Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып
Тақырып
|
Сөйлесім әрекетінің түрлері
|
Оқыту мақсаттары
|
Барлығы: 68 сағат, аптасына 2 сағат.
|
1-тоқсан
|
1-тарау.
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет
|
Тыңдалым және айтылым
|
10.1.1.1 - . мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
|
Оқылым
|
10.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
|
Жазылым
|
10.3.1.1.- ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;
10.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
|
Әдеби тіл нормалары
|
10.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
|
2-тоқсан
|
2- тарау. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
|
Тыңдалым және айтылым
|
10.1.2.1.- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
10.4.3.1.- әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;
|
Оқылым
|
10.2.2.1 - ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);
|
Жазылым
|
10.3.1.2.- ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.мәтіндер құрастыру;
|
Әдеби тіл нормалары
|
10.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
|
3-тоқсан
|
3-тарау.
Адамзат дамуының жаһандық мәселелері
|
Тыңдалым және айтылым
|
10. 1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
10. 4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
|
Оқылым
|
10.2.3.3.- публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;
|
Жазылым
|
10. 3.3.1.- қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
10.3.6.1.- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
|
Әдеби тіл нормалары
|
10.4.3.1.- әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану.
|
4-тарау.
Адам өмірін сақтау
|
Тыңдалым және айтылым
|
10.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
|
Оқылым
|
10.2.4.1 - әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
10.2.6.1.- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
|
Жазылым
|
10.3.4.1.- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу);
10. 4.5.1.- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
|
Әдеби тіл нормалары
|
10.4.4.1.- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.
|
4 - тоқсан
|
5- тарау.
Қылмыс және заң
|
Тыңдалым және айтылым
|
10.1.5.1-коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологяилық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
|
Оқылым
|
10.2.5.1.- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
|
Жазылым
|
10.3.5.1.- әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма, т.б.) ұсына білу;
10.4.4.1.- сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу;
|
Әдеби тіл нормалары
|
10.4.5.1.- сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
|
2) 11-сынып
Тақырып
|
Сөйлесім әрекетінің түрлері
|
Оқыту мақсаттары
|
Барлығы: 34 сағат, аптасына 1 сағат.
|
1-тоқсан
|
1-тарау.
Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі
|
Тыңдалым және айтылым
|
11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
|
Оқылым
|
11.2.1.1 - әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
|
Жазылым
|
11.3.1.1.-.ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;
11.3.1.1.-.ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру;
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.1.1.- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
|
2-тоқсан
|
2-тарау.
Экология: ядролық және мұнай өндірістері
|
Тыңдалым және айтылым
|
11.1.2.1.- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
11.4.3.1.- әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;
|
Оқылым
|
11.2.2.1 - таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
|
Жазылым
|
11.3.2.1.- мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау;
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
|
3-тоқсан
|
3-тарау.
Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция
|
Тыңдалым және айтылым
|
11.1.3.1 - мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық –саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру;
11.4.2.1.- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;
|
Оқылым
|
11.2.3.3. - публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу;
|
Жазылым
|
11.3.3.1.- қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);
11.3.6.1.- жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау);
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.3.1.- әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану;
|
4-тарау.
Әлемді өзгерткен өнертабыстар
|
Тыңдалым және айтылым
|
11.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
|
Оқылым
|
11.2.4.1 - әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
11.2.6.1.- БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру;
|
Жазылым
|
11.3.4.1.- оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
11.4.5.1.- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.4.1.- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып).
|
4-тоқсан
|
5-тарау.
Туризм: экотуризм
|
Тыңдалым және айтылым
|
11.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу.
Сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологяилық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
|
Оқылым
|
11.2.5.1.- мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
|
Жазылым
|
11.3.5.1.-. әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма, т.б.) ұсына білу;
11.4.4.1.- мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып);
|
Әдеби тіл нормалары
|
11.4.5.1.- мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |