1 - есеп
14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемаглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%;
тромбоцит - 28 х109 ; лейкоцит -1,5 х109/л;
нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%
эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
Қызыл сүйек кемігі: қызыл сүйек кемігінің айқын босап қалғандығы және аздаған қантүзу ошақтары көрінеді.
анемия дамуының патогенезі қандай?
гематологиялық диагноз қандай обьективті мәліметті тұжырымдайды?
2 - есеп
38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6
ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65%
эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%
Қанның темірбайланыстыратын қабілеті жоғарылаған, ферритин деңгейі төмен.
Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.
науқаста қандай анемия дамыған?
анемияның себебі қандай?
3 - есеп
Науқас М., 55 жаста, ауруханаға үдемелі әлсіздікке, жүрегінің қағуына, бас айналу, физикалық жүктемеде ентігуге, тәбетінің төмендегеніне, тіліндегі күйдіру мен ауыру сезіміне, аяқ-қолдарының жансыздануына шағымданып түсті.
Қан сараптамасы: Гемоглобин – 60 г/л; Эритроцит – 1,5х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 90 х109/л; Лейкоцит -3,4 х109/л; Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; бөлшектенген ядролы –62%;
Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Лимфоцит – 35%; Моноцит – 2%; ЭТЖ 29мм/сағ.
Қанда тура емес билирубин жоғарылаған.
Қан жағындысы: айқын анизоцитоз (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоциттер, мегалобластар, базофилді нүктеленген эритроциттер және басқа дерттік кірілімдер, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоцит-0,4%.
Анемия дамуының патогенезі қандай?
Гематологиялық диагноз қандай обьективті мәліметті тұжырымдайды?
№5 Тапсырма.
|
Әртүрлі лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар кезіндегі лейкоциттік өрнекті талдап, қорытынды жасау (№1 кесте)
|
Қорытынды жасағанда мыналарды көрсету:
Лейкоцитоз, лейкоцитопениялар түрін.
Гранулоциттердің ядролық солға жылжуы барын.
Лейкоциттердің түрлерінің шынайы және салыстырмалы өзгерістерін.
Осындай бұзылыстар кездесетін ауруды атау.
Лейкоциттік өрнек өзгеруінің патогенезін.
№1 - кесте Лейкоциттік өрнек
1 л қандағы лейкоциттер саны (шынайы магына)
|
Базофилдер
|
Эозинофилдер
|
нейтрофилы
|
Лимфоцит-тер
|
Моноциттер
|
Миелоцит-тер
|
Метамиелоциттер
|
Таяқшаядро-лылар
|
Сегментоядролы
|
4-9 х 109/л
|
0-0,08
х
109/л
|
0,1-0,35
х
109/л
|
-
|
-
|
0,18-0,4
х
109/л
|
3-5,5
х
109/л
|
1,8-2,5
х
109/л
|
0,2-0,6
х
109/л
|
|
0-1%
|
1-5%
|
-
|
-
|
3-5%
|
51-67%
|
21-35%
|
4-8%
|
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер
|
№1. 15х109/л
|
-
|
1%
|
-
|
2%
|
15%
|
65%
|
13%
|
4%
|
№2. 11х109/л
|
-
|
13%
|
-
|
-
|
2%
|
59%
|
21%
|
5%
|
№3. 7х109/л
|
5%
|
2%
|
-
|
-
|
5%
|
60%
|
22%
|
6%
|
№4. 10х109/л
|
-
|
2%
|
-
|
-
|
3%
|
45%
|
46%
|
4%
|
№5. 9х109/л
|
-
|
2%
|
-
|
-
|
2%
|
51%
|
24%
|
20%
|
№6. 1х109/л
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
30%
|
61%
|
9%
|
№7. 16х109/л
|
-
|
1%
|
3%
|
5%
|
16%
|
65%
|
3%
|
7%
|
№8. 12х109/л
|
-
|
-
|
-
|
-
|
6%
|
60%
|
25%
|
9%
|
№9. 3,4х109/л
|
-
|
1%
|
-
|
-
|
2%
|
45%
|
44%
|
8%
|
№10.24х109/л
|
6%
|
7%
|
7%
|
11%
|
14%
|
43%
|
16%
|
1%
|
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2000. – С. 297-324.
Обучающая компьютерная программа по анемиям (на кафедре)
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 183-190.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 358-370
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 7-45.
Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 83-92
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 243-270
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 410 - 419
Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2000. С. 283-307.
Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.
№ 2 тақырып. ЖҮРЕК ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Мақсаты:
Жүрек жеткіліксізддігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
жүрек аритмияларының этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері:
жүрек аауларында гемодинамика өзгерістерін түсіндіре білу
жүрек жеткіліксіздігі дамығанда жүрек жұмысының өзгерістерін анықтау және түсіндіре білу
аритмияларды емдеудің негізгі ұстанымдарын анықтау
Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша оқу:
Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығудан болатын түрі, түсініктемесі, жүректің көлеммен және қысыммен зорығуының түрлері.
Жүректің жүре пайда болған ақаулары туралы түсінік, этиологиясы, гемодинамика өзгерістерінің патогенезі
Ф.З. Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық коронарогендік емес түрі, түсініктемесі, себептері, даму жолдары. Кардиомиопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Жүрек жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық тетіктері (мембрана мен ферменттер жүйесінің зақымдануы, иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуі мен реттелуінің бұзылыстары)
Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысындағы негізгі көрсеткіштердің және клиникалық көріністердің өзгерістері.
Аритмиялар туралы түсінік, жікелуі
Автоматизм бұзылыстарынан дамитын аритмиялар, себептері, даму тетіктері
Өткізгіштіктің бұзылыстарынан дамитын аритмиялар, себептері, даму тетіктері
Экстрасистолиялар, себептері, даму тетіктері, түрлері
Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмия туралы түсінік
Үйрету және оқыту әдістері: ауызша талдау, шағын топпен жұмыс істеу: тәжірибелер жасау, ситуациялық есептерді шығару
Студенттердің машықтық жұмысы
№ 1 Тапсырма.
|
Бақаларда жүрек жеткіліксіздігінің зорығудан болатын түрінің үлгісін алу.
|
Әдісі: Бақаның жүрек препараты дайындалады (жүрек қуысына сұйықтық ине арқылы алдыңғы құрсақ қабырғасындағы ортаңғы көк тамырға енгізіледі, қолқаға қойылған канюлядан сыртқа аға бастайды). Жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады (ЖСЖ, минөттік көлем, систолалық көлем).
Канюля бүйірінде арақашықтығы 10 см өсінділері бар шыны деңгекпен резеңке түтік арқылы жалғанады. Ол Сұйықтықты белгілі бір биіктікке көтеріп жүректің атқаратын жұмысын анықтау үшін жасалған. Жүрек қызметінің көрсеткіштері діңгектің әрбір бөлігіне келгенде анықталып отырады. Алынған мәліміттер кестеге толтырылады және бір-бірімен салыстырылады.
Су бағанасының биіктігі см
|
1 мин-гі ЖСЖ
|
1 мл-дегі минөттік көлем
|
Систолалық көлем
|
Жүрек жұмысы мл/см
|
Бастапқы жағдай
10 см
20 см
30 см
40 см
|
|
|
|
|
Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгерді?
Жүрек гиперфункциясы қай механизмдермен қамтамасыз етілді?
Қандай өзгерістер компенсация сатысының декомпенсация сатысына ауысқанын көрсетеді?
№ 2 тапсырма. Бақада жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрінің үлгісін алу.
Әдісі: Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (KCL) хлор ертіндісі тамызылады. Қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ертіндімен жуғаннан кейін тағы да көрсеткіштер анықталады.
Эксперимент сатылары
|
ЖСЖ 1 мин
|
Минөттік көлем
1 мл
|
Сиситолалық көлем 1 мл
|
Бастапқы жағдай
Зақымдағаннан кейінгі
Жуылып тасталғаннан кейінгі
|
|
|
|
Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап беруі тиіс:
Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгерді?
Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай механизммен жүреді?
Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма ?
№ 3 тапсырма.
|
Суреттегі синустық-жүрекшелік түйін жасушаларының мембраналық потенциалының өзгерістерін қолдана отырып синустық тахикардия және брадикардияның даму тетіктерін түсіндіріңіз
|
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. –С. 424- 446, 460-471
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 142-154, 162 -169
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 1996г., С. 388-409, 430-447
Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 с. 398-421.
Патологическая физиология. Учебник, п/р А.Д.Адо, В.В.Новицкого,Томск, 1994г., стр. 294-317.
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 306-323, 332-344
Қосымша:
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 106-121, 140-195.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 452-490.
Г.В.Розенштраук. Физиология и патофизиология сердца. – М.:Медицина, 1990, 620с.
Д.Морган, Л.Хеллер. Физиология сердечно-сосудистой системы. – 2000. – СПб.
Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 619-649
№ 3 тақырып. ТЫНЫС АЛУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Мақсаты:
сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру
Оқыту міндеттері:
тыныс жеткіліксіздігі дамуында ұяшықтардағы вентиляция, өкпе қылтамырларындағы газдардың диффузиясы және перфузиясының бұзылыстарының маңызын түсіндіру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, орналасуына, қанның газдық құрамының өзгеруіне байланысты түрлері.
Өкпе вентиляциясының бұзылыстары. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрлері, себебі, патогенезі. Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бітелуіндегі өкпе көлемдерінің өзгерістерінің себептері мен патогенезі
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрлері, өкпеішілік, өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гипертензия мен өкпелік гипотензияның себептері мен механизмдері.
Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Ауызша талдау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шығару.
Машықтық жұмыс:
№ 1 тапсырма.
|
Суретті пайдалана отырып тыныс жолдарының бітелуінде кеудеішілік және кеудеден тыс тыныс жолдарының кеңістігі қалай өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Бұл өзгерістердің даму тетіктері қандай?
|
Жауабы
Тыныс алу жолдарында түзілетін оң қысым нәтижесінде кеудеден тыс тыныс алу жолдарының дерті кезінде олардың олардың кеңістігі ұлғайып, бітелу деңгейі азаяды. Демалу кезінде тыныс алу жолдарындағы теріс қысым айналасындағы (атмосфералық) қысымнан төмендеп, тыныс алу жолдарындарының тарылуына әкеледі. Кеудеішілік тыныс жолдарының дерттерінде демді шығарғандағы плевралдық оң қысым тыныс алу жолдарының кеңістігін тарылтса, демді ішке алғанда плевралдық теріс қысым – кеңітеді.
№ 2 тапсырма.
|
Ситуациялық есептерді шығару
|
№ 1 . Тәжірибелік жануарға 3% уксус қышқылының ерітіндісін көктамырға енгізгенде тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз
Бастапқы пневмограмма:
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Тыныс алу өзгерістерінің патогенезі қандай?
Тыныстың бұл бұзылысының патофизиологиялық маңызы қандай?
№ 2.
|
Натрий нитритімен уланған бақаның берілген пневмограммадағы тыныс алу сипатының өзгерістерін сараптаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |