Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет9/13
Дата23.10.2016
өлшемі2,44 Mb.
#24
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Шығармалары :
Әзірбаев Е. Шығармалар.- Алматы : Жазушы, 1967.

Әзірбаев К. Көп томды шығармалар жинағы: 5 томдық.- Алматы , Өнер, 2007.

Әзірбаев К. Екі томдық таңдамалы шығармалар.- Алматы : Жазушы, 1984.

Әзірбаев К. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер, дастандар, айтыстар.- Алматы : жазушы, 1974.- 462 б.

Әзірбаев К. Аңыздар сыры: (аңыз, дастан, әңгімелер).- Астана: Елорда, 2000.- 348 б.

Әзірбаев К. Алатау алабында: Әндер.- Алматы : LEM, 2008.- 88 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Кенен Әзірбаев: 1884- 1976: Фотоальбом.- Алматы : Өнер, 2008.

Кененқызы Т. Кенен.– Алматы, 1998.- 176 б.


***
Алатаудың ақиығы: (Журналдың осы нөмірі Халық ақыны К.Әзірбаевтың 125 жылдығына арналған) // Атамекен- ай.- 2009.- №9.- 1-19 б.

Әзірбаев К. Құлағымнан кетпейді салған әні: ( Кенен Әзірбаев – 125 )

// Егемен Қазақстан.- 2009.- 26 қыркүйек.

Әзірбаев К. Кененнің кемел кездері // Ақиқат.- 2009.- №6.- 64-71 б.

Бәбіжан Б. Ән дүлділі- Кенекең // Жұлдыз.- 2005.- №1.- 162-164 б.

Жолдасбеков М. Асыл аға: ( К.Әзірбаев туралы эссе) // Егемен Қазақстан.- 2009.- 29 қыркүйек.

Ильясова М. Сағындым Кенен атамды… // Жас қазақ үні.- 2009.- 15 сәуір.

Кененқызы Т. Кенен мен Нұрғиса (Тілендиев) // Жетісу.- 2010.-30 шілде.

Құл- Мұхаммед М. Кененнің дара тұлғасы уақыт өткен сайын кемелденіп биіктей бермек // Қазақ әдебиет.- 2009.- 16 қазан.

Өтен А. Кенен Әзірбаевтың Ұлы Отан соғысына арналған шығармалары // Әдебиет айдыны.-2006.- 12 қаңтар.

Сәттібайұлы К. Ақындардың атасы алып Кенен, сен жасайсың мәңгілік халықпенен // Егемен Қазақстан.- 2009.- 6 қазан.

Әкімқұлов Еркінбай

1937
Бұдан бұрын әдебиет атты қасиетті шаңыраққа кісілір екі жолмен келетін. Бірі - буырқанған талантпен көзге сонадайдан шалынып, бұзып жарып, ерекше екпінмен енді де, екіншілері дабырламай әлекей- шүлекейсіз баппен, әдебиеттің не екенін әбден ұғынып барып келетін топ, ағын болатын. Ал қазір сол қасиетті босағаны іздеп жүрмей – ақ өзінің қалаған жерін опырайтып кіре салатын, кіре салып ешкімнің қас-қабағына қарамай төрге озатын қоржын-қолабайы қомақты үшінші лек те пайда болды.

Еркінбай Әкімқұлов ең алдымен өмірдің, содан кейін әдебиет атты қасиетті шаңырақтың қадір – қасиетін түсініп, босағадан имене аттаған, жібек мінезді, әлгі айтқандарымыздың екінші тобына жататын қаламгер.

Еркінбай Әкімқұлов 1937 жылы 4 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, «Балтакөл» колхозында шаруа отбасында туған. Әкімқұл Пірімқұлұлы Сұлтан тегі Ұлы Отан соғысына дейін колхозда түйе бағып, арба айдап, мақта еккен адам. Ол Отан қорғау соғысында 1943 жылы Воронеж түбінде опат болады. Жазушының анасы Зүбайра Бекбай қызы ел анасы атанған өнерлі жан еді.

Әулетінде әдебиет пен өнерге үлкен әуестігі бар бала Еркінбай 7-8 сыныптан бастап өлең жаза бастайды. Әдебиетке құмарлық оны 1954 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетіне алып келді.

1959 жылы университетті бітіргеннен кейін Еркінбай Әлімқұлұлы республикалық жастар газетіне шақырылып, онда әуелі әдеби қызметкер, сонсоң насихат және үгіт, әдебиет және өнер бөлімдерінің меңгерушісі болып, 1968 жылға дейін белсене еңбек етті. Осы жылы партиялық жұмысқа шақырылып, Қазақстан КП Алматы қалалық комитетінде 1974 жылға дейін жауапты қызмет атқарды.

Жазушының мұнан кейінгі өмірі әдеби шығармашылық еңбекке етене араласып жатыр. Ол әуелде «Жазушы» баспасының жасөспірімдер әдебиеті редакциясының меңгерушісі боп істейді де, 1976 жылы жаңадан «Жалын» баспасы ашылғанда сол баспаны ұйымдастыруға тікелей қатысады. Қаламгердің ат қазығын байлар өзекті екі тақырыбы бар. Оның бірі махаббат, екіншісі – қатардағы қарапайым адамның тағдыры, болмыс бітімі. Арасында тағдыры тәлкекке түскен өнер адамдары да шаң береді.

Жазушы қаламынан өрбіген махаббат - бұрынғы халық ұғымындағы адал да кіршіксіз пәк сезім, адамның адамгершілігін танытатын, жолы болмаған кейіпкердің үмітін жетелейтін, өмірге құштарлығын арттырып, жанын жалдайтын шынайы да асқақ махаббат.

«Жанарым- жарық дүнием» повесіндегі Заңғар табиғатынан талантты, зерек туған жасөспірім. Оның басына түскен бақытсыздық жас жігітті езіп, жігерін- құм, үмітін- күл ететін сор емес, балаң жігіттің төзімділігі мен адалдығын сынауға келген төрешідей. Өмірдің қайшылығы тағдыр деп аталатын не қилы арқаумен өріліп, игілік пен ізгілік арнасына жетіп құяды. Шығармада махаббат өмірмен, өмір махаббатпен ұштасып, бірін-бірі толықтырып, біріне – бірі жарасымды әр беріп тұрады.

Жазушы қаламындағы махаббат тақырыбы аңқау оқушының аузының суын құртатын қыздырманың қызығы үшін жазылған өтімді тақырып емес, түкпірдегі жан сырына терең бойлап, оның адамгершілігін танытатын кейіпкердің тағдырымен кіріге өрілетін болмыс пен шындықтың әсем де ырғақты әуені.

Өмір мен біз таныған шындық болса сан алуан себептермен бұрынғысынан әлдеқайда қиындай да күрделене түсті. Замандас бейнесі сан қилы мінездерден түрленіп көрінетін болды, жинақты жалғыз бейнеге сия алмайтын дәрежеге жетті. Биік талаптар тұрғысынан алып қарағанда қарапайым да елеусіз кейіпкердің міні тек қана оның елеусіздігінде. Әйтпесе шама - шарқына қарап ол да замана жүгін көтереді, қасірет шегеді: күреседі, күйініп-сүйінеді. Екінші міні – сол күресін аса жоғары бағалап, дәріптей білмейді, ешкімге міндет артпайды- таланыма тиіскен тағдыр деп, мойын ұсынады, көппен көрген ұлы той деп жүре береді. Мұндай кейіпкерлер мінезділігімен құнды, байсалды адамгершілігімен салмақты. Ерекеңнің

«Домбыра» әңгімесіндегі Ерболын, «Құрман» повесіндегі Құрманын, «Жаңа әулет» повесіндегі Таубайды, «Қайсар» әңгімесіндегі Қайсарды, «Момындар үлесіндегі» Бекайдарды біздің аласапыран дәуіріміздің жүгін арқалаған қарапайым замандастарымыздың қатарынан табамыз. Жазушы олардың озаттығын да, үлгілігін де бетке ұстап, жан дүниесіне ептеп еніп, баппен суреттейді, шын сырларын кәдуілгі қам- қарекеттері арқылы шым- шымдап қана ашып береді.

Жазушының кейіпкерлері болса осындай өзі тақылеттес сырбаз да шыншыл қасиеттері арқылы бүгінгі күнмен үндеседі, заманың беймағлұм мұңды әуенімен іштей сабақтасады.

Кейінірек жазылған «Әділет салмағы», «Шыбық бел», «Кішкентай тарақан», «Немере», «Сен қайтер едің?» әңгімелерінің етек жеңі жинақы, суретке бай, салиқалы ойға құрылған, көркемдік дәрежесі жоғары шығармалар.

Е. Әлімқұловтың драматургия саласында да азды-көпті еңбектері бар. Бір актылы пьесалары республикалық мерзімді баспасөзде, телевизияда жарық көрсе, «Ғалия» атты музыкалық екі бөлімді радиопьесасы республикалық радиоэфирден беріліп келеді.

Балаларға арналған поляктың классик жазушысы Януш Корчактың

«Қайта оралған балалық» және татар жазушысы Рафаэль Мұстафиннің «Кіш-

кентай Мұса» деген повестерін қазақ тіліне тәржімеледі.

Еркінбай Әлімқұлов «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

1997 жылы жазушыға «Мақтаарал» ауданының «Құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Шығармалары :
Әкімқұлов Е. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы : Арқас, 2004.

Әкімқұлов Е. Даңқым- дәуірім: Очерктер.- Алматы : Қазақстан, 1974.

Әкімқұлов Е. Қош бол, альбом: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жалын,1974 б.

Әкімқұлов Е. Қыз күнделігі: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жалын,1980.-208 б.

Әкімқұлов Е. Перизат сезім: Повестер мен әңгімелер.- Алматы : Жалын, 1980.-208 б.

Әкімқұлов Е. Білгенге маржан: Қысқа әңгімелер.- Алматы : Өнер, 1987.- 24 б.

Әкімқұлов Е. Жанарым, жарық дүнием: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1990.

Әкімқұлов Е. Өзбекәлі Жәнібеков: (Ғұмырнамалық деректі хикаят) .- Алматы: Қазақстан, 2006.- 240 б.


Аудармалары :
Корчак Я. Қайта оралған балалық: Повесть.- Алматы : Жалын, 1983.-

176 б.


Мұстафин Р. Кішкентай Муса: Повесть/ Татар тілінен ауд.- Алматы: Жалын, 1980.- 101 б.
Әлімбаев Мұзафар

1923
Мұзафар Әлімбаев Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды аулында 1923 жылы 29 қазанда туған.

Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айрылып, «туар - тумаста тоналған ұрпақтың өкілі...»

Алты жасында колхоздастыру науқаны зорлықпен өткізіліп, әр үйдің ақырғы тұяғын артельге алып, ортақтандырылған кезде шетелдерге босқан ұрпақ!

1932- 1933 жылы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген ұрпақ.

1937 жылдың сталиндік сойқанда халықтың зиялы ұл- қыздарын зорлық- зомбылықпен оққа байлағанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ.

Он сегізге толар – толмаста қанды майданда от кешіп, оққа көмілген, әрбір жүзінен 3-4-і аман оралған жанкешті жауынгер ұрпақ!

Бір қызығы М.Әлімбаев көп жерде қызмет істепті... Жеті жарым жылдық әскери қызметтен оралысымен «Пионер» журналына орналасып

(1948-1956 жыл), поэзия бөлімін басқарады. Одан соң 1956- 58 жылдары

«Қазақ әдебиеті» газетінің көркем әдебиет меңгерушісі іле бас редакторының орынбасары. Ал 1958 жылдан 1986 жылға дейін табаны күректей 28 жыл «Балдырған» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.

Бәрін айт, бірін айт демекші: Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастайды. 6 класта ауыл кітапханасының бір қыста 150 ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап, «Батырлар жырын» ортаға ала, А.С.Пушкиннің 4 томдығын тауысады. Өлең жазуды мектеп қабырғасында бастап, 16 жасында алғашқы туындысы мерзімді баспасөзде жарияланады. Бұл үлкен өнер жолына деген алғашқы баспалдағы еді.

«Пионер» журналының тапсыруы бойынша - алғашқы журналистік қызметті – 1949 жылы Мұхтар Әуезовке Сталиндік сыйлық берілгенде интервью алудан бастайды. Содан бастап әркезде сапарларға бірге шығып, ұлы жазушының ұлағатына тәнті болғаны бар. Осы жылы Ғабит Мүсіреповтің де алдына алғаш барып, А.Пушкиннен қазақшалаған өлеңдерін көрсетіп, талғампаз, қатал сыншы Ғабекең бір-екі аудармасының төбесіне

«Отл» деп баға қойып беріпті. Мұхаңның да, Ғабең мен Сәбеңдердің бауырына тартып, жақын көруі - талант ұшқынының болашағына сенгендіктен болар. Солардың әрқайсысы жөнінде естелігі де жарияланған. Бұлардан өзге қазақтың әйгілі арыстары туралы 50- ден астам естелік- эссе жазып, жас ұрпаққа үлгі - өнеге қалдырып отыр.

Сөз түйіні іспетті ұлылардың, замандас- әріптестерінің Мұзафар Әлімбаев жөнінде біркездерде жазған қолтаңба, пікір түйінділерін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

«Асыл ақын інім, досым Мұзафарға ағалық тілектес көңіл бейілімен сыйлаймын». Мұхтар, 1960жыл, 30 қазан («Қараш- қараш» кітабына берген қолтаңбасы)

«Мұзафар Әлімбаев – шынтуайтқа келсек, нағыз ғылымның адамы. Оның ғылымға тән таланты, миының зеректігі, асқан төзімділігі мен мүлде ерінбейтін еңбекқорлығы, уақытының көбін қағаз арасында, кітап ішінде өткізуі - бәріде оның ғалымдық қасиетін айтып тұрған жоқ па» ( Ғафу Қайырбеков, «Сарабдал сөздің сардары», («Егемен Қазақстан газеті,

29 қазан, 1993 жыл)

«Поэзияны, жалпы әдебиетті Мұзафардай бағалап, оны құдыреттің құдыреті деп ұғынатын адамды, ақынды қаламдас ағалардың арасынан мен әлі кездестіре қойғаным жоқ. Өз әріптестерінің творчествосын Мұзафардай қадағалап қоймай, қомағайлана зерттеп отыратын ағайынды да әлі кездестірген емен» (М.Мақатаев: «Қош, махаббат!»).

Естуімше, Мұзағаңның маңдайына кешігу жазған екен. Сұрапыл соғыстан кешігіп елмен қауышу; құрбы - құрдастан кенжелеп отау тігу, алғашқы кітаптың кідіріп барып шығуы, бала - немерелерін де кешіктіріп бұйыртуы; Мемлекеттік сыйлықтың өзін 61 жасында алуы; 71 жасында Халық жазушысы атануы; ең аяғы «Құрмет» ордені де 1995 жылы бұйырыпты...




Шығармалары :
Әлімбаев М. Шығармалар жинағы: Екі томдық.- Алматы : Санат,1997.

Әлімбаев М. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы : Қазығұрт,2003.- 400 б.

Әлімбаев М. Таңдамалы: Екі томдық.- Алматы : Жазушы,1983.

Әлімбаев М. Балдәурен: Өлеңдер , дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар.- Алматы: Раритет,2008.- 256 б.

Әлімбаев М. Балдәурен балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар.- Алматы: Балауса,2007.- 432 б.

Әлімбаев М. Нақылнама: Ақыл- ойдың желісі, нақыл – сөздің жемісі.- Алматы : Өнер,2007.- 296 б.

Әлімбаев М. Үлкендерден үйреніп: тақпақтар мен танымдық өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.- Алматы: Атамұра, 2006.- 304 б.

Әлімбаев М. Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: ( Естеліктер, эсселер).- Алматы : Қазақстан,2002.- 216 б.


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Әлімбаев М. Өмірім- өлеңім // Сөзстан: ( Әдеби портрет, мақала). - Алматы,1983.- 4 кітап.- 45-62 б.

«Бүлдіршін күнмен бір күлсін...» // Сарбалаев Б.Өткірдің жүзі.- Алматы , 1992.- 176- 188 б.

Талғам таразысы// Мәуленов С. Сыр мен жыр.- Алматы, 1991.- 221 –

230 б.


***
Алдиярбай Ғ. Балалар әдебиетінің базаршысы // Ұлан.- 2010.- 13 сәуір.

Дәрібаева Ж. Сәулелі сана: Қазақтың көркемсөз абызы - Мұзафар Әлімбаев 85 жаста // Әдебиет айдыны.- 2008.- 6 қараша.

Елубаева М. Мұзафар Әлімбаев тіл мәдениеті туралы // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2008.- №10.- 90-93 б.

Жақсыбаев А. Сөздің көркі - мақал (М.Әлімбаевтың жинаған мақалдары жайында) // Қазақ әдебиет.- 2008.-31 қазан.

Мұзафар Әлімбаев: ( Жазушымен әңгімелескен Т.Алдабергенқызы

//Түркістан.- 2009.- 15 қазан.



Әлімжанов Әнуар

(1930-1993)
Көрнекті қаламгер Әнуар Әлімжанов 2010 жылы 12 мамырда 80 жасқа келді. Тағдыр оны ешқашан аямаған. Бала кезінен көрген теперіші бір басынан асады.

Алматы облысының бұрынғы Үйгентас ауданында Екпінді деп аталатын ауыл бар. Әнуардың сол жердегі мектеп – интернатта оқып жүрген кезі болса керек. Бір күні колхоздың төрағасы атпен аудан орталығынан келе жатады. Қақаған қыстың кезі. Астындағы аттың екі танауынан будақ- будақ дем шығады . Тұяғы тиген қар сықыр - сықыр етеді. Әлгі адамның қасы- кірпігін, мұртын қырау шалған. Ол колхоз төрағасы – Қапсаламов Шынғожа деген кісі еді. Екпінді шетіне ілінгенде, жол жағасында бір баланы көзі шалады. Ойнап жүрген бала шығар деп ойлайды. Жақындай бергенде байқағаны, әлгі дір-дір етіп, бір уыс болып отырған бір жан. Тіл қатуға да шамасы жоқ.. Шынғожа аттан қарғып түсіп, көтеріп мінгізеді де, үйіне апарады. Келе әйелі Алшыоразға: «Мына бала қатып қалыпты, бүрісіп жатыр, дереу қарашы, бір жері үсіп кеткен жоқ па екен?» - дейді. Сөйтіп екеулеп жүріп баланың жанын шақырады. Ол - Әнуар еді.

Ә. Әлімжановтың балалық, тіпті жастық шағының қасіреті аз болған жоқ. Әке- шешеден ерте қалды. Содан кейін сергелдеңде күй кешті. Әсіресе, әкесінің басына түскен іс оған жеңіл соқпады. «Жаудың баласы» дегенді де естіді. Интернатта жатып оқиды, ФЗО- ға кетіп одан қашты, ауылда алуан түрлі жұмыс істеді.

Соның бәрі арқау болған соңғы шығармасы «Тағылым» («Познание») - өзінің басынан кешкендерін ой елегінен өткізе отырып, басқа ел- жұрттың тіршілігімен, өміріндегі ерекшеліктерімен, басқалай түсініп түйсіне алмаған ықылым жаңалықтарымен астастыра, салыстыра келіп, өмір деген шет- шегі көрінбейтін мұхитта қалай тірлік етудің кейбір мәселелерін алға тартатын шығарма. Әуел баста Әнуарбек ауылдың тіршілік- тынысына, ондағы адамдардың тағдыр- талайына, қасірет -қайғысына арнап жазған шығармаларын асықпай- аптықбай, ақыл таразысына сала келіп, оқырмандарына ұсынды. Негізінен ақиқатқа жүгіне отырып, дүниені арнайы көрсетуге тырысты. Ол ауыл өмірінің жақсы, жағымды жақтарын ғана әңгіме етіп қоймаған, көлеңкелі, келеңсіз адамдарға қасірет – қайғы әкелген кеңестік заман кезеңіндегі қателіктерді сыншылдық көзбен көре білген.

Әнуарбектің жазушылыққа бет бұрған, мүлдем ойысқан тұстарында жазылған алғашқы повестері «Күнге бет алған керуен» және «Көгілдір таулар» ой- тұжырымымызға дәлел бола алады.

Сол талпыныстың сәтті болғаны сонша, ол университетті бітірген соң «Алма- Атинская правда» газетінде журналистика қызметін бастаған.

Көп ұзамай ол танымал журналист қатарына қосылып, әдебиет мәселелеріне белсене араласа бастайды. Әсіресе, бұл кезде Мәскеу жазушыларының аузына ілініп, оған олар үлкен үмітпен қарайды. Әлгі газетте бір жыл толар- толмас істеген оны «Литературная газета» редакциясы меншікті тілші етіп алады. Одан соң «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарады. Бұл жылдарда ол журналист ретінде көп жазып,қаламы ұштала береді. Очерктері мен әңгімелері, мақалалары мен корреспонденциялары жиі шығып жатады. Сөйтіп, 1958 жылы алғашқы очерктер жинағын жарыққа шығарды. «Ақ дос, сары дос, қара дос» деп аталатын кітабы, негізінен демократиялық жастар мен студенттердің Мәскеуде өткен дүниежүзілік фестивалінен репортаж түрінде жазылған.

Өз елімізді және Еуропа, Азия, Африка жерлерін аралаған сапарларынан жазылған очерктері мен әңгімелері «Достар кездескенде»,

«Су және құрлық бойымен елу мың миль», «Отқа оранған найза» атты кітаптар болып шықты. Бұл кезге дейін жазғандарының бәрі публицистикалық дүниелер еді.

Бағдарлай қарасақ, ол жазушы болуға асықпаған, дайындық жасаған. Бұл орайда оның көркем туынды жазуына екі алғы шарт әсер еткен деп ойлаймыз. Біріншісі, өз басынан кешкен, жан- жүрегінен өткен, көзімен көріп, көңіліне түйген өмір талқысы. Жетімдік қай жағаға соқпады оны. Интернат, ФЗО, балалар үйі, одан соң колхозда мал жаю, сүт, жанармай тасу... сияқты әралуан жұмыстар істеу, өзі бірге болған , жұмыс істеген адамдардың бейнесі, мінез- құлқы - мұның бәрі тіршілікте алған, көкірекке ұялаған алуан сырлар еді.

Екінші алғы шарт, ол- публицистикада төселіп, жазушы боламын деген бабына келгенше қаламын шыңдай берді, үлкен қаламгерлік мектебінен өтті. Олай болса, журналистика- оның көркем шығармаға барардағы баспалдағы.

Ә.Әлімжановтың жазушылыққа содан кейін ғана бет бұрып, осы өнер жолындағы алғашқы қадамын «Күнге бет алған керуен», «Көгілдір таулар» повестерімен, «Тұма», «Әже бағы» сияқты әңгімелерімен байланыстырамыз. Суреткер өзі жақсы білетін, көрген, ішкі дүниесін қопарып жүрген тақырыптан бастайды. Ол тақырып- ауыл өмірі, ондағы адамдар тағдыры. Бұл ретте Әнуар «білмеген нәрсемді жазуға шорқақпын, ауыл өмірін жақсы білемін» дейтін ұлы жазушымыз Бейімбет Майлиннің ізбасары бола алды.


Шығармалары :
Әлімжанов Ә. Махамбеттің жебесі: Роман.- Алматы: Жазушы, 1970.-

410 б.


Әлімжанов Ә. Жаушы: Роман.- Алматы: Жазушы, 1976.- 218 б.

Әлімжанов Ә. Отырардан жеткен сый : Повестер.- Алматы : Жазушы, 1974.- 303 б.

Әлімжанов Ә. Ұстаздың оралуы ; Жаушы; Махамбеттің жебесі: Романдар.- Алматы: Жазушы, 1981.- 543 б.

Әлімжанов Ә. Көгілдір таулар: Повестер/ Орысшадан ауд.С.Мұратбеков. - Алматы : Жалын, 2002.-176 б .


Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Әлем таныған Әнуар . Признаный миром Ануар: Естеліктер жинағы . Сборник воспоминаний / Құраст. Ғ.Қабышұлы. – Алматы : Нұрлы әлем, 2000.- 192 б.

Жазушы- азамат: ( Ә.Әлімжанов ) // Омаров І. Әдеби толғамдар.- Алматы , 1988.- 263- 268 б.


***
Әлімжанов Ә. Атом күліне көміліп қалмайық: Ұлыбританияның Қауымдар палатасында сөйлеген сөзі // Жас Алаш.- 2010.- 18 мамыр.

Дөненбаев Т. Халқының адал перзенті: 12 мамыр- Әнуар Әлімжановтың туған күні // Жетісу.- 2007.- 12 мамыр.

Ерсарин Қ. Достық үшін жаралған Әнуар // Қазақ әдебиеті.- 2008.- 23 желтоқсан.

Исабаев Қ. Әнуармен әзіліміз жарасып еді // Қазақ әдебиет.- 2007.- 7 желтоқсан.

Иманғазинов М. Үйгентастан түлеп ұшқан: ( Көрнекті жазушы, публицист, журналист, ғалым Әнуар Әлімжанов туралы ) // Жетісу.- 2009.-

9 маусым.

Қабышұлы Ғ «Елім, жерім, халқым» деп...// Жалын.- 2009.-№ 7-8.-

56-62 б.


Қабышұлы Ғ. Әуезов әспеттеген Әлімжанов: Ә.Әлімжановтың туғанына 80 жыл // Түркістан.2010.- 13 мамыр..

Қабышұлы Ғ. Әнуардың аруағы асық емес // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 15 қаңтар.

Қамзин К. Азаттық аңсаған азамат // Егемен Қазақстан.- 2010.- 12 мамыр.

Ысмағұлов Ж. Дарын көзі: ( Жазушы Ә. Әлімжанов) // Әдебиет айдыны.- 2006.- 24 тамыз.


Әлімқұлов Нұрсұлтан

(1928- 1982)
Әр таланттың өмір жолы әр басқа, соған орай олардың шығармашылық тағдыры да әрқилы сабақталады. Арамыздан ерте кеткенімен, оқушысын қуантарлық бірсыпыра қызықты әдеби мұра қалдырған ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов .

Аяулы анасы Батиманың айтқанына қарағанда, әкесі ерте қайтыс болғанда, тәй- тәй басқан сәби Нұрсұлтан нағашы атасы мен әжесінің тәрбиесінде өсіпті. Семьялық жағдайына байланысты ана да сәби қасында бола алмапты.

Өмір жолына үңілген ақынның өзі: «мен тауда тудым да, ғажап сұлу Қасымбек жайлауында өстім. Жайлауда айнала көгілдір таулар қоршап жататын. Ал мен болсам, жастайымнан табиғат тамашаларын қызықтаумен болдым. Ол мені сұлулықты сезіп білуіме, бала қиялымның қанаттануына септесті. Сөйтіп, туған табиғат бала жастан әсерге бөлеп, ақын болуыма ықпал етті деп ойлаймын», - деп жазыпты.

Мектеп қабырғасында өлең жаза бастаған жас талапкердің үмітін жағып, шын пейілімен жетекшілік еткен әдебиет пәнінің мұғалімі екен. Алғашқы өлеңі қазақ университетінің филология факультетінің 4- курсында оқып жүргенінде «Лениншіл жас» газетінде жарияланыпты.

Осы сәттен бастап оның өлеңдері жиі- жиі жарық көріп, ақын ретінде таныла түсті. 30 жылдай еңбектенген ақын соңында бірсыпыра әдеби мұра қалды. Оның балалар ақыны, ән текстерінің авторы ретінде әсіресе кеңірек танылғаны анық. Сонымен қатар Н.Әлімқұлов лирикалық өлеңдер, поэма, дастандар да жазды. Олар әдебиетіміздің әр саласында жанрына орай, көркемдік дәрежесіне сай бағаланып жүр.

Үлкендерге арнап әр жанрда қалам тартқан Н.Әлімқұлов - балалар әдебиетінің де өкілі. Өз жырларымен балаларды қуанышқа бөлеген ақын.

Ақын балаларға тақпақ, юморлық өлең, ойнақы, ырғақты ән текстері, бірнеше поэма жазып қалдырды.

Отан, ана, мектеп тақырыбына сәтті тақпақ, табиғаттың сұлу көріністерін де өлең жолдарына түсіре білді. Бұл саладағы айрықша табысы деп бала мінезіне, бала тіліне құрылған юморлық өлеңдерді айтар едік .

«Қоңырау», «Бес алдым» , «Телефон», «Ораз бен Қораз» , «Домбы», «Бара-

бан», «Бес саусақ», «Жаңбыр» секілді өлеңдер- Нұрсұлтанның ғана емес, қазақ совет балалар әдебиетінде өзіндік орны бар шығармалар.

Ән текстерін көп жазып, машықтанғандықтан да болса керек, ақынның юморлық өлеңдері ойнақы, жеңіл ырғақты болып келеді. Осы ерекшелік есебін шығара алмай, оның шешуін «09» - дан сұрамақ болған Самат, «екі» мен «үш» қосып, «бес» алдым дейтін Кәкен, қоразды сағат орнына пайдаланатын Ораз. «Ай туыпты» дегеннен өзінше түйін жасап: «Егер бүгін ай туса, маған әпер баласын»,- дейтін Иса мінезі, іс- әрекеті айқын көрініс тапқан өлеңдерге де тән.

Ақынның осынау юморға құрылған шуақты өлеңдері қалай туған?

Н. Әлімқұлов мектеп оқушылары арасында жиі болып олармен сырласудан жалықпайтын еді. Ең бастысы сол кездесулерде балалар мінезін барлап, сөйлеу мәнерін бақылайтын болса керек. Өмірдің өзінен өлеңге көшкенд , бала мінезінен құрылған ол өлеңдер ақын мұрасының ішіндегі өміршеңі деп білеміз.

Н. Әлімқұлов балаларға арналған ән текстерінің де авторы. Оның кеңінен таралып кеткен «Батыр бала Болатбек» әнінің сөзін жазғаны баршамызға мәлім.

Ақын Н. Әлімқұловтың мұрасындағы маңызды ендігі бір сала- ертегі, поэма, дастандар. «Нысапсыздар», «Қораз бен түлкі», «Барабаншы қоян»,

«Батыр бала Болатбек», «Бала Тұрар» сияқты шығармаларды балалар сүйіп оқиды. Ақын «Бала Тұрар» , «Батыр бала Болатбек» және «Мұғалім» поэмаларын жазар алдында Тұрар Рысқұлов, Болатбек Омаровтың көзін көрген адамдармен әңгімелесіп, болашақ шығармаларына жап- жақсы материал жинаған болуы керек. «Мұғалім» поэмасын жазуға өзінің архивтік дерегіне қарағанда, ақынның 1957- 1959 жылдарын орта мектепке ұстаздық етуі себепкер болыпты.

Сөз түйіні: Н.Әлімқұлов- балалар әдебиетіне хал- қадырынша үлес қосқан дарындардың бірі. Ол бала қылығын қапысыз баққан, тілін тапқан талант еді.
Шығармалары :
Әлімқұлов Н. Үш дос ./ Суретті кітапша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған/.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1964.- 8 б.

Әлімқұлов Н. Галстук: Балаларға арналған өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1965.- 40 б.

Әлімқұлов Н. Қораз бен түлкі: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1968.- 8 б.

Әлімқұлов Н. Барабаншы қоян: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.- 62 б.

Әлімқұлов Н. Балалы үй базар: Өлеңдер, ертегілер және поэма.- Алматы: Жалын, 1978 б.

Әлімқұлов Н. Баспалдақтар: Поэмалар.- Алматы: Жалын, 1982.- 80 б.

Әлімқұлов Н. Таң самалы: Ән өлеңдерінің жинағы .- Алматы: Өнер, 1984.- 144 б.

Әлімқұлов Н. Сары жайлау: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жалын,1986. -96 б.

Әлімқұлов Н. Атқұлақ: Өлеңдер, ертегілер, поэма (Төменгі класс оқушыларына арналған). – Алматы: Жалын, 1988.- 112 б.

Өлеңдер, ертегілер, аңыздар, поэмалар . Т.8. / Қ. Мұқышев, Ә.Ахметов, Н. Әлімқұлов.- Алматы: Жалын, 1991.- 559 б.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы
files -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет