10.Госпитальды штаммның түзілуі. Нозокомиальды инфекциялардың қоздырғыштарының антибиотикке төзімділігі.
Аурухана ішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады..
Медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қадай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да осы топқа жатады. Науқас ТЕК ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу мақсатыменбаруы кезінде ауруханаішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін
Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр. Ең жиі кездесетін АІИ-ларға жатады:
Грам оң коккты флора:Стафилококктар (алтын, эпидермальды), Стрептококктар (пиогенді, энтерококк, пневмония шақыратын).
Грам теріс таяқшалар: энтеробактер туыстығы және көк іріңді таяқша.
Шартты патогенді және патогенді саңырауқұлақтар: ашытқы тәрізді кандида, терең микоздардың қоздырғыштары.
Вирустар: жай герпес (ұшық) және жел шешек қоздырғышы, аденовирустар, тұмау, парагрипп, паротит, РС-инфекция, энтеровирустар, риновирустар, ротавирустар, т.б. инфекциялар.
Аурухана ішілік инфекция көзі:
Ұзақ уақыт тасымалдаушы болған және сырқаттардың жасырын түрімен ауырып жүрген медицина қызметкері
Стационарда ұзақ уақыт емделіп жатқан науқастар. Олар өте төзімді АІИ штаммының тасымалдаушысы болады.
11.ЕПҰ оқшаулау-шектеу шаралары.
12. Энтеральды вирусты гепатиттер. Аурудың таралу ерекшеліктері. Клиникалық жіктелісі. Зертханалық диагностикасы. Алдын алу.ЭҚШ
Энтеральды вирусты гепатиттерге-А және Е гепатиттер жатады. Олар су, тағам күнделікті қарым-қатынас арқылы жұғады. Қоздырғыштың сыртқы қоршаған ортада кең таралуы және тұрақтылығынан эпидемия тууы мүмкін. Гепатит А – жедел цикылмен өтетін ауру, РНК-сы бар вируспен шақырылады. Интоксикациясы және бауыр функциясының бұзылуы қысқа уақыт сақталуымен, толық сауығумен сипатталады.
Этиологиясы: вирусты алғаш рет зерттеп ашқан S.Fienstone-1970 жылы. Вирустың құрамында РНК бар, энтеровирус тұқымдастығына жатады,
пикорновирус, 27-32нм шамасында. Сыртқы орталықта тұрақты, +40 tem. бірнеше ай сақталады, 200tem. Жылдар сақталынады, қайнатқанда 5
минуттан кейін ультрокүлгін сәулесінің астында – 60 секундтан кейін өледі. Тасымалдау меxанизмі: ВГА-ның қоздырғышы
су, тағам және қарым-қатынас арқылы тасымалданады. Даму меxанизмі: ВГА-ның қоздырғышы адам организміне ауыз арқылы енеді. Вирус алдымен асқазанға енеді, сосын аш ішекке өтеді. Аш ішектен вирус тез шығып, жалпы қан айналымына және бауыр паренxимасына, гепатоцит мембранасы арқылы енеді, туыстық рецептор арқылы да енуі
мүмкін. Клиникасы: ВГА-ң клиникасында келесі кезеңдерді
анықтайды: инкубациялық, продромальды немесе сарғаю алды кезеңі және жазылу.
Достарыңызбен бөлісу: |