Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
2012 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл құжатта ел келешегінің кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу» идеясы. Дәл осы құжатта бұл идеяны жүзеге асырудың тегеурінді тетігі негізделді. Ол – мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы тетіктің қозғаушы күші де анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің шарты көрсетілді. Ұлт болашағына қызмет етудің бірден-бір көрсеткіші де, Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге мүдделілігінің берік дәлелі де бүгінгі жас ұрпақтың мемлекеттік тілге қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы». Қазақ әдебиеті бүгінгі ақын-жыраулардың шығармалары ғана емес, оның сандаған ғасырлық тарихы бар. Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет-бедері, жетістігі мен ауыртпашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесі жатыр. Адамзат құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени, әдеби мұралар –даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай ұстанымдарға сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген сауалдарға жауап іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі арқылы қандай ұлы шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен талдау-қорытынды жасауға үйретеді.
10-11-сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы қолданылады;
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
- қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
- жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады.
Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (29-кесте).
29-кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сыныптар
Жазба жұмыстар түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
Жаратылыстану-математикалық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф (мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден тұрады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:
1) тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және жазып отырған тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі;
2) артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
3) шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу;
5) шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
6) міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы шарт;
7) барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау;
8) шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі керек;
9) оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай бағаланады.
Оқушы шығармасының көлемі түрлі жағдайларға: стилі мен жанрына, тақырыптың мазмұны мен сипатына, олардың жалпы дамуына байланысты болғандықтан кестеде берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы қажет (30-кесте).