және оқу-практикалық іс-әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу. Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және саралап оқыту түрлеріарқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына бағдарланған сабақтың маңызды белгілеріоның мазмұнында бастауыш сынып білім алушыларынкең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы. ББ МЖМС негізгі міндеттерін іске асыру үшін тиімді педагогикалық технологияларды, озық әдіс-тәсілдерді, тұлғалық бағдарланған оқыту тәсілінқолдану және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыкіріктіру қажет.
Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру маңызды орын алады. Бұлар семинарлар, тренингтер, педагогикалық қауымдастықтардыңотырыстары, коучингтер, конференциялар, шебер-сыныптар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, сабақтан тыс үйірмелер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психология-педагогикалық қолдауғаназар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-қан тамырлар жүйесі, көз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына байланысты жаттығулар, қол және көзге арналған гимнастикалық жаттығулар және т. б.) көп көңіл бөлу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   193




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет