Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет4/13
Дата23.10.2016
өлшемі2,44 Mb.
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шығармалары :
Ақышев Н. Үндемейтін ұл: Әңгімелер мен повесть.- Алматы : Жалын, 1982.- 167 б.

Ақышеев Н. Қиырдан келген көгершін: Повестер мен әңгімелер. – Алматы : Жалын, 1984.-96 б.

Ақышев Н. Сынық домбыраның сазы . Әңгімелер мен повесть.- Алматы : Жалын, 1985.- 182 б.

Ақышев Н. Таң алдындағы дабыл: Повесть пен әңгіме.- Алматы : Жазушы, 1987.- 192 б.

Ақышев Н. Жатахана қыздары: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1990.- 288 б.

Ақыш Н. Зұлмат жылдары қазақ прозасында: 1928-1933 жылдар қасіретінің қазақ прозасында көрініс табуы: Монография.- Алматы : Нур Принт 75 ЖШС-і, 2005.- 136 б.

Ақыш Н. Мемуар жазатын адам майдаланбауы тиіс //Айқын.- 2010.- 16 маусым.
Өмірі мен шығармашылығы :
Ақыш Нұрдәулет //Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр: Қазақстан жазушы-

лары: Анықтамалық .- Алматы, 2009.-19-20 б.

Ақыш Н. Ұлттық рухты теледидар, компьютер арқылы да сіңдіруге болады: (Шығармашылығы туралы жазушымен /Әңгімелескен С.Хасан)

//Ақжелкен.-2010.-№6.-4-6 б.

Ақыш Н. Өзімді ең алдымен прозашы деп есептеймін: (Жазушымен сұхбат) //Ақжелкен.-2010.- №6 .- 4 б.

Байтұрсынұлы Д. Әңгіме жазудан романтануға дейін: Жазушы Н.Ақыштың шығармашылығы туралы) //Қазақ әдебиеті.- 2010.- 6 тамыз.

Сәрсенбай О. Әңгіме жанрының шебері: (Нұрдәулет Ақыш) //Ана тілі.- 2010.- 24 маусым.


Ақышев Зейтін

(1911-1991)
Зейтін Ақышев Павлодар облысы Баянауыл ауданының «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында 1911 жылы туған. Омбыда бастауыш, жетіжылдық мектептерді, жұмысшы факультетін бітірген.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған Зейтін Ақышев көп жылдар оқу- ағарту саласында басшы қызметте болды. 1955 жылы «Қазақстан мұғалімі» ашылған кезде З.Ақышев оның тұңғыш редакторы болды. 1970 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясында қызмет етті.

Зейтін Ақышев жас ұрпақты тәрбиелеудің қиын да күрделі ісін қалам ұшымен шебер ұштастыра білді.

Жазушы Отан соғысы жылдарындағы ауылдың қиын өмірін суреттейтін «Жесірлер»(1973), еңбек адамдарының тыныс – тіршілігіне арналған «Ақ-

бел асу» (1975), «Бұршақ соққан жер» (1976), «Жаяу Мұса» (1990). «Шынар-

дың шыбығы» ( 1987) романдарын жазды. «Бұршақ соққан жер» романында колхоз өмірінің соғыстан кейінгі көрінісі суреттеледі, шаруашылықты

қалпына келтірудегі ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін шынайы баяндайды.

З.Ақышевтің ең көлемді туындысы – «Жаяу Мұса» атты тарихи романы. Романда әйгілі Жаяу Мұса сынды өнерпаздың әділет үшін күрескен күрделі өмірі суреттеледі.

Зейтін Ақышевтің шығармашылығындағы бір ерекшелігі - оның публицистігі. Оның өткір де, батыл публицистикасында тіл тағдыры, қазақ мектептері мен балабақшалары, кітаптар мен оқу - құралдар тапшылығы жайлы проблемаларды көтергені, оны көсемсөз арқылы жеткізгені белгілі.

З.Ақышев драматургия саласында да өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы. «Жаяу Мұса» ( 1965), «Келіндер»( 1967), «Құтылмайды ол» ( 1969) пьесаларын жазды.

З.Ақышев көркем аудармамен де айналысқан. Ол бірқатар оқу –

әдістемелік құралдар мен саяси, ғылыми кітаптардан басқа А.И.Куприннің

«Жекпе- жек», В.И.Панованың «Кружилиха», Я.Коластың «Талап атай» романдарын қазақ тіліне аударды.

Зейтін Ақышев 1991 жылы 10 қыркүйекте қайтыс болды.


Шығармалары :
Ақышев З. Бұршақ соққан жер: Роман.- Алматы : Жазушы, 1976.- 224 б.

Ақышев З. Ертедегі ескерткіштер елесі .- Алматы : Қазақстан,1976.-

120 б.

Ақышев З. Бәрі де есте: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.-192б.



Ақышев З. Телқоңыр : деректі повестер.- Алматы : Өнер, 1986.- 176 б.

Ақышев З. Шынардың шыбығы: Роман.- Алматы : Жазушы, 1987.- 352 б.

Ақышев З. Жаяу Мұса: Роман.- Алматы: Жазушы, 1990.-416 б.

Ақышев З. Иманжүсіп: Роман.- Алматы: Жібек жолы, 2003.-416 б.


Алтынсарин Ыбырай

(1841- 1889)
Алтынсарин Ыбырай ( Ибраһим) ( 2.11.1841, қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы- 30.07.1889) – ағартушы , педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі ( Алтынсары ) ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен. Балғожа би немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршыл-

дық саясат рухында тәрбиелеуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүниежүзі әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектеп бітіргеннен кейін, 1857-59 жылдар аралығында Ыбырай атасы Балғожа бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды

тапсырды, сонымен бірге осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгіледі.

Осыдан былай Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық - педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылық-тарына қарамастан, ағартушылық идеяларымен қанаттанған Ыбырай Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ауыл- ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 жылдың 8 қаңта-

рында ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14 бала жазылды. Мектеп жанынан интернат ашылды. Алтынсарин дүниежүзі педагог классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды қазақ даласында оқу-ағарту практикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860- 1979 жылдар арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар арагідік басқа да қызметтер атқарды. 1868- 74 жылдары Орынбор генералдық губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғай уездік судьясы, 1876-79 жылдары Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап, Ыбырай Алтынсарин даярлық мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыстық уез орталықтарында училищелер ашуға шешім қабылдады. Содан кейін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір- бірден екі кластық орыс- қазақ мектептерін ашты, олардың бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Бұл үшін ол «Болыстық қазақ мектептері туралы записка» жазды. Мұнда Алтынсарин тек қазақ даласының ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім, жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін ұсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. Ы.Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарын оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды.Оған Торғай, Ырғыз қалаларындағы орыс- қырғыз училищелерінің жақсы бітірген жастар алынды. Ы. Алтынсарин қазақ жастары арасында экономика сала-

ларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән беріп, қолөнер учили-

щелерін ашуға көп күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйым-

дастырды. Қайтыс болар алдында Қостанайда ашылғалы отырған алғашқы училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Ы.Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының тарихында маңызды оқиға болды. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ұйымдастыруды өтінді. Алайда рұхсат ол қайтыс болған соң, екі жыл өткеннен кейін, Торғайда (1891), Қостанайда (1893), Қарабұтақта

(1895), Ақтөбеде (1896) жанында интернаттары бар қыздар училищелері ашылды. Ы.Алтынсарин орыс- қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құрал-

дарын шығару қажет деп санады.

Оқу әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тілін үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным- түсінігіне лайықты оқу- әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс – қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын» Д.И.Тихомировтың «Грам-

матиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Ы.Алтынсариннің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактикалық оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кирилица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Ы.Алтынсарин өз мақалаларында жерді пайдалану, қазақтардың отырықшылдыққа көшуі, т.б. мәселелерді көтерді. Ресей империясының қазақ даласын отарлау, қазақ еңбекшілерінің шұрайлы жерлерін мемлекет қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 жылы

«Оренбургский листок» газетінде наразылығын білдірді.

Ы.Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ол қазақ жастарын, ең алдымен, оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады. Автор оқу-білімінің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабыр-

лық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады. Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде , оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді. Жастарды өнер- білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер- білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай,


олар сол өнермен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап- тілектері не деген секілді күрделі мәселелерді жастар алдында көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады.

Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Ы.Алтынсариннің лирикалық өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің «Жаз», «Өзен» атты өлеңдерінде жыл мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы- Наурыздағы елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып, оны малдың төлдеуі, ақтың көбеюімен, табиғат пен адамның өзара табысып астасқан сәтімен қатар алып суреттейді. Күн мен Жердің мейірім – шапағатына - ана кейпінде, ал қызыл жасыл гүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін салыстыра, астастыра бейнелеу Ы.Алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып табылады.

Ы.Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан ұтымды келеді. Осыған орай оның «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен қоса

«Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», т.б. әңгімелері - әсерлі де көркем шығармалар. А.Ушинский, Л.Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырған.

Қазақстан Үкіметінің 1989 жылы 22 желтоқсанындағы қаулысымен Ы.Алтынсариннің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педагогикалық еңбектері жарық көрді. Арқалық қаласында Ы.Алтынсариннің мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ы.Алтынсаринге күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ы. Алтынсарин атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың тағы басқалар бар.

Шығармалары :
Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы .- Алматы: Қазығұрт, 2003.- 240 б.

Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар .- Алматы: Ғылым, 1955 .-414 б.

Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар.- Алматы: Ғылым,1994.- 288 б. Алтынсарин Ы. Өлеңдер жинағы / Құраст. С.Сейфуллин. - Алматы: Қазкөр-

кемәдеббас,1935.- 55 б.

Алтынсарин Ы. Бай баласы мен жарлы баласы.- Алматы : Қазкөр-

кемәдеббас ,1963.- 14 б.

Алтынсарин Ы.Әңгімелер.- Алматы : Мектеп,1980.- 102 б.

Алтынсарин Ы.Кел, балалар, оқылық!: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.- 12 б.

Алтынсарин Ы.Бір уыс мақта : Әңгімелер мен мысалдар.- Алматы : Жалын, 1990.- 37 б.

Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы: шариат- Ул- Ислам.- Алматы . Қазақстан,1991.- 80 б.

Алтынсарин Ы. Өнер – білім бар жұрттар: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар мен естеліктер.- Алматы: Жалын, 1991.- 238 б.

Алтынсарин Ы. Асан мен. Үсен: Әңгімелер.- Алматы : Балауса, 1993.-

16 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Алтынсарин Ы : Әдебиеттер көрсеткіші /Құраст. К.Ш.Шалабаев.- Алматы : Қазақстан, 1979.- 167 б.

Ғұлама ағартушы – ғалым: (Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл). – Алматы: Шарапат, 1991.- 59 б.

Қоңыратбаев Ә. Ыбырай Алтынсарин //Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебие-

тінің тарихы. – Алматы,1994.- 126- 147 б.

Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізба-

сарлары : тарихи очерктер.- Алматы : Қазақстан, 1988.- 85 б.

Молдағалиев Ж. Ыбырай Алтынсарин- қазақ балалар әдебиетінің атасы //Сөзстан.- Алматы,1983.- -4 кітап.- 11-18 б.

Ыбырай Алтынсарин тағылымы : Әдеби- сын мақалалар мен зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 384 б.

Ыбырай Алтынсарин.Шәкәрім Құдайбердіұлы.- Алматы: Қазақ энцикло-

педиясы, 2007.- 632 б.- ( Тұлғалар).

Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889) //Ұмытылмас есімдер.- Алматы, 1994.- 184-194 б.

Ыбырай Алтынсарин : Педагогикалық көзқарастары //Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, 1995.- 170- 177 б. б.

Ыбырай Алтынсарин : Психологиялық көзқарастары //Жарықбаев Қ. , Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, 1995.- 177- 183 б.
***
Аманболғанқызы Н. Өлмейтіғұн артына сөз қалдырған- Ыбырай Алтынсарин //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.- 2009.-№ 12.- 80- 86 б.

Әбуғалиқызы Қ. Ыбырай Алт ынсарин- балалар әдебиетінің атасы // Қа-

зақ тілі мен әдебиеті.- 2009.- №11.- 92 б.

Мұсаев Р.А. Ыбырай Алтынсарин педагогикасының негізгі принциптері //Білім.- 2009.- №1.- 37 б.



Аманжолов Қасым

(1911- 1954 )
Өзінің қабілетін, мүмкіншілігін, күшін шамалайтын дарынды жазушылардың өз басына қоятын талабы да зор болады. Олар өткендегісін олқысынады, бүгінгісін місе тұтпайды; ашар асылы әлі де алдында болады да тұрады бар дәмесі, арманы- ықыласы, есіл- дерті ұдайы соған ауады. Осыған келіп үлкен қайраткердің кішіпейілдігі қосылғанда, құнарлы мол дүние туады.

Ондай жазушылардың кейін қалдырған мұрасы да мейлінше қызықты болмақ... Қасым Аманжолов осындай жазушылардың бірі еді... Ең алдымен, Қасымның тілі мейлінше құнарлы. Халықтың қалың ортасында туып- өскен ақын ана тілінің нәрлі қазынасына ерте молыққанын танытады...

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, 1911 жылы дүниеге келген. Ол жастай жетім қалып, Семей қаласында интернатта тәрбиеленеді. 1927 жылдан 1930 жылға дейін Семейдің мал-

дәрігерлік техникумында оқиды да, орысша сауаттанады, орыс әдебиетімен танысады, 1930 жылы Қасым «Лениншіл жас» ( қазіргі «Жас Алаш») редакциясында істеген; бірсыпыра өлеңдерін бастырған. 1931 жылы Ленин-

градтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ денсаулығы жарамаған соң Оралға келіп, «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрады.

... Ұлы ақындардан қалған мұраның маңызы тіпті ерекше.Ол бір дәуірге ғана қызмет етпейді, уақыт пен қоғам тарихына өшпестей өнегелі ізін жаза-

ды. Ақын еңбегі өзі өмір сүрген кезеңнің жағдайларымен емес, жалпы адамзат мүддесіне жол табатын ұлағатты ойымен, шындықты терең бейнеле-

ген философиялық түйіндерімен өлшенеді. Ақын сөзінің өлмейтіні туралы қағида да осылай туған.

Ұлы ақындардың бәрі де өз заманымен, оның тарихи- әкімшілік тәртібі-

мен қайшылықта өмір сүрген. Күнделікті тіршіліктің ұсақ- түйегі, аяқтан шалатын мінездері ақын жанын күйзелтеді. Ол кейінгі ұрпаққа сол жан күйзелістері жайлы айтады. Олар көбінесе ілгері қарайды, жақсылықты алдан күтеді, адамға сенеді, оның болашағынан үміттенеді.

Қасым Аманжоловтың өмірі мен еңбегінен де осы белгілерді көруге болады. Ол да өзі өмір сүрген кезеңнің тар қалыбына сыймай, уақыт, заман, адам туралы ойларын еркін айтқан ақын. Сол үшін де қудаланды, әр қилы айыптауларға тап болды. Ақынның 44 жылдық қыршын жасының көбі осы тартыстармен өтті.

Қасым осындай қиын заманда өзін еркін ұстанған, ойын іркілмей айтқан үлкен сезімнің ақыны болды. Дүниенің өзін тыжырынтқан жайларына, дәуірдің қатыгез мінездеріне тік қарай білді. «Ала көзбен бір қарап дүниеге, ақын тұрды азырақ болып аң- таң» деп, өзі айтқандай өмірдің әр қилы сырларын ұғынуға тырысты.

Қасым – біздің азаматтық арымыз, ұлттық намысымыз, қазақтығымыз бен елдігіміздің символы. Ол ұлт намысын, ел, қазақ намысын, азаттық идеясын бар даусымен қорғады.
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз: еркін жанбыз азатпыз.

Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз.

Ел намысын кескілеспей бермейміз.

Сертің осы азат жігіт, азат қыз.

...Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған.

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғым,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман,-

деп жырлады. Бұл – бүгін айтылып жүрген егемендіктің сөзі еді.

Туған даласын да Қасымнан артық егіле, езіле жырлаған ақын көп емес. «Туған жер» өлеңін оқып көріңдерші. Ағынан ақтарыла, таусылып, тебірене жырлаған жыр жолдары – ақынның қазақ жеріне деген адалдықтың, бай сезімнің көрінісі.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің?

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем-

... Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім

...Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.

Жақын жүрсем, мен төрінде жаннаттық,

Қазақтың елдігі, ұлттық намысы, туған жермен байланысы, халқының жақсы дәстүрлері - Қасым шығармаларының арқауы.

Жығылсам да жүгірумен өтермін,

Аңшылдың ақылын мен не етермін,

Жығылармын , алқынармын, шаршармын.

Бірақ барар жерге бұрынырақ жетермін.


Осы бір ақындық қайсарлық, намысқойлық оның азаматтық мінезінен туындайды. Ақынның соғыс майданынан жазған өлеңдерінде де бұл сарын мол ұшырап, қазақтың ұлттық мінезін танытар детальдарды толықтырып отырады.

Солдаттың етігіндей жаным сірі,-

Қан қатқан шинеліне .

Қасарып келем көнбей ,

Ажалдың дегеніне.-

деген жолдардан да соғыс ауыртпалығын жеңген қазақ солдатының төзімділігі, ерлік мінезі танылады.

Басқа да замандастары сияқты, Қасым да өз дәуірінің, Советтік дәуірдің ақыны. Ол теңдік, азаттық идеясына, социализмнің болашағына қалтқысыз сенді. Сол жолдағы замандастарының күресін, еңбегін жырлады.

Қасым Аманжолов өзі ұзақ өмір сүрмесе де, өзегін жарып шыққан өлеңдеріне ұзақ өмір сыйлаған, өз өлеңдеріне ән шығарған композитор да болған. Атақты «Дариға, сол қыз» әнінде – қайсарлық пен махаббаты , ерлік пен нәзік сезімді арқау еткен.

Қасым – жалпы қазақ поэзиясына жаңға форма, соны ырғақ, ақындық ізденістің тамаша үлгісін көрсеткен дарын иесі.

Қасымның «Нұрлы дүние», «Біздің дастан», «Өзім туралы» жырлары әр қазақтың көкейіндегісін көріп айтқан көреген жырлар. Сондықтан да болар, Қасым аузынан шыққан сөз бір адамның ғана емес, бүкіл бір ұрпақтың , бүкіл бір халықтың жан сырындай жалынды естіледі.Қасым Аманжоловтың:

Тоқтамас өмірімнің сағатындай

Жүрегім енді қанша соғар тынбай,

Тоқтар ма ақтық рет бір талпынып,

Мерт болған балапанның қанатындай...

Осы бір шумақ өлеңі әр адамның кеп- келте өмірінің азаматтық мәні мен мақсатына терең үңілтіп, тебіренте ойлантады.

Немесе :


Өртке тиген дауылдай өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтады!-

демеп пе еді ақын. Олай болса, Қасым өлеңі тірі!
Әдебиеттер тізімі :
Аманжолов Қ. Шығармалар: Төрт томдық.- Алматы : Жазушы, 1977.

Аманжолов Қ.Шығармаларының толық жинағы : 3 томдық.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас,1955.

Аманжолов Қ.Таңдамалы өлеңдер.- Алматы: «Жаңа өмір» журн.басп.,

1956.- 267 б.

Аманжолов Қ.Таңдамалы шығармалар, өлеңдер мен поэмалар.– Алматы:

Қазмемкөркемәдеббас,1961.- 540 б.

Аманжолов Қ.Дауыл : Өлеңдер мен поэма.- Алматы : Жазушы, 2004.- 128 б.

Аманжолов Қ. Дариға, сол қыз : Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Раритет, 2006.-256 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Асылбеков А. Қасым қайда, достар- ау: Өлең // Асылбеков А. Көкорай көктем,1973.- 27-28 б.

Әлімбаев М. Ақын бақыты //Әлімбаев М. Қалам қайраты.- Алматы, 1976.- 50- 61 б.

Иманасов С. Қасым жырын қайталап оқығанда: Өлең //Иманасов С. Ақдариға.- Алматы, 1973.- 39 б.

Кекілбаев Ә. Өртке тиген дауылдай : (Қ. Аманжолов творчествосы)

// Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат.- Алматы, 1996.- 295- 300 б.

Дара дарын, биік белес //МәуленовС. Ымырт .- Алматы , 1992.-

221- 225 б.

Қасым мен Нұрхан //Мәуленов С. Сыр мен жыр.- Алматы, 1992.- 237- 239 б.

Қасым Аманжолов (1911- 1955) //Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы .- Алматы, 1971.- 372- 415 б.

***
Мұхтаров А. Үндесіп жатқан ұлылық: (Қасым поэзиясындағы Мағжан іздері) //Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2005.- №7.- 102- 104 б.

Ыбырайым Б. Сапырды дауыл, тебіренді теңіз ..: (Қасым Аманжолов поэзиясынның ерекше қырлары хақында) //Әдебиет айдыны.- 2005.- 24 наурыз.
Аманшин Берқайыр

(1924- 1986)
Берқайыр Сәлімұлы Аманшин 1924 жылы 11 қарашада Орал облысы Қаратөбе ауданының Батбақкөл ауылында дүниеге келген.

Б.Аманшин қазақша - орысша білім алған Сәлім шалдың отбасының бір түлегі боп ғұмыр кешкен. Әкесіне бай деген қосымша атақ тағылып, бұлар үнемі көшіп жүрген. Оны ағамыз былай еске алады. «Алғаш Астрахань облысындағы татар мектебіне бардым, одан алтыншы класқа дейін қазақша оқып, соғыстың алдындағы жылдары Орынборда орыс мектебінде оқуға тура келді. Менің бақытыма, белгілі революционер Николай Бауманмен гимназияда бірге оқыған Иван Рудольфович тап болып, орысша үйренуіме сол кісінің көп пайдасы тиді. Бұл оқуымды кейін Алматыда ҚазПИ- дің тіл- әдебиет факультетінде жалғастырдым,- дейді. Осы екі ортада ағамыздың бойындағы талант өзінің өзекті арнасын тауып, өресіне құлаш серметеді.

Негізінен, ағамыздың шығармашылдығы бес салада өрбіген десек, оған ешкімнің таласы бола қоймас. Сонау Орынбор қаласындағы орыс мектебінде оқып жүргенімде, бір күні орыс тілі мұғалімі Иван Рудольфович Матцский «Игорь полкы туралы сөзді» мәнеріне келтіре оқиды. Содан біздің сезімтал ағамызға соның ішінде күйеуін жоқтайтын әйелдің зары өзінің аулында қарапайым халықтың жоқтауындай болып елестеп, дереу соны аударып шығады. Сонымен не керек, қызды- қыздымен «Игорь полкы туралы сөзді» түгел аударып Алматыға жібереді. Сол аударма Мұхтар Әуезовтың қолына түсіп, жолы болып 1951 жылы өз алдына жеке кітапша болып шығады. Содан қаламы ұштала түскен ақын ағамыз өзінің ақындығымен қабат зерттеушілік-пен де қатты шұғылданады. Оның аяғы барып өзінің жерлес , ақын Махамбет Өтемісовті және басқа да халыққа ділдәр құнды деректердің небір жіктеріне жіті көзін салып, әсеріне жеткізе зерттейді. Бұл жөнінде Ғафу Қайырбеков ағамыз былай дейді: Оқырманға ұсынылып отырған «Махам-

беттің тағдыры» романын жазу үшін ол адам айтқысыз мол уақыт пен еңбек жұмсады. Ол тек қана осы романды өз творчествосының өркешті биігі болады деп санады да соған сандаған жылды сарп етті. Әуелі ол сонау - сонау жастық шағынан жаттап өскен Махамбет өлеңдерінің әрқайсысының

айтылған, шығарылған мерзімі мен мекенін анықтаудан бастады. Ол туралы бір сала мақалалар циклін жариялады. Одан сол өлеңдердің текстология, этимология , сөздік мағыналарын түсіндіру, анықтау, дәлелдеу мен дәлдеуге көшті. Көптеген талдаулық, дискуссиялық мақалалар жазды. Одан

өлеңдердегі тарихи адам есімдері, көтерілісшілердің өмірбаяны, сандаған ру, тайпа аттары, олардың жайлау, қыстаулары, үрім – бұтақтары деген секілді географиялық, этникалық, тарихтық мағлұматтармен айналысып, олардың картотекасын жасады. Сол кез, сол өлке, сол көтеріліс туралы сол замандағы орыс, шет ел ғалымдарының жазған еңбектерін жинады, олардың кейбіреуін тапқан- тапқанынша аударып бастырды.

Бұлардың үстіне сол көтерілістің жеке басшылары жайында қысқаша новелла, әңгімелер жазды. Мысалы, Исатай баласы Жақия жайындағы әңгімелері секілді. Сөйтіп, өмірінің соңғы 4-5 жылында Махамбет туралы романның даңғыл жолына келіп түскен еді»,- дейді . Осы шағын үзіндіде Ғафу ағамыз ақынның қаншалықты биік жан екендігін паш ете білген. Бұл жерде Берқайыр ағамыздың қаншалықты зерттеуші екендігін және сонау Жақия туралы әңгімелерден бастап, «Жар мұңы», «Көкжар» повестерін қоса есептегенде сөз етіп отырған «Махамбет тағдыры» атты романға дейінгі биіктігін тамаша көрсетіп берген.

Бұған қоса бұл кісінің драматургия жолында жасаған еңбектерінің шоқтығы өз алдына бір төбе. Жазушының жоғарыдағыдай ыждағатты зерттеушілігі әдебиеттің қай саласы болмасын, өз ыңғайына келетін тұста-

рына өзінен өзі ойысып отырған. Болмаса «Совдеп», «Жылама Дәмеш»,

«Таныстық керек», «Жақия» тағы басқа да әр қилы тақырыпты қамтитын пьесаларды жазар ма еді. Бұл пьесалар қазірге дейінгі облыстық театрларда жаңғыртылып қойылып жатқаны аян. Тіпті, осы драматургия саласының өзін жете ұғынған жазушымыз киносценарий жазуға дейін барғаны бар. Оған Исатай батыр жайындағы «Исатайдың семсері» куә. Бұл шығарма қазірге дейін қолға алынбағанымен түбінде бір іске асарында сөз жоқ. Тарихымыздың бір бетіндей өз заманының өңірінен үлкен ұлағатты тағлым беретін бұл шығарманың сонау 1990 жылдары баспадан жарық көріп қалғаны бір ғанибет болған. Қысқасы, ақынның күрделі шығармаларының көбісі, өзі кеткеннен кейін ғана жарым жартылай жарық көрген. Қазіргідей уақытта оған шүкіршілік айтпасқа ылажымыз жоқ.

Енді біз аударма саласына келсек жоғарыда айтқанымыздай, үлкен халықтың тарихи шежіре бастауы боп қалған «Игорь полкы туралы сөздің» жазушымызға берген қажыр - қайраты сонымен ғана шектеліп қалған жоқ. Бұл сияқты құнды шығарманың жазылу мәнері мен ондағы қолданылған ырғақтардың Қыпшақ тіліне жұғыстығы он екіде бір гүлі ашылмаған балаға ой тастауы тегіннен-тегін болмаса керек.

Тіпті бұл саладағы орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың «Болашақ. Жастық. Есейген шағын» аударып «Жалын» баспасына сонау 1981 жылы тапсырған екен. Сол сияқты башқұрт халқының батыры, әрі Махамбетпен сарындас ақыны Салауат Юлаевтың «Жорық жылдары» және Борис Житковтың «Мангуста» суретті кітапшасын да аударып, балалар мен жасөспірімдерге үлкен сыйлық жасаған. Әрине, ақынның бұдан басқа жекелеген қаншама аудармалары жарық көргендігін айта берсек жазушының бұл саладағы қыруар еңбектеріне де куә боламыз.

Жан-жақты шеберленген ағамыздың бір кездегі адамның ішкі жан- дүниесі еріксіз тебіренетін «Ақ үйрек», «Қол», «Жалған жезде», «Алтын сақша» , «Шамшыл» әңгімелерінің астарында тек қана оның өзіне ғана тән шешімі, ақын жанының адамгершілік бір қалтарысын тамаша танытады. Екінші жағынан, жазушының тіліндегі уытты әзіл- қалжыңның ұштығын ұшынтып үшкірлегені сонша, бұл кісіні драматургиядағы тапқырлыққа тайсалмай барғыздырады. Осы бір тіл уыты мен оның драматургиядағы әбден ысылған тәжрибесі скетч сияқты шағын жанрға да өзіндік жан берген.

Біздің қазіргі аузымыздан тастамай айтып, теледидардан көрсетіп жатса, қанша қапынған іс болса да тастай салып, отыра кетіп көретін «Тамашаның» алғашқы қадамдары әлі күнге көз алдымызда. Біркездегі қатардағы артистігін орындап жүрген Тұңғышбай мен Құдайберген жанының әрі мен нәрін ашып берген «Нағашы мен жиеннің» тапқыр тақпақтарының да алғашқы авторы да осы кісі. Біз әлі күнге дейін тілімізді үйіріп, түсімізге енетін «Нағашы- жиеннің» , «Ажар мен Айдардың» алма- кезек қағып алып, құтырта жөнелетін елгезек астары ащы тілі, жеңіл әжуасына куәміз. Ел арасында аңыз болып кеткен осы әжуалардың бір шумағын оқып көрейік.

- Бір жақсы орын босап еді

Маған оны бермейді,

- Биографияың келгенменен

Географияң келмейді

Осының азабын тартқан талай жігіттер мен қыздар әлі күнге дейін арамызда жетерлік.

Жазушы ағамыздың әдебиет саласында қай жолды қаламасын, соның бәрінің түп атасы ақындыққа барып тірелетіні анық. Өйткені ақындық әрқашанда азаматтық көкірегінің күмбірлеген күмбезі, сезімнің селкеусіз самалы, зердесінің құйып алар зереңі екендігін әмсеге аян. Сондықтан да біз Берқайыр ақынның да бүкіл шығармашылығының жұмбақ құпиясы осы поэзияға байлаулы екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Жанына жалғандық жат ақынның жан-дүниесі тебіренгенде, ол кісінің жүрегіне де, тірлігіне де біраз салмақтардың түскені ақиқат. Оны Берқайыр ағамыз былай береді:

Ақ қағазға жүгірді

Ақын қолы бейнеткер.

Кей бетінде күн күлді,

Жасқа толы кей беттер.

Қайран ақын ағайын:

Атағы жоқ ұлы есім!

Жылайсыңда жол сайын,

Жол сайын мың күлесің.

Қожаң да жоқ қой дейтін

Көңілің қалап ұнаттың

Өзің кешіп бейнетін,

Өзгелерді қуанттың.

Бейнетсіз жоқ бір күнің,

Бақытым сол деп тіледің.

Қабысқанша кірпігің,

Қалғымайды жүрегің.

Ақын бағасы осы екені рас. Сезімталдық дүниесі жалпы адам баласына тән болғанымен, арғы-бергі дүниені көңілден өріп, көзден тізіп, санада пісіріп, қағазға түсіру бейнетінің қаншалықты күй кешетінін қалтқысыз берген. Ақынның сонау 1954 жылы шыққан алғашқы «Жайық желі» мен одан кейінгі 1956 жылы шығып, өзін поэзияның қан базарына әкелген «Бұтақтағы бұлбұлдары» бастаған жиырмаға тарта жинағы- жазушы ағамыздың өлмес өмірі, ол ешқашанда өшпек емес


Каталог: sites -> default -> files
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу