«Жалпы дәрігерлік тәжірибе негізі» мамандығы бойынша 5 курс студенттерге


* Ішкі аурулар. Гастроэнтерология*



бет4/15
Дата28.05.2023
өлшемі200,11 Kb.
#177871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
5b0bb501a810d
СӨЖ Зулпыхар Айдана Педагогика, Атаусыз көрсетілім
* Ішкі аурулар. Гастроэнтерология* 2*7*1*

#111
*!Ер кісі 29 жаста созылмалы гастритпен ауырады.ФЭГДС зерттеуінде: асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалдың ПТР-нда хеликобактерлік инфекция анықталды.


Аталғандардың арасында Helicobacter pylori эрадикациясы үшін оптимальді дәрілік заттар комбинациясын көрсетіңіз:
*Омепразол + нистатин
*Фамотидин + цефазолин
*Фамотидин + гентамицин
*Омепразол + левомицитин
*Омепразол + кларитромицин
#112
*!Ер кісі 39 жаста жиі көп мөлшерде майлы үлкен дәреттің болуына, іш кебуге, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Алкогольді көп ішеді, 10 жылдан бері ауырады. Объективті: аз салмақты. Дене терісінде "рубин тамшылары", іші кепкен. Копрограммада – тамақ қалдықтары, бұлшықет талшықтары, стеаторея.
Науқасқа қандай терапия ЕҢ көрсетілген?
*антибактериалды терапия
*наркотикалық анальгетиктер
*антигистаминдік препараттар
*наркотикалық емесе анальгетики
*ұйқы бездің ферменттердің белсенділігін тежейтін препараттар
#113
*!51 жастағы науқаста ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астында көбіне қуырылған, майлы тағам жегеннен кейін пайда болатын ауру сезімі байқалады, 39С температураның жоғарлауға шағымданады. Об-ті: пальпация кезінде өт қабы проекциясы нүктесінде ауру сезімі күшейеді. Өт қабы УДЗ: қабырғасының қалыңдауы, өт қабы қуысында өлшемі 2,5 және 3,0 см конкременттер бар.
Ең дұрыс емдеу әдісі қандай?
*антибиотиктер
*холеретиктер
*холекинетиктер
*холецистоэктомия
*пероралді литолитикалық терапия
#114
*! Ер адам 48 жаста, жалпы тәжірибелік дәрігеріне жиі және мол майлы нәжіс, іштің кебуі, дене салмағының төмендеуіне шағымданды. Науқас 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс көп қолданады. Объективті: тәбеті төмен, дене терісінде "рубин тамшылар", іші кепкен. "Копрограммада – тамақ тілімдері, бұлшық ет талшықтары, стеаторея. Науқаста: созылмалы панкреатит, сыртқы секреторлы жеткіліксіздігі диагностикаланды.
Науқасқа қандай ем неғұрлым көрсеткіш болып табылады?
* холеспазмолитик
*урсодезоксихоли қышқыл
*перифериялық М-холинолитик
* құрамында өт қышқылдары бар препараттар
* құрамында ұйқы безі ферменттері бар препараттар
#115
*!Әйел 52 жаста оң қабырға астында ауру сезіміне, дірілдеу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, терісінің қышынуына шағымданады. 3 жыл бұрын- өт тас ауруына байланысты холецистэктомия болған. Об-ті: тері жамылғылары және склералары сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. Қан биохимиясы: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Ретроградты холангиография: жалпы өт жолының обструкция белгісі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Созылмалы аутоиммунды гепатит
*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы
*Постхолецистэктомиялық синдром
*Созылмалы тасты холангит
#116
*!Ер кісі 56 жаста жүрек айнуға, қан аралас құсуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырға астында ауру сезіміне шағымданады. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: астеник, склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, тығыз. Спленомегалия. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л, лейкоциттер – 4,1 х109 /л.
Аталған асқынулардың қайсысы осы науқаста дамыды?
*Асқазандық диспепсия
*Қақпа венасы тромбозы
*Гепаторенальді синдром
*Бауырлық энцефалопатия
*Өңеш венасынан қан кету
#117
*!Әйел 74 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезімі,ауырлыққа, жүрек айну, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Аталған шағымдары 3 айдан бері мазалайды. ЖИА-мен ауырады, бір жыл бұрын миокардтың Q-инфарктын алған; антиангиналды, зәр айдағыш дәрілер қабылдайды. Қарап тексергенде: ортопноэ, өкпенің төменгі аймақтарында – бірен-саран крепитацияланған сырылдар, гепатомегалия, аяқ басында, балтырында ісінулер, пульс 88 рет мин, АҚ 130/80 мм с.б.б. Қан анализінде: гиперхолестеринемия, трансаминазалар жоғарылаған, В, С гепатит маркерлері теріс. ЭКГ: миокардта тыртықты өзгерістер.
Бауыр зақымдануының ең ықтимал себебін көрсетіңіз:
*Бауырдың уытты зақымдануы
*Созылмалы вирусты гепатит С
*Созылмалы вирусты гепатит В
*Сол қарыншалық жетіспеушілік
*Оң қарыншалық жетіспеушілік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет