Әртүрлі ауруханаларда МКБИ байланысты эпидқадағалау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.
Жоспардың және ұлттық деңгейдегі ИПИБ бағдарламасының шеңберінде іске асырылу прогресін бағалауға, проблемалар мен кедергілерді анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг және бағалау жүйесін құру және енгізу бойынша шаралар қамтамасыз етілуге тиіс. Осы мақсатта мынадай талаптарға сай келетін индикаторлар таңдалуы қажет:
• оңай өлшенеді және интерпретациялауға ыңғайлы болады;
• нәтижелер индикаторларын дұрыс интерпретациялау үшін процесс индикаторларын қамтиды;
• МКБИ-мен сырқаттанушылық және/немесе оның себебінен болатын өлім-жітімді көрсетеді;
• көрсеткіш тиісті араласу арқылы төмендеуі мүмкін.
Грамтеріс бактериялармен шақырылатын ауруханаішілік инфекциялар.
МКБИ диагностикалаудың зертханалық критерийлері
Медициналық көмек көрсету сапасының маңызды критерийіне емдік-диагностикалық процесс кезіндегі инфекциялық қауіпсіздік жатады. Аурухана ұйымдарында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың тез таралуына ықпал ететін микроорганизмдер үшін ерекше ену қақпалары мен берілу факторлары, қоздырғыштар таралуының әртүрлі механизмдері пайда болады. Санитарлық-гигиеналық тексеру кезінде де, науқастар мен медицина қызметкерлерін тексеру кезінде де диагностиканың зертханалық әдістері маңызды рөл атқарады. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды қарастырғанда медициналық ауруханалар, амбулаторлық-поликлиникалық және сауықтыру үйымдары сияқты мекемелер кіретін тексеру жүргізілуі тиіс медициналық ұйымдар тізімі де кеңейе түседі: Соматикалық бөлімдердің ерекшелігін ескере отырып, эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау, сонымен қатар емдеу мен диагностикалауда инвазивті әдістерді қолдану сұрақтарында мониторинг жүргізу қарастырылған. Ресми статистикалық деректерді зерттеу өсу тенденциясы байқалған медициналық ұйым жұмысшыларының кәсіби аурушаңдылық деңгейін зерделеу және меншік түріне қарамастан барлық медициналық мекемелерде мониторинг жүргізу қажеттілігін керсетті.