Шығармалары:
Тарази Ә. Қиянат: Роман.- Астана: Елорда, 2002;
Тарази Ә. Махаббат жыры: Повестер.- Астана: Елорда, 2002;
Тарази Ә. Жолы болтан жігіт: Драмалық хиқаяттар.- Астана: Елорда, 2003;
Тарази Ә. Тәж: Әңгімелер, эсселер, сыр-толғаулар. - Астана: Елорда, 2003;
Таразн Әкім, Мұсалы Ләйла. Көркемдік құпиясы.- Алматы: Санат, 2000.
Тарази Ә. Үлкен ауыл: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1968;
Тарази Ә. Бұлтқа салған ұясын: Роман.- Алматы: Жазушы, 1977;
Тарази Ә. Қыз махаббаты: Пьесалар.- Алаты: Өнер, 1982; Тарази Ә. Жаңбырлы түндер: Роман және әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1988; Тарази Ә. Кен: Роман.- Мейірім.- Алматы: Жазушы, 1986; Тарази Ә. Қорқау жұлдыз: Роман мен повесть.- Алматы: Жазушы,1991; Тарази Ә. Жаза: Роман және хиқаяттар.- Алматы: Санат, 1998;
Тарази Ә. Шер: Романдар, хиқаят.- Алматы: Атамұра, 2000;
* * *
Елеукенов Ш. Тарази тынысы // Дала мен қала.-2011.-28қараша.-11б.
Мұқанова Р. Менің Таразиым //Қазақ әдебиеті.-2013.- 30тамыз-5қыркүйек.-1,5б.
Жұмабай Н. Қазақты бір адам жақсы корсе, мендей-ақ жақсы көрсін //Айқын.-2013.-4шілде.-8б.
Жолдасбеков М. Тарази туралы түйінді сөз // Айқын.-2013.-6қыркүйек.-5б.
Жолдасбеков М. Әкім әлемі //Егемен Қазақстан.-2013.-5қыркүйек.-4б.
Әшімов Әкім (Әкім Тарази). /Қазақ әдебиеті: энциклопедия.- Алматы, 1999.- 140 6.
Тарази Әкім //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықгамалық.- Алматы, 1987.- 600-601 б.б.
Тарази Әкім // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-63-64б. Тарази Әкім // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 104б.
ТӘЖІБАЕВ ӘБДІЛДА
(1909-1998)
Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев қазақ әдебиетінің өркендеп, дамуына өзіндік қолтаңба қалдырып кеткен қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің бірі. Оның лирикалық жырлары, әсіресе монологы, теңіз жайлы жазған жырлары сыршылдығымен оқырмандарын өзіне баурап алатын. Ақын асау теңіздің толқындарынан шабыт шақыратындай:
Теніз!
Сенен ұлы болған емес бір ақын,
Жырың қандай, жырың қандан сүрапыл!
Арасында бүрқыраған дүлейдің,
Түн жамыла жылап тұрып тілеймін:
Жүрегіңнің бөлшегін бер,
Өлеңіңнің өлшемін бер.
Ол аз десең, өзімді де ал,
Толқыныңа аямай сал.
Я күйрейін, күл болайын,
Я теңізге айналайын.
Болашақ ақынның анасы Айманкүл де ақын болған, сондықтан да жастайынан ол анасынан қисса- дастандарды мақамдап оқуды үйренді. Әбділда Тәжібаев халық ауыз әдебиетіне қаршадайынан қанығып, сол сүйікті тақырыбынан қол үзген жоқ. Дулат, Мүрат, Сүйінбай, Жамбыл, Шашубай, Нартай, Нүрпейіс сияқты халық ақындарының өлең-толғауларын бір жағы зерттеп, бір жағы олардан үйреніп отырды.
Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылордада туган. 1946 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университетін бітірген. 1932-34 жылдары Қарсақпайдағы «Қызыл кенші», кейін «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1934-1944 жылдарда- төрғасы болып қызмет істеді. 1945-48 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының тіл және әдебиет институтында Жамбыл бөлімшің меңгерушісі болды. 1959-60 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, 1960-84 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.
Ақынның түңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» деген атпен 1933 жылы шықты. Осы жинақтан басталған оның өлең жолы өзі көз жүмғанша 1998 жылға дейін жалғасты. Әбділда Тәжібаев 30-дан астам жыр кітаптарының, 10-нан артық пьесалардың авторы. Том-том әдеби-сын мақалалары, филологиялық ғылымның докторлық дәрежесі профессорлық атағы бір адамның басындағы дәулет десе болғандай. Оның «Оркестр» (1935), «Құтқару» (1935,1936,1939), «Екі жиһан» (1938), «Абыл» (1940), «Шын жүректен» (1949), «Сүйген жүректер» (1951), «Таныс дауыстар» (1984) поэмалары мен өлеңдері жарық көрді. Қазақ поэзиясының елеулі туындылары ретінде бағаланған «Гүлден дала» (19531 «Аралдар» (1958), «Жастық жылдары» (1962), «Кешеден бүгінге» (1964), «Көне қоңырау» (1973; Абай атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы), «Жаңа өрімдер» (1975), «Құрдастар» (1977), «Толағай» (1978) т.б. жыр жинақтарын жазды. Шығармаларында бүгінгі дәуір, жасампаз замандас жайлы сыр шертіп, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуді мақсат етіп, оларды адалдыққа, еңбек сүйгіш болуға үндеген. Әбділда Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандардың, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларында, «Дубай Шубаевич », «Той боларда» комедияларында адамның қоғамдағы орны, азаматтық парызы, махаббаты сияқты өзекті мәселелері көтерілген. Әбділда Тәжібаев әдебиеттану саласында өнімді еңбек етті. «Өмір және поэзия» (1960) монографиасында қазақ поэзиясының жекелеген мәселелеріне тоқтап өтсе, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде (1971) қазақ драматургиясының күрделі мәселелерің жан-жақты қарастырған. Бұдан басқа да «Жылдар, ойлар» (1976), «Жаданның хаттары» (1980), «Хаттар сөйлегенде» (1980), «Өмір мен ерлік» (1985) деген сын, эссе, проза кітаптарында әқын әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтады. Әбділда Тәжібаевтың сценарийі бойынша (Н .Ф. Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі (1954) түсірілген. Тәжібаев Пушкнннің, Шевченко, Островскнйдің, Гейненің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Әбділда Тәжібаевқа 1985 жылы «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.
Әбділда Тәжібаев 1998 жылы дүниеден өтті. Оның асыл жырлары жыл өткен сайын асқақтап жастарды өрлікке, биіктікке шақырып теңіз түбіндегі маржандай бағалы бола беруі сөзсіз.
ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тәжібаев Ә. Шығармалары. Екі томдық. Т.1-2.-Алматы. ҚМКӘБ., 1960;
1 том. 1928-1950.-320 бет
2том. 1950-1960.-416 бет.
Тәжібаев Ә. Шығармалары. Екі томдық. Т.1-2.-Алматы. Жазушы, 1969;
Тәжібаев Ә. Шығармалар жинағы. 5 томдық.- Алматы. 1978 - 1981.
1. том.-1978-750 бет
2. том.-1979 - 680 бет
3. том.-1980.- 636 бет
4. том: Ғылыми еңбектер -1981.- 760 бет
5. том: Проза.-1981 - 703 бег.
Тәжібаев Ә. Жаңа ырғақ - Семей: Қазақстан баспасы, 1934;
Тәжібаев Ә. Таңдамалы өлеңдер - Алматы: Каз.көркем әдебиет 6асп. 1936;
1939.
Тәжібаев Ә. Әдебиет хрестоматиясы. Орта және орталау мектеп. 5 кл. үшін.Алматы: Қаз.көркем әдебиет басп., 1938;
Тәжібаев Ә. Мерген. - Алматы. Каз.мемл. оқу құрал басп., 1948;
Тәжібаев Ә. Өлеңдерімен поэмалары - Алматы: Қаз.бірік. мемл. басп., 1949;
Тәжібаев Ә. Шын жүректен. Таңдамалы шығармалар - Алматы: Қаз.мемл.оқу құрал басп., 1949;
Тәжібаев Ә. Сүйген жүректер.- Алматы. ҚМКӘБ. 1951;
Тәжібаев Ә. Гүлден дала: 4 актілі пьеса.- Алматы: ҚМКӘБ., 1953;
Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия - Алматы. ҚМКӘБ., 1960;
Тәжібаев Ә. Жастық жырлары - Алматы: ҚМКӘБ., 1962; Жазушы, 1967;
Тәжібаев Ә. Жүректілер: Пьесалар жинағы - Алматы: ҚМКӘБ., 1964;
Тәжібаев Ә. Кешеден бүгінге: Өлеңдер - Алматы. Жазушы, 1964;
Тәжібаев Ә. Жартас: Өлеңдер мен драм. поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1967;
Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы - Алматы.
Жазушы, 1971;
Тәжібаев Ә. Көне қоңырау: Өлеңдер - Алматы: Жазушы, 1973; Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. Естеліктер мен толғаныстар.- Алматы: Жазушы,
1976;
Тәжібаев Ә. Құрдастар: Өлеңдер. Поэмалар.- Алматы. Жазушы, 1977;
Тәжібаев Ә. Толағай. Ерлік туралы аңыз - Алматы. Жалын, 1978;
Тәжібаев Ә. Жаңа өрімдер.- Алматы. Жалын, 1979;
Тәжібаев Ә. Хаттар сөйлегенде: Күнделік-повесть.- Алматы: Жалыш, 1980;
Тәжібаев Ә. Таныс дауыстар: Өлеңдер мен поэмалар - Алматы: Жазушы,
1984;
Тәжібаев Ә. Өмір мен ерлік: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы. Жалын 1985;
Тәжібаев Ә. Күзгі жапырақтар. Өлеңдер мен поэма- Алматы. Жазушы, 1988;
Тәжібаев Ә. Есімдегілер: естеліктер, эсселер - Алматы. Жазушы, 1993;
Тәжібаев Ә. Аралдар. Өлеңдер жинағы - Алматы: Жазушы, 2002.
***
Оспанов С. Мінезді ақынмен мұндасу: немесе қазақтын ұлы ақыны Ә. Тәжібаев жайлы сыр // Түркістан.-2009.-2шілде.-15б.
Ораз Н. Сардар ақын: Ә. Тәжібаевтың туғанына 100 жыл // Жаңа Сарыарқа.-2009.-№3.- 3-7б.
Қирабаев С. Әбділда ақын // Қазақ әдебиеті.-2009.-9-15 қазан.-1,10б.
Жақсылықұлы З. Әбділда Тәжібаев-қазақ әдебиетінің тарихшысы //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2009.-№11.-3-17б.
Ергөбек Қ. Бар буын ақынға аға болатын...//Жас қазақ.-2009.-16қазан.-8б.
Бердәбай Р. Әдебиетіміздің асқар тауы //Қазақ әдебиеті.-2009.-29мамыр-4маусым.-4б.
Ергөбек Қ. «Қазақша құлатылған шығарма //Мәдени мұра.-2012.-№2.-2-8б.
Тәжібаев Әбділда. (1909-1998). // Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.- 620-621б. Тәжібаев Әбділда. // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық
анықтамалық - Алматы, 1987 - 602-603 бб.
Тәжібаев Әбділда // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-298б.
Тәжібаев Әбділда // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 496-497б. Тәжібаев Әбділда //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы.-2005.-
293б.
ТӘЖІБАЕВ БӘКІР
(1926-1994)
Бәкір Тәжібаев Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақбұлақ ауылында 1926 жылы туған. Әрі ақын, әрі әнші, композитор Бәкір Тәжібаевтың әндерін көпшілік қауым жылы қабылдап, ел арасында шырқалып жүр.
1950 жылы Б. Тәжібаев Алматы көркемсурет училищесінің актерлік факультетін бітіріп, Жамбыл, Шымкент облыстық драма театрында 1958 жылға дейін істеді. 1958-74 жылдар арасында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Алматы облыстық халық шығармашылығы Үйінің директоры, қазақ театр қоғамында кеңесші-методист болды.
Алғашқы шьғармалары 1956 жылы жарияланды. «Қара торғай» атты тұңғыш жинағына (1967) әр жылдары жазған новеллалары енген. Кейін «Балбұлақ» (1969), «Ән-дәурен» «1973), «Жүріп келем» (1976), «Дала жолдары» (1980), «Жыр жолаушы» (1982), «Ақбұлақ» (1985), «Беласқан» (1992) атты өлеңдер жинақтары жарық көрді. Өнер адамдарына арналған, олардың өмірі туралы «Біздің Роза» (1969), «Сахна жұлдызы» (1977) кітаптары шықты.
Бәкір Тәжібаев драматургия саласына да елеулі үлес қосқан қаламгер. Оның алғаш мектеп сахнасына арналған «Кел, дос болайық» пьесасы 1963 жылы басылып шықты. «Сал сері - қыз Қосан» (1956), «Ана жүрегі» (1960), «Қарагөз қарындасым» (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), «Ақтау әні» (1970) пьесалары республикамыздың бірқатар театрлары сахналарында қойылды. Бәкір Тәжібаев - «Қамар сұлу» операсы (муз. Е. Рахмадиевтікі 1963) либреттосының, 100-ден астам әннің авторы. Оның бірқатар әндері «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, әппағым», «Гүлсің-ау» т.б. Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғаныстан, Иран т.б. елдерде тұратын қазактар арасында кең тараған.
Бәкір Тэжібаевтың сөзіне жазылған композитор Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні бүкіл әлемге тарап, қарапайым қазақ қызы Әлия Молдағүлованың ерлігін паш етті. Ақынның «Ақбұлақ» атты ән-өлеңдер жинағы «Өнер» баспасынан жеке кітап болып шықты.
Б. Тәжібаевтың орындауындағы әндері «Мелодия» фирмасынан 1977 жылы күйтабақ болып шықты. Оған ән сүйер қауым арасына кең тараған әндері енген. Ал оның «Ақбұлақ» әні ақынның туған ауылына деген ыстық сезімінің, таза махаббаты мен сағыныш сазының тамаша үлгісі ретінде шоқтығы биік ән болып шырқала беретіні анық.
Бәкір Тәжібаев 1994 жылы дүниеден өтті.
ШЬІҒАРМАЛАРЫ:
Тәжібаев Б. Кел, дос болайық: Мектеп сахнасына арналған пьесалар.- Алматы: ҚМКӘБ., 1963;
Тәжібаев Б. Біздің кішкентай театр: Мектеп сахнасына арналған пьесалар.- Алматы: Жазушы, 1965;
Тәжібаев Б. Қара торғай: Хиқаялар.-Алматы: Жазушы, 1967;
Тәжібаев Б. Балбұлақ: Өлеңдер - Алматы: Жазушы.1969;
Тәжібаев Б. Біздің Роза (Роза Бағланова).- Алматы: Қазақстан,1969;
Тәжібаев Б. Ән-дәурен: Өлеңдер мен әндер.-Алматы: Жазушы, 1973;
Тәжібаев Б. Жүріп келем : Өлеңдер, әндер.-Алматы: Жазушы, 1976;
Тәжібаев Б. Сахна жұлдызы.-Алматы: Жалын, 1977;
Тәжібаев Б. Дала жолдары: Өлендер.-Алматы: Жазушы,1980;
Тәжібаев Б. Жыр-жолаушы. Өлеңдер - Алматы. Жазушы, 1982;
Тәжібаев Б. Ақбұлақ: Ән-өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1985
***
Мұқаш Қ. Жайсан ақын Бәкір Тәжібаев // Қазақ әдебиеті.-2013.-26шілде.-10б.
Тәжібаев Бәкір Телеуұлы. (1926-1994). // Қазақ әдебиеті: Энциклопедия - Алматы, 1999.- 621 б.
Тәжібаев Бәкір // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-298б.
Тәжібаев Бәкір // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 496-497б. Тәжібаев Бәкір //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-293б.
Достарыңызбен бөлісу: |