Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет5/13
Дата23.10.2016
өлшемі2,44 Mb.
#24
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Шығармалары :
Аманшин Б. Бұтақтағы бұлбұлдар: Өлеңдер.- Алматы : Қазмем-

көркемәдеббас,1958.-94 б.

Аманшин Б. Ботақан : Суретті кітапша төменгі класс оқушыларына арналған.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас,1964.- 10 б.

Аманшин Б. Ақ жүректер : Таңдамалы повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жазушы, 1975.- 295 б.

Аманшин Б. Жайық желі: Таңдамалылар.- Алматы : Жазушы, 1978.- 271 б.

Аманшин Б. Құтты мекен: Поэмалар,әңгімелер, өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 984.- 296 б.

Аманшин Б. Исатайдың семсері: (Сценарий,пьесалар, скетчтер) .- Алматы : Өнер, 1990.-240 б.

Аманшин Б.Махамбеттің тағдыры: Роман және әдеби- зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1991.- 400 б.

***
Ермекова А. Б.Аманшиннің шығармашылық ғұмыры //Ұлағат.-2007.-№ 6.- 92-97 б.

Анов Николай Иванович

(1891- 1980)
Жазушы - драматург Анов (бүркеншік аты; шын фамилиясы – Иванов Н.И.) 1891 жылы 30 желтоқсанда Петербургте дүниеге келген. І дүниежүзі соғысына және Азамат соғысына қатысқан. Еңбек жолын 1908 жылы баспахана жұмысшысы болып бастаған. 1917 – 50 жылдары Омбы, Өскемен, Семей, Новосибирск, Мәскеу қалаларында баспа, газет- журнал редакцияларында қызмет етті. 1951 жылы Алматыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданды. Алғашқы әңгімелері 1914 жылдан жариялана бастады. Қазақстан тақырыбына арналған «Азия» романы» (1979), Днепр СЭС- ы құрылысшылары туралы «Днепр құрылысы» очерктер жинағы (1931) басылды. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанға жер аударылған орыс ақыны А.Н.Плещеев туралы «Ақмешіт» (1948), қазақ өнерінің жаңаша қалыптасу кезеңін суреттейтін «Ән қанаты» (1956) кітаптары жарық көрді. Өмірбаяндық сарындағы «Менің жастық шағым» (1964, трилогияның 1 кітабы; «Выборг жағы» (1978, 3- кітап) романдарын, «Мәртебелінің өлімі» (1961), «Қазына түбегі» (1965) , «Кашира аңызы» (1968) атты повестерін, «Сауығу» (1925), Серкенің елге оралуы» (1934), «Жүрек әмірімен» (1955, Я.С.Штейнмен бірге), «Орынбор өткендерінен» (1956), «Мұрагерлер» ( 1961), «Қаһармандарды іздеу» ( 1974) пьесаларын жазды. «Ширек ғасыр»(1945), «Қазақстан даласында» ( 1953), «Ән қанаты» (1956, А.И.Витензонмен бірге) киносценарийлерінің және

«Әдеби қиылыстарда» (1974) атты естеліктер жинағының авторы. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының 2- кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан. 1970 жылы «Кашира аңызы» кітабы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты атағын алды.


Шығармалары :
Анов Н. Мерезден құтқару: 2 перделі 3 суретті пьеса.- Қызылорда: Қазақстан, 1926.- 39 б.

Анов Н., Молотков Т. Ертіс нұры – Алматы Қазмембас, 1954.- 164 б.

Анов Н. Ақмешіт : Тарихи роман.- Алматы : Қазмемкөр-

кемәдеббас,1960.- 357 б.

Анов Н. Жоғалған інім : Роман.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,1963.- 448 б.

Анов Н.Алмасжанның бақыты: Әңгіме.- Алматы : Қазмемкөр-

кемәдеббас,1963.- 29 б.

Анов Н. Ән қанаты: Роман.- Алматы : Жалын, 1979.- 432 б.

Анов Н. Ән қанаты: Роман.- Алматы : Жалын, 1979.- 432 б.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Анов Николай (1891- 1980) //Советтік Қазақстан жазушылары: Био- библиографиялық анықтамалық. – Алматы,1987.- 29 б.

Анов Николай Иванович //Қазақстан : Ұлттық энциклопедия.- Алматы,1998.- 369 б.

Анов Николай (1881-1980) //Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр : Қазақстан жазушылары: Анықтамалық .- Алматы: 2009.-31 б.


Антонов Валерий

(1933)
Қазақстанда тұрып, шығармашылық қаламын шыңдап жүрген орыс ақындарының бірі – Валерий Александрович Антонов.

Валерий Александрович Антонов 1933 жылы Өзбекстанның Андижан қаласында туған. 1957 жылы КазГУ- дың ( қазіргі Әл- Фараби атындағы Ұлттық университет) филология факультетінің журналистика бөлімшесін тәмамдады. Алғашқы жылдары баспаларда, Қазақ радиосында қызмет істеді, біраз уақыт Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болды.

1962 жылдан ұзақ жыл бойы «Простор» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Көптеген өлеңдері осы журнал бетінде, басқа да мерзімді басылымдар бетінде басылды.

Валерий Антоновтың «День рождения» (1956), «Перекресток» (1961),

«Отзовись, назовись» (1967), «Старый посох» (1967), «Ночной дневник»

(1982) , «Золотые ворота! (983) жыр жинақтары републикалық әр

баспалардан басылып шықты.

1988 жылы «Жазушы» баспасынан В.Антоновтың таңдамалы өлеңдері, сонета, поэмалары, аудармалары жарық көрді.

Валерий Антоновтың өлеңдері өмір сұлулығын, адам жанының жылуын жырлайды. Ақынның лирикалық кейіпкері тарих пен бүгінгі өмірдің ақиқа-

тына жүгінеді. Валерий Антонов Абайдан бастап көптеген қазақтың көрнекті ақындарының Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Е.Әукебаев т.б өлеңдерін аударып, орыс оқырмандарына таныстырды. Оның адамгершілік өлеңдері оқырмандарын сыршыл да нәзік сезімімен, шынайылығымен өзіне баурап алады.


Шығармалары :
Антонов В. Туған күн : Өлеңдер – Алматы : Жазушы,1978.- 130 б.
Антонов Василий

(1923-1984)
Василий Васильевич Антонов 1923 жылы Көкшетау облысы , Арық-

балық ауданы, Лобанов селосында туған. Ұлы Отан соғысына, Ленинград құрсауын бұзуға қатысқан. Армиядан босағаннан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1961 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында оның алғашқы кітабы - сатиралық әңгімелер жинағы «Вот публика!» деген атпен жарық көрді. «Если останетесь живы» деген жаңа повесі басылды. Содан кейін «Жазушы» баспасынан оның «Знакомая женщина» ( 1964),

«Оглядись если заблудился» және «За Ладогой» (1966), «Последний допрос»

(1967), «Ночной марш» (1980) , «Журавли» (1983) , «На войне и рядом» кітаптары шықты.

В.Антоновтың повестері мен әңгімелерінің дені Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Оның кейіпкерлері Жеңіс күнін жақындатуға жанқиярлықпен Отан қорғау жолында «тар жол тайғақ кешуді» бастан өткізді.

В.Антонов көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ол Жәрдем Тілековтің «Жоңғар даласында» , Ө.Қанахиннің «Дәмелі», Ж.Босақовтың «Дүрбелең» романдарын т.б. әңгімелер мен очерктерін де аударды.

В.Антонов ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдарымен марапатталған.


Шығармалары :
Антонов В.Вот публика ! – Алматы: ҚМКӘБ,1961.

Антонов В. Если останетесь живы: овесть.- Алматы ,ҚМКӘБ,1962.

Антонов В. Знакомая женщина: Повесть.- Алматы : Жазушы, 1964.

Антонов В. Оглядись, если заблудился: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.

Антонов В. За Ладогой: Повесть.- Алматы : Жазушы, 1966.

Антонов В. Последний допрос: Повесть.- Алматы : Жазушы,1967.

Антонов В. Так рождались солдаты: Повести и рассказы.- Алматы : Жазушы, 1970.

Антонов В. Исходной рубеж: Повесть.- Алматы : Жалын, 1978.

Антонов В. Ночной марш: Рассказы, повести.- Алматы : Жазушы, 1980.

Антонов В. Журавли : Повесть. Рассказы.- Алматы: Жазушы, 1983.

Антонов В. На войне и рядом: Повести.- Алматы : Жалын, 1985.
х х х
Антонов В. //Советтік Қазақстан жазушылары : Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы : Жазушы, 1987.- 31 б.
Асанов Сабырхан

(1937- 1995)
Мөлдір жыр жазып, өзінің бағасын өзі түсінген, қазақ поэзиясына өшпес із қалдырып кеткен ақындардың бірі Сабырхан Асанов. «...Оның көзі тірісінде шығарып үлгерген жыр кітаптары сол кездің поэзиясының шұрайлысынан саналатын... Таң шығындай таза, жазғы самалдай жылы, ақша бұлттай аздаған мұңы бар Сабырхан жырлары – қазақ жырларының санын да, сапасын да көбейтіп тұр»,- деп жазған ақын Тұманбай Молдағалиев ол туралы естелігінде.

Сабырхан Асанов 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының «Иіркөл» аулында туған. 1960 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіріп, Сабырхан Асанов «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») редакциясында бөлім бастығы, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдары

«Балдырған» журналында қызмет етті. Өлеңді 1957 жылдан жаза бастаған ақын жиырмаға жуық жыр кітабын шығарды. Қазақ поэзиясының мәуелі бағында С.Асановтың өз өрнегі, өз қолтаңбасы, ешкімге ұқсамайтын өз отауы болды. Оның «Таулар алыстан көрінеді» (1966), «Алматым менің жастық шағым» (1968), «Күндерім қандай бақытты» (1971), «Шолпан»

(1974), «Ақбота» (1976), «Бақытымды жырлаймын» (1981), «Қызғалдақ күндер» (1981), «Мақтанышым- туған ел» (1982), «Сағындырған көктем» (1983), т. б. өлеңдерінде С.Асанов туған ел, атамекен туралы көп толғанып, өз замандастарының жан дүниесіне терең барлап, тебірене жырлайды. 1978 жылы ақынның таңдамалы өлеңдері «Қоштасқым келмейді» деген атпен

«Жазушы « баспасынан жарық көреді. Өз қолымен әзірлеп баспаға тапсырып кеткен «Шолпан» атты өлеңдер жинағы өзі дүниеден өткеннен кейін 1996 жылы жарық көрді.

Сабырхан Асанов- көптеген ән өлеңдерінің авторы. 1986 жылы оның

«Өнер» баспасынан ән өлеңдері енген «Сағынышым менің» атты әндер жинағы шықты. Сабырхан Асановтың өлеңдеріне республикаға белгілі

сазгерлер Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Мыңжасар Маңғытаев, Әшір Молдағайынов т.б. ән жазды. Оның «Сағынышым менің», «Теріскей», «Фосфорлы Жамбыл», «Отырар сазы», «Сұлулық», «Алғашқы махаббат», «Балтық теңізі», балаларға арналған «Қошақан қайда екен ?» ел арасында кең танылып айтылып жүр.

Сабырхан Асанов Гарсиа Лорка, Байрон, М.Лермонтов, Расул Ғамзатов т.б. ақындардың өлең, аңыздарын қазақ тіліне аударып, республикалық газет, журналдарының бетінде жариялаған, ол басқа да прогресшіл ақын- жазушылардың көркем шығармаларын аударуға ат салысты.

С. Асановтың өлеңдері де басқа халықтар тілдерінде : неміс, латыш, саха, татар, башқұрт тіліне аударылды.

С. Асанов 1995 жылы 58 жасында қайтыс болды. Ақын Мұқағали Мақатаев «Сабырханға» деген өлеңінде былай жазған екен:
Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,

Іздеген жан біздерді табар ма екен?

Адасармыз, адассақ , қарамай-ақ,

Кел, екеуміз кезейік жалаң- аяқ.

Қасиеттеп қадірлі жерімізді,

Қалдырайық, басайық мөрімізді.

Әуестемей әлдекім салған ізді,

Өзімізше сызайық таңбамызды

Адасармыз мықтаса құмшағылда ,

Тынығармыз Қызылқұм құрсағында.

Тек ізіміз ... Ізіміз өшпесе екен,

Құйын тұрып, құм басып, көшпесе екен...



Шығармалары :
Асанов С.Өлеңдер ( Тұңғыш жинақ).- Алматы: ҚМКӘБ,1963.

Асанов С .Таулар алыстан көрінеді: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1965.

Асанов С. Алматым менің жас шағым.- Алматы : Жазушы, 1968.

Асанов С. Күндерім қандай бақытты: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1971.

Асанов С. Шолпан: Өлеңдер, баллада,поэма.- Алматы: Жазушы,1974.

Асанов С. Ақбота : Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1976.

Асанов С. Қоштасқым келмейді: Таңдамалы .- Алматы : Жазушы, 1978.

Асанов С. Жомарт жолдар: Очерктер жинағы.- Алматы : Қазақстан, 1979.

Асанов С. Бақытымды жырлаймын: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1980.

Асанов С.Қызғалдақ күндер: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1981.

Асанов С.Көктемнің шуақты күндері : Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1983.

Асанов С. Сағынамын: Ән өлеңдер.- Алматы : Өнер, 1986.

Асанов С. Елу көктем: Жыр кітабы .- Алматы : Жазушы, 1987.

Асанов С. Шолпан: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жазушы, 1996.

Асанов С. Қоштасқым келмейді: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 2004.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Жиенқұлова А. Әуезді жырлар лебі..: ( Ақын Сабырхан Асанов өлеңдерін оқығанда) //Жұлдыз.- 2005.- №6.-196- 199 б.

Жиенқұлова А. Жырым менің – сырым менің: (Ақын С.Асановтың шығармашылығы туралы) //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.- №12.- 98-102 б..

Иса Қ. Көктемге ғашық көркем жыр: Ақын Сабырхан Асановтың шығармашылығы туралы сыр // Жас қазақ үні.- 2008.- 18 ақпан.

Медетбек Т. Аңсар сағыныш пен кәусар сезім ақыны //Қазақ әдебиеті.- 2007.- 25 қазан.

Сырбаз ақын: (Ақын Сабырхан Асановты еске алу. Мақалалар мен өлеңдер) //Жас қазақ үні.- 2009.- 16 ақпан.

Тілеуқызы А. Сабырхан Асанов поэзиясының тіл көркемдігі //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2005.-№ 7.-10-11 б



Асылбеков Әбдірахман

1938
Мен 1938 жылдың күлімдеген көктемінде, елдің бәрі 1 мамыр мерекесін тойлап жатқанда дүниеге келіппін. Әкем Жүнісбек өз есіміне жаздырмай, фамилияма атам Асылбектің атын алыпты.

Ес кіріп, етек жаба бастаған шағымда үйіміз Жамбыл станциясына жақындау Қарей деген ауылға көшіп келеді де, әкем станциядағы паровоз депосына кочегар болып орналасады. Ол кісінің ескіше оқығаны болмаса, жаңаша хат танымайтын. Ал анам Рыс үй шаруасындағы адам болатын.

Біздің ауыл станцияға жақын дегені болмаса, не қалаға қосылмайтын, не далаға жатпайтын. Жұмысқа жарайтындар станцияға барып, темір жол бойында жұмыс істейтін де, балалар ауылдың шығыс жағындағы жылқы заводының бастауыш мектебінде оқитын. Оны бітіргендері станциядағы орта мектепке түсетін. Екі мектеп те біздер үшін онша қолайлы емес еді, өйткені 4-5 шақырым жерден жаяу қатынайтынбыз.

Бірде адасып кетіп, қатты қалжырағаным әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Ол былай болды: өзіммен бірге оқитын Орынбек, Әсембек, Анар деген балалардың үшеуі де сабаққа келмей қалмасы бар ма! Қыстың қысқа күні тез батып, айналаны қараңғылық қоршап алған. Оның үстіне, станция үйлерінен өтіп, ауыл арасындағы алаңқайға жете бергенімде, соқыр тұман басты да кетті. Жүріп келе жатқан жалғыз аяқ жолымнан жаңылдым. Не де болса тоқтамай тарта бердім. Кенет алдыңғы жақтан үрген ит дауысы мен паровоздың айқайлаған үні қоса шықты. Қайран қалдым. Станция артта қалуға тиіс еді ғой, бұл қалай? Сонда, кері қайта оралғаным ба? Енді 3-4 минуттан кейін жылтыраған от көрінді. Қатты қуанып кеттім. Алдымда үй тұр! Үйдің терезесіне келіп, перденің саңылауынан сығаладым. Міне, тамаша! Өзіммен бір класта оқитын Дәулет деген бала стол басында әке- шешесімен мәз-мейрам болып тамақ ішіп отыр. Үйге кіріп барғанымда, бәрі түріме таңдана қарасты. Мән - жайды толық ұққаннан кейін , мені шешіндіріп, киімдерімді құрғатты, тамақ берді.

Бір сағат шамасы өткеннен кейін, Дәулеттің әкесі : әке- шешең әбіржіп отырған шығар ,- деп мені алып шықты.

Қой балам, сені үйіңе жеткізіп салайын. Бағанағыдай емес, тұман түрі-

ліп, аспан шайдай ашылыпты. «Ә бәлем бір адастың ба? Қорыққан болар-

сың» деп мазақтап тұрғандай жұлдыздар жымың- жымың етеді.Шынымды айтсам қорыққаным жоқ. Бұл адасуда өзімді ертегінің кейіпкеріндей сезіндім. Бұл оқиға кейінірек алғашқы шығармаларымның біріне арқау болды.

Маған екінші бір қатты әсер еткен жағдай ауыл тұрмысы мен салты еді. Біздің ауыл шынын айтқанда, станцияға жақын дегені болмаса, қазақшылығы өте мол болатын: қыз ұзату, келін түсіру, мектепке апару, шілдехана, айтысу секілді тамашаның неше түрі өтіп жататын. Менің есімде қалғаны – ауылда Шегебай деген жырау ақын мен Рүстем деген шешен кісілер болатын. Олардың түрлі қиссаларымен күлдіргі әңгімелері жаныңды желпіндіріп, көңіліңді көтеретін. «Шіркін- ай, мен осылардай елді аузыма қаратар ма едім» - деп армандайтынсың. Расында да, осы арман алға жетелей түскен болар.

Мектептегі әдебиет үйірмесін қазіргі белгілі әдебиет зерттеушілеріміздің бірі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Балтабай Адамбаев басқаратын. Ол кісі көбіне көрнекті жазушылардың белгілі бір шығармалары бойынша конференция, әдеби кештер ұйымдастырып, әдебиетке бейімді деген балаларға баяндама жасататын. Әлі есімде, осындай бір кеште Абай шығармалары жайында жасаған баяндамамды ұстазым өте жоғары бағалай келіп:



  • Сен поэзияның қыры – сырын жақсы түсініп қалыпсың, енді өзіңнің де өлең жазып көруіңе болады- деген еді. Әрине, мен өлең жазуға бірден кірісіп кете қойғаным жоқ. Алдымен Абайдың, Жамбылдың, Қасым Аманжоловтың және халық өлеңдерін көбірек оқып, молырақ жаттап жүрдім. Орыс әдебие-

тінен Пушкин, Лермонтовты, Крыловты сүйіп оқитын едім.

Мектеп қабырғасында Шүкірбек Исаев, Зейнолла Абдуллаев деген жігіт-

тер өлең жазатын, біртіндеп қатарларына мен де қосылдым. Әрине, ол кезде жазғандарым тек әуестенушіліктің әсері ғана болатын. Кейіннен Абай

атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында оқып жүрген жылдарда да өлеңге деген құмарлығымды тастаған емеспін. Қазақтың белгілі ғалымы, әдебиет теориясын зерттеуші ұстазым Қажым Жұмалиевтен дәріс ала жүріп, поэзияның қыр-сырымен терең таныстым. Бұл ізденісті артынан қазақ әдебиеті кафедрасы жанындағы аспирантурада одан әрі жалғастыра түстім.

Жақсы ақын үшін табиғи талантқа қоса, үлкен білімдарлықтың да қажет екенін түйгендей болдым.

1961-1963 жылдары Алматы қаласындағы №2 эксперименттік қазақ орта мектеп- интернатында әрі тәрбиелік, әрі оқытушылық қызмет атқардым.

Жас айырмашылықтарының алды жеті- сегіз, арты төрт – бес жыл ғана бүлдіршін оқушылар арасында жұмыс істеу менің творчествома үлкен ықпал етті. Ата- аналары алыста, малды ауылда жатқан балалар тәрбиеші мен оқытушыларды туысындай тұтып, әрі ұстазым деп құрметтейтін. Осындай жағдайда балаларға деген сүйіспеншілігім бұрынғыдан да арта түсіп, шығармаларымның денін солардың өміріне арнадым.

Алғашқы кітабым 1961 жылы «Жапырақтар» деген атпен «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Бұл балаларға арналған өлеңдер еді. Осыдан бастап балаларша ойнап, балаларша сөйлеуге тырыстым. Бұл, әрине, оңай өнер емес.

Дегенмен, талай тер төгуге тура келді. Бұдан кейінгі жылдары балаларға арналған бірнеше жыр жинақтарым жарық көрді. Ара – тұра «Көкорай көк-

тем», «Туысыңды таптың ба?», «Әлемге үні тараған», «Достық балладасы» атты үлкендер үшін жазылған кітаптарым да басылып шықты.Алайда бала-

лар үшін жазуды ешқашан толастатқан емеспін. Әсіресе, соңғы жылдары балаларға арнап өлеңмен ертегі жазу творчествомның басты бағытына айналды. Ертегі жанрымен балалардың жан дүниесіне жақындай түсіп, қиял- ойларын кеңейту жағын көздедім. «Ерден атайдың ертегілері», «Бәйшешек-

тер» атты кітаптарым осының дәлелі.

Техниканың шарықтай дамып, транспорттың шамадан тыс молая түскен қазіргі кезеңінде жолда жүру ережелерін жақсы білу - балаларға ауадай қажет. Осы орайда құрғақ ережені баяндай бермей, әңгіме, ертегі формасында «Светофор сыры» және « Байқа, балақай» атты кітаптар жазып ұсындым.

Балалар үшін жазу қиын да, қызық та. Мен соның екеуін бірдей көріп жүрмін деп ойлаймын.



Шығармалары :
Асылбеков А. Балам туралы баллада: Дастандар.- Алматы : Жазушы, 1970.- 78 б.

Асылбеков А. Әлемге үні таралған: Дастандар мен балладалар.- Алматы : Жазушы, 1971.- 103 б.

Асылбеков А. Алтын арай: Өлеңдер, балладалар, ертегілер. – Алматы : Жалын,1980.- 80 б.

Асылбеков А. Алтын дән: Ертегілер.- Алматы: Жазушы, 1967.- 15 б.

Асылбеков А. Бәйшешектер: Өлең- ертегілер.- Алматы : Мектеп, 1985.- 16 б.

Асылбеков А. Ақ тілек:Өлеңдер, жұмбақтар,ертегілер.- Алматы: Жалын,1985.- 105 б.

Асылбеков А.Алатау аясында: Аңыз- поэма.- Алматы: Жазушы,1988.- 28 б.

Асылбеков А. Ақ моншақты аруым: Ән өлеңдері.- Алматы : Өнер, 1995.-124 б.

Асылбеков А. Балбұлақ: Өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер, ойындар, әндер.- Алматы : Рауан, 1996.- 110 б.
Өмірі мен шығармашылығы:
Асылбеков Абдрахман //Советтік қазақстан жазушылары : Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы ,1987.- 38-39 б.

Асылбеков А. Қиын да қызық: (Өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы) //Қазақ совет балалар жазушылары : Қаламгерлік өмірбаян жинағы.- Алматы, 1987.- 154 б.

Ахмедов Ғалым

(1906-2002)
«Жақсы адам қартайса- қазына», деген дана сөзді бабаларымыз айтқан. Бабалар айтып, бізге жетсе, ол сөздің асыл болғаны.

Бұл заманда қазына қарттар көп пе? Бір ауыл елді ақылымен асырап, жөн сілтеп, тәрбие мектебі болып отыратын қарттар қайда? Осындай қарттардың бірі – бүгіндері тоқсанның үстіндегі патриарх жазушы – Ғалым Ахмедов.

Ғ.Ахмедов 1906 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданының 1 – Май аулында дүниеге келген. 1926- 32 жылдары Ақтөбе, Жамбыл облыстарында кәсіподақ, шаруашылық қызметтерін атқарды. 1944 жылы Қазақ мемлекетттік біріккен баспаның бас редакторы ,1950 жылдары көркем әдебиет ( қазіргі « Жазушы») баспасының директоры болып тағайындалып, әдебиетімізді өркендетуге ат салысты.

Ғ. Ахмедов шығармашылық жолын аудармашы ретінде бастаған. Б.Горбатовтың « Бағынбағандар» повесін ( 1947) , Т.Семушкиннің « Аласталған Алитет» (1950), И.Тургеновттің « Соны сүрлеу» ( 1959), « Түтін» (1966), М.Бубеновтың « Қырға ұшқан құла тұз» ( 1962), К.Фединнің « Алау» ( 1969) романдарын , Ю.Смуулдың « Мұз кітабын» ( 1977), Л.Толстой, А.Чехов әңгімелерін аударған. Ахмедов кейін төл туындылар жазуға ден қойып, өнімді еңбек етті. Қазан төңкерісінен соңғы Қазақстандағы қоғам өмірінде болған оқиғалар мен ақтаңдақ кезең туралы « Жорық жолдары» (1977), « Жем бойында» ( 1992) романдары мен « Ескі достар» (1986) естелік кітаптары жарық көрді. 1996 жылы оның « Алаш «Алаш» болғанда» атты бір томдығы жарық көрді.

Басқа кітаптарын , публицистикалық шығармаларын былай қойғанда, осы жаңа кітабының құндылығы ерекше.

Алаш, Алаш дейміз, көбіміз мәніне жете түсіне бермейміз. Бәлкім, бұған кезінде бұл сөзге қатаң тыйым салынғандығынан болар. Ал, енді Ғалым Ахмедовтың туындысын алыңыз да оқыңыз. Алаш деген не, « Алаш» деген не, « Алашорда» деген не- бәріне жауап бар. Ең құндысы : 1917 жылы 1 сәуірде Орынборда тұңғыш қазақ құрылтайының шақырылғаны; онда қаралған мәселелері; баяндамашылар; құрылтайға қатысқан делегаттардың аты- жөні жазылған.

Мұның бәрі автордың архив ақтарған азапты еңбегінің жемісі. Орынбор архивінде талай тарих жатыр. Кітаптың бір тарауы – Түркістан республикасына арналған. Ғ.Ахмедов сол құнды материалдардың мәйегін оқырманға жеткізе білген.

Күні кешеге дейін коммунистік идеология санамызға тоқпақтап сіңірген бір өтірік : Октябрь төңкерісіне дейін қазақ жаппай сауатсыз еді дегені. Екі –ақ процент қана сауатты еді деді ғой. Жерден жеті қоян тапқандай, сол процентті байыбына бармай қайталай бердік. Ау, қазақтың көбі арабша танушы еді-ау, сол сауаттылыққа жатпай ма екен деп ешкім жақ ашпады ғой.

Сөйтсек, Октябрь төңкерісіне дейін қазақтың орысша оқыған, жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастары біршама бар екен. Ғалым Ахмедов соларды тәптіштеп тауып, бәрінің аты- жөнін, қайда, қашан оқығанын, қай өлкеден шыққанын түгел деректермен береді. Бұл қазақтар Петербург, Мәскеу, Киев, Том т.б. қалаларда оқыған. Олардың арасында көбіміз білетін Бақытжан Қаратаев ( Оралдан) Санкт- Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітіріп шығыпты. Ал, академик Нәйлә Базанованың әкесі Оразқұл Базанов, Тұрар Рысқұловтың әйелі Әзизаның әкесі Түбек Есенғұлов Қазанда малдәрігерлік институтын бітіріпті. Нәйлә Оразқұлқызы мен Әзиза Түбекқызы – туған бөлелер.

Ғалекең тапқан құжаттар арасында Уфадағы « Ғалия» медресесінде оқығандар туралы да құнды деректер бар.

Сондай-ақ, патшалы Ресейдің Думасына депутат болып сайланған қазақтарды да түгелдеп шыққан осы Ғалым Ахмедов.

Ғалым Ахмедов- тағдыр қос көріп, тоқсанның шыңына шықты. Сол шыңның биігінде тұрып артына бұрылып қараса, қытыр да қызық санқилы өмір жолы жатыр .

Сол жолда ол қазақ деген халықтың талай- талай нар тұлғалы ұлдарын : Ахмет Байтұрсынұлын, Тұрар Рысқұлұлын, Мағжан Жұмабайұлын, Смағұл Сәдуақасұлын, Нығмет Нұрмақұлын, Жаһаншах Досмұхамедұлын, Халел Досмұхамедұлын т.б. көптеген қайраткерлерді өз көзімен көріп, сөзін естіген. Және олар жөнінде « Асыл ағаларым» деп тебірене қалам толғап келді.

Ғалым Ахмедов – білікті, білімді кісі, арамызда жүрген тірі энциклопедия екені ақиқат. Бірақ соншалықты білімді атақ- дәреже үшін жинамаған, халық үшін, қалың оқырман үшін жинаған адам. Оның осыншалық еңбекқорлығы бәрімізге, білімге құштар кәрі- жастың бәріне үлгі боларлықтай. Әрбір Алаш азаматы өз халқы үшін осылайша еңбек ете берсе, дүниеде қазақ асқан өркениетті елдер қатарында тұрар еді.




Шығармалары :
Ахмедов Ғ. Таңдамалы шығармалар жинағы : 2 томдық .- Алматы : Жібек жолы, 2005.

Ахмедов Ғ. Жорық жылдары: Роман.- Алматы : Жазушы,1977.- 279 б.

Ахмедов Ғ. Ескі достар : Әңгімелер мен естеліктер.- Алматы: Жазушы, 1986.- 203 б.

Ахмедов Ғ. Жем бойында: Тарихи роман.- Алматы : жазушы, 1992.- 288 б.

Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда: Естеліктер мен тарихи деректер.- Алматы : Жалын,1996.- 224 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет