2. Базалық білім мазмұны
17. Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар). Аталған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады және жалпы орта білім беретін жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелермен сәйкес келеді.
18. Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында негізгі төрт тарауды қамтиды:
1) таным тағылымдары;
2) адам болам десеңіз...;
3) жарасымды өмір салтанаты;
4) кең дүние келбеті.
19. Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.
20. 10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену маңызды деп саналады.
21. Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.
22. «Таным тағылымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді. Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық, талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.
23. «Адам болам десеңіз...» атты екінші тарау мазмұнында жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп, олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді. Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз, қанағат пен рақым және т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін кеңейту және тереңдету көзделеді.
24. «Жарасымды өмір салтанаты» атты үшінші тараудың тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның әлемге ашық бола білуі мен әлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету қарастырылған. Тарау мазмұнында әлемнің көпқырлылығы, уақыттың өткіншілігі, тарих пен адамның өзара байланысы, адам мен Әлемнің байланысы, адам мен жер және тағы басқа мәселелер орын алған. Оқушылардың есею кезеңіне сәйкес жастық шақ сияқты ұғымдардың мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының, отбасының, сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін жауапкершілік шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық және қоғамдық рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.
25. «Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған әлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый екендігі мен мән, мағынасы және адам үшін әлемді танудың, жасампаздық еңбектің маңызы ашылады. Пән мазмұны әлемді құндылық тұрғысынан қабылдау дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған әлеммен қатынасын, қоршаған әлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста сезінуге мүмкіндік береді.
26. Оқушылардың адамзаттың мәдени мұраларына сүйене отырып, өздерінің адамдық болмысын сезінуге және бейбітшілік үшін жауапкершілікке одан әрі қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады.
27. Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының, отандастарының гүлденуіне адамның жасампаздық белсенділігінің маңыздылығын түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді. Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі танудың соңғы курсы болып табылады және әрбір оқушының шексіз өмірлік кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне, адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы өзіндік мәнділігін және әркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты қолданылатындай болашақты жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына әрбір адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын ұғынуға көмектеседі.
28. 10-11- сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану бойынша білім беру мазмұнының ерекшелігі бұрын меңгергендерін жинақтау, оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімі мен түсінігін тереңдету мен оларды мұнан былайғы иеленуін, ересек өмірге енетін орта мектеп түлегінің қажетті қоры болатын құзiреттiлiктерге ие болуын бағдарлау болып табылады.
29. Белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі және мейірімді адамды, сүйікті және қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты, сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуді қарастырады.
30. Одан әрі мектептің жоғары сатысындағы 10-11-сыныптарына арналған өзін-өзі тану бойынша тақырыптық жоспары бір-бірiмен сабақтасып, білім беру мазмұны толықтай ашылып берілген.
31. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, бір жылға барлығы 34сағаттық оқу жүктемесі көлемінде әрбір сыныпта жүзеге асырылады.
32. Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту интерактивтік әдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың әрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі. Сонымен қатар түрлі әдістемелік тәсілдер мен денсаулықты сақтайтын мүмкіндігі мол дәстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.
33. 10–сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
|
Тақырыбы
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
І-тарау. Таным тағылымдары
|
|
1-2
|
Таным белестері
|
Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі. Танымның түрлері мен тәсілдері. Зерде – танымның құралы. Зерде және интуиция.
|
2
|
3-4
|
Ой-өріс кеңдігі және ақыл-парасат
|
Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға қойған мақсатына жетудің оңтайлы жолдарын таба алуы. Ой-өріс кеңдігінің нәтижеге жетудегі мәні.
|
2
|
5-6
|
Ниет тазалығы – ізгілік мұраты
|
Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиеті. Көңіл, ниет
тазалығының қарым-қатынастағы мәні.
|
2
|
7-8
|
Рухани байлық – игілік көзі
|
Адамның рухани, мәдени және материалдық және материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келетін іс-әрекеттер (ырзық).
|
2
|
ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
|
|
9-10
|
Алынбайтын асу жоқ
|
Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін қажетті тілектері мен мүмкін-діктерін шынайы түрде салыстырып пайдалана алу. Жігер, төзімділік, табандылық.
|
2
|
11-12
|
Салауатты өмір салты
|
Өмір мен денсаулықты құндылық ретінде сезінуі, өзінің келешек дене және рухани даму жолдарын анықтай алуы, салауатты өмір салты мен сауықтыру әдістемесінің пайдасы туралы білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы, шылым шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан аулақ болуы.
|
2
|
13-14
|
Қанағат, рақым ойлап қой!
|
Адамның барға риза болуы.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеп, құнығудан бас тарту екендігі.
|
2
|
15-16
|
Қайсарлық пен батылдық
|
Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу. Жігерлілік. Елжанды азамат тұлғасын қалыптастыру. Діттеген мақсатқа жетудегі құлшыныс.
|
2
|
17-18
|
Екі сөйлеу ерге сын
|
Сөз бен істегі тұрақтылық. Өзіндік көзқарасқа деген сенімділік.
|
2
|
ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты
|
|
19-20
|
Жалынды жастық шақ
|
Жастық шақ – адам өмірінің бір белесі. Өмірден өз орнын табуға талпыныс, қызығушылық, құштарлық.
|
2
|
21-22
|
Жарасымды қарым-қатынас
|
Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, кешірім мен келісім. Өз ойы, сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарау.
|
2
|
23-24
|
Іңкәр көңіл, нәзік сезім.
|
Жастар арасындағы қарым-қатынас, алғашқы сезім, бала махаббат.
|
2
|
25-26
|
Қызмет етем халқыма
|
Өз ұлтын, тілін, ділін құрметтеп, өзгелерге түсіністік, сыйластық және шыдамдылық таныта алу.
|
2
|
|
IV-тарау. Кең дүние келбеті
|
|
27-28
|
Тылсым дүние ғажаптары
|
Адам мен әлем тұтастығы. Жаратылыс құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілікке тигізетін әсері.
|
2
|
29-30
|
Уақыт – мезгіл пернесі
|
Әр нәрсенің, мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі мәні.
|
2
|
31-32
|
Жұлдызым менің жоғары
|
Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи дарын. Бейімділік пен икемділік.
|
2
|
33-34
|
Өмір өзен
|
Өмірден өз орнын табуға талпыну. Болашақ мақсатын айқындау.
|
2
|
34. 10-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 10-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
35. Оқушы 10-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
37. 11-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
І-тарау. Таным тағылымдары
|
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сабақтың мазмұны
|
Сағат саны
|
1-2
|
Өмір – шексіз керуен
|
Өмір, өмір сүру құндылығы; өмірдің мәнін түсіну, адам атына лайықты өмір сүру, өмірге құштарлық, өмірден өз орнын табу, өмірді қадірлей білу және т.б.
|
2
|
3-4
|
Жақсылық – жан шуағы
|
Жақсылық, мейірімділік құндылықтары; пейіл, ниет тазалығы, жақсылыққа ұмтылу, риясыз жақсылық жасау, жақсылық шарапатын, игілігін сезіну, жақсылыққа ризашылық білдіру, мейірімділік, жанашырлық, ізгілік таныту және т.б.
|
2
|
5-6
|
Бақыт сыры
|
Бақыт құндылығы; өмірдің сәтті, қуанышты кездерін қадірлеу, кез-келген жағдаятты дұрыс қабылдай білу, бақытқа қол жеткізу жолдарын таба білу және т.б.
|
2
|
7-8
|
Махаббат – өмір нәрі
|
Махаббат құндылығы; махаббаттың адам өміріне әсері, шынайы сезім құдіреті, ана махаббаты, бала махаббаты, жақсы көру, құштарлық, сүйіспеншілік, ұғымдарын ажырата алу және т.б.
|
2
|
ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
|
9-10
|
Ар-ұждан – адамдық өлшемі
|
Ар-ұждан құндылығы; ар, ұждан тазалығы, намыс, ұят, абырой, ынсап, қанағат туралы түсінік; ар алдындағы адалдық, арды сақтау, өзін-өзі тәрбиелеу.
|
2
|
11-12
|
Парыз – азаматтық арқауы
|
Парыз, азаматтық құндылықтары; парыздың түрлерін білу, азаматтық парыз, ата-ана, қоғам, Отан алдындағы парызды абыройлы өтеу, адалдық пен әділдікке, шындыққа сүйіспеншілік, азаматтық айқындама.
|
2
|
13-14
|
Арман – жарқын болашақ бейнесі
|
Арман құндылығы; арман, қиял, мұрат ұғымдары туралы түсінік, армандау, арманға жетудің жолдары, арманның адам болашағына әсері, арманды жүзеге асыруға қажетті қасиетттер, арманын адамзат игілігіне бағыттау.
|
2
|
15-16
|
Мамандық – жетістік мерейі
|
Мамандық құндылығы; мамандықтың адам өмірінде алатын орны, отбасылық кәсіпті құрметтеу, мамандық таңдау, мамандықты сүю, кәсіби маман болуға ұмтылу, еңбектің қуанышын сезіну, өз еңбегінің жемісін көру, мамандығын ел игілігіне арнау.
|
2
|
ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты
|
17-18
|
Отбасы – өмір аясы
|
Отбасы құндылығы; отбасы әдебін, салтын сақтау, отбасын қадірлей, құрметтей білу, отбасын құрудың басты мүддесі, ата-ананың ұрпақ алдындағы, ұрпақтың ата алдындағы міндеттері мен парыздары, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, түсіністігі, жауапкершілігі, бауырмалдығы, сүйіспеншілігі.
|
2
|
19-20
|
Ата-анаң – алтын тұғырың
|
Ата-ана құндылығы; ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтау, ата-анаға мейір-махаббат сыйлау, қамқорлық көрсету.
|
2
|
21-22
|
Ағайын – ел ырысы
|
Туыстық, бауырмалдық құндылықтары; ағайынның қадірін білу, ағайын татулығы, бірлігі, сыйластығы, туыстық қарым-қатынас жасай білу.
|
2
|
23-24
|
Ата салты – асыл қазынаң
|
Ата салты ұлттық құндылық ретінде; ата салтын білу, құрметтеу, қолдану, ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді жалғастыру.
|
2
|
25-26
|
Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты
|
Руханият құндылығы; ұлттың рухани мұрасын қадірлеу, дәріптеу, ұлттық болмыс, рух, намысты сақтау, салт-дәстүрді жалғастыру.
|
2
|
IV-тарау. Кең дүние келбеті
|
27-28
|
Қазақстан – ынтымақ ордасы
|
Отан құндылығы; ынтымақ, татулық, береке, бірлік, бауырмалдық, өзара түсіністік, сыйластық, толеранттылық, достық, тату-тәтті өмір сүру.
|
2
|
29-30
|
Өркениет – ел мұраты
|
Өркениет құндылығы; өркениет пен мәдениет, ұлттық мәдениетті сақтау, дамыту, өркениетке ұмтылу, жасампаздық.
|
2
|
31-32
|
Табиғат – тылсым дүние
|
Табиғат құндылығы; табиғат пен адам өмірінің үйлесімі, табиғат тылсымы, табиғат сырына қызығушылық, табиғат ғажаптарын тамашалау, табиғатқа сүйіспеншілік, аялау, сақтау.
|
2
|
33-34
|
Адам – ғалам, ғажайып жеке дара
|
Адам ең жоғары құндылық ретінде; өзін-өзі тану, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту.
|
2
|
38. 11-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 11-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
39. Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
41. Оқушылар 10-сыныптың соңында:
бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар және жігер, төзімділік, табандылық, қайсарлық пен батылдық, кісілік пен кішілік, кешірім мен келісім туралы терең түсініктерге ие болады;
жалпыадамзаттық, этномәдени, ұлттық құндылықтардың өзара байланысын және арақатынасын түсінеді;
жәбір көрсетудің және қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын біледі;
өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды айырып, анықтай алады, оларды сипаттай біледі және өз қатынасын білдіре алады;
тілектері мен мүмкіндіктерін обьективті түрде салыстыра алады, материалдық және материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алады;
әр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап, сыни тұрғыдан бағалай алады;
мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани және бағалай алады, жағымсыз ниеттерді тежей алады, шиеленістерден аулақ болады, оларға тойтарыс бере алады және басқаларға зиян келтірмейтін шешім таба алады;
азаматтығын сезінуге талпынады, қазақ тіліне және өзге тілдерге, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен өзге халықтар дәстүрлеріне құрметпен қарауы, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады;
басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, олардың қоғамдағы орны мен ерекшеліктерін ескере отырып, құрмет пен шыдамдылық таныта алады.
42. 11-сыныпты бітірген оқушылар:
бұрынғы сыныптарда меңгерген адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;
өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсінеді, өзара адами қарым-қатынастарды тани алады және оны бағалай біледі;
айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алады, ұжымда еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мәртебесін теңестіре алады;
өз отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын болашағын сезіне алады;
өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады;
қоршаған әлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығы туралы біледі;
өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады;
салауатты өмір сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау ортасы жағдайларын қолдау және жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдана біледі;
өзін-өзі жетілдіру үшін ақпараттық және коммуникативтік технологияларды шығармашылықпен және өнімді пайдалана алады;
күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдайды және азаматтық ұстанымын көрсете алады;
нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |