«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негізі» мамандығы бойынша 5 курс студенттерге


*Ішкі аурулар. Гематология. *1*6*2*



бет6/15
Дата28.05.2023
өлшемі200,11 Kb.
#177871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5b0bb501a810d
СӨЖ Зулпыхар Айдана Педагогика, Атаусыз көрсетілім
*Ішкі аурулар. Гематология. *1*6*2*
#132
*! Жүктіліктің 10-11 аптасындағы 27жастағы әйел әлсіздікке, бас айналуға, 2 этажға көтерілгенде жүрегінің соғуына, терісінің құрғауына, тырнағының сынғыштығына, шашының түсуіне шағымданып ЖДТ дәрігерінің қабылдауына поликлиникаға келді. Объективті: Тері жамылғысы және көзге көрінетін жамылғысы бозғылт, құрғақ. Шаштары көмескі, тырнақтары сынғыш. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСС– 80 рет мин, АҚҚ – 100/70 мм сбб.ЖҚА: эр.- 3,8 млн/л, Hb - 90 г/л, лейк. – 5,2 мың,ЭТЖ - 25 мм/с. Жүкті әйелге қандай прапарат тағайындалуы керек?
*гемофер
*сорбифер
*гинотардиферон
*мильгамму
*актиферрин
#133
*! Жасөспірім 15 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, шаштың түсуіне, тырнақтардың сынғыш болуына, ентігуге, физикалық жүктеме кезінде жүрек қағуына шағымданады. Анамнезден: балашақтан бастап жалпы әлсіздік мазалайды, жүрек аускультацияда: тахикардия, систолалық шуыл жүрек ұшында, АҚҚ 110/80 мм с.б., гемоглобин-87 г/л, эритроциттер -3.5 х 10 12/л, түстік көрсеткіш -0.8, тробоциттер- 185 х 10 9/л, лейкоциттер -4,0 х 10 9/л, ЭТЖ- 16 мм/сағ.
Емханада диспансерлік бақылау кезінде қандай зерттеулер жасалады?
*жылына 1 рет, стерналды пункция
*жылына 2 рет, ішкі ағзаларды УДЗ
*жылына 2 рет, биохимиялық анализ (бауыр сынамалары)
*жылына 2 рет, ЖҚА және стерналды пункция
*жылына 2 рет, ЖҚА және сарысулық темірдің құрамы

#134
*!ТТА кезінде диспансерлік бақылау кезінде қашан және қандай зерттеулер жасалады?


*жылына 1 рет, стерналды пункция
*жылына 2 рет, ішкі ағзаларды УДЗ
*жылына 2 рет, биохимиялық анализ (бауыр сынамалары)
*жылына 2 рет, ЖҚА және стерналды пункция
*жылына 2 рет, ЖҚА және сарысулық темірдің құрамы
#135
*!Миелодиспласттық синдромы кезінде емдеудің радикалды әдістері?
*дифференциалайтын препараттар
*цитостатикалық химиотерапия
*колоний ынталандырушы факторлар
*аллогенді сүйек кемігінің трансплантациясы
*эритроцитарлы массаны және тромбоконцентраттарды құюлар
#136
*!Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Анамнезінен: екі жыл бұрын айқын деформациялық тыртықануға байланысты асқазан резекциясы жасалған. Об-ті:тері жамылғысы бозғылт-сарғыш,склерасы сарғайған. Тілі айқын қызыл, ауыз шеттері жарылған. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСС 90рет минутына, АҚҚ 110/70 мм сбб. Әлсіз гепатомегалия. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.
Сіздің емдеу тактикаңыз?
* цианкобламинді тәулігіне 200-400 мкг дозада енгізу
* цианкобламинді тәулігіне 1000-1200 мкг дозада енгізу
* цианкобламинді тәулігіне 1000-1200 мкг дозада ішке
* эритромассаны құю
* аскорбин қышқылын тәулігіне 1000-1200 мг дозада ішке

#137
*!Ер кісі 35 жаста әлсіздікке, дене температурасының 37,2 С дейін жоғарылауына, физикалық күштемеге байланыссыз кеуде торының сыздап ауырсынуына, сонымен қатар төс артының және жауырын астының ауырсынуына,терең тыныс алғанда күшеюіне, белгілі себептерсіз көгерулердің пайда болуына, балтырында, білегінде, ішінің терісіндегі геморрагиялық бөртпелерге шағымданады. Қарау барысында; теріастында бірең сараң қан құйылулар байқалады. Пальпациялағанда мойын, қолтық асты лимфотүйіндері диаметрі 3-5 см, ауырсынусыз, тығыздалған. ТАЖ - 22 рет мин., пульсі 84 рет 1 мин., ырғақты. АҚҚ-120/70 мм сбб.Қан анализінде: эр -2,8млн, Hb - 90 г/л, ретикулоциты – 20%,тр-30 мың, лейк.-28,0 мың.,нейтрофилдер:таяқ.-10%, сегм-20%, лимф.-60%,моноциты - 10%. ЭТЖ-52 мм/сағ. Препаратта Боткина – Гумпрехта денешіктері анықталады. ІҚА УДЗ:бауыры және көк бауыры шамалы ұлғайған; КТШ Рентгенограммсында: бронх-өкпелік лимфатикалық түйіндері ұлғайған.


Ең ықтимал болатын диагноз қандай?
* Созылмалы миелолейкоз, терминальды сатысы
*Созылмалы лимфолейкоз, прогрессирлеуші формасы
*Созылмалы лимфолейкоз, қатерсіз формасы
* Эритремия, III cатысы
*Лимфогранулематоз, III cатысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет