Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен


-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/4
Дата23.08.2020
өлшемі58,92 Kb.
#76585
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу-бағдарламасы Қазақ тілі 10-11-сынып

2-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

5.Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым.

  4. әдеби тіл нормасы

6.«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

3) негізгі ойды анықтау;

4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;

5) сөйлеу мәдениетін дамыту;



  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

  5. мәліметтерді өңдей білу;

  6. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әртүлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;

  2. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  3. эссе жазу;

  4. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  5. шығармашылық жұмыс;

  6. мәтіндерді түзету және редакциялау;

  1. Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

      1. орфография;

      2. орфоэпия.

      3. лексика

      4. грамматика

      5. пунктуация

  2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру; мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу; мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау; коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану.

2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау; ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері); әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу; ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу; ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде); мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу; белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.

3) жазылым: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік); ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру; ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.мәтіндер құрастыру; ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және т.б. мәтіндер құрастыру; публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу; көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша); мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу; оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу); әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу; жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық нормаға сай жазу; сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу; сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу; сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте); сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).



  1. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу; мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау; тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру; мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау; мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау; коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану.

2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер,синтаксистік құрылымы ); әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу; ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу; ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде); мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру; белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу.

3) жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар); ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру; ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.мәтіндер құрастыру; ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және т.б. мәтіндер құрастыру; публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу; көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша); мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау; көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу; оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу; әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма, т.б.) ұсына білу; жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетудер енгізу, редакциялау.

4) әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу; сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу; сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу; сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу; сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану; әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану; мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып); мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет