Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет104/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   185
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ


«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам.Құқық» пәндерін қамтиды.
Тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту – адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі үдерістері, әлеуметтік факторлардың адам өміріне әсері туралы ғылыми білімді меңгеруге негізделген.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің оқу жүктемесі: қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;
11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды.
жаратылыстану -математикалық бағытта:
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Адам.Қоғам.Құқық.» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


Тарихи пәндерді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар:
Тарихты 10-11 сыныптарда оқыту келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

  • әртүрлі деректердің ақпараттарымен (соның ішінде интернетте ұсынылған) жұмыс істей білу;

  • анық тарихи фактілерден түсіндірулер мен көзқарастарды айыра білу;

  • өзінің зерттеу және оқу әрекеттері нәтижесін бағалау және таныстыра білу, кемшіліктердің себептерін анықтау;

  • тарихи оқиғалар мен қатысушыларға өз қарым-қатынасын түсіндіре білу;

  • заманауи әлеуметтік-тарихи процестер мен дамудың ықтимал нұсқаларын болжауды талдай білу үшін игерген тәжірибесін, әрекетін және меңгерген білімдерін қолдана білу;

  • қауіпсіз мәдениет қалыптастыру арқылы түрлі жағдайларда қауіп-қатерлерді талдай білуі және қауіпсіздікті қамтамасыз ете білуі керек.

10-сыныпта «Адам. Қоғам.Құқық» пәні бойынша адам мен қоғам арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі, отбасылық құндылықтар, адам құқықтары, оның қорғалуы, еңбек құқығы негіздері, мәдени құндылықтарды оқытуда білім алушыларды жауапкершілікке, мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға, адами құндылықтарды, тұлға аралық қасиеттерді сақтауға бейімдеу ұсынылады.
11-сыныпта білім алушыларды адам өмірінің мәні, құқықтық мемлекет дамуының ерекшеліктері, қазіргі өркениеттік әлемде құқықтық сананы қалыптастыру, түрлі жағдайларда қауіп-қатерді азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыттау ұсынылады. Этномәдени құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру мақсатты нұсқау болып табылады.
Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:
10-11-сыныптарда тарих пәндерін оқыту, білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар көбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар.
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рөлдік ойындар, кейс әдісі, іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану ұсынылады.
Пәндерді оқытуда кіріктіре оқыту әдісін қолданған дұрыс, мысалы, халықаралық қатынастар мен Қазақстанның сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет және тағы басқа тақырыптарын кіріктіруге болады. Кіріктірілген байланыс жүйесін қалыптастыру оқыту процесінің коммуникативтік әлеуетін арттырады.
10-11-сыныптарда тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез өзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, өз елінің игілігі үшін жауапты Қазақстан Республикасының зияткер, әлеуметтік-рухани азаматын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік өмірі туралы қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға көмектесетін әдістерді қолдану ұсынылады.
Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
«Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.


Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша ұсынымдамалар.
Бітіру смтиханын өткізу формалары:
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).
Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері:
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:
1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;
3-сұрақ -практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама ) қамтиды.
Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

  • базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;

  • жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Базалық деңгей:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей:
- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.
Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды сиптаттау барысында билеттің 3-сұрағын максималды 10 балмен бағалауға келесі талаптар қойылады:
Сонымен бағалау өлшемдері:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет