2. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарлады, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар: - аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
- ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
- аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді;
- әртүрлі жағдайда, әртүрлі орындарда /тұйық, желсіз жерлерде/ ұзақсақталуы мүмкін;
Улы заттармен зақымданудың жолдары: - уланған ауамен демалғанда;
- улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
- уланған заттарды ұстағанда;
- уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак. Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады. Оның қайнау температурасы – 34,60 C. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулар мен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2-пайызды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп, жылы жерге науқасты орналастыру керек.
Аммиак – нашатыр сияқты иісі өткір, түссіз газ.Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі (1:3 мөлшерде) қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.
Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда, өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.
Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридтің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді немесе сабынды сумен жақсылап жуады. Аптечканың (АИ-2) № 2 ұясындағы таблетканы ішу керек. Химилық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.