Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы Микроорганизмдердің жіктелуі


Бактерияның тыныс алуына қатысатын (каталаза, нитратредуктаза, цитохромоксидаза) ферменттерді анықтау



бет37/83
Дата22.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#127757
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Байланысты:
Методичка микробиология

Бактерияның тыныс алуына қатысатын (каталаза, нитратредуктаза, цитохромоксидаза) ферменттерді анықтау.

А)Каталазаны анықтау: аэробты және факультативті анаэробты бактерияларда каталаза активтілігі жоғары. Бұл фермент сутегінің қос тотығын оттегі мен суға ыдыратады. Н2О2улы қосылыс, бактериальды торшаның тыныс алу тізбегінде оттегі тотыққанда флавопротеид түзеді. Облигатты анаэробтарда каталаза ферменті жоқ, сондықтан Н2О2 жиналады және торшаға кері әсерін тигізеді.

Әдісті қою: Пробиркаға тәуліктік сорпадағы зерттеу дақылынан 1-2 мл және бірнеше тамшы 3% сутегі қос тотығын тамызамыз. Каталаза болғанда О2 газы көпіршіктер бөлінеді, реакция оң болады, көпіршік болмағанда теріс.

Б)Нитратредуктазаны анықтау. Нитратредуктаза ферменті арқылы бактерияның нитрат пен нитритті қалпына келтіру қабілеті анықталады. Анаэробты тыныс алуда нитрат электронның соңғы акцепторы болып табылады («нитратты» тыныс алу негізінен факультативті анаэробтарға тән). Ортада нитрит болғанда крахмал-йодты реакция болады, себебі нитрат қышқыл ортада калий йодына дейін ыдырап, йод түзеді. Соңында крахмалмен әрекеттесіп көк түс түзеді.

Әдісті қою. Пробиркаға 2-3 мл зерттеу дақылын құямыз, ортада өсіреміз, НNО3 құрамды және 1 мл реактив қосамыз, 10% Н24 тең көлемді қосылыс және ерітінді, 0,5г КJ құрамды, 1г крахмал және 100 мл су. Реакция оң болғанда көгеру пайда болады.

В)Цитохромоксидаза реакциясы. Цитохромоксидаза аэробты тыныс алатын бактерияларда кездеседі

Әдісті қою. Пробиркаға зерттеу дақылын құямыз, үстіне 1% спиртті ерітінді α-нафтолын және 1% сулы ерітінді диметилпарафенилендиаминді құямыз. Реакция нәтижесі оң болғанда ақшыл көк түс пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет