Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны



бет2/8
Дата18.06.2017
өлшемі1,75 Mb.
#19427
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
65. Қазақ халқының ХVII-ХVIIІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресi (3 сағат):

жоңғар хандығының құрылуы және XVII ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жерiне басып кiруi;

«Ақтабан шұбырынды...», жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкiлхалықтық Отан соғысы, Бұланты, Аңырақай шайқастары, отан соғысының жеңiсiн ұйымдастырушылар (Тәуке, Әбiлқайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай; билер – Төле Әлiбекұлы, Қазыбек Келдiбекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау);

жоңғар шапқыншылығын жеңiспен аяқтаудың тарихи маңызы.

66. Қазақ халқының ХVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдiң отаршылдық үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (2 сағат):

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар (жалпы сипаттамасы, ерекшелiктерi;

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс, Сырым Датұлы көрнектi қайраткер, көтерiлiс басшысы, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, көтерiлiстiң негiзгi кезеңдері және оқиғалары, жеңiлу себептерi және қорытындылары, тарихи маңызы.

67. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат):

Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, қорытындылары;

Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылығымен болған көтеріліс, көтерiлiстiң себептерi және әлеуметтік негізі, көтерiлiстiң басталуы, кезеңдері және барысы, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, тарихи маңызы.

68. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс (2 сағат):

халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептерi, Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс, азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы күштерi, Кенесары Қасымұлы, көтерiлiстiң кезеңдері, басталуы, етек алуы, Кенесары хандығы, көтерiлiстiң негiзгi оқиғалары, патша өкiметiнiң көтерiлiстi басып-жаншуға жасаған әрекетi, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңiлу себептерi, Кенесары Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

69. ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (2 сағат):

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерiлiсi;

1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерiлiстер, 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерiлiс.

70. ХХ ғасыр басындағы халықтық-демократиялық қозғалыс (2 сағат):

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар, ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және ұлттық-демократиялық қозғалыстар, зиялылар қауымының саяси қызметінің негізгі түрлері және мазмұны.

71. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс (3 сағат):

1916 жылғы көтерiлiстiң алғышарттары, себептерi, көтерiлiстiң қозғаушы күштерi, сипаты, кезеңдері;

көтерiлiстiң көрнектi басшылары (Әбдiғафар Жанбосынов, Амангелдi Иманов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкi Көкiмбайұлы және т.б.);

көтерiлiстiң барысы, оның негiзгi ошақтары, көтерiлiстiң жеңiлу себептерi, жеңiлiстiң зардаптары, патша өкiметiнiң жазалаушы әскерiнiң бейбiт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары, көтерiлiстiң тарихи маңызы;


  1. Қайталау (1 сағат).

73. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси партиялар мен ағымдар. Ұлттық автономиялардың құрылуы (4 сағат):

Ресейде әртүрлі партиялардың құрылуы және олардың Қазақстандағы филиалдары, мұсылман партиялары, «Алаш» партиясының құрылуы, «Алаш» партиясының саяси бағдарламасы;

Ресей мен Қазақстандағы 1917 жылғы қазан социалистік революциясы, Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы («Үш жүз» партиясының құрылуы және оның тарихы);

Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және «Түркестани мухтариат» үкіметі;

Екінші Жалпықазақ съезі, Алаш үкіметінің құрылуы, «Алаш» автономиясы және «Алашорда Халық кеңесі».

74. 1918-1920 жылдардағы Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты (3 сағат):

Қазақстан (1918-1920) азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдарында «әскери коммунизм» саясатының Қазақстанда жүзеге асырылуы;

жер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік меншікке алу, «әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары, 1921 жылғы жұт пен аштық;

«Жаңа экономикалық саясат» және оның Қазақстанда жүзеге асырылу тәжірибесі, ЖЭС-ты тоқтату және оның қорытындылары.

75. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсiбi (3 сағат):

1920 жылдың басындағы өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары;

Қазақстан өнеркәсiбiн дамытудың жаңа кезеңi, Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен мәселелер, жетістіктер мен қателіктері, негізгі қорытындылары, Қазақстан жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсiп саласының озаттары мен жаңашылдары.

76. Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (4 сағат):

ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы;

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (іс-шаралардың жаппай және күш қолдану сипаты), көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация);

1931-1933 жылдардағы ашаршылық;

Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

77. 1920-1930 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар (3 сағат):

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары;

1929-1931 жж. шаруалар толқуларының себептері, қозғалыстың сипаты, негізгі ошақтары;

Кеңес өкiметiнiң жазалаушы әскерлерiнiң 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездiкпен басып-жаншуы, қарапайым халықтың көрші республикаларға және шетелдерге қоныс аударуы.

78. Қайталау (1 сағат).

79. 1920-1930 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмiрi (3 сағат):

1920 жылдардағы қоғамдық-саяси өмiрдiң сипаты, республиканың партиялық және мемлекеттік басшылары, Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан», алдыңғы қатарлы қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі, Л.Мирзоян және оның Қазақстандағы қызметі;



Қырғыз (Қазақ)АКСР-ның құрылуы және Қазақ КСР-сы болып өзгеруі.

80. 1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы (3 сағат):

сауатсыздықты жою, халыққа білім беру және саяси ағарту жүйесінің дамуы, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы, Қазақстандық алғашқы ғылыми мекемелер;

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы әдебиет пен өнер;

Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы, бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, кинематография.

81. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен Комсомол тарихынан (1 сағат):

Кеңес Одағы Коммунистiк партиясының құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, Қазақстан Коммунистiк партиясының басқару жүйесiндегi тоқырау көріністері, Қазақстан Коммунистiк Жастар Одағы ұйымының құрылуы, оның мақсаты мен мiндеттерi, атқарған қызметi.

82. Саяси қуғын-сүргiн және халықтар депортациясы (3 сағат):

қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері, 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін;

ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан, Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.), Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері;

1940-1950 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, «Хрущев кезеңіндегі» және тоқырау жылдарындағы ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау.

83. Қайталау (1 сағат).

84. Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен (1 сағат):

атом полигонының құрылысы және Семей жеріндегі ядролық сынақтар, «Байқоңыр» ғарыш айлағы.

85. Тың игеру эпопеясы (3 сағат):

Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-нда жүзеге асырылуы;

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру;

тың игерудің экономикалық, экологиялық және демографиялық зардаптары.

86. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар, қозғалыстар және көтерiлiстер (2 сағат):

1959 жылғы Темiртау қаласында болған оқиғалар, 1979 жылы Ақмола және тағы басқа қалаларда болған ереуiлдер мен толқулар;

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан оқиғаларының себептерi, басталуға түрткi болған сылтау, оқиғалардың сипаты, қозғаушы күштерi, желтоқсан оқиғаларының салдары, Желтоқсан оқиғаларының жас батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және тағы басқалар), 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы, 1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы наразылық.

87. Тәуелсiз Қазақстан Республикасы: саяси үдерістер (2 сағат):

Қазақстан Коммунистік партиясының өзін-өзі таратуы, Тәуелсiз Қазақстанның саяси жүйесi, Мемлекеттiк рәміздері, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы, ҚР басқару формасы және билік тармақтары, елдегі саяси тұрақтылықтың негіздері;

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңы, 1990 жылдардың екінші жартысындағы және 2007 жылғы конституциялық реформалар, қазіргі Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар.

88. Тәуелсiз Қазақстанның экономикасы (4 сағат):

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері;

ғасырлар тоғысында (1998-2001жж.) экономиканың тұрақталуы, инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес;

қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер);

Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары.

89. Қазақ диаспорасы (2 сағат):

диаспора, ирредент, оралман ұғымдары, қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы, 1920-1930 жылдардағы қазақ диаспорасының ұлғаюы;

ТМД елдерiндегi қазақтар, олардың Тәуелсiз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы, дүние жүзi қазақтарының құрылтайлары, шетелдегi қазақтардың өз Отанына оралу мәселесі.

90. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы (2 сағат):

Қазақстан және әлемнің жетекші мемлекеттері, Қазақстанның сыртқы саясаттың негiзгi сипатты белгiлерi, көпвекторлы сыртқы саясат;

Қазақстан – дүниежүзiлiк беделдi ұйымдардың мүшесi, Қазақстан – бүкіл әлемдік қоғамдастық төрағасы (ЕЫҚҰ), (ИКҰ).

91. «Қазақстан – 2030» – Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасы және «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» (2 сағат):

«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттар және жүзеге асыру стратегиялары;

92. Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшыс», Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.

93. «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы» (1 сағат), астананы ауыстырудың тарихи маңызы, жаңа Астананың дамуы –Қазақстанның өрлеуінің нышаны, Астана – менің бас қалам.

94. Қорытынды қайталау (1 сағат).


6. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
95. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:


  1. Қазақстан тарихының маңызды кезеңдерін;

  2. Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберін;

  3. Қазақстан тарихының негiзгi тарихи мәселелерiнiң зерттелу жайы, ондағы түрлi көзқарастар туралы;

  4. көшпелiлер өркениетiнiң тарихтағы орнын, дүниежүзiлiк өркениетке қосқан үлесiн;

  5. қазақтың көшпелi өркениетi туралы;

  6. Қазақстан аумағындағы мемлекеттiлiктiң пайда болуы, қалыптасуы және дамуын;

  7. қазақ қоғамының материалдық, рухани жетiстiктерi, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы;

  8. қазақ халқының салт-дәстүрi, әдет-ғұрпы, наным-сенiмдерi, исламның қазақ қоғамындағы рөлін;

  9. Қазақстан тарихындағы Ұлы Жiбек жолының тарихи маңызын білуі тиіс.

96. 10-сыныптың соңында оқушылар:

1) Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей білуді;

2) тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық таблицаларын жасауды;

3) қазақ халқының шығу тегiн, этникалық тарихын, даму, қалыптасу үдерiсiн ашып көрсете алуды;

4) Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің құрылымын дүниежүзі тарихындағы басқа мемлекеттермен салыстыра алуды;

5) сәулет өнер ескерткiштерiнiң тарихына және мәдениетке сипаттама бере алуды;

6) мәдениет қайраткерлерiнің (ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар, сазгерлер) қызметiне сипаттама бере алуды;

7) Қазақстанның Ресей империясына қосылу үдерісі, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді;

8) ХVШ-ХIХ ғасырлардағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттай алуды меңгеруі тиіс.

97. 11 сыныптың соңында оқушылар:



  1. Қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы ұлт-азаттық күрестерi мен қозғалыстарының тарихын, XVIII-XІX ғасырлардағы басты-басты ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың себептерiн, негiзгi оқиғаларын, нәтижелерi мен салдарын;

  2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың, олардың бағдарламаларының мәнiн;

  3. Ресейдегi саяси, революциялық оқиғалардың Қазақстанға әсерi туралы;

  4. 1920-1930-жылдардағы мәдениет саласындағы негiзгi өзгерiстердi, осы саясаттың мәнін;

  5. патша өкiметi мен Кеңес мемлекетiнiң қоныс аудару саясатын, тың және тыңайған жерлердi игеру, Тәуелсiз Қазақстан Республикасының көшiп-қону саясатының мәнiн;

  6. Қазақстан Коммунистiк партиясы мен комсомолының тарихы мен қызметiн;

  7. қазақ тiлiнiң – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл ретiндегi рөлі мен маңызын;

  8. қазақ диаспорасының өткен және қазiргi тарихын;

  9. Қазақстанның тарихи-жағрафиялық орналасуын, онымен шектесетiн мемлекеттерді, түрлi кезеңдердегi Қазақстан территориясында болған тарихи оқиғаларды білуі тиіс.

98. 11 сыныптың соңында оқушылар:

1) ұлт-азаттық күрес басшыларының қызметiне баға бере білуді;

2) қазақтың ұлттық интеллигенциялары мен оның көрнектi қайраткерлерiнiң қызметiне сипаттама бере алуды;

3) «Алаш» партиясының қызметiне, оның саяси бағдарламасына баға бере білуді;

4) 1920-1930 жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайын, бай қожалықтарын тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күштеп отырықшыландыру, кулактар мен байларды тап ретінде жою саясатының мәнін ашып көрсетуді;

5) 1931-1933 жылдары болған ашаршылықтың және халық көтерілістерінің себептерiн түсiндiрiп бере алуды, олардың зардаптарын анықтай білуді;

6) 1930-жылдардағы болған жаппай қуғын-сүргiннiң мақсатын, оның зардаптарын ашып көрсете алуды, оларға өз көзқарасын бiлдiруді;

7) мәдениет саласындағы пiкiрталастарда өз көзқарасын бiлдiре алуды;

8) Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерiн, түрлi тарихи кезеңдердегi ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнiн ашып көрсете алуды;

9) тәуелсiз Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, мәдени өмірдегі, сыртқы саясаттағы негізгі өзгерiстерге талдау жасай білуді;



  1. қазіргі Қазақстандағы орын алған қиындықтар мен проблемаларға өз пiкiрiн бiлдiруді;

  2. мұрағаттағы тарихи құжаттар, кiтапханалардағы қажетті материалдар, каталог-карточкалар, мұражайлардағы мұрағаттар бойынша өз бетімен жұмыс iстеп, оның нәтижесiн күнделiктi сабақтарда пайдалана алуды;

  3. мерзiмдi баспасөз материалдарын күнделiктi оқу үдерiсiнде пайдалана білуді меңгеруі тиіс.

    1. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

  2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

  3. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

  4. туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

  5. салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

  6. өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

  7. үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

  8. әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

100. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады. Оқушылар:

  1. ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

  2. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы;

  3. танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

  4. қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

  5. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.


«Дүниежүзі тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1.Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  1. Пәнді оқытудың мақсаты – ХХғ. басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.

  2. Оқытудың міндеттері:

    1. дүниежүзінің әртүрлі аймақтарында индус­три­­алдық және постиндустриалдық қоғамдардың қалыптасуындағы ортақ белгілер мен ерекшеліктерді ашатын жүйелі білім беру;

    2. оқушыларға дүниежүзінің ХХ – ХХІ ғасырлардағы дамуының альтернативтік мүмкіншіліктерін көрсету;

    3. көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;

    4. қазіргі замандағы халықаралық қатынастардың дамуының сипаты мен ерекшеліктерін ашу;

    5. дүниежүзі халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара әрекеттестілігін қарастыра отырып, оқушыларды толеранттылық пен халықтардың өзара түсіністігі рухында тәрбиелеу;

    6. отар және тәуелді елдердегі азаттық қозғалысының сипатын, кезеңдерін және жаңа формаларын көрсету;

    7. оқушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, олардың ұлттық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарын түсінуіне көмектесу.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат;

11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.

жаратылыс-математикалық бағыт:

10 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1сағат, оқу жылында 34 сағат.



  1. «Дүниежүзі тарихын» оқыту барысында төмендегідей пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан тарихымен:

Қазақстандағы ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси үдеріс. 1916 жылғы көтеріліс. 1917 жылғы революция кезіндегі Қазақстан. Бүкілресейлік саяси партиялардың Қазақстандағы іс-әрекеті. ХХ ғ.- ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан. ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті;

2) Географиямен:

тарих қоғамды уақыт аясында ғана емес, сонымен қатар кеңістік аясында да қарастырады, осы тұрғыдан алғанда тарихи пәндер географиямен тығыз байланысты болады. Сондықтан ХХ ғ. бірінші жартысындағы дүниежүзінің саяси картасында болған өзгерістерді оқытуда оқушылардың географиялық кеңістік туралы білімдері пайдаланылады. КСРО мен шетелдердің экономикалық дамуы мәселелерін оқытқанда мұғалім география пәнінен белгілі болған экономикалық мәліметтерге сүйенеді;

3) Әдебиетпен:

ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениет тарихы­ның негізгі мәселелерін түсіндіргенде оқушылардың орыс және қазақ әдебиетінен алған білімдерін пайдалану қажет. Сонымен қатар оқытылып отырған кезеңнің саяси және әлеуметтік бейнесін ашатын әдеби көркем шығармалар да пайдаланылады;

4) Қазақ, орыс, шет тілдерімен:

тарихи түсініктермен және терминдермен жұмыс істегенде оқушылардың ана тілі мен шет тілдері пәнінен алған білім, білік, дағдылары пайдаланылады;

5) Химия және физикамен:

мәдениет, ғылым мен техниканың даму тарихын оқыту барысында оқушылардың атомдық-молекулалық ілім, бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білімдері және әлемнің физикалық құрылымы туралы түсініктері пайдаланылады;

6) Математикамен:

оқушыларға хронологиялық және синхрондық кестелер жасату барысында олардың математика пәнінен меңгерген абстракциялау дағдыларын пайдалану қажет.


  1. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны

6. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихы – қазіргі заманғы өркениеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани негіздерінің қалыптасу кезеңі. Қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың альернативтілігі.



7. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (11 сағат):

Ұлыбритания және Франция (1 сағат), Ұлыбританияның әлеуметтік-саяси және экономикалық жүйесінің өзгерістері1906 ж. Парламенттік сайлау және либералдардың жеңісі. ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік реформалар. 1911 жылғы парламенттік реформа. Ирландия үшін гомрул мәселесі және конституциялық дағдарыс. Лейбористік партияның құрылуы. Тред-юнионизм. Сыртқы саясат. ХХ ғасырдың басындағы Францияның саяси және экономикалық дамуы (1902 ж. Парламенттік сайлау. Радикалдық кабинеттер, олардың ішкі және сыртқы саясаты. «Мильеран казусы» және француз социалистік қозғалысының жіктелуі. Сыртқы саясат;

Германия және Италия (1 сағат), ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық дамуы. Алдыңғы қатарлы техниканы қолдану және өндірісті кең механизацияландыру» (Саяси даму. Б.фон Бюлов. Көппартиялық жүйе. Жұмысшы және социалистік қозғалыстар. Э. Бернштейн. СДПГ үш ағымының құрылуы. ХХ ғ. басындағы халықаралық дағдарыс және Германияның оқшаулануы. Ішкі саяси шиеленістің күшеюі. Елде саяси дағдарыстың өсуі. ХХ ғ. басындағы Италия. Экономикалық даму. Аграрлық мәселе. Джолитти дәуірі. Әлеуметтік реформалар. Ұлтшылдықтың күшеюі. Италияның сыртқы саясаты. Түркиямен соғыс. Австрия-Венгриямен арадағы шиеленіс. Италияның Үштік одаққа кіруі. Африкадағы отарлық басқыншылығы;

көп ұлтты империялар (2 сағат), Австрия-Венгрия империясы. Екібірлік монархия (Габсбургтер монархиясы құрамындағы славян халықтары. Ресей империясы. Ресейлік капитализм әлемдік монополиялық шаруашылық жүйесінде. ХХ ғ. басындағы экономикалық дағдарыс. 1909-1913 жж. өнеркәсіптің дамуы. Патшалық биліктің ішкі саясатындағы ұлттық мәселе. 1905-1907 жж. революция. Либералды саяси партиялардың құрылуы. Мемлекеттік Дума. Столыпиннің аграрлық реформасы. Қоныстандыру саясаты;

ХХ ғ. басындағы АҚШ (1 сағат), либералды реформизм, оның әлеуметтік және идеялық тарихы» («Прогрессизм дәуірі. Т. Рузвельт. Республикалық партияның бөлшектенуі. 1912 ж. Президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. В. Вильсон;

ХХ ғ. басындағы Азия елдері (1 сағат), «Азия және Африка елдерін дүниежүзілік экономикалық жүйеге енгізу үдерісінің аяқталуы» (Шығыс елдерінде көпсалалы құрылымның пайда болуы. Азиядағы отарлар, жартылай отарлар және тәуелді елдер. ХХ ғ. басындағы Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері;

Азияның оянуы (1 сағат), Ирандағы конституциялық қозғалыстың басты кезеңдері» (1906-1907 жылдардағы Конституция. Иран мәжілісінің құрамы және оның қызметі. Ирандағы революция және ұлы державалардың саясаты. Ирандық қоғамның дамуы үшін конституцияның маңызы. Қытайдағы Синьхай революциясы. Сунь Ятсеннің үш принципі. Цин үкіметінің «жаңа саясаты» және жария реформаторлық қозғалыстың дамуы. Азамат соғысы және оның зардаптары. Түркияда ұлттық және діни шиеленістердің өршуі. Жастүріктер революциясы. Жастүріктер билік басында. Империяның ыдырауының жалғасы;

ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), ХХ ғ. басындағы әлемнің саяси картасы» Әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХІХ ғ. соңы –ХХ ғғ. басындағы халықаралық қатынастар. «Үштік одақ» және Антанта: құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі шиеленістер. ХХ ғасырдағы жергілікті қақтығыстар. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттарының пайда болуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), «Шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы» 1914-1918 жж. әскери қимылдардың басты кезеңдері. Соммдағы және Верден маңындағы Марнедегі шайқас. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарудың жаңа түрлерін пайдалану. Соғысушы елдердің экономиксын қайта құру. Батыс және Шығыстағы әскери қимылдар. 1917 жылғы әскери қимылдар. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың соғысқа кіруі. Соғысушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтардың күшеюі. Соғыстың аяқталу кезеңі. Үштік одақ елдерінің жеңілуі. Компьен уақытша бітімі;

Қайталау (1 сағат).

8. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (26 сағат):

соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі (1 сағат), Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон кон­фе­ренциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;

Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар;

Германия (3 сағат), соғыстың соңғы жылындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты;

НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның жүзеге аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбруктегі көтеріліс. Дауэс жоспары. Германияның Ұлттар Лигасына кіруі. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Юнга жаспары. Жұмыссыздықтың өсуі. Фашистік қауіптің күшеюі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим орнату;

Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономи­калық саясаты. Германия экономикасын дамытудың төртжылдық жоспары. Фашистердің нәсілдік саясаты;

Италия» (2 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. «Римге жорық». Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Фашистік үкіметтің төтенше заңдары. Фашистерге қарсы оппозицияның жеңілуі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Корпоративтік мемлекетті ұйымдастыру;

Испания (2 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтық майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі;

1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Фашистік мемлекеттердің интервенциясы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франконың ішкі және сыртқы саясаты;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (4 сағат):

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көпұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы» (Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Австрия. Австриядағы революция. Республиканың жариялануы» (Австриядағы фашизм. Италиямен жақындасуы. 1934 ж. Венадағы нацистік бүлік. К. Шушниг үкіметі. Австриядағы аншлюс;

Венгрия. Венгриядағы революция. Кеңестік үкіметтің құрылуы. Интер­венция. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы. Террор. ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Венгрияның дамуы. Авторитарлық диктатураның күшеюі. Чехословакия. 1918 ж. Чехиядағы революция. Республиканың құрылуы. Т. Масарик. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Аграрлық реформа. Ұлттық өнеркәсіптің дамуы. Ұлттық мәселе. Судет дағдарысы. Мюнхен конференциясы. Чехословакия тәуелсіз мемлекетінің жойылуы;

Польша. Поляк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Поспо­ли­тая. Парламентаризм негізінің құрылуы. Аграрлық реформа. 1926 ж. мемлекеттік төңкеріс.Санация» режимі. Экономикалық дағдарыс. Экономиканы мемлекеттік реттеу. 1935 ж. Конституция. Югославия. Серб, хорват, словендер Королдігінің құрылуы. Конституциялық монархия. Экономикалық даму. Аграрлық реформа. Ұлттық мәселе. Югославия Королдігі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның саяси өмірге әсері. Александр патшаның өлтірілуі;

Болгария. Авторитарлық режимнің орнауы. А. Цанков. 1923 ж. қыркүйек көтерілісі. Парламенттік басқаруға көшу. Болгариядағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптары. Ұлттық блокты құру және оның парламенттік сайлаудағы жеңісі. 1934 ж. әскери төңкеріс. Румыния. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі территориялық өзгерістер. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Саяси партиялардың құрылуы. Аграрлық реформа. Монархиялық дағдарыс. Карол II. Ұлтшыл-царанистердің күшеюі. Парламенттік жүйені жою;

Франция (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің экономикалық және саяси жағдайы. 1919 ж. парламенттік сайлау. Ұлттық одақ үкіметінің ішкі саясаты және әлеуметтік заңдары. Экономиканың тұрақтануының ерекшеліктері. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Қаржы дағдарысы;

дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Саяси күрестің шиеленісуі.  Фашистік қозғалыс. 1934 ж. ақпан оқиғасы. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. 1936 ж. парламенттік сайлау. Халықтық майдан үкіметі. Л. Блюм. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майдандағы алауыздық және оның ыдырауы.

Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. 1918 ж. парламенттік сайлау. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Ирландия мәселесі. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл;

дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Екінші лейбористік үкімет. Р. Макдональдтың «ұлттық үкіметі». Дағдарыстан шығу жолдарын іздеу. Ұлттық үкіметтің реформалары. Консервативтік үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. 1935 ж. әулеттік билік дағдарысы;

қайталау (1 сағат);

Ресей және КСРО (3 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің өкімет басына келуі. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы;

азамат соғысы және интервенция. Соғыс коммунизмі» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршіл-әкімшіл жүйенің орнауы және И.В. Сталин­нің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жыл­дардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Тоталитарлық мемлекеттің пайда болуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция;

Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңіндегі АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Екіпартиялық жүйенің дамуы. 1924 ж. сайлау және К.Кулидждің республикалық әкімшілігінің нығаюы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы;

1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты» және кейнсиандық теория. Этатизм. «Жаңа бағыт» саясатын жүргізудің негізгі бағыттары. Қаржы саласын сауықтыру, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік саладағы саясат. Вагнер заңы;

Латын Америкасы елдері (2 сағат), Латын Америкасы елдерінің соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдайы. Мексикадағы революцияның нәтижелері. Революциялық каудильизм және оның мәні. Өнеркәсіптің дамуы. Ауыл шаруашылығының дамуы. Аймақтың экономикасындағы шетелдік салымдардың рөлі. Латын Америкасы елдеріндегі саяси жүйе;

Латын Америкасы елдері дүние­жүзілік экономикалық дағдарыс­ кезеңінде. Дәстүрлі экспорттық өнімге әлемдік сұраныстың төмендеуі. Шетелдік салымдардың қысқаруы. Демократиялық және авторитарлық режимдер. Революция және контрреволюция. Латын Америкасындағы халықтық майдан. Латын Америкасы елдеріндегі либералдық реформалар. Аргентинадағы президент И. Иригойеннің саясаты. 1930 ж. Бразилиядағы революция. 1937 ж. Конституция. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;

қайталау (1 сағат).

9. 1918-1945 жж. Азия және Африка елдері (19 сағат):

Шығыс елдері ХХ ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік- тарихи үдерісте (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Ұлттар Лигасының мандаттық жүйесі. Ұлт-азаттық көтерілістердің өршуі. Зайырлы ұлтшылдық және дін. Ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологиялық негізі: суньятсенизм, гандизм, кемализм;

Жапония» (2 сағат), Жапония Версаль-Вашингтон жүйесінде. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «күріш бүлігі». Като үкіметі. Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты);

дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік бағыттың күшеюі. «Жас офицерлер» және 1932, 1936 жылдардағы бүлік. «Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті;

Түркия» (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясының жеңілуі. Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық биліктің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Лозанна конференциясы;

Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының қоғамдық-саяси өміріндегі Халықтық-республикалық партияның рөлі. Түркия Республикасының 30 – 40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы;

Қытай (2 сағат), Азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Гоминьданның қызметі. Сунятсенизмнің эволюциясы. Гоминьданға Кеңес Одағының көмек беруі. Азамат соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру;

Гоминьданның реформалары. Этатистік экономикалық моделді іске асырудың ерекшеліктері. Көппартиялы бюрократиялық мемлекеттің құрылу жүйесі. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі;

Монғолия (1 сағат), Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құры­луы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чой­балсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары;

қайталау (1 сағат);

Ауғанстан (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Аманолланың билігі кезіндегі Ауғанстанның дамуы. 1923 ж. конституция. Реформалар. 20-ж. соңы мен 30-жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах билігінің орнауы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Ауғанстанның ішкі және сыртқы саясаты;

Иран (1сағат), Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар әулетінің биліктен кетуі. Реза-шах Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени реформалары;

Үндістан (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан. Үндістандағы британдық саясаттың жаңа кезеңі. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Бірінші азаматтық бағынбау науқаны. Үндістандағы 20-жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері;

1930-1940-жылдардағы Үндістанның дамуы. Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея;

Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;

Палестина мәселесі (1 сағат), Бальфур декларациясы және иммиграция мәселесі. Палестинаның Ұлыбританияның мандаттық иелігіне айналуы. Британ үкіметінің 20-30- жылдардағы саясаты. Араб және еврей қоғамдары арасындағы қарым-қатынас. 1936 ж. көтеріліс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Палестина; Африкадағы араб елдері (1 сағат), Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия;

Тропикалық және Оңтүстік Африка (2 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Африканың саяси картасындағы өзгерістер. Африкадағы мандаттық жүйе. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка қоғамының әлеуметтік даму ерекшеліктері. Трайбализм. Африка халықтарының азаттық күресі. Африкалық халықтардың отаршылдыққа қарсы наразылығының түрлері. Қалаларда мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси ұйымдардың пайда болуы. Африкалық азаттық қозғалыс идеологиясының ерекшеліктері. Италия-Абисиния соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Тропикалық және Оңтүстік Африка;

қайталау (1 сағат).

10. Халықаралық қатынастар (3 сағат):

ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықара­лық қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. Репарация мәселесі және Юнг жоспары;

Еуропаның орталығы мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халық­аралық қатынастардың шиеленісуі. Маньчжуриядағы Жапония басқыншылығының күшеюі. Нацистік Германияның Версаль бітімінің шарттарын бұзуы. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы.Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;

1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс).Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жаса­мау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.

11. Екінші дүниежүзілік соғыс (4 сағат):

екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскер­лерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс;

Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Үштік пакт. «Барбаросса» жоспары;

Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. Антигит­лерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;

екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы.

12. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (3 сағат):

ғылым. жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының дамуы;

мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет;

Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халықтық мәдениет үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары;

13. Қорытынды қайталау (1 сағат).


3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны
14. Кіріспе (1 сағат), ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы әлем. Қазіргі заман тарихының екінші кезеңінің негізгі мазмұны. Дүниежүзінің саяси картасындағы өзгерістер. Заманауи әлем. Ғаламдану.

15. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (31 сағат):

ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ.басындағы Батыс елдері дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), Маршалл жоспары және оның соғыстан кейінгі Еуропа экономикасын қалпына келтірудегі рөлі. ХХ ғ. екінші жартысындағы Батыс елдері экономикасының даму ерекшеліктері. Батыс қоғамы өндіргіш күштерінің ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі өзгерістері. Өндірістің кешенді түрде автоматтандырылуы және механикаландырылуы. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Батыс экономикасы. Компьютерлік техника. Ақпараттық технологиялар. Батыс қоғамын демократияландыру үдерісінің тереңдеуі. Демократиялық мемлекеттің жаңа модельдерін жасау. Әлеуметтік мемлекет. «Жақсы тұрмыс» мемлекеті;

Ұлыбритания (3 сағат), Ұлыбритания. ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметі­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж. сайлау және консерваторлардың жеңісі. Консервативтік үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Эконо­микалық Қауымдастыққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі;

Ұлыбритания 70-90-шы жылдарда. Консервативтік үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты. ЕЭҚ мүше болуы. Экономикалық дағдарыс. Лейбористердің «әлеуметтік байланыс» саясаты. Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мәселелері. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. М.Тэтчердің қызметтен кетуінің себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты;

Ұлыбритания XX ғ.соңы – ХХI ғ. басында. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Конституциялық рефор­ма. Батысеуропалық интеграциядағы Ұлыбританияның рөлі. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның отарлық үкіметі;

Франция (3 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Төртінші республиканың Конституциясы. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Саяси тұрақсыз­дық. Отарлық мәселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс және оның елдегі саяси ахуалға әсері. IV респуб­ликаның дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты. ҒТР және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 1968 ж. жағдай. Алжир мәселесін шешу. Сыртқы саясат. Францияның соғыстан кейін дамуындағы Ш. де Голль мен голлизмнің рөлі. Президент Ж. Помпидудің саясаты. 1974 ж. сайлау және билік басына центристердің келуі. В. Жискар дُ Эстен;

Франция ХХ ғ. 80-90-шы жылдарында. Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі». Елді «социалистік жаңарту» тұжырымдамасы. 1981-1984 жж. реформалар. Миттеранизмнің 80-ші жылдардың ортасындағы дамуы. Сыртқы саясат. Еуропалық интеграцияның тереңдеуі. 1986 ж. парламенттік сайлау. Ж. Ширактың әлеуметтік-экономи­калық саясаты;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет