Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет44/185
Дата06.02.2022
өлшемі3,12 Mb.
#76541
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   185
Зерттеу әдістері: жобаны, кластерді қорғау мен дайындау әдісі.


5. Қосымша
5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін қолдану
«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.
«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.
Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты — 3 минут.
Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады.
«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.
«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:
1. Неге? - Why?
2. Түсіндір - Explain
3. Ата - Tell
4. Ұсын - Offer
5. Ойлан тап - Invent
6. Бөліс – Share
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.
Кластер — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.
«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:
Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.
Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.
Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.
Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.
Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.
«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған.
Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті! Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.
Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк түсте - міндетті шаруалар, қызыл түсте – шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элеметтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.
Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).
Өзгертілген Дебаттар.
Бұл Дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.
- сөйлеу регламентінің қысқаруы,
- командадағы ойыншылар санының көбеюі,
- аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,
- тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,
- ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы,
- ойынның жүргізушісі мұғалім болады.
Жобалық дискуссия. Бұл белгілі бір тақырыпта жоба дайындау және қорғау әдісіне негізделген. Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:
1. Ойды дәлелдеуге және рәсімдеуге арналған нақтылайтын сұрақтар («Сіз мұнымен нені айтқыңыз келіп тұр...?», «Сіз мұның дұрыс екенін қалай дәлелдейсіз?»).
2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға ынтылындыру үшін кейбір сөздерді қайталау («Сіз былай деп айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)
3. Түсініспеушілік таныту – қатысушылардың пікірлерді нақтылап түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, өтінемін, түсіндіріңізші...?»).
4. «Күмәндану» – әлсіз және мұқият ойластырылмай айтылған ойларды сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»).
5. «Альтернатива» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып басқа көзқарасты ұсынады.
6. «Сандыраққа жеткізу» – жүргізуші айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан сандырақ қорытындылар шығарады.
«Тарихи қайта қалпына келтіру» - қазіргі немесе ежелгі тарихи дәуірді жаңадан жасау және ғылыми талдау мен зерттеу мақсатында археологиялық, суретті, жазбаша көздерді пайдалана отырып аймақты жаңадан жасау арқылы материалдық және рухани мәдениет объектілерін терең зерттеу үшін арналған рөлдік ойындар әдісі. Келесі ережелерді орындау керек. Біріншіден, экспозицияларда тұрмыс-тіршілік қана емес, сонымен қатар әртүрлі заттардың қызметтерін, сондай-ақ халық мәдениетін сипаттайтын үдерістер мен құбылыстарды көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, мәдени ландшафтты модельдеу, үй жануарларын асырау, мұражайлық экспозицияларды «тірілту» мақсатында дәстүрлі қолөнердің қайта тууы және ұлттық қолданбалы өнер маңызды және перспективалық міндет болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет