Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



бет109/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ

Жаратылыстану – табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтары туралы ғылым. Жаратылыстану тұтас жүйе түрінде қарастыруға болатын, табиғат нысандары мен құбылыстарының түрлі қасиеттері туралы кең көлемді мәселелерін қамтиды. Табиғатты зерделеу адамның қоршаған әлемді танып білуге шынайы ұмтылысы және тәжірибелік іс-әрекеттің негізі болды. Негізгі ұғымдар, құбылыстардың өзгеру заңдылықтары туралы көзқарас, табиғат заңдарын қолдану тәсілдері оны зерттеуден туындаған болатын.


Қазіргі уақытта ғылыми-жаратылыстану білімі белсенді әрекеттердің өрісі болып табылады және оларға негізделген заманауи технологиялар адам өмірінің жаңа бейнесін қалыптастырады. «Жаратылыстану» білім саласы үшін заманауи жаратылыстанудың негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерін, олардың басты бағыттары және әлемнің жалпы бейнесіндегі жалпы мәдени жағдайы зерделеу ұсынылады.
Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім саласы оқу пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар туралы, Жер адам өмір сүретін планета ретінде, әлемнің ғылыми бейнесінің астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған көзқарас қалыптастырады.
Оқу пәндерінің мазмұны білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білім берудің тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– білім алушылардың тірі жүйелерге қатысты ғылыми танымдық әдісін, маңызды классикалық және заманауи жетістіктерді меңгеруі;

  • білім алушылар адамның қызметі және табиғи себептердің ықпалының нәтижесінде олардың өзгерістері мен жүйелердің құрылымы, жұмыс істеуі, дамуы туралы білімді меңгеруі

  • пәнді бейінді оқыту негізінде білім алушылардың болашақ мамандығын өз бетімен таңдауға дайындау;

  • білім алушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болып табылады.

«Жаратылыстану» білім саласының құрамына: география, физика, химия және биология пәндері кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқытудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Оқушылардың:
– жаратылыстану ғылымының процестері мен құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау біліктілігін;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;
– ғылыми әдістердің көмегімен шешілуі мүмкін сұрақтар мен мәселелерді анықтау біліктілігін дамытуға бағытталуы қажет.
Төмендегі кестеде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндерінің сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсынылатын қызметтердің түрлерінің мазмұны келтірілген.

49-кесте – Ұсынылатын қызметтердің түрлері








Ұсынылатын қызметтердің түрлері (жобалаудың параметрлері)

Білім беру бейіндері бойынша

ЖМБ

ҚГБ

1

Оқылатын тақырыптар бойынша шағын зерттеулер

Негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша жүйелі, сабақ барысында презентация жасау

Жекелеген сабақтарда презентациямен, жекелеген тақырыптар

2

Карталар, кестелер, сызба-нұсқалар, көрнекі құралдармен жұмыс

Талдау, өз бетінше шешімдер әзірлеу, жаңа сызбалар, жаңа білім

Талдау, қорытындылау

3

Түрлі күрделілік деңгейіндегі практикалық, зертханалық жұмыстар

Жоспарлы, жаттықтырушы, дамытушылық, іс-әрекеттік

Жоспарланған, іс-әрекеттік

4

Статистикалық материалдармен жұмыс

Әрдайым, негізгі бөлімдер және тақырыптар бойынша, міндетті түрде көрнекі-графикалық бейнелеу

Әрдайым, негізгі тақырыптар бойынша

5

Мерзімді баспасөз материалдарын, қосымша материалдарды зерделеу

Әрдайым, жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы

Оқушы үшін жаңа білім сабақтарындағы презентация, олардың функционалдық маңызы

6

Үй тапсырмасының тәжірибелік бағыттылығы

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму міндеттері

Жүйелі, жүйелі іс-әрекет, өзін-өзі тәрбиелеу міндеттері

Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған әдістемелік құралдар ұсынылған (www.nao.kz).
Мұғалімдер үшін білім алушылардың оқу пәндері бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану және тәжірибеге бағытталған біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру маңызды мақсат болып табылады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Пәндер бойынша сабақта жасалатын практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Төменде физикадан практикалық және зертханалық жұмыстардың тізімі берілген.


50-кесте – 10-11-сыныптарда физиканы оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.



Бағыты

ҚГБ

ЖМБ

сыныптар

10

11

10

11

зертханалық жұмыстар

3

6

13

6

практикалық жұмыстар

3




17

20

бақылау жұмыстары

2

2

5

4

физикалық практикум







4

10



51-кесте – 10-11-сыныптарда биологияны оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.



Бағыт

ҚГБ

ЖМБ

Сынып

10

11

10

11

Зертханалық жұмыс

3

2

6

2

Практикалық жұмыс

1

-

1

-



52-кесте – 10-11-сыныптарда химияны оқыту барысында жүргізілетін тәжірибеге бағытталған жұмыс түрлері және көлемі.



Бағыт

ҚГБ

ЖМБ

Сынып

10

11

10

11

Зертханалық жұмыс

7

8

8

6

Практикалық жұмыс

4

2

4

4

Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
– білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануларын;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
– оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеулерін;
– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
– виртуалды практикумдар және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған білімдерін қолдану біліктілігін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған, халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері аясында сыныптан тыс, экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады. Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіздікті сақтау сұрақтары қарастырылуы тиіс.
Сабақ барысында білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдылары мен біліктілігін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған оқытуға тиімді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге асырылады.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну тереңдетіледі. Білім алушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері, қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын-алу тәсілдерін ұсына алулары тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.
Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Білім саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апаттың салдары туралы нақты түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.
Оқушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік тақырыптары:
– Судың сапасын жақсарту жолдары.
– Жыралардың дамуын зерттеу.
– Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары.
– Биогаз энергетикасы.
– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу.
– Судың кермектігін анықтау.
– Сағызды зерттеу.
– Чипсыны зерттеу.
– Шайдың сапасын зерттеу.
– Сүттің сапасын зерттеу.
– Темекіні зерттеу.
– Сабынның сапасын зерттеу.
– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу.
– Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.
– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу.
– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу.
– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу.
– Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.
Жалпы орта білім деңгейінде ғылыми-жаратылыстану циклінің пәндері (география, физика, химия және биология) үшін математикалық және ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау, модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды. Сонымен қатар проблемаларды талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға, процесті суреттеуден оны ұсынуға өтуді және өзгерістің мәнін түсіндіруді қамтиды.
«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер», «болуы мүмкін мән саласы» ұғымдары зерделенеді және қолданылады. Параметрлерінің мәні әртүрлі модельдермен зерттеулер жүргізіледі.
Орта мектепті бітірушінің мектептің ақпараттық білім беру ортасының жаратылыстанудың ғылыми аспектілері бойынша белсенділігі маңызды нәтиже болып саналады.
Бұл оның процесінің алгоритмін құру, алгоритм бойынша бағдарлама жасау және компьютердің көмегімен оны зерттеу қабілетінен көрініс табады. Оқушылар алынған деректер бойынша эксперименттің нәтижелерін зерттеу, математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар және тәуелділік графиктерін құру, дөңгелектеуді жүзеге асыру білігі, қателіктерді анықтау, яғни есептеулерді дәстүрлі құралдардың көмегімен ғана орындамай, ол үшін компьютерді және сандық құралдарды да қолдану дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады.
Бұл жоғары сынып оқушыларының география, физика, химия, биологияны зерттеудің озық тәжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, математикалық және ақпараттық сүйемелдеулер маңызды құралдар болып табылады.
Бұл мектептегі ғылыми-жаратылыстану білімін тереңдетуге және түрлендіруге, жоғары сынып білім алушыларын одан әрі кәсіби оқытуға дайындауға және инновациялық өзгерістер кезеңін дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану жұмыстарын әрдайым жүргізіп отыру қажет. Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына көңіл аудару қажет.
Сапалық және сандық есептерді шешуге тең дәрежеде көңіл бөлу керек, өйткені құбылыстардың, процестердің терең мәнін түсіну және оларды шешу дағдыларын қалыптастыруға қол жеткізу қажет.
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып барлық оқу құралдары және техникалық жабдықтарды білім алушылардың дұрыс пайдалануы маңызды болып табылады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылар сарайлары жанындағы күндізгі және сырттай оқу мектептеріне қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастық іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізілетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, оларды өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
«ЭКСПО-2017» көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat. ru/poisk/экспо-2017.
Сабақтарда «Болашақ Энергиясы» көрмесінің жаңа және ақылды технологиялары материалдарын қолдануды ұсынамыз.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері сабақтарындағы сын тұрғысынан ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену. Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
География, физика, химия, биология сабақтарындағы пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі процестер мен құбылыстардың өзара байланысын көрсете отырып, бір пәнді оқу барысында басқа пән бойынша білімді меңгеру процесінде қолдану білігін, жүйелі ойлауды дамытуда ерекше рөл атқарады.
Дидактика тұрғысынан пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқытудың ғылыми деңгейін артырады, оқу материалының мазмұнына, мұғалім қолданатын оқытудың әдістеріне, сонымен қатар оқушылардың өз беттерінше жүзеге асыратын оқу тәсілдеріне әсер етеді.
Сонымен қатар, пәнаралық байланысты белсенді пайдалану, жаратылыстану бағыты пәндерін оқыту процесінде оңтайландыруға және білім алушыларға түсетін оқу жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір», «Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене», «Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы: кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.
Мысалы, «География» оқу пәнінің «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану» және «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» бөлімдерін өткенде зілзалалар жағдайында және қауіп-қатер ахуалында қауіпсіздікті сақтау, күтпеген жағдайды болжау және осы жағдайларда өзін ұстау ережелерін талқылауға болады, білім алушылардың қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударылады.
Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.
Бұрынғы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар курстың материалын оқу барысында, басқа пәндерден бұрын алынған білімдерге сүйенуді қарастырады (мысалы, жаратылыстану, география, биология курстарынан алынған білім).
Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).
Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «геоэкономикалық жағдай», «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «ғылымды қажет ететін технологиялар», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.
Халықаралық маманданырылған «ЭКСПО-2017»көрмесін өткізу елдің дамуы үшін стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу үшін маңызды болып саналады.
Білім алушылардың үй тапсырмасын орындаулары – оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі. Оны дұрыс ұйымдастыру арқылы, сабақ барысында алынған білімді пысықтауға және тереңдетуге, оқушының оқуға деген тұрақты қызығушылығын арттыруға мүмкіндік пайда болады. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:
– үй тапсырмаларын оқулық параграфтарын жаттап алуға және тапсырмаларды орындауға ғана пайдалануға болмайды. Шығармашылық, эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және жаттығуларды көбірек қолдану қажет;
– үй тапсырмаларына оқушылардың өз оқу әрекеттерінің нәтижелеріне өзіндік талдау жасауға бағыттайтын тапсырма элементтерін қосу;
– үй тапсырмасына мазмұны және орындалу түрі бойынша түрлілігімен ерекшеленетін тапсырмалар беру;
– үй тапсырмасының көлемін анықтау барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері міндетті түрде есепке алынуы тиіс.
Білім саласы пәндерінің қолданбалы курстары немесе таңдау курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет