Әуезов Мұхтар
(1897- 1961)
Дәуіріміздің сұңғыла суреткері, ұлан-ғайыр энциклопедиялық білім-
нің иесі М.Әуезов туған халқының әдебиеті мен ауыз әдебиетінің, Шығыс пен Еуропаның классикалық мәдениетінің, кемеңгер Абайдың көркемдік әлемінің кәусар бұлағынан сусындап, солардың игі дәстүрлерін өз бойына сіңіру, оларды байытып, дамыту үстінде бүкіл әлемдік көркем ойдың асыл қорына баға жетпес үлес қосты. Ол ХХ ғасырдағы көркем ой алыптарымен иық теңестіріп, солардың санатында тұр.
Мұхтар Әуезов онша ұзақ жасаған жоқ, небәрі 64 жыл өмір сүріп, соның қырық төрт жылын төстабандаған шығармашылық еңбекке жұмсады, өмірдің қызығын да шыжығын да, азабын да, ғажабын да көрді. Сөйтіп жүріп туған халқының бастан кешірген келелі кезеңдерін, тарихи тұрғыдан нағыз суреткерше шыншылдықпен суреттеп, өлмес өшпес шығармалар тудырды.
Мұхтар өзін үш түрлі қоғамдық құрылымның куәсімін деп есептейтін. «Мен өз өмірімде,- деп жазды ол, - үш түрлі қоғамдық формацияны бастан кешірдім. Олар: феодализм, капитализм, социализм... Кейбір ретте мен өзімше жастық шағы мен бүгінгісінің арасында ғасырлар жатқан шежіреші адам бола алар едім. Көргенім, бастан кешіргенім, байқағаным жөнінен ХХ ғасырдың орта шеніне, тіпті сонау Европалық та емес, одан әрмен Азияның орта ғасырынан келген адам сияқтымын»
Болашақ жазушы қандай қоғамдық ортада өсіп, тәрбиленді? Оның жасынан ұғымтал, зерек болып өсуіне атасы Әуездің айтарлықтай ықпалы, көмегі тиді. Әуез Абайдың ауылдасы, тұрғыласы, досы болатын. Немересіне алғаш харіп танытқан да, өлең жаттауға баулыған да сол кісі екен. Ол Абай өлеңдерін көшіртіп жаздырып алып, сол жинақ бойынша Мұхтарға хат танытқан. Кейін ауылдағы мұсылманша мектепке оқуға берген. Абай ауылымен аралас-құралас болуы, атасының ғажайып та қызық әңгімелерін тыңдауға машықтануы жас Мұхтардың көркем сөзге деген құмарлық сезімін оятқан.
Семейдегі қалалық училище, оқытушылар семинариясы, Ленинградтың мемлекеттік университеті, Ташкент университетінің аспирантурасы – міне, алымды да алғыр Мұхтардың білім алған оқу орындары осылар деуге болады.
Жалғыз ағаш орман бола ала ма? Жалғыз шапқан ат жүйрік атана ала ма? Мұхтар қолына қалам алып, көркем шығарма жазуға кіріскен кезде қазақ әдебиетінде қандай күштер қам -харакет жасауда еді? Әлбетте, жас қаламгер алдымен Абай мұрасына, қазақтың бай ауыз әдебиетіне иек артты. Сонымен қатар ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ел тағдырын, ұлттық мүдде, рухани тәуелсіздік сияқты мұраттарды көздеген зиялы қауымның тегеурінді тобы жасақталып үлгерген еді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, оларға ілісе шыққан Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев тәрізді қалам қайраткерлері салт- сана майданында белсене еңбек етіп, жұртшылық назарын аудара бастаған болатын. Олар қытымыр заманда біріне -бірі сүйеу, демеу болған қадірлес зиялылар. Жас Мұхтар олардың ұстанған бағытымен де, жолымен де, шығармаларымен де жақсы таныстығының үстіне – ағалары мен тұтастары жайында өзі де пікір білдірген. Мәселен, ол «... Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, Жарқыраған әшекейін сүйемін деген, ал Жүсіпбекпен етене туысып кеткені соншалық, екеуі бірлесіп жазған мақалаларына «Екеу» деп қол қойған, екеуі Семейде шығып тұрған «Абай» журналының негізін қалаған.
Мұхтар шығармашылық қадамын әдебиеттің ең бір күрделі де қиын жанрынан – драматургиядан бастаған. 20 жастағы талапты жас, тума дарын халық арасына кең тараған «Енлик – Кебек» дастаны бойынша пьеса жазып оны жеті күн ішінде аяқтаған. Пьеса сол жылдың жазында Абайдың сүйікті жары Әйгерімнің үйінде қойылған. Екі киіз үй жапсарластыра тігіліп, сахна қалпына келтірілген. Дегендеріне жете алмай махаббат жолында қайғылы халге ұшыраған екі жастың тағдыры шығарманың желісін де, мазмұнын да құраған. Кейін, 1926 жылы қазақтың алғашқы ұлттық театрының шымылдығы осынау «Еңлік- Кебек» пьесасымен ашылған. Әлбетте, автор бұл шығармасына бірнеше рет оралып, көптеген өңдеулер мен толықтырулар енгізген.
М. Әуезовтің қарымды қаламгер, қайталанбас дарын иесі екендігін оның жиырмасыншы жылдардағы ғажайып әңгімелері мен новеллаларынан айқын аңғарылады. Бұл дүниелерінің кейбірін ол Арғын, Жаяу сал, Қоңыр, Айғақ деген бүркеншік аттармен «Қызыл Қазақстан», «Таң», «Шолпан»,
«Сана» журналдарында жариялаған.
«Қорғансыздың күні» (1921), «Кім кінәлі» (1923), «Қыр суреттері»
(1923), «Қыр әңгімелері» (1923), «Жетім» (1925), «Барымта» (1925),
«Қаралы сұлу» (1925), «Ескілік көлеңкесінде» (1925), «Көксерек» (1929) сол кездің өзінде де, одан кейінгі кезеңде де оқырмандардың сүйсініп оқитын, қолдарынан түспейтін шұрайлы да шырайлы шығармаларына айналды, әдебиетіміздің қорына құнды қазына болып қосылды.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында жазушының сана – сезімінде, көз қарасында айтарлықтай өзгерістер пайда бола бастады. Ол енді өмірдің өткір мәселелерін қозғауға көбірек көңіл бөледі. Бұған оның
«Қараш- қараш оқиғасы» (1927), «Қилы заман» (1928) повестері толық дәлел бола алады.
«Қараш - қараш оқиғасы» повесінде Бақтығұл дейтін қара сирақ кедейдің тартқан тауқыметі мен шеккен қасіреті баяндалады. Ол жұрт көзінен тасада, тау ішінде тіршілік етіп, аң аулап күн көреді. Бірақ жоқшылық пен мұқтаждық тырнағына іліккен ол ұрлық жасау жолына түседі. Содан ол бұл жолдан қайту үшін Жарасбай болысқа барып, жәрдем сұрайды. Бірақ болыс оны алдап, теріс бағытқа сілтейді. Ақырында Бақтығұл болысты өлтіріп абақтыға жабылады. Артындағы жаулары мұның үй ішін қайыршы қылып қаңғыртып жіберген соң абақты ұлығына тіленіп баласы Сейітті қасына алады. Бақтығұл баласына: «Қалқатайым, оқу оқы! Ала қағаздан басыңды алма! Сені бірдеңеге жеткізсе – сол жеткізеді. Әйтпесе көремісің – міне, менің не болғанымды!» - дейді. Осынау сөздерде шығарманың негізгі ой түйіні жатқан тәрізді.
«Қилы заман» повесінің мазмұны мен тақырыбы да, тарихы да басқашалау. Ол көпке дейін көпшіліктің назарына ілінбей қапаста жатты. Тек 1972 жылы «Новый мир» журналында орысша аудармасы жарияланып, оған Шыңғыс Айтматов алғысөз жазған кезден бастап шығармамен толық танысудың сәті туды.
Повесте момын албан елінде 1916 жылы бұрқ етіп шыға қалған ұлт- азаттық көтерілісінің қалай қанат жайғаны6 Жәмеңке қария мен Ұзақ батырдың қандай харекет қимыл көрсеткені, Жетісуда болған қозғалыстың Орта Азия өңіріндегі 1916 жылғы көтеріліспен қанаттастығы баяндалады.
Екі жанрда да қатар қалам тартқан Әуезов жиырмасыншы жылдарда бірнеше пьеса жазды. Олар: «Бәйбіше - тоқал» (1918 жазылып, 1923 жылы жарияланған) , «Қарагөз» (1925), «Хан Кене (1928). Осы кезеңде ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеумен шұғылданып, «Әдебиет тарихын» (1927) жариялайды. Бұл кітап 1991 жылы ғана қайта басылып шығады.
Қырқыншы жылдардың бас кезі. М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясының қойылуы әдебиетіміз үшін бетбұрыс секілденді.
Уақыт Абай тақырыбын алға тартты . Мұның өзі заман талабынан туды. Ұлы ұстазының тұлғасын тек Мұхтар сынды ұлы суреткер ғана сомдай алатын еді. Ол Абайға бүкіл ғұмырын арнады. «Абай жолы» эпопеясын жазудың өзіне ғана ғұмырының он үш жылын арнады.
Ұлы ақын туралы романдар сериясын жазуға кіріспес бұрын Мұхтар бала жігіт кезінде Абайды білетін қариялармен, әжелермен кездесіп, олардың әңгімелерін естіген. Ділдамен, сүйікті жары Әйгеріммен сұхбаттасып, талай нәрсені көңіліне түйген. Сонда- ақ, болашақ жазушы Абайды көре қалған басқа да адамдармен жүздесіп, бірталай жайларға қаныққан. Даңқты жерлесінің өмірбаянымен Мұхтар қалада оқып жүрген шағында молырақ танысқанға ұқсайды. Бірақ оның Абай өмірінен материалдар жинай бастауы 1930 жылдың бер жағы көрінеді.
«Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы жайындағы мақаласында автор талай қиындықтарға тап болғанын тәптіштеп баяндайды. Абай өміріне тікелей қатысты мемуар да, еңбектер де жазылмағанын, шығармалар жарияланбағанын айтады. 1930 жылы ол жайында роман жазуға кірісерде « мен уақытымның біразын жоғалтып алғанымды, ақынды көрген – білген адамдардың мүлде азайып қалғанын сездім» - дейді.
Сонымен, Мұхтар Абай жайында үлкен шығармасының алғашқы тарауын 1937 жылы, орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің қаза тапқанына 100 жыл толған тұста «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялаған.
Заманымыздың заңғар жазушысы өзінің алдына аса биік мақсат қойған: ол – қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін көрсету.
«Абай» романының бірінші кітабы 1942 жылы жарыққа шықты.
Романның екінші кітабы 1947 жылы, үшінші кітабы 1951 жылы, төртінші кітабы 1956 жылы шықты. 1949 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығын алды да, енді «Абай жолы» атанып төрт томы шыққанан кейін , 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.
«Абай жолы» - халық туралы, оның данышпан ақыны туралы кең құлашты, аса ауқымды роман- эпопея. Жазушы мұнда туған халқының өткендегі өмірі мен болашағын терең толғап, тебірене суреттейді.
«Абай жолын» оқығанда қазақ даласының ғажайып ажар- көркіне, табиғатына таңғалмау мүмкін емес. Ақын жайындағы шығарма нағыз ақын тілімен жазылған. Төрт томдықтың беттері сұлу поэзия өрнектеріне, әдемі айшықтарға толы.
Әдебиетіміздің барлық жанрын өресі биік, деңгейі жоғары таңғажайып туындыларымен байытқан даңғайыр дарын иесі М.Әуезов көркем аударма саласында да салиқалы еңбек етіп, артына тәржіманың теңдесі жоқ үлгілерін қалдырды.
Бұл ретте біз Гогольдің «Ревизорын», Шекспирдің «Отеллосы» мен
«Асауға тұсауын», Тургеневтің «Дворян ұясын» аударған.
Ұлттық әдебиетіміздің шеңберінен шығандап асып, әлем әдебиетінің классигі деңгейіне дейін көтерілген Мұхтар Әуезов – қазақ халқының мақтанышы.
Әуезов даңқы әлем кеңістігіне көтеріліп, әуелеп барады.
Шығармалары :
Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.- Алматы: Ғылым, 1997.
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы .- Алматы: Жазушы, 1979.
Әуезов М. Шығармалар: 12 томдық. – Алматы : Жазушы, 1967.
Әуезов М. Абай жолы: Роман – эпопея: 4 томдық.- Алматы: Жеті жарғы, 1997.
Әуезов М. Абай Құнанбаев: Монографиялық зерттеулер мен мақалалар
/ Құрас. Н.Ақбаев.- Алматы: Санат,1995.- 320 б.
Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа: Ибраһим Құнанбайұлының ғұмырнамасы: Оқу құралы .- Алматы: Санат, 1997.- 116 б.
Әуезов М. Әдебиет тарихы .- Алматы: Ана тілі, 1991.- 240 б.
Әуезов М. Әдебиет туралы . О литературе.- Алматы: Санат, 1997.- 304 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Ауыз әдебиетінің ойшыл ғалымы // Жолдасбеков М. Асыл арналар.-Алматы,1990.- 301- 315 б.
Бекхожин Қ. Кең кеуденің жылы лебіздері // Бекхожин Қ. Өлең өткелдері .- Алматы, 1986.- 48-58 б.
Бердібаев Р.хтар шыңы.- Алматы: Жазушы,1997.- 208 б.
Дәдебаев Ж. Мұхтар Әуезов.- Алматы: Рауан, 1991.- 86 б.
Досжанов Д. Мұхтар жолы: Роман- толғау.- Алматы: Жазушы, 1988 .- 400 б.
Дүйсенбаев Ы. Мұхтар Әуезов: Мақалалар, естеліктер.- Алматы: Ғылым, 1974 .- 219 б.
Жармағамбетов Қ. Алып тұлға// Жармағамбетов Қ Азамат жолы.- Алматы, 1983.-226 б.
Жұртбаев Т. « Қоңыр қозы»: (М.Әуезовтің Абаймен алғашқы кездесуі туралы ) // Өнеге / Құраст. М Мәшекенов.- Алматы: 1984.- 32-34 б.
Кенжебаев Б. «Абай» романы туралы // Кенжебаев Б. Жылдар жемісі.- Алматы, 1984.- 25- 33 б.
Қабдолов З. Ғұлама // Қабдолов З. Жебе.- Алматы, 1977.- 103- 108 б.
Қаратаев М. Мұхтар Әуезов және әдебиет.- Алматы, 1984.- 107-119 б.
Қирабаев С. Біздің рухани әкеміз // Қирабаев С. Талантқа құрмет.- Алматы, 988.- 80-90 б.
Қонаев Д. т.б Әлемнің Әуезові. – Алматы, 1997.- 144 б.
Лизунова Е. Мұхтар Әуезов және әдебиеттер байланысы // Уақыт және қаламгер: Әдеби сын. 5 кітап.- Алматы, 1977.- 103- 110 б.
Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер.- Алматы, 1996.- 124 б.
Молдаханов Ә. Мұхтар Әуезов – фольклортанушы.- Алматы, 1977.-
152 б.
Мұхтар Әуезов туралы естеліктер.- Алматы: Білім, 2004.- 304 б.
Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай.- Алматы,1996.- 272 б.
Нұрғалиев Р. Адамгершілік- тұрмыстық трагедия: Әуезовтің «Бәйбіше – тоқал», «Қарагөз» трагедиялары туралы) // Нұрғалиев Р. Айдын.- Алматы ,1985.- 61- 107 б.
Оразалин К. Абайдан соң.- Алматы: Жазушы, 1972.- 176 б.
Сүлейменов А. Болмыспен бетпе- бет // Сөзстан.2- кітап.- Алматы, 1980.- 66- 76 б.
Туған театр қамқоры // Жұбаншалиев А. Өнермен өзектес өмір.- Алматы, 1987.- 97 б.
Шалабаев Б. Әуезовтің повестері мен эпопеясы // Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасуы.- Алматы, 1990.- 115- 178 б.
Шындық толғауы: (М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі туралы
// Ғабдуллин Н. Уақыт сызы.- Алматы, 1981.- 81-86 б.
Ыдырысов Т. Мұхтар Әуезов - әрі публицист // Ыдырысоы Б. Отты жылдар шежіресі.- Алматы, 1971.- 53- 61 б.
М.О. Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш
/ ҚР Білім және ғылым мин., М.О.Әуезов ат. Әдебиет және өнер инст., ҚР Ұлттық кітапханасы . – Алматы: Жібек жолы, 2005.- 576 б.
***
Абдулло С. Әлемнің Әуезові // Әдебиет айдыны .- 2008.- 7 ақпан.
Әбдіғұлов Р. Қазіргі қазақ прозасындағы М.Әуезов дәстүрі // Қазақ әдебиеті.- 2009.- 4 маусым.
«Әлемге тартқан «Абай жолы»: (Роман және жаңа аударма, аудармашы, жазушы А.Ким туралы мақалалар) // Қазақ әдебиеті.- 2009.- 26 маусым.
Әуезов М. Мұхтарлар көп бізде, бірақ Мұхтар Әуезов біреу- ақ!: (Жазу-
шының ұлы Мұрат Әуезовпен сұхбат) // Жас Алаш.- 2008.- 19 ақпан.
Бақдәулетұлы Д. Абай және Әуезов: рухани сабақтастық // Ұлағат.-2009.-№ 5.- 61- 70б.
Бисенғали З. Ұлы ұстаздың кемеңгер шәкірті: (М.Әуезов және Ш.Айтматов туралы толғаныстар) // Қазақ әдебиеті. 2008.- 23 желтоқсан.
Әукебаев Есет
( 1921)
Қазақ поэзиясындағы майдангер ақындардың легіне жататын ақындардың бірі – Есет Әукебаев. Ол 1921 жылы 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Теректі ауылында туған. 1944 жылдан 1956 жылға дейін Есет Әукебаев мемлекеттік шекара қызметінде болды. 1956 жылдан 1968 жылға дейін республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі
«Егемен Қазақстан») газетінде, одан кейін біраз жылдар «Жазушы» баспасында бас редактор болып қызмет істеді. 1963 жылы Есет Әукебаев Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімшесін сырттай бітірген. Ақынның алғашқы өлеңдері «Әдебиет және искусство» журналы беттерінде жарық көрген. 50- жылдары жарық көрген «Сақшы сыры» өлеңдер жинағынан бастап жыр кітаптары оқырман жүрегіне жол таба білді. «Таң шапағы» (1967), «Асқар таулар» (1979), «Кеңшілік» (1980), «Өмір- бақыт» (1983), «Досыма хат» т.б. кітаптары кезінде жұртшылықтан тиісті бағасын алған дүниелер.
Мемлекеттік шекара, шекарашылар өмірі мен жанқиярлық қызметі – Есет Әукебаев өлеңдерінің арқауы, өзегі. Ақын жауынгерлер тәрбиелеу қызметінде жүріп, өмірді ақындық жүрекпен, азаматтық көзбен тани білді, оның өлеңдерінен айқын көруге болады. Бұған «Таң шапағы», «Досыма хат», «Таулар, таулар» деп аталатын өлең кітаптары дәлел. Шекарашылар өмірін де, азаматтың ой- толғанысын да, табиғаттың сұлу көрінісін де ақын бір- бірімен үйлестіріп суреттейді. Өзі түлеп ұшқан Зайсан өңірі жайлы :
Айдынында өмір- жыр
Жағасы бал құрақты,
Көлдері бейне көгілдір
Теледидар сияқты...
Жасағам жоқ мен қолдан
Бұл суреттің бірін де
Өшпестей боп ол қалған
Жүрегімнің түбінде...
деген сыршыл жолдар ақын жан- сезімінің толғанысын аңғартады.
Есет Әукебаев поэзиясында шекара тақырыбы кешегі Ұлы Отан соғысының қаһармандық оқиғаларымен сабақтастырылады. Әсіресе,
«Батальон», «Ұмытпаңдар солдатты», «Баллада» сияқты өлеңдері әскери – патриоттық поэзиямыздың өркешті дүниелеріне саналады. Ақынның мораль тақырыбындағы өлеңдерінен жақсылыққа, адам бойындағы ғажайып қасиеттерге сүйсіну, адам атын ардақтау байқалады. «Болмаса егер жақсы адам, не болады бұл өмір? Қара судай жасыған қаңсыр еді көңіл құр... Адам жақсы болған соң жамандық аз, күн жақсы. Осылай боп тұрғанда, осылай боп тұрмақшы».
Есет Әукебаев сөз жоқ, Ғабит Мүсірепов айтқандай, «өз алдына бөлек қолтаңбасы бар» ақын.
1980 жылы жарық көрген «Кеңшілік» жыр кітабының атауында да үлкен мән бар. «Кеңшілік» деген сөз кең мағынада қолданылады. Бұл жолғысы- уақыттың кеңшілігі,елдің көңілі, заман тынысын меңзейді, адамға деген жақсылық, қамқорлық мағынасында алынып отыр.
Есет Әукебаев әдебиет зерттеу мәселесімен шұғылданған және аударма саласында да тынбай қалам тартқан ақын. Оның аударған М. Лермонтов, Н.Некрасов, А. Твардовский жырлары өзіміздің төл туындыларымыздай оқылады.
Есет Әукебаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Моңғол Халық Республикасының «Халхын көлдегі жеңіс» медалімен марапатталған, А.Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, СССР Мемлекеттік қауіпсіздігі Комитетінің әдеби сыйлығының дипломанты.
Шығармалары :
Әукебаев Е. Таңдамалы: Өлеңдер, сонеттер,поэма.- Алматы : Жазушы,1990.
Әукебаев Е. Сақшы сыры: Өлеңдер.- Алматы : ҚМКӘБ,1954.
Әукебаев Е. Таң шапағы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.
Әукебаев Е. Есімде қанды майдан жорықтары: ( Естеліктер).- Алматы,1968.
Әукебаев Е. Асқар таулар: Өлеңдер, сонеттер,поэма.- Алматы : Жазушы, 1979.
Әукебаев Е. Кеңшілік: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1980.
Әукебаев Е. Өмір- бақыт: Өлеңдер, сонеттер, поэма.- Алматы: Жазушы, 1983.
Әукебаев Е. Отан; Өлем деп солдат..; Болашақ бір қарады; Күзетте;Застава; Ұмытпаңдар солдатты; Тыныштық; Ұйықтамайды шекара
// Шекара жырлары.- Алматы , 1988.- 26-36 б.
Әукебаев Е. Ұмытпаңдар солдатты; Мазасыз шақ// Аспанда күн сөнбесін.- Алматы, 1985.- 42- 44 б.
Әукебаев Е. Күн мен көлеңке: Сонеттер шоғыры, арнау өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 2000.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Әукебаев Есет //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.
Сейітов С. Бір сөз бар татитұғын мың хатқа да : ( Есет Әукебаев шығармашылығы туралы ) // Сейітов С. Өлең өлкесінде.-Алматы ,1984.- 192- 201 б.
Байғанин Нұрпейіс
(1860- 1945)
Нұрпейіс Байғанин – халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). 1860 жылы Ақтөбе облысы Темір ауданы қазіргі Байғанин колхозында туған. Н.Байғанин бала жасынан суырып салып өлең шығаруға ерте талпынып, 16-17 жасынан- ақ «бала жыршы» атанады. Белгілі ақындармен айтысқа түсіп, олардан батырлық жырларды үйренеді. Нұрпейіс Байғанин негізінен батырлықты, адамгершілікті, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық тыңдайтын «Құбығыл, «Төрехан»,
«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Ол эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған
«Ақкенже», «Нарқыз» сияқты өз туындыларын шығарды. Бұл шығармалар қазақ әйелдерінің тағдырын жырлап бостандыққа шақырған идеясы анық өткір эпостық жырлар болды. Н. Байғаниннің «Кектің даусы», «Қазақ-
баймен айтыс» сияқты шығармалары бар. Ақын халық құрметіне бөленген шағында отан сүйгіштік, халық тағдыры, ерлікті кеңінен жырлады: «Қазақ-
стан», «Гүлденген заман», «Өңімдегі жұмбақ», «Ғажайып көрмеде», «Мос-
ква» т.б. 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына қатысып, «Ақын шабыты», «Жамбылға», «Ғасырдың қарт бұлбұлы» өлеңдерін шығарды. Ақын 1939 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне, Қазақстан жазушыларының ІІ съезіне қатысты. Оның кейіннен «Өрістегі өмір» (1938), «Ақын» (1939) дастандары жарияланды. «Ер туралы жыр»,
«Жиырма бес» поэмалары Кеңес Одағының батырлары Нарсұтбай
Есболатов, Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ақын батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиетінің биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп көрген, көп жырлаған ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге толы. Н.Байғаниннің «Ақын шабыты», «Отарба», «Зор майданға шапшаң бар» т.б. өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған. 1938 жылдан бастап ақын жырларын М.Хакімжанова, Қ.Шаңғытбаев, Е. Ахметов т.б. ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды.
Оның «Қазақстан», «Тау қыраны», «Берік достық» толғау, поэмалары Отанға деген сүйіспеншілікті, халықтар достығын паш ететін жас ұрпаққа қалдырған асыл мұра.
Нұрпейіс Байғаниннің өмірі мен шығармашылығы Е.Ысмайыловтың, К.Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған.
Н. Байғанинге 1939 жылы «Қазақ ССР- нің искусствоға сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді, кейін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.
Ақын 1945 жылы Жеңіс күніне аз уақыт қалғанда 85 жасында қайтыс болды.
Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген.
Шығармалары :
Байғанин Н. Шығармалар жинағы: 2 томдық.- Алматы : ҚМКӘБ, 1956.
Байғанин Н. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер, толғаулар, дастандар.- Алматы : Жазушы, 1991.- 397 б.
Байғанин Н.Өрістеген өмір: Өлеңдер.- Алматы : ҚМКӘБ, 1939.
Байғанин Н. Ақын шабыты: Таңдамалы өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1945.
Байғанин Н. Ер туралы жыр: Дастандар.- Алматы : Жалын, 1988.
Байғанин Н. Нарқыз: Поэмалар .- Алматы, 2008.- 172 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Байғанин Нұрпейіс (1860- 1945). – Алматы:Энциклопедиялық анықтама // Алматы,1983.- 138 б.
Нұрпейіс Байғанин: Естеліктер . Таңдамалы шығармалар. – Алматы : Арыс, 2006.- 312 б.
***
Кенжебай М. Ұлы ақын ұмыт болмауы керек: ( Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 150 жыл) // Мәдениет.- 2010.- №8.- 44- 45 б.
Тәжібаев Ә. Жырау – ақын Нұрпейіс ( Байғанин): ( «Жылдар, ойлар» кітабынан) // Ана тілі.- 2010.- 21 сәуір.
Байзақов Иса
(1900- 1946)
Қазақ әдебиетінің қазынасына елеулі үлес қосқан тасқын талантты ақын Иса Байзақовтың есімі ерекше орын алады.
Иса Байзақов 1900 жылы қазіргі Павлодар облысы Ертіс ауданының
«Үлгілі» колхозында туған. Ата- анасы әншіл, сауықшыл кісілер болыпты. Анасынан тоғыз жасында айрылған Иса өлеңші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Кішкентайынан «әнші Иса» атанады. 1921 жылы Семейдегі жұмысшы факультетінде, 1922 жылы Орынбордағы Қазақ халық – ағарту институтында, 1929-32 жылдары Қазақ педагогтық институтында оқыған. 1926- 29 жылдары Қазақ драма театрына шақырылып Әміре, Қалибек, Құрманбек, Серке, Елубай т.б. актерлермен бірге жаңа театрдың негізін қаласады. Театрдың алғашқы қойылымдарында басты рөлдерді ойнап актерлік дарынын танытқан. Сан қырлы талант иесі Иса Байзақовтың, әсіресе, суырып салма ақындық өнері қазақ әдебиетіндегі осы бір ерекше құбылыстың жалғасындай еді. Байзақов жазба әдебиетінде де көркем туындылар қалдырды. Оның «Ұлы құрылыс», «Алтай аясында», «Он бір күн, он бір түн» , «Кавказ» , «Ақбөпе», «Қырмызы - Жанат» т.б. көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы көтеріледі. «Ақбөпе» поэмасында ақын өз кейіпкерлері Ақбөпе мен Әміржан бойына бұрынғы қазақ жастарының ең жақсы қасиеттері жинақтаған. Байзақовтың Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған отты жырлары ерлікті жырлады.
Актерлік, әншілік, жыршылық дарынымен қазақ мәдениетінде терең із қалдырған Байзақовтың өмірі мен шығармашылығын Е.Ысмайлов, М.Хасенов, Р.Бердібаев т.б. зерттеген. Жазушы Н.Ановтың «Ән қанаты» романында, осы аттас кинфильмде (1962) әнші- ақынның көркем бейнесі жасалды.
Иса Байзақов 1946 жылы 46 жасында дүниеден өтті.
Шығармалары :
Байзақов И. Шығармалары .- Алматы: ҚМКӘБ, 1951.-503 б.
Байзақов И. Екі томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы : Жазушы, 1983.
Байзақов И. Алтай аясында: Роман.- Алматы : Қазкөркемәдеббас, 1939.
Байзақов И. Құралай сұлу: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1971.
Байзақов И. Ақбөпе: Поэма.- Алматы : Жалын, 1984.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Иса Байзақов: ( 1900- 1946) // Қазақ әдебиетінің тарихы: І том.- Алматы , 1964.- 425- 451 б.
Иса Байзақов: (1900- 1946) // Қазақ әндерінің антологиясы: Екі томдық .
І том.- Алматы, 1990.- 198- 199 б.
Байзақова М. Өнердегі өмір: Естелік толғау.- Алматы : Жалын, 1977 .- 126 б.
Желдіріп өткен Иса ақын // Бегалин С. Сахара сандуғаштары .- Алматы, 1976 .- 82- 96 б.
Бекхожин Қ. Ақбоз атты ақын: ( Иса Байзақов) // Өлең өткелдері.- Алматы, 1986.- 19- 36 б.
Ақын Иса // Майшекин М. Портреттер.- Алматы, 1969.- 57- 73 б.
Тұрысов Е. Исаның домбырасы // Тұрысов Е. Темірлан: Тарихи роман, повестер, эссе, естеліктер.- Алматы , 1992.- 353- 370 б.
Хасенов М. Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі.- Алматы: Ғылым,1976.- 176 б.
Асқарұлы Х. Ертіс өрендері: (Иса Байзақов туралы тың ойлар) – Алматы: Ер Дәулет, 1997.- 138 б.
Иса Байзақов.- Павлодар: ЭКО,2003.- 184 б.- (Кереку- Баян кітапханасы «Рухнама»)
Қирабаев С. Иса Байзақов-суреткер ақын // Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен.- Астана,2002.- 268- 282 б.
***
Жақсыбаев А. Иса ақын ( Байзақов): Роман // Жұлдыз.- 2010.- № 6- 7.
Кәкішев Т. Исаны тани алдық па ?: (Иса Байзақов) // Егемен Қазақстан.- 2007.- 9 қаңтар.
Достарыңызбен бөлісу: |