Босанудың I кезіңінде – қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады. Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбаспен толық қысып ұстай алмағандықтан, қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып қағанақ қуығының тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі ( жатыр мойны түгел ашылмай тұрып ), кіндік баудың, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына және нәресте гипокциясына душар етеді. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезеңде сақтаудың маңызы зор; ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет ыдысына отырғызады.
I кезеңде нәрестенің жүрек соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлуі керек. Нәресте гипоксиясының алдын алу үшін: оттегін, 40%-20. 0 мл глюкозаны + 1, 0 мл сигетинді үш сағат сайын және 1, 0 мл АТФ, 100 мл кокарбоксилазаны, 0, 01 гр метионинді, 0, 02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданылады.