Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



бет106/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

Жалпы орта білім деңгейінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика» пәндері екі бағыт бойынша (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық гуманитарлық бағыт) оқытылады.


Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы процестер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады.
Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамды жалпы мәдени дамуға бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі заманауи өмірде еркін бағдар алуына қажетті адамның іс-әрекеттеріне байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.
Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойында бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.
«Математика және информатика» білім саласының пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.
Оқушылардың «Математика және информатика» білім саласының пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге баса назар аудару ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланыс жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, өз жобаларын қорғай алу біліктерін дамытады.
2017-2018 оқу жылындағы 10-11-сыныптарда «Математика және информатика» білім саласының пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы келесі кестеде берілген.

45-кесте – 10-11 сыныптарында «Математика және информатика» білім саласының пәндерінің оқу жүктемесі мен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы.



Сынып

Пән

Аптадағы сағат саны

Оқу жылындағы сағат саны

Бақылау жұмыстарының нормасы

10 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

7-8

Геометрия

2

68

5-6

Информатика

1

34

3-4

10 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

11 ЖМБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

6-7

Геометрия

2

68

4-5

Информатика

1

34

4-5

11 ҚГБ

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

5-6

Геометрия

1

34

3-4

Информатика

1

34

2-3

Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет