Жалпы орта білім беру деңгейінің «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің



бет7/8
Дата18.06.2017
өлшемі1,75 Mb.
#19427
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
49. «Философия негіздері» (11 сағат):

«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам мен қоғам өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия – саналы және игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мәдениеті;

«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы философтар мен олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктері;

«Философия антропологиясы» (2 сағат), адам философияның орталық мәселесі ретінде, адам философиялық мәселесінің мәні мен ерекшелігі, философиядағы адамның негізгі образдары, адамның адамшылыққа ұмтылысы;

«Адам өмірінің мәні, өмірдің мәні жөніндегі философия», адамның бағыт бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами капитал ұғымы және оның мәні;

«Жаратылыстану философиясы» (6 сағат), табиғатқа деген философиялық көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау туралы түсініктер, адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары, экологиялық дағдарыс, экологиялық сана және биофилософия;

«Жаратылыстанулық ғылыми білімнің философиялық мәселелері», биологиядағы, медицинадағы, физикадағы, химиядағы философиялық мәселелер, философия және математика;

қайталау (1 сағат).

50. «Әлеуметтану негіздері» (10 часов):

«Әлеуметтану дегеніміз не?» (2 сағат), социология ғылым ретінде, әлеуметтанудың пайда болуы және дамуы, әлеуметтану объектісі мен пәні, әлеуметтанудың негізгі мәселелері, әлеуметтанудағы сандық және сапалық әдістер;

«Әлеуметтанулық білім», әлеуметтанудың жаратылыстану ғылыми білімдермен өзара әрекеттесуі, әлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі заманғы қоғамды танудағы әлеуметтанулық тәсілдердің рөлі;

«Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара әрекеттесулер жүйесі ретінде, әлеуметтік өзара әрекеттесулер түрі, әлеуметтік топтар мен олардың жіктелуі, әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, әлеуметтік тәртіп және қақтығыс, ауытқушы мінез құлық және әлеуметтік бақылау;

«Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы орта таптың ролі мен мазмұны, әлеуметтік мүдделер, әлеуметтік қақтығыстардың себептері, әлеуметтік қақтығыстың сипаттары, әлеуметтік қақтығысты реттеу, әлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;

«Тұлға және қоғам» (5 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік фактор, әлеуметтік мінез құлық, әлеуметтік рөл, тұлғаның әлеуметтік бірегейлігі, жастардың субмәдениетінің ерекшелігі, жастардың кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық қатынастар мәдениеті;

«Қазіргі заманғы әлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос және ұлт, этномәдени құндылықтар мен дәстүрлер, этностың менталдық ерекшеліктері, ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық қатынастарды реттеу мәселесі;

«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің әлеуметтік жағдайлары, дін әлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар, конфессия аралық серіктестік;

қайталау (1 сағат);

51. «Саясаттану негіздері» (5 сағат):

«Саясаттану дегеніміз не?» (2 сағат), саясаттану ғылым ретінде, саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мәселелері, негізгі саясаттанулық тұжырымдамалар;

«Саясаттанулық білім», әлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;

«Саясат және мәдениет» (2 сағат), саяси мәдениет, қоғамдық қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен қызметтері, саяси инститтутар нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы ұғым, билік және саясат, биліктің легитимділігі, демократия және парламентаризм;

«Тұлға және саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы, көшбасшылық типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада оны жасау және ұстап тұру.

қайталау (1 сағат);

52. «Экономикалық теорияға кіріспе» (17 сағат):

«Өндіріс факторының нарығы және факторлық кірістердің қалыптасуы» (8 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері, субьектілері, компоненттері, еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы факторлық кіріс ретінде, номинальды және шынайы жалақы, жалақы ставкасының дифференциациясы, еңбек нарығындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек биржасы және оның қызметтері;

«Капитал нарығы мен табиғи ресурстар», капиталға деген сұраныс ерекшеліктері және капитал ұсыныстары, инвестициялар мен жинақтар, пайыз факторлық кіріс ретінде және капитал нарығындағы тепе-тең баға ретінде, несие және оның түрлері, несиелік жүйе және оның элементтері, құнды қағаздар нарығы мен фонд биржасы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату мен сатып алу обьектісі ретінде, жерге деген ұсыныстар мен сұраныстар ерекшелігі жер рентасы мен жер бағасы;

«Кәсіпкерлік қызмет негіздері», кәсіпкерлік өндірістің факторы ретінде, кәсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен факторлары, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;

«Ұлттық экономика және оның динамикасы» (8 сағат), экономикалық дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстарды, өнімдер мен кірістер ағыны), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);

«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мәні, типтері, факторлары, көрсеткіштері, әлеуметтік-экономикалық салдары), макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы), инфляция және жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері.

қайталау (1 сағат).

53. «Заңға кіріспе» (6 сағат):

«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (3 сағат), құқықтық мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тәсіл және нәтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам;

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары», мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық статусы, Парламенттің, өкіметтің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қызмет етуі мен қылыптасуының тәртібі, әділеттілік және сот билігі, жергілікті өкілетті және атқарушы органдар;

«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;

«Құқықтық реттеу негізі. Заңдылық және құқықтық тәртіп» (2 сағат), құқықтық реттеу негізі, құқықтық реттеу, оның шектері, тәсілдері мен типтері, құқықтық реттеу элементтері мен тәсілдері, құқықтық реттеу процесінің кезеңдері;

«Заңдылық пен құқықтық тәртіптілік», заңдылық (ұғымы мен негізгі принциптері), құқықтық тәртіп ұғымы мен қоғамдық тәртіп олардың ара қатынасы мен құқықтық қамсыздандыру, ұлттық қауіпсіздік ұғымы мен оның түрлері, Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері, ұлттық қауіпіздіктің негізгі қауіптері;

қайталау (1 сағат);

54. Қорытынды қайталау (2 сағат).




  1. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

55. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пәндік нәтижелер, тұлғалық нәтижелер, жүйелі-іс әрекеттік нәтижелермен бағаланады.

56. Пәндік нәтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:


  1. дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын;

  2. дүниетанымның тарихи түрлері – мифологиялық, діни және философиялық;

  3. әлемді тану мәселесін, ғылымның пайда болуын;

  4. білімнің қазіргі заманғы мәнін;

  5. адам өміріндегі құндылықтарды және құндылықтарды таңдау мәселесін;

  6. бостандықты қажеттілік ретінде;

  7. жеке және әлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;

  8. қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;

  9. қоғамдағы нарықтық экономиканың ролін, экономиканың нарықтық субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын;

  10. ұсыныс пен сұраныс заңдарын, кіріс көздерін, өндірістің факторларын, мемлекеттің монополияға қарсы саясатын;

  11. қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын;

  12. демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық және саяси ұйымдарды;

  13. қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын;

  14. қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;

  15. қоғамның дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы түсініктерін;

  16. тұлғаның әлеуметтік статусын, қоғамның әлеуметтік құрылысын;

  17. қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің формалары мен белгілерін, саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін;

  18. адамның рухани мәдениетінің негіздерін, қоғамның рухани құндылықтары, тұлғаның адамгершілік негіздері, тәрбие мен білім беру міндеттерін;

  19. қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін;

  20. адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін;

  21. Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін және адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды;

  22. жеке және көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.

57. 10 сыныптың соңында оқушылар:

1) негізгі әлеуметтік обьектілер мен құбылыстарды, олардың маңызды белгілерін, заңдылықтары мен дамуын сипаттай білуді;

2) әлеуметтік обьектілер мен құбылыстар туралы алынған ақпараттарды талдай білуді, олардың жалпы белгілері мен айырмашылықтарын анықтауды, зерттелген әлеуметтік құбылыстардың маңызды сипаттары мен белгілері арасындағы және қоғамтану терминдері мен ұғымдары арасындағы сәйкестікті орната білуді;

3) әлеуметтік – гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарындағы зерттелген теориялық ережелерді мысалдарда көрсете білуді;

4) ретсіз әлеуметтік ақпараттарды жүйелеу, жалпылау, талдау; ондағы айғақтарды, пікірлерді, дәлелдер мен тұжырымдарды ажырата білуді;

5) қалыптасқан қоғамтанулық білімдерінің негізінде өзінің дербес көзқарастарын және белгілі бір мәселелер бойынша дәлелдердің негізінде өз пікірін қалыптастыра білуді;

6) әлеуметтік мәселе бойынша шығармашылық жұмыстарды, ауызша талдай білуді;

7) өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша танымдық мәселелерді шешу барысындағы әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстанулық-ғылыми білімдерді қолдана білуді;

8) жаппай қарым қатынаста және тұлға аралық тілдесу барысында алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан талдау үшін қарапайым өмір мен практикалық іс әрекетте алынатын білімдер мен іскерліктерді пайдалана білуді;

9) маңызды қоғамдық оқиғаларда дербес бағыт ала білу, жеке азаматтық ұстанымды анықтауды;

10) белгілі бір әлеуметтік әрекеттерден туатын салдарды алдын ала болжай білу, мораль мен құқықтың негізінде адамдардың іс әрекеттеріне және болып жатқан оқиғаларға баға бере білуді;

11) адамдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау және жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін дәлелдей білуді;

12) наным-сенімдері, мәдени құндылықтары мен қоғамда алатын орындары әртүрлі адамдармен өзара қарым қатынас орната білуді меңгеруі тиіс.

58. 11 сыныптың соңында оқушылар:

1) ақыл-ой мектебі мен саналы және игілікті өмір мектебі ретінде философия негізін;

2) жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардағы философиялық мәселелерді;

3) әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мәселелерін;

4) нарықтық экономика туралы (еңбек нарығы, капитал, табиғи рессурстарды);

5) ұлттық экономиканның негізгі көрсеткіштері мен экономикалық өсімнің ерекшеліктерін;

6) қоғамның әлеуметтік құрылысы, оның элементтері, әлеуметтік іс-әрекет және әлеуметтік рөлдерді;

7) қоғамның саяси жүйесін, Парламент, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, әділет органдары, жергілікті өкілетті, атқарушы және құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тәртібін;

8) философия, әлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі сияқты ғылымдардың мәні мен ерекшелігін;

9) адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мәні мен бағдарын;

10) қоғамдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;

11) қоғамдағы экономиканың ролін, еңбек нарығын, капитал, табиғи ресурстарды;

12) құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, конституциялық кепілдемелерді;

13) мәдени жетістіктерді, адамның рухани әлемін сипаттауды;

14) қарым-қатынас, мораль және адамгершілік нормаларын білуі тиіс.

59. 11 сыныптың соңында оқушылар:

1) мемлекет саясатының мәнін түсіндіре білуді;

2) жаңа материал бойынша өз бетімен жұмыс істеуді, зерттеушілік жұмыспен айналысуды;

3) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты түсіндіруді;

4) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды өз бетімен талдай білу және жалпылау;

5) әлеуметтанудағы, саясаттанудағы, экономика мен заң ғылымдарындағы бастыларын анықтауды;

6) қоғам өмірінің оң және теріс құбылыстарына дербес баға беруді;

7) экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелер бойынша жеке көзқарасын білдіре білуді және оны дәлелдеуді;

8) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі б(мәтін, карта, кесте, схема, аудиовизуалды) ақпараттарды талдауды;

9) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді;

10) құқықтық және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу, алынған мәліметтерді дәлелдеу үшін талқыланатын мәселелер бойынша дербес көзқарасын білдіруді;

11) қазіргі өмірдің құбылыстарына қатысты өз көзқарасын білдіру, өзінің іс-әрекеттерін және маңайындағылардың әрекеттерін әлеуметтік тәртіптің түрлерімен салыстыра білу;

12) әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік топтар мен әлеуметтік нормалардың дамуындағы себеп-салдарлық байланыстарды және заңдылықтарды айқындауды;

13) экономиканың, қоғамның саяси жүйесінің, алуан түрлі мәдениеттің дамуы туралы түрлі материалдар көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба білуді;

14) моральдық, этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды талдау және жалпылауды;

15) материалдық өндіріске сипаттама беру және оны бағлау, қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағалай білуді меңгеруі тиіс.

60. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:


    1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;

    2. азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет етуден;

    3. мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуден;

    4. туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік көрсетуден;

    5. салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;

    6. этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы мәдениетін көрсетуінен;

    7. өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;

    8. үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;

    9. әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.

61. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелер оқушының пән олимпиадасында, таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нәтижелері портфолиосында жинақталады.

  1. Ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;

  2. ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алуы, тірек конспект, сызбанұсқалар, кестелер құрастыру рефераттар, пікірлер жаза білу;

  3. жаңа материалмен, өздігінен жұмыс істей білу, зерттеу жұмыстарымен айналысу;

  4. танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін;

  5. қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;

  6. жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуі тиіс.

«Өзін-өзі тану» пәнінен оқу бағдарламасы



(қоғамдық-гуманитарлық және

жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

2. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:



  1. адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  2. оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  3. қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:

  1. өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  2. түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  3. өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  4. адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  5. өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  6. жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  7. өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  8. қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:

  1. оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

  2. өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;

  3. өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;

  4. адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;

  5. әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;

  6. белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;

  7. күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.

7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:



  1. рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;

  2. өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;

  3. күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.

8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:

1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:

өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;

өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;

әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;

адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.

2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:

өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;

өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;

әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;

адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.

3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:

әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.

адамның өзін-өзі тануы

адам және қоғам

адам және қоршаған орта

9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.

10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.

11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.

12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.

13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.

14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.

15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.

16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет