Ішек инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы, этиологиясы.
Ішек инфекиялары-әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың қатарын жатады. инфекцияларының негізгі қоздырғыштары-Enterobacteriaceae. микроорганизмдері. Берілу механизмдері:фекальді-оральды, алиментарлы, су және жансу тұрмыстық жолмен беріледі.
Жедел ішек инфекцияларының жіктелісі:
Этиологиясы бойынша 4-топқа жіктеледі.
Антропоноздар олардың өзі 3 түрлі бөлінеді:
Бактериальды : Шигеллездар, стафилококктар, эширехиоздар
Вирусты: Энтеровирусты, ротавирусты, аденовирусты,коронавирусты
Протозойлы:амебиоздар, лямбиоздар, изоспориоз
Зооноздар олардың өзі 2 түрге бөлінеді:
Бактериальді:Сальмонеллез, кампиолобактериоз
Протозойлы :Криптоспоридоз,балантидиоз
Сапроноздар олардың өзі 2 түрге бөлінеді
Су арқылы: аэромоноз, эвардсиллез, тырысқақ, плезиомоноз,
Топырақ арқылы:Церус-инф, клостродиоздар,энтеробактериоздар,
Сапрозооноздар:
Иерсиниоз,псевдотуберкулез
Клиникалық синдром бойынша: Гастрит, колит, гастроэнтерит,энтероколит
Ауырлық дәрежесі бойынша: -Жеңіл, орташа ауыр,өтте ауыр
Ағымы бойынша: Жедел, ұзаққа созылған, созылмалы.
МКБИ клиникалық жіктелуі.
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция – ол пациенттің медициналық қызметтерді алуымен байланысты пайда болатын кез келген немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру. Медициналық көмек көрсетілген адамда пайда болған инфекция медциналық көмек көрсетумен байланысты инфекция деп аталады. Бүгінгі күнге медциналық көмек көрсетумен байланысты инфекция медицина саласында ең басты мәселенің бірі. Науқас инфекцияны емделу мақсатында ауруханаға жатқаннан немесе медициналық ұйымға қаралғаннан кейін және медициналық қызметкер оларға кәсіптік көмегін көрсеткеннен кейін жұқтыруы мүмкін.
Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың қоздырғыштары 2 жолмен таралады: ауа–тамшы және қарым–қатынас арқылы. Негізгі берілу факторы болып ауа, медициналық қызметкерлерінің қолы, қоршаған ортаның көптеген нысандары саналады (төсек жабдықтары, таңу материалдары, медициналық құрал-жабдықтар, аппараттар).
Достарыңызбен бөлісу: |