Жалпы лексикографияның зерттелуі



бет21/24
Дата10.03.2023
өлшемі110,86 Kb.
#171818
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Ақ1. 1. Қардың, сүттің түсіндей ақ түс. Мен нағыз махаббатты армандаймын, (Оны мен жоғалтып та алғандаймын...) Ақ қаздар арасынан аққуымды, Ажырата білмеген сормаңдаймын («Махаббатым өзімде»).Ақ: 47, 50, 59, 61 (2), 74 (2), 84(3), 95, 104, 114, 116, 119, 122, 124, 135. 2. Ауыс. Адал, кінәсіз, жазықсыз. Ақ қыздар, арым таза алдарыңда! Сөндірдім жалынымды жанғанымда. Өтеуі жоқ өмірмен қала бердім, Бәріңе бір махаббат арнадым да. Ақ қыздар, арым таза алдарыңда! («Ақ қыздар, арым таза алдарыңда!»). Ақ: 65, 122, 90(2). // Шаш, сақал-мұрттың бозаң тартқан талшықтары. Шашымның санап әр ағын, Таңырқай берме, қарағым. Санаулы басқан әр адым, Отыздан асып барамын («Отыздан асып барамын»). ағын: 14. 3. Окказ. Арақ, ішімдік. Өмірің түлкі емес қой атпен қуған, Алда, ұлым, ойын-күлкің, бақ пен думан. Жылдарың ақ қой өзі кір шалмаған Жақсы ендеше ақ затты ақпен жуған («Жыл әкелген жыр»). Ақпен: 90.
Ақ бас. Жасы келген, қартайған. «Жүз толғанып, күніне мың ойлансам», Ақ басты алып анаммен шырайласам. Қалай оны сүйем деп айта алмаймын, Бірге күліп, мұңайып, қуанбасам?! («Оңай сөз ғой...»). Ақ басты: 51, 74.
Ақша бұлт. Секектеп желетін де сен емес ең, Тепектеп келетін де сен емес ең, Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында, Алапат айқыш-ұйқыш төбелес ең! («Шау тартып қалыпсың-ау»). Ақ бұлт: 62; ақ бұлттар: 135 (2).
Ақ жалын. Түтінсіз, қызуы қатты лаулаған от. Сағындым ғой дедің-ау, жаным маған... Бұлт көрдің бе таулардан мамырлаған? Сол менің ақ жанымның ақ жалыны, Аулақта ауылымнан дамылдаған («Сағындым ғой дедің-ау, жаным маған...»). Ақ жалыны: 120.
Ақ жан. Кіршіксіз таза, адал көңіл. Мақұл дейін, кінә өзімде, өзіме айып тағайын, Ақ жаныма, пәк жаныма қалай күйе жағайын. Адалсың ба, қолыңды бер, сенен тәлім алайын, Арамсың ба, аулақ-аулақ маңайымнан, ағайын! («Міне, тағы ашу келіп алқымыма тығылды»). Ақ жанымның: 120; ақ жаныма: 79; ақ жанды: 34.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет