Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің



бет3/8
Дата18.06.2017
өлшемі1,75 Mb.
#19427
1   2   3   4   5   6   7   8

Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. 1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Франциядағы қазіргі заманғы саяси партиялар. 1997 ж. парламенттік сайлау және солшыл күштердің жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі. 2007 ж. президенттік сайлау және Н. Саркозидің жеңісі. 2008 жылғы Конституциялық реформа. Президенттік институттағы өзгерістер. Ф. Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер;


Германия (3 сағат), елді бөлшектеу және екі герман мемлекетінің пайда болуы. Потсдам конференциясы және оның герман мәселесі туралы шешімдері. Германиядағы оккупациялық режим. Батыс және Шығыс Германиядағы саяси үдерістер. Экономи­каны қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин дағдарысы. Елді жіктеу. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР;

ХХ ғ. 50-80-жылдардың басындағы Германия Федеративтік Республикасы. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. Германия Федеративтік Республикасының саяси-партиялық жүйесі. К. Аденауэр үкіме­ті­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік Республикасының экономикалық және саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты. ГФР және батысеуропалық интеграция мәселесі. ЕЭС құрылуы. 1969 ж. сайлау және «кіші коалицияның» жеңісі. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның зардаптары;

ГФР ХХ ғ. 80-жылдарының екінші жартысы – XXI ғ. басында. Христиандық демократтардың билік басына келуі. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. Біріккеннен кейінгі ГФР дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. Г.Коль үкіметінің 90-шы жылдардағы ішкі және сыртқы саясаты. ГФР ХХ – XXI ғғ. тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты;

Италия (2 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Монархияны жою. Республиканың жариялануы. 1947 ж. Конституция. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық дамуы. Коалициялық үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. 60-шы жылдардағы жаппай қозғалыс. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Лаңкестік және неофашизм. 1979 ж. парламенттік сайлау. Италияндық неоконсерватизмнің ерекшеліктері. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен күрес;

Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында. Италиядағы екінші республика. 1996 ж. сайлау. «Олива» солшылцентристік одағының жеңісі. Р. Проди және М. Д’Алем үкіметтерінің қызметі. 2001 ж. парламенттік сайлау. С. Берлус­конидің оңшылцентристік кабинетінің саясаты. Оңшылдар мен солшылдардың күресі. Үкіметтік дағдарыс. «Босси-Фини» заңы. С. Берлусконидің қызметтен кетуі және М. Монти үкіметінің құрылуы;

Испания (1 сағат), Франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы. Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар. Партиялар қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты;

қайталау (1 сағат);

КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (4 сағат):

КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны. И.В. Сталиннің қайтыс болуы. Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта құрулар. Экономикалық саясатты қалыптастырудағы қайшылықтар. Экономикалық авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының нашарлауы;

Л.И. Брежневтің билігі кезеңіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Корруп­цияның күшеюі. Диссиденттік қозғалыс;

КСРО 1982-1991 жж. КСРО-да 80-ші жылдарда басшылықтың ауысуы». М.С. Горбачев және қайта құру бағдарламасы. КСРО халық депутаттарының съездері. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы;

ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің кеңестік үлгісінің қалыптасуы. Халықаралық аумақтағы кеңес-американ бақталастығы. Дамушы елдердің ішкі істеріне араласу. Ауғанстан мәселесі; Кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (6 сағат):

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. 1944-1947 жж. әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың сипаты мен мәні. Аймақтағы елдердің достық және өзара көмектесу туралы келісімдері. «Қырғи-қабақ соғыс» және КСРО-ның Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріне қысым жасауы. Кеңестік социалистік үлгіні алуға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Экономиканы түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар. Варшава Шарты Ұйымының құрылуы және кеңестік бақылаудың күшеюі. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Бірпартиялық билікті жою және коалициялық үкімет құру туралы жариялау. Будапештке кеңес әскерлерінің енгізілуі. И. Надьты тұтқындау;

аймақ елдердінде социализмнің кеңестік үлгісі дағдарысының тереңдеуі. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Чехословакияға ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968 және 1970 жж. Польшадағы дағдарыс. «Шектеулі егемендік» доктринасы. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» және экономикалық реформалар. 1980-1981 жж. Польшадағы қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польша шекарасына жақын жерде кеңес әскерлерінің шоғырландырылуы. Польшада әскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;

Шығыс Еуропаның тоталитаризмді жоюға бағыт алуы. КСРО-дағы қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Социализмді «жаңарту» саясатының күйреуі. Саяси оппозицияның қалыптасуы. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси жағдай. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушес­ку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында. Қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі. ХХІ ғ. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің дамуындағы жетістіктер. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық интеграцияға қатысуы. Аймақ елдері және НАТО;

Америка Құрама Штаттары (3 сағат):

АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 60-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия. Тафта-Хартли заңы. «Қырғи-қабақ соғыстың» демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі саясатына әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі. Американ қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Дж. Кеннедидің өлтірілуі. Л. Джонсон әкімшілігінің ішкі саясаты. Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;

АҚШ 70 – 90-шы жылдарда. Сайлаудағы демократтардың жеңісі. Дж. Картер. Р. Рейган және «рейганомика». Неоконсерватизм. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің жаңа нұсқасы. Экономиканың дамуы. Дж. Буштың «байсалды» бағыты;

АҚШ-тың ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Екіпартиялы саяси жүйенің дамуындағы жаңа нышандар. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі саясаты. Кіші-Джордж Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың билікке келуі. Б. Обама;

Канада (1 сағат), Канада азаматтығы туралы заң. ХХ ғ. 50-60-жылдарындағы саяси және экономикалық даму. В. Месси. Екіпартиялық жүйенің құрылуы. Либералдар (1945-1957, 1963-1979) және консерваторлар үкіметтерінің (1957-1963) ішкі және сыртқы саясаты. Квебек мәселесі. 70-80-ші жылдардағы Канаданың дамуы. 1982 ж. конституциялық реформа. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы Канада;

Латын Америкасы елдері (2 часа), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. Басындағы негізгі даму бағыттары. Ұлтшыл-реформизм. Аргентинадағы Х. Перон реформалары және Бразилияда Ж. Варгастің билігі. Әскери режимдер және оларды жою. Латын Америкасында интеграциялық үдерістердің дамуы. Латын Америкасы елдерінің ХХ-ХІХ ғғ. тоғысындағы дамуының басты мәселелері. Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік;

Куба. 50-ші жылдардың басындағы Кубаның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы» (Батиста диктатурасын жою. 1959-1960 жж. әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулар. 1960-шы жылдардағы революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы. Куба экономикасының 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басындағы қиыншылықтары. Мемлекет­тік-бюрократиялық социализмнің дағдарысы. Чили. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Чилидегі демократиялық қайта құрулар үдерісі. Халықтық бірлік үкіметі. Демократиялық қайта құрулар үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған әскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. Либералдану үдерісінің басталуы. 1989 ж. президенттік сайлау жүргізу. Демократиялық қайта құруларды іске асыру;

қайталау (1 сағат).

16. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері (27 сағат):

отарлық жүйенің күйреуі. Азия және Африка елдерінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы (1 сағат), ұлттық тәуелсіздік үшін күрес. Британ және француз отарлық империяларының ыдырауы. Азия және Африкадағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси жүйесі және экономикалық жағдайы. Азаттық алған елдердің отаршылдықтан кейінгі кездегі дамуының ерекшеліктері. Ғаламдық саяси үдерістердегі Шығыс елдері орнының өзгеруі;

Жапония (2 сағат), Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы. Мемлекеттің рөлі;

ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1993 ж. парламенттік сайлау және альтернативті партиялар рөлінің өсуі. 1990ж. экономикалық депрессия және оның себептері. Жапония – әлемдік экономиканың басты орталықтарының бірі. Жапонияның Азия-Тынық мұхит аймағындағы ықпалының күшеюі. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты.

Түркия (2 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі. Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру және Түркияның АҚШ-пен жақындасуы. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж. әскери төңкеріс. Ұлттық бірлік комитеті және оның қызметі. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары.Түркия және Қазақстан;

Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы Жаңа конституция қабылдау. Т. Озал. Ауқымды либералдық реформалардың іске асырылуы. Түркияның заманауи индустриялдық елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы. ХХ ғ. екінші жартысы XXI ғ. басындағы Түркияның ішкі саясаты;

Кеңестен кейінгі Орталық Азия мемлекеттері (2 сағат); қазіргі Өзбекстанның мемлекеттік құрылысы. Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері. Экономикалық жүйенің тұйықтылығы. Қазіргі Өзбекстанның сыртқы саясаты. Тәжікстанда азамат соғысының басталуы. «Тәжікаралық диалог» және бейбіт бітімге қол қою. Қырғызстан республикасының экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері. Қырғызстан парламентіндегі саяси партиялар. Республиканың ДСҰ кіруі. Қырғызстандағы «қызғалдақ революциясы». Кеңестен кейінгі Түркіменстанның дамуы. ТМД және ШЫҰ құрамындағы интеграция. Орталық Азия мемлекеттері қазіргі әлемдегі әлеуметтік-экономикалық құрылымда.

Ауғанстан (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. ХХ ғ. 40-жылдарының аяғында либералдық-конституциялық ұйымдардың пайда болуы. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы;

Иран (1 сағат), Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Ұлттық майданның құрылуы және оның қызметі. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;

Қытай (2 сағат), соғыстан кейінгі елдің жіктелуі. 1946–1949 жж. азамат соғысы. Компартияның жеңісі және гоминьданның жеңілу себептері. ҚХР құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Коммуналар. Қытайда социализм құру ісін жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Пролетарлық мәдени революция. КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың шиеленісуі. Мао Цзэдунның қайтыс болуы және билік үшін күрес;

Дэн Сяопин және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының ерекшелігі. «Ашық есік» саясаты және арнайы экономикалық белдеудің құрылуы. Қытай экономикалық жүйесіндегі өлшемділіктің бұзылуы. 1989 ж. Тяньаньмэньдегі жағдай. Халықаралық сахнада ҚХР рөлінің өсуі. Гонконг және Макаоны қайтарып алуы;

Моңғолия (1 сағат), Моңғолияның капиталистік емес даму жолының қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. 80-жылдар­дағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басында;

қайталау (1 сағат);

Корея (1 сағат), Потсдам конференциясы және КСРО мен АҚШ әскерлері арасындағы шекаралық межені белгілеу. КХДР мен Корея Республикасының құрылуы. 1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир Сен және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы. Корея Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық авторитаризм. Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мён Бак. Екі корей мемлекеті арасындағы өзара қарым-қатынас;

Үндіқытай елдері (1 сағат), Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі. ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева келісімі. Вьетнамның қарама-қарсы әскери-саяси жүйелердің күресіне тартылуы. Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Оңтүстіктегі социалистік қайта құрулар және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың өршуі. «Жаңару» саясаты. Экономикалық даму. Лаос пен Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекше­ліктері. Үндіқытай елдерінің өзара қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны;

Индонезия. Малайзия. Сингапур (1 сағат), Индонезиядағы жапондықтарға қарсы қарсыласу қозғалысы. Республиканың жариялануы. Сукарно. Индонезияның тәуелсіздігін мойындау.Экономикалық даму. Ұлттық өнеркәсіп. Аграрлық реформа. 1965 ж. жағдай. Сухарто. Малайзиядағы тәуелсіздік үшін қозғалыс. Малайзия Тәуелсіз Федерациясының құрылуы. Тәуелсіз Сингапурдың дамуы. Экономиканың жоғарғы қарқынмен дамуы. Шетелдік салымдар. Аймақтағы елдер және АСЕАН;

Үндістан (2 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. ҮҰК Үндістанның партиялық-саяси өміріндегі орны. Саясаттағы касталық фактор. И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1975 ж. қоғамдық-саяси дағдарыс және елде төтенше жағдай енгізу;

1980-1990-шы жылдардағы экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және нарықтық экономиканың дамуы. Қуатты индустриалдық база құру. Кашмир мәселесі. Дүниежүзіндегі және Оңтүстік Азия аймағындағы Үндістанның рөлі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Үндістанның сыртқы саясаты. Панча шила» қағидасы. Индия – Қосылмау қозғалысының жетекшісі;

Пакистан (1 сағат), Пакистан республикасының жариялануы. 1956 ж. Конституция. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. Бірінші парламенттік сайлау. 1973 ж. Конституция және парламенттік билік түрінің бекітілуі. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;

Израиль (1 сағат), БҰҰ-ның Палестинадағы ағылшын мандатын жою туралы шешімі. Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы және Израиль мемлекетінің құрылуы. Израильдің экономикалық және саяси дамуы. Парламенттік республика. Көппартиялық жүйе. 1949 ж. парламенттік сайлау. Д. Бен-Гурион. Репатриация туралы заң. 80-жылдың соңындағы экономикалық дамуды күшейту. 2009 парламенттік сайлау. Б.Нетаньяху. Израиль ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;

Азияның араб елдері (2 сағат), Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңіздік және аравиялық елдер. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық билігі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж);

Африканың араб елдері (2 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы. Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына әсері. Африкадағы араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.);

араб-израиль қайшылықтары және Палестина мәселесі (1 сығыт), 1948-1949 жж. Палестина соғысы. 1967, 1973 жж. араб-израиль соғысы. Кэмп-Дэвид келісімі және Таяу Шығыста бейбітшілік үдерісінің басталуы. ПАҰ дағдарысы және дағдарыстан шығу мәселесі. Палестина жерлеріндегі «интифада». Израиль және ПАҰ: бейбіт келіссөздердің басталуы. Палестинадағы Араб мемлекетінің болашақ нышандары. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі;

Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы рөлі. Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі. Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы» (1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың азаттық жолындағы күресі. Африка мемлекеттерінің саяси жүйесінің тұрақсыздығы. Мемлекеттік төңкерістер және олардағы әскердің рөлі. Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;

қайталау (1 сағат).

халықаралық қатынастар (5 сағат):

екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы және оның қызметі. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың екіполюсті жүйесінің қалыптаса бастауы. Кореядағы халықаралық қақтығыс;

ХХ ғ. 60-80-жылдарындағы халықаралық қатынастар. 1961ж. Берлин дағдарысы және Берлин қабырғасының салынуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастар сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия мен Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Алжирдегі ұлт-азаттық соғысы. Таяу Шығыс дағдарысы. Қосылмау қозғалысы;

ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бәсеңдеу және өрлеу кезеңдері. Кеңес-американ қатынастары. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мәселесі. Парсы шығанағындағы соғыс және Ирак мәселесі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес. ЕҚЫК қорытынды актісі. ЕҚЫҰ құрылуы;

Еуропалық интеграция. «Шуман жоспары». «Еуропадағы көмір және болат бірлестігі». Еуропалық экономикалық қауымдастық және Еуратом. 60-80-жылдардағы интеграцияның дамуы. Маастрихт келісімі. Еуропалық Одақ. Еуропалық Одақтың одан әрі даму перспективалары. Валюталық одақтың құрылуы;

ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы халықаралық қатынастар. Көпполюсті әлемнің қалыптасуы. БҰҰ халықаралық қатынастар жүйесінің өзгерісі жағдайындағы қызметі. Халықаралық лаңкестік мәселесі.

18. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мәдениеттің даму (3 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. ҒТР. Ғылыми-техникалық револю­цияның басталуы. Атом энергиясының ашылуы және бейбіт мақсатта қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың пайда болуы. Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы. ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР және қазіргі заманның ғаламдық мәселелері. ҒТР әлеуметтік зардаптары;

ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мәдениеттің дамуы. Әлем халықтарының әдебиеті. Сыни және «социалистік» реализм. Бұқаралық мәдениет. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем өнердің дамуы. Мәдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.

19. Қорытынды қайталау (1 сағат).
4. Оқу пәнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны
20. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заманның тарихи кезең ретіндегі сипаттамасы. Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Индустриалдық қоғамның рухани дамуындағы дағдарыс. Постиндус­триалдық қоғамға өту.

21. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (5 сағат):

Еуропа мен Солтүстік Американың алдыңғы қатарлы елдерінің ХХ ғ. басын­дағы дамуының негізгі бағыттары (2 сағат), ХХ ғ. басын­дағы дүниежүзінің саяси картасы» (Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ. Монополистік капитализм, оның Батыстың басты елдеріндегі ерекшеліктері. Прогрессизм. Неолиберализм. Әлеуметтік реформизм. Д. Ллойд Джордж. Т. Рузвельт. В. Вильсон. Ж. Клемансо;

ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), әлемді территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы және оны қайта бөлісу жолындағы күрестің басталуы. ХХ ғ. басындағы қарулы қақтығыстар. Әскери одақтардың құрылуы. «Үштік одақ», құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты, ішкі қайшылықтары. Антанта, құрылу кезеңдері, қатысушылардың мақсаты. ХХ ғ. басында Балқан мәселесінің шиеленісуі;

Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), шілде дағдарысы және дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Марна өзеніндегі, Верден түбіндегі және Соммадағы шайқастар. Германияның «қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарулардың жаңа түрлерін қолдану. Соғысушы елдердің экономикасын қайта құру. Батыс және Шығыс майдандағы соғыс қимылдары. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы. Соғысқа АҚШ кірісуі. Соғысушы елдерде әлеуметтік-экономи­калық және саяси қайшылықтардың шиеленісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары;

22. 1918-1945 жж. Еуропа және Америка елдері (13 сағат):

соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудағы Версаль-Вашингтон жүйесі (1 сағат), Париж бітім конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон кон­фе­ренциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі: мәні және қайшылықтары;

батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы және реформизм. Фашизмнің шығуы. Фашизм және демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық майдандар;

Германия (1 сағат), соғыстың соңғы жылдарындағы Германияның экономикалық және саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының ішкі және сыртқы саясаты. НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік және оның іске аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбругтегі көтеріліс. Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Нацистердің өкімет басына келуі. Тоталитарлық режим орнату. Германиядағы нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты. Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның әлеуметтік-эк)ономи­калық саясаты. Фашистердің нәсілдік саясаты;

Италия (1 сағат), әлеуметтік-экономикалық және саяси даму. Жұмысшы және шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға әсері. Б. Муссолини үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты;

Испания (1 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс. Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтың майданның құрылуы және сайлаудағы жеңісі. 1936 ж. бүлік және азамат соғысының басталуы. Интернационалды бригадалар. Республиканың жеңілуі. Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (1 сағат), Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропада көп ұлттық империялардың ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Аймақтағы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Австрия және Венгриядағы революция. Австрияда республиканың жариялануы. Венгрияда кеңестік республиканың орнауы. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау және М. Хортидің авторитарлық үкіметінің орнауы. Чехословакия республикасының дамуы. Польяк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Поспо­ли­тая. Югославияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Болгария. Румыния. Албания;

Ұлыбритания (1 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына әсері. Р. Макдональд. Ұлттық үкіметтің реформалары. Н.Чемберлен үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты. У.Черчиль және сыртқы саяси бағыттағы өзгерістер;

Франция (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы. «Солшыл одақ» үкіметі. Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан және оның сайлау қарсаңындағы бағдарламасы. Халықтық майдан үкіметінің парламенттік сайлаудағы жеңісі. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық майданның ыдырауы;

Ресей және КСРО (2 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату және республиканың құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес. Большевиктердің өкімет басына келуі. Билік, жер және бітім туралы Декреттер. Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы. Брест бітімі. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы және интервенция. «Әскери коммунизм» саясаты және ЖЭС. КСРО-ның құрылуы. 1924 ж. Конституция. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің орнауы және И.В. Сталин­нің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-жыл­дардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Жаппай жазалаулар. ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты;

АҚШ (1 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда. Республикандардың билік басына келуі. «Просперити» кезеңі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс­тың Америка Құрама Штаттарына әсері. Г. Гувер әкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау және демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Соғысаралық жылдардағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;

Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдеріне жалпы сипаттама. 1910-1917 жж. Мексикандық революция. 1917 ж. Конституция. Соғыстан кейінгі Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдері дүние­жүзілік экономикалық дағдарыс­ кезеңінде. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың ерекшеліктері. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде;

қайталау (1 сағат).

23. 1918-1945жж. Азия және Африка елдері (8 сағат):

Жапония (1сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «Күріш бүлігі». Танака үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және тоталитарлық-милитаристік тенденцияның күшеюі. 1932 және 1936 жылдардағы бүліктер және «Жас офицерлер». «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық әрекеті;

Түркия (1 сағат), Осман империясының ыдырауы және оның жерін Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық режимнің дағдарысы және шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік. Революцияның жеңісі және республиканың жариялануы. Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы Конституция. Саяси, экономикалық және мәдени қайта құруларды іске асыру. Түркия Республикасының 30-40-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы;

Қытай және Монғолия (1 сағат), азаттық қозғалысының өрістеуі. Шаньдун мәселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Азамат соғысы. Чан Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі және Қытайды біріктіру. Гоминьданның реформалары. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық әрекеттері және біртұтас майдан мәселесі. Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құры­луы. Елді кеңестік үлгі бойынша модернизациялау әрекеті. Х. Чой­балсан және саяси жазалаулар. Монғол-кеңес және монғол-қытай қатынастары;

Ауғанстан және Иран (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялау. Ағылшын-ауған қақтығысы. Ауғанстанның Аманолла билігі кезіндегі дамуы. 1923 ж. Конституция. Реформалар. 20-жылдың соңы 30- жылдың басындағы жағдай. 1931 ж. Конституция. Мұхаммед Захир-шах режимінің орнауы. Иранда саяси күрестің шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік төңкеріс. Каджарлар династиясының биліктен кетуі. Реза-шаха Пехлевидің әкімшілік, экономикалық және мәдени реформалары;

Үндістан (1 сағат), Британ билеушілерінің Үндістандағы отарлық саясаты. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди және зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатьяграх науқаны. Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі және жаңа саяси бірлестіктердің қызметі. Жаңа саяси бірлестіктің қызметі және жаппай толқудың өршуі. Мұсылмандар Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы әкімшілік реформалары. Джинна және Пакистанды құру туралы идея;

Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші жартысындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері. Аравиядағы араб мемлекеттері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;

Африка елдері (1 сағат), Солтүстік Африканың саяси картасы. Африкадағы араб елдері. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында. Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан және Ливия. Тропикалық және Оңтүстік Африка елдері. Басқару жүйесі және экономикалық дамуы. Африка халықтарының азаттық күресі. Италия-Абисиния соғысы;

қайталау (1 сағат).

24. Халықаралық қатынастар (2 сағат), ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы халықаралық қатынастар. Халықара­лық қатынастардың тұрақтануы. Генуя конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог пактісі. 1930-1939жж. халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында халық­аралық қатынастардың шиеленісуі. Еуропа мен Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Басқыншы мемлекеттер одағының құрылуы. Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру идеясы;

1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу (аншлюс). Судет мәселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жаса­мау туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу мәселесі.

25. Екінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы және екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы әскер­лерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі. «Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс қимылдары. Антигит­лерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тәртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;

екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс. Сталинград және Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы. Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы.

26. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия, биология, медицина және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы (автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасының дамуы;

мәдениет. Мәдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм. Әдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм. Бұқаралық мәдениет. Кеңес Одағындағы ғылым мен мәдениет. Ғылым мен мәдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен дәстүрлерді жою. Халық мәдениетінің үлгілері мен ескерткіштерді қирату. Кеңес ғылымының жетістіктері. Әдебиет және өнер. Қоғамдық ғылымдарды, әдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру. Тоталитаризм және мәдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық және оның зардаптары.

27. Қорытынды қайталау (1 сағат).


5. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны

28. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (17 сағат):

Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбритания ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметі­нің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Консервативтік үкіметтердің ішкі және сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Эконо­микалық Қауымдастыққа қосылуы туралы мәселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Солтүстік Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. Әлеуметтік-экономикалық реформалар. Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мәселелері;

Ұлыбритания XX ғ. 80-жылдары – ХХI ғ. басында. М. Тэтчер үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мәселесі. Т. Блэр үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның коалициялық үкіметі;

Франция (2 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Алжирдегі соғыс.IV республиканың дағдарысы және құлауы. 1958 ж. Конституция және Бесінші республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі және сыртқы саясаты. ҒТР және экономикадағы құрылымдық өзгерістер. В. Жискар дُ Эстеннің сыртқы саясаты;

Франция ХХ ғ. 80-жылдары – ХХІ басында. Солшыл күштердің 1981 ж. президенттік және парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дәуірі». 80- жылдардың ортасындағы миттеранизм эволюциясы. Сыртқы саясат.1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі. 2007ж. президенттік сайлау және Н.Саркозидің жеңісі. 2008 ж. Конституциялық реформа. 2012 ж. Сайлау;

Германия (2 сағат), Германия Федеративтік Республикасы ХХ ғ. 50-70-жылдарда. Германиядағы оккупациялық режим. Экономи­каны қалпына келтіру мәселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин дағдарысы. Екі герман мемлекетінің пайда болуы: ГФР және ГДР. Германия Федеративтік Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіме­ті­нің экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия Федеративтік Республикасының экономикалық және саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты. В. Брандт үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. 70-жылдардың ортасындағы дағдарыс және оның зардаптары;

ГФР ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Г.Коль үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Неоконсерватизмнің германдық нұсқасы. Берлин қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселе. ГФР ХХ – XXI ғғ тоғысында. Г. Шредер және А. Меркель үкіметтерінің ішкі және сыртқы саясаты;

Италия (1 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Республиканың жариялануы. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық дамуы. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс және оның зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен күрес. Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғ. басында» Италиядағы екінші республика. 2001 ж. парламенттік сайлау. М. Монти үкіметінің құрылуы;

Испания (1 сағат), франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы. Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар. Партиялардың қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы. Демократиялық құрылыстың нығаюы және дамуы. Испания XX-XXI ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты;

КСРО және кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (3 сағат):

КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына келтіру мәселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны. Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу. Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы жаңа нышандар. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта құрулар. Экономикалық саясатты қалыптастырудағы шиеленістер. Экономикалық авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының нашарлауы;

Л.И. Брежнев пен М.С.Горбачев билігі кезіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сәтсіздігінің себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Корруп­цияның күшеюі. 80-ші жылдардағы КСРО-да басшылықтың ауысуы. М.С. Горбачев және қайта құру бағдарламасы. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы.

ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің кеңестік үлгісін қалыптастыру. Халықаралық сахнадағы кеңес-американ бәсекелестігі. Дамушы елдердің ішкі істеріне араласуы. Ауғанстан мәселесі. Кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (2 сағат), Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. Кеңестік социалистік үлгіні қабылдауға мәжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату. Экономи­каны түбірінен қайта құру. Аграрлық қайта құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Кеңес әскерлерін Будапештке енгізу. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. Дағдарыс. Чехословакияға ВШҰ әскерлерін енгізу. 1968ж., 1970 ж. және 1980-1981жж. Польшадағы дағдарыс. Ереуілдер және «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. Польшада әскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;

Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ. басында. КСРО-дағы қайта құру саясаты және Шығыс Еуропа елдері. Шығыс Еуропа елдерінің тоталитаризмді жою жолына түсуі. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал. Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушес­ку режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы және Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық қауымдастыққа қатысуы. Аймақтағы елдер және НАТО;

Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Г. Труменнің «Әділетті бағыты». Реконверсия. Тафт-Хартли заңы. Демократиялық және республикандық әкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі саясатына «қырғи-қабақ соғыстың» әсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мәселесі. Американ қоғамы ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы. Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық әкімшіліктердің ішкі және сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;

АҚШ ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Р. Рейган және «рейганомика». Неоконсер­ватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон әкімшілігінің ішкі және сыртқы саясаты. Кіші-Джордж  Буштың республикандық әкімшілігі. 2008 ж. сайлау және демократтардың билікке келуі. Б. Обама. 2012 ж. сайлау:

Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ. екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлтшыл-реформизм. Кубадағы 1960-шы жж. революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро қолына шоғырлануы. Куба экономикасының ХХ ғ. 80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы қиыншы­лықтары. Мемлекет­тік-бюрократиялық социализмнің дағдарысы. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы. Чилидегі демократиялық қайта құрулар үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған әскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. ХХ-ХХІ ғғ. тоғысында Латын Америкасы елдері дамуының басты мәселелері. Сыртқы қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік;

қайталау (1 сағат).

29. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Азия және Африка елдері (11 сағат):

Жапония (1 сағат). Американ оккупациясы және Жапонияны демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты және қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс және оның жапон қоғамы мен экономикасына әсері. 80-жылдардағы экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1990-жылдардағы экономикалық депрессия және оның себептері. Жапония әлемдік экономиканың басты орталығы ретінде. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясаты;

Түркия (1 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж. әскери төңкеріс. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың басталуы және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары. Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы. Жаңа конституция қабылдау. Т. Озал. Ауқымды либералды реформалардың пайда болуы. Түркияның заманауи индустриялы елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың басындағы елдің дамуы;

Ауғанстан. Иран (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы әлеуметтік-саяси дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы әскери төңкеріс және оның зардаптары. Кеңес әскерлерінің енгізілуі және Ауғанстандағы азамат соғысы. Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі және мұнай мәселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі. 1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;

Қытай. Моңғолия (1 сағат), 1946–1949 жж. азамат соғысы. ҚХР құрылуы. Қытай коммунистерінің әлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Қытайда социализм құру ісін жылдамдату әрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Мәдени революция. Дэн Сяопин және «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының ерекшелігі. 1989 ж. Тяньаньмэньдегі жағдай. Моңғолияның капиталистік емес даму жолының қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. ХХғ. 80-жылдар­дағы экономикалық және саяси дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басында.

Корея. Үндіқытай елдері (2 сағат), КХДР мен Корея Республикасының құрылуы» (1950-1953 жж. соғыс және оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен Солтүстігіндегі экономикалық және саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир Сен және «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы. Корея Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық авторитаризм. Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мён Бак. Екі корей мемлекеті арасындағы өзара қарым-қатынас;

Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы күресі. ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева келісімі. Елдің бірігуі және Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. Лаос пен Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының ерекше­ліктері. Үндіқытай елдерінің өзара қарым-қатынастары және олардың халықаралық аренадағы орны;

Үндістан. Пакистан (1 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі және екі доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы. Үндістанның республика болып жариялануы және жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру. И. Ганди және оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1980-1990-жж. экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары және нарықтық экономиканың дамуы. Кашмир мәселесі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. және 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы және әскери биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс Пакистандағы бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік үшін күресі. 1973 ж. Конституция және парламенттік түрдегі басқару. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;

Азияның араб елдері (1 сағат), араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңізі және араб елдері. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тәуелсіздіктің жариялануы. Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас). Ирактағы Саддам Хусейннің диктаторлық режимі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» 2010-2011 жж.;

Африканың араб елдері (1 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция және оның араб әлемі үшін маңызы, Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық күрес. Алжирдегі соғыс және оның француз отарлық империясының тағдырына әсері. Африканың араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж.). Араб-израиль қарсыластығы және Палестина мәселесі. Кэмп-Дэвид келісімі және Таяу Шығыста бейбіт үдерістің басталуы. ПАҰ дағдарысы және дағдарыстан шығу мәселесі. Қазіргі кездегі Палестина мәселесі;

Оңтүстік және Тропикалық Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы рөлі. Бесінші панафрикандық конгресс және саяси тәуелсіздік ұранының көтерілуі. Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның тәуелсіздігін жариялау. «Африка жылы» (1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің тәуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы және Оңтүстік Африканың азаттық жолындағы күресі. Африкалық бірлік ұйымы және мемлекетаралық саяси одақтар;

қайталау (1 сағат).

30. Халықаралық қатынастар (3 сағат):

екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның бастаулары және негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың екіполюсті жүйесінің қалыптасуы. Кореядағы халықаралық жанжал;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет