Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты негізі. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Арнайы оқытуды талап ететін қағидалар мен ережелер – білім алушылардың тілге саналы көзқарасы мен жауапкершілігін қалыптастырады. Келешекте тілдің иесі болатын жастардың тілдік сезімін күшейту, әсіресе, қазіргідей жаһандану өріс алған қоғамда өткірлене түсуде.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:
2) тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;
3) тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;
4) тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.
Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдылық беру. Тілдік білімді оқушының сөйлеу тілінің базасы ретінде меңгерту және тәжірибелік машықтарды қалыптастыру бағытында жетілдіру.
Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру жолы – «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын қазақ тіл білімінің дамуына сәйкестендіру арқылы тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту, тілді оқытуды Тарих – Білім – Мәдениет үштағанына негіздеу.
Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті. Ғаламды танытып отырған барлық ғылым табыстары қазақ тілі пәнінде жаттығу мәтіні ретінде берілуі тиіс.
10-11-сыныптарда оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген):
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады;
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
- жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда граматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім жазба жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білгенін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасау болып табылады.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1);
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0);
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8);
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің
түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге:
- ережеге бағынбайтын сөздер;
- автор сөзін берудегі тыныс белгілер жатады.
Ескерту: диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады: