Жамбас өлшемін өлшеу


Жүктілік пен босанудың ағымы



бет2/5
Дата04.12.2023
өлшемі3,44 Mb.
#195009
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 срс (1)
Сроп 7

Жүктілік пен босанудың ағымы.

  • Нәрестенің дұрыс орналаспауы кезінде жүктілік пен босанудың ағымының ерекшеліктері бар.Жүктілік ешқандай асқынусыз өтеді,бірақ жиі мезгілінен бұрын босану байқалады,әр-бір 3-4-ші босану мезгілінен бұрын босану.
  • Медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда ана мен нәресте өміріне қауіпті асқынулар болады: қағанақ суының ерте кетуі,нәрестенің ұсақ бөліктерінің түсіп қалуы(кіндік бауы, қолы),асқынған көлденең орналасуы,жатырдың жыртылуы,ана мен нәрестенің өлімі, қаға-нақ суының қарқынды кетуі кезінде жиі кіндік немесе нәресте қолының түсуі байқалады.
  • Нәрестенің көлденең орналасуында кіндіктің түсуі инфицирленуіне және нәрестенің гипоксиясына әкелуі мүмкін.
  • Медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда толғақ кезінде жамбастың кіре берісіне нәрестенің иығы түседі.Нәрестенің үлкен бөлігі жатырдың созылған төменгі сегментінің және жатыр мойнының қуысында болады.Жатыр ішінде нәресте қозғала алмайды, нәрес-тенің асқынған көлденең орналасуы пайда болады.Жалғасқан толғақ тырыспа тәрізді болып,жатырдың төменгі сегменті одан сайын созылып жұқарады.Босанатын әйел маза-сызданып,ішінің ауырсынуына шағымданады,тері шығады,пульсі жиіленеді,түрі аянышты қалыпта болады.Толғақтың бірінде босанатын әйел ішінің ауырсынуынан айқайлап жібе-реді,жағдайы кенеттен нашарлайды,терісі бозарады,пульсі жіп тәрізді,АҚҚ төмендейді, толғағы тоқтайды,жыныс саңылауынан қан кетеді. Іштің формасы кенет өзгереді,нәресте құрсақ қуысына түскендіктен ол ассиметриялы болады.Бұл белгілердің бәрі жатырдың жыртылғанын білдіреді.Әйелдің өлімі перитонит пен сепсистен болуы мүмкін

Жүктілік пен босануды жүргізу.

  • Жүктілік пен босануды жүргізу нәрестенің көлденең орналасуында болатын асқынуларды алдын алу мен жоюға негізделген.Жүктіліктің 35-36аптасында нәресте қалпы тұрақты болғандықтан,көлденең орналасуы диагнозы анықталса жүктілікті әрі қарай жүргізуіне шешім қабылдау және әйелді ескерту керек.Жүкті әйелді перзентханаға жүктіліктің 35-36 аптасында жатқызу керек.Перзентханада әйелді тексеріп,босануға психо-профилакти-калық дайындықтан өткізеді.Толғақ басталған және қағанақ суы кеткен кезде кезекші дәрігерге айту керектігі жайлы жүкті әйелді ескерту керек.
  • Босануды жүргізген кезде келесі жағдайларды ескерту керек:
  • 1) нәрестенің көлденең орналасуы кезінде жетілген нәрестемен табиғи босану жолдары-нан босану мүмкін емес.
  • 2) босандырудың қынаптық әдістерінің(нәрестені бұрғаннан кейін аяғынан қолмен тартып алып шығару) техникасы өте қиын,әйелге қауіпті және өлі туумен асқынады.Сондықтан ең тиімді босандыру әдісі Кесар тілігі болып табылады.Бұл операция келесі жағдайларда жасалады:
  • 1) жасы 30-дан асқан алғаш рет босанатын әйелдерде
  • 2) көлденең орналасу мен басқа акушерлік патологиялардың болуы(тар жамбас,плацента-ның алда жатуы)немесе нәресте тууына кедергілер немесе жыныс мүшелерінің ісіктері (жатыр миомасы,аналық без бластомасы)
  • 3) Кесар тілігі,миома түйіндерін алу,жатырдың тесілуі кезіндегі операциялардан кейінгі жатырдағы тыртықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет