Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Әлімқұлов Н. // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық – Алматы ,1987.-81 б.
Әлімқұлов Н. Бала тілін тапқан // Қазақ совет балалар жазушылары: Қаламгерлік өмірбаян жинағы .- Алматы,1987.- 89-93 б.
Тастанбеков Ү. Өлеңдері әнге айналған: (Ақын Нұрсұлтан Әкімқұлов туралы ) // Әдебиет айдыны. – 2007.- 12 шілде.
Әлімқұлов Совет
(1938-1987)
Бірде бір ауылдасымның үйінің ауласынан еліктің лағын көрдім. Алдыңғы аяғы жаралы екен. Оның сұлу мүсіні, мөлдіреген көзі, құлағы селтиіп тұра қалып, тың-тыңдаған қалпы енді мені қатты қызықтырды. Кіршіксіз түймедей жанарында кіреуке мұң бардай көрінді. Сол сәтте ойламаған жерден:
Еліктің лағы,
Селтиіп құлағы.
Төбеге шығып ап,
Қалқиып тұрады.
Аяғын жаралы,
Көтеріп алады
Алысқа қарайды,
Мөлдіреп жанары, - деген жолдар тілімнің ұшына орала кетті. Қағазға түсірдім де «Балдырған» журналына жолдадым. Көп кешікпей өлең журналға басылды. Бұл менің кішкентайлар үшін жазуыма, балалар әдебиетіне ден қоюма жол ашты. Сөйтіп, 1966 жылы «Еліктің лағы» атты суретті кітапша жарық көрді.
Осыдан кейін жас өрендер үшін өлең жазуға батыл кірісе бастадым. Балалар ортасына жиі барып, олардың мінез- құлқын өзара қарым- қатынасын, сыбайластығын, жүріс- тұрысын жетірек білуге үңілдім. Ішкі- жан дүниесін, нұрлы сезімін, жүрек лүпілін тереңірек ұғынуға ұмтылдым.
Еңбегім зая кетпеді. Өміртал өрендер жөнінде өндіре жаздым. Оларды топтап баспаға ұсындым. 1976 жылы «Жазушы» баспасынан «Өрімтал» атты өлеңдер жинағым шықты. Кітап, аты айтып тұрғандай, мектеп жасына дейінгі балаларға арналды. Жинақ туралы өлеңдері алғашқы ұстазым, тұсауымды кесіп, өлең өрісіне жолдама берген Мұзафар Әлімбаев «Жұлдыз» журналында толымды, көңілге қонымды пікір айтты. Кейбір өлеңдерде кеткен кемшіліктерді, әтеген - айларды 1960 жылы бір топ өлеңімді іріктеп, топтап «Балдырған» журналының редакторы Мұзафар Әлімбаевқа жолдадым. Ол кісіге «мен ақын бола аламын ба, өлеңдерімді қарап, кесімді пікір айтыңыз» деп өтіндім. Ештеңе шықпайтын болса, қағаз шатпақтауымды доғарайын дедім. Ол кісіден тез арада хат келе қоймады. Есесіне сол жылдың маусым айында «Лениншіл жас» газетінің бір санында Мұзафар ағаның «са-
парың сәтті болсын» деген шағын тілек білдіруімен «Туған жер», «Жарал-
ған жанмын жалыннан», «Өзен», «Ерке бұлақ», «Түн», «Құдаша» атты өлеңдерім жарияланды. Міне, осы күннен бастап «Мен ақын боламын» деген сенімді иелендім.
Осыдан кейін көп оқуға, ізденіп оқуға бой ұрдым. Газет - журнал бетіндегі өлеңдердің, поэмалардың бірде - бірін құр жібермедім. Абай мен Қасым Аманжоловтың кітаптарын жастанып, жаттай жүріп оқыдым. Көп ұзамай «Қазақ әдебиетінде», «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналында өлеңдерім жарық көре бастады. 1963 жылы «Жұлдыз» журналының бір саны түгелдей жастар творчествосына арналды. Онда менің де суретіммен «Тілек» деген өлеңім басылды.
1964 жылы «Тұңғыш кітап» сериясымен дербес жинағым шықты. Сол жинақта «Ленин және балалар» деген атпен бүлдіршіндерге арналған топтама өлеңдерім бар. Жинақ жайлы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қалижан Бекхожин жазған пікірінде әлгі топтамаға ерекше тоқталып: «Совет үлкендерге жазудан гөрі балалар тілін табуға икемді екен. Ізденсе, осы жеңісінен қол үзбесе, бала жанын баурап әкететін дүниелер беруге икемділігі беки түсер, бәлкім», - деп атап көрсетті. Содан балауса балғындар тілін тапсам деген үлкен талап қолына жармастым.
Көп уақытқа дейін өзіме өзім келе алмай жүрдім. Қалам ұстауға батылым жетпей жүрді. Есесіне орыстың, дүние жүзінің балалар ақындарын бас алмай оқи бердім. Осы жолда ұшы- қиыры жоқ түпсіз терең мұхитқа сүңгідім де кеттім.
С.Маршактың, К.Чуковскийдің, А. Бартоның кітаптарын әлденеше рет жаттадым. Бұлар мені бала жанын, ой-өрісін, психологиясын зерттеуге, көзқарасын тамыршыдай дәл басып тануға жетеледі.
1982 жылы жас өрендерге арналған «Сыбызғы» атты кітабым жарық көрді. Бұл менің көңілімді бір нұрландырып тастаған жинақ болды. Сол жылдың әдеби жыл қорытындысында балалар әдебиеті жайында баяндама жасаған ақын Қ. Мырзалиев «Сыбызғы» туралы сүбелі пікір айтты. «Соңғы жылда келген соны туынды, оқушыны еріксіз жалт қарататын көк жасығы жоқтың қасы, шымыр шығарма»,- деп бағалады.
Өлеңге деген құштарлық менде ерте бастан- ақ оянды. Қырқыншы жылдың соңғы, елуінші жылдың бастапқы кезінде кез келген ауылда
«ақындар көбейді десем, өтірік айтпаймын. Біреу майданнан қайтпай қалған ұлын, біреулер ауыл тұрмысын, елдің оңала бастағанын, үлкен жеңістің келгенін жырларына арқау етті. Міне, осындай ел ішіндегі өлең, жырларды елти тыңдайтынмын. Тіпті кейбір шумақтарын зердеме құйып алып, оны өзімше әрлеп, түрлендіріп, тірілтуге де әуестенетінмін.
Ауылға қисса, терме, мадақтау жырлар айтушылардың келуін аңсайтынмын. Бағыма қарай қисса, қасиетнама айтушылар ол кездерде едәуір бар болатын. Солар қай жерде, қай үйде сауық құрса, сол жерден табылатынмын.
Сөйтсем, менде тұтанғалы жүрген бір шала бар екен. Оны кейін білдім.
Мектеп есігін 9 жасымда 1947 жылы ашқан мен 1954 жылы жеті жылдық білім алып шықтым. Бір жыл, яғни 8- класты Луговой станциясынан Луговой селосына қатынап оқыдым. Ара қашықтығы алты шақырым. Ары қарай оқуға қиындау болды. Содан 1955 жылы ұлағатты ұстазымның бірі Нәсір Жантаевтың кеңесімен Жамбыл қаласындағы мәдени - ағарту училищесіне оқуға түстім. Міне, осы училище босағасында жадымнан өлең жазып шығаруға талаптандым. Бұған дейін Жамбыл, Абай, Қасым, Тайыр, Дихан, Әбу өлеңдерін іздеп жүріп, тауып оқып әжептәуір көзім де, көкірегім де ашылған-ды. Тәуекел деп қолыма алғаш қалам ұстағанда осы кісілерге қатты сүйендім, көп еліктедім.
Шығармалары :
Әлімқұлов С. Өлеңдер.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас,1964.- 44 б.
Әлімқұлов С. Күн көсем .- Алматы: Жазушы, 1966.- 10 б.
Әлімқұлов С. Жайсаң жер: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жазушы, 1968.- 55 б.
Әлімқұлов С. Еліктің лағы / Суретті кітапша , мектеп жасындағы балаларға арналған/. –Алматы: Жазушы, 1969.- 9 б.
Әлімқұлов С. Қыран: Өлеңдер .- Алматы : Жазушы, 1970.- 29 б.
Әлімқұлов С. Өрімтал: Өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1975.- 26 б.
Әлімқұлов С. Қол айна: Өлеңдер.- Алматы : Жалын, 1980.- 63 б.
Әлімқұлов С. Ораласың ба , көктемім?: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы : Жалын, 1986.- 88 б.
Әлімқұлов С. Сыбызғы: Өлеңдер.- Алматы : Жалын, 1982.- 40 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Әлімқұлов Совет // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 81- 82 б.
Әлімқұлов Тәкен
(1918-1987)
Ұлтымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өмірінің соңғы жылдарында еліміздің оңтүстік өңіріне жиі келіп- кетіп тұрғаны тарихтан белгілі. Ол асықпай сол аймақтың елін аралап, кәрі құлақ қарттардан естіген неше бір керемет сырлы аңыздар мен ескі әңгімелерді қағазға түсіріп, құлшына, қызыға еңбек еткен. Сол сапарларында кейде талантын көзі тірісінде мойындаған жазушы інісі - осы өлкенің төл перзенті Тәкен Әлімқұловты өзімен бірге ертіп жүріп, қазақ тарихының көмбесі аталған қарт Қаратаудың күнгейі мен теріскейін шаршамай- шалдықпай шарлап, қазақ ұлтының қаймағы бұзылмаған бұл аймақтағы күйшілер мен сазгерлерді, жырау мен әншілердің өнеріне, ел арасындағы табиғи талант иелеріне тамсана сүйсініп, жанына ләззат алады екен.
Мұхаңның оңтүстік сапарларында талай рет жолсерік болған сол Тәкен
(оның азан шақырып қойылған шын аты – Тәңірберген болған) Әлімқұлов сол құдіретті, киелі Қаратаудың теріскейі Созақ ауданының Бабата ауылында 1918 жылы қарапайым отбасында туған. Жастайынан әкеден жетім қалған Тәкен өмірден көп қиыншылық көреді. Бұғана-буыны қатпай ақ, ол Ащысай кенішінде жұмысшы болып орналасып, тағдыр тауқыметін ерте тартады. Кейінірек қысқа мерзімді есепші – бухгалтер курсын тәмәмдап, бірер жыл есепші болып та қызмет атқарады. Одан кейін Шымкенттегі қорғасын зауытында 1936- 1941 жылдары еңбек етті. 1941- 1945 жылдары Донецк облысында (кейбір мәліметтер бойынша Ақтөбе облысында) жұмыста болды. Соғыстың соңғы жылы елге оралып Шымкент облыстық
«Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, жауапты хатшы қызмет атқарды. Ол жылдар Тәкен үшін журналистика мен әдебиетте шыңдалу жылдары болды. Сол жылдары П.Павленконың «Бақыт» романы мен М. Лермонтовтың
«Измайыл- Бей» поэмасын қазақшаға аударды. Оның алғашқы әңгімелері баспаларда 1945 жылдан бастап жариялана бастады. Салиқалы, ойлы мақалалары мен тартымды әдеби шығармалары баспасөздерде аракідік жарияланып, олары көпшіліктің көңіліне жол тауып жатты. 1949 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына оқуға түсті. Содан кейінгі оның бүкіл саналы ғұмыры әдебиетке, шығармашылыққа арналды. Қаламы ұшталып, уақыт келе қарымды ақын- жазушыға айналды. Ол жиырма жылға жуық (1956- 1974 жж.) Мәскеу қаласындағы КСРО Жазушылар одағында қызметте болды.
Оның алғашқы «Сапар» атты жыр жинағы 1950 жылы баспадан шықты. Содан кейін уақыт оздырмай «Жазғы жаңбыр», «Боз жорға», «Қаратау өрнектері» сияқты жыр мен поэмалардан құралған кітаптары бірінен соң бірі жарық көрді.
Кейінірек проза саласына көңіл аударып, көптеген әңгімелер мен қызықты хикаяттардан тұратын «Сейтек сарыны» (1966), «Туған ауылда» (1968), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973) , «Шежірелі сахара (1976),
«Көкек айы» ( 1982) атты кітаптар жазды. Олармен қызыға танысып, ерінбей оқыған оқушылар рухани байлыққа , орны бөлек қымбат қазынаға тап болғандай шаттанып, көңілдері қуанышқа кенеліп, өміршең шығармалармен ерінбей сусындады, саналарына нұрлы сәуле құйды, жүректері ойлы сезімге бөленді.
Оның шығармаларына ауыл өмірі, ауыл адамдары, өмір ақиқаты арқау болған. Талантты қаламгер өз туындыларында қазыналы Қаратау мен сырлы Сарыарқа өңірінің ел арасында мол ұшырасатын аңыз- әңгімелерін , халық арасындағы қазақтың ата - салты мен дәстүрін, атадан балаға мұра болып келе жатқан өнерін терең зерттеп, олардан ойына түйгенін шебер пайдаланды. Өйткені, Тәкен өмір бойы туған жерінен - атамекенінен қол үзбеген зерек, көңілі ояу, ізденпаз жазушы. Ол мезгіл - мезгіл Қаратау өңіріндегі елді аралап, оның әсем табиғатын тамашалап, туған жерін мәңгі сүйіп, оның кербез көрінісін жырлап өткен жүрегі нәзік суреткер. Мысалы, оның қаламынан шыққан «Ақбоз ат» (1962) романы құр қиялдан емес, өзінің балалық шағы өткен Қаратаудың теріскейінде болған нақты, деректі оқиғаға сүйеніп жазылған. Жазушының басқа дүниелері де өмірден алынған, айғақты, тұщымды, өміршең туындылар.
«Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні»
(1982) романдары да ауыл өмірі, қарапайым ел адамдары, уақыт толғанысы жайлы қызыға оқылатын шырайлы шығармалар. Бұл романдары жайлы кезінде республикалық басылымдарда белгілі жазушылар мен сыншылар суреткердің шеберлігі туралы өз пікірлерін білдіріп, олары жылы лебізбен бағаларын алды. Оның ондаған әңгіме жинақтары мен романдары орыс тілінде Мәскеу баспаларынан басылып шықты. Ол орыс классиктері М.Лермонтовтың, А.С Пушкиннің , В.Маяковскийдің және шығыс жұлдызы Низамидің поэмаларын, көптеген белгілі шетел жазушыларының күрделі шығармаларын аударып, қазақша шебер сөйлетті. Бұл анау- мынау жай пендеге беріле беретін дарын емес, тек талантты қаламгердің бойынан табылатын қымбат қасиет. Сондықтан Тәкеннің творчествосын замандастары жоғары бағалап, оның еңбекқорлығына, шеберлілігіне, білімдарлығына тәнті болды.
Тарлан жазушы Тәкен 1987 жылдың сәуір айында, 69 жасқа қараған шағында, ауыр науқастан Алматыда дүние салды. Өзінің өлер алдындағы аманаты бойынша ол мәңгілік тыныштықты өзінің Созақтағы кіндік қаны тамған атамекені Бабата аулының жанындағы ата- баба зиратынан тапты.
Тәкен өзінің қаламгерлік ғұмырында суреткерлік шеберлікті бәрінен биік қойды. Мансап, атақ, жасанды бедел, байлық, дүние қумады.
Ортамызда жүрген елге сыйлы азамат, қоғамымыздың қажырлы қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртаза бір сөзінде «Уақыт ірі көзді елек - оның елегінде ересеңдер ғана қалады» деген екен. Ендеше, жұлдызы нұрлы суреткер, атпал азамат Тәкен Әлімқұлов есімі қазақ барда ел есінде сақталатынына еш күмән жоқ. Өйткені Тәкен өмірден, ұлттық әдебиеттен өз орнын тапқан саяқ, ерекше талантты жазушы, мәртебесі биік шынайы дарабоз суреткер. Жылдар алыстаған сайын әлі талай сардар суреткердің шырайлы да сырлы, інжу маржанмен тең, таудың тынысыңды ашар саф кәусар таңғы ауасындай тап- таза, мөлдір шығармаларына сансыз оралып, оның тамаша табиғи талантына бас иетініміз сөзсіз.
Тәкен туындылары мәңгілік !
С. Ордабеков. Сардар суреткер //Түркістан.- 2008.- 17 сәуір.
(Ықшамдалып алынған).
Шығармалары :
Әлімқұлов Т. Жемісті жолда: Әдеби – сын мақалалар.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1958.- 158 б.
Әлімқұлов Т. Ақбоз ат: Роман.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 162 б.
Әлімқұлов Т. Жазғы жаңбыр: Өлеңдер.- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1964.- 77 б.
Әлімқұлов Т. Күрең өзен: Әңгімелер мен повестер.- Алматы : Жазушы, 1971.- 106 б.
Әлімқұлов Т. Тұлпарлар тағдыры: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы : Жазушы, 1975.-343 б.
Әлімқұлов Т. Ел мен жер: Роман.- Алматы: Жазушы, 1978.- 152 б.
Әлімқұлов Т. Қаратау өрнектері: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1980.- 175 б.
Әлімқұлов Т. Көкек айы: Повесть пен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1982.- 160 б.
Әлімқұлов Т. Замана екпін: Новеллалардан құралған роман.- Алматы: Жазушы, 1983.- 200 б.
Әлімқұлов Т. Кертолғау: Өнер тақырыбындағы туындылар/ Құраст. П.Пәрімбекова.- Алматы: Өнер.- 1989.- 368 б.
Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан: Әдеби зерттеу.- Алматы . Жазушы, 1993.- 224 б.
Әлімқұлов Т. Әлімқұлов Т. Сейтек сарыны: Повестер, әңгімелер .- Астана : Елорда,1999.- 427 б.
Әлімқұлов Т. Телқоңыр: Таңдамалы әңгімелер.- Алматы : Раритет, 2003.- 192 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы :
Әбілев Д. Ақын Тәкен туралы бірер сөз // Әлімқұлов Т. Қаратау өрнектері.- Алматы, 1980.- 5-6 б.
Қаратаудың перзенті: Эссе. // Тоқбергенов Т. Ай мүйіз.- Алматы,1990.- 89- 118 б.
Тәкеннің ( Әлімқұлов) тарлан боздары // Әбдезұлы Қ. Таным көкжиегі.- Алматы, 2009.- 214-238 б.
Тәкен Әлімқұлов // Қайырбеков Ғ. Алыста жақын жағалаулар.- Алматы, 2001.- 217- 220 б.
Тоқбергенов Т. Тәкен Әлімқұлов. – Алматы: Рауан, 1992.- 120 б. / Сенің сүйікті жазушың/.
Тұңғиық тағдыр- тылсым тамырлы сөз // Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.- 26- 36 б.
***
Асылбекұлы С. Тәкен Әлімқұлов және оның «Сейтек сарыны» повесі
//Қазақ әдебиеті. - 2008.- 7 қараша.
Аханбайқызы А. Тәкеннің тағдыры шығармаға сұранып тұрады: (Жазу-
шы Ә.Таразидің «Өрт» повесінің кейіпкері жазушы Тәкен Әлімқұлов туралы) // Айқын.- 2007.- 4 шілде.
Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасындағы қоңыр күй: (Т.Әлімқұлов шығармашылығы жайында) // Қазақ әдебиет.- 2008.- 23 желтоқсан.
Қырғызбай Ө. Жұрт күлгенмен Қаратау күлмейді: Жазушы Т.Әлімқұлов өмірінің беймағлұм беттер // Алматы ақшамы.- 2008.- 29 қаңтар.
Қырғызбаев Ө. Созақтың сайыпқыраны: ( Т.Әлімқұлов) // Егемен Қазақстан.- 2008.- 3 қазан.
Ордабаев С.Сардар суреткер: Тәкен Әлімқұлов ) // Түркістан.- 2008.- 17 сәуір.
Сәттібайұлы К. Тәкеннің анасы: ( Жазушы Т.Әлімқұлов туралы) // Қазақ әдебиет.- 2005.- 23 ақпан.
Тәшенов Т. Тәкен Әлімқұловтың құпия қойын дәптері // Айқын.- 2008.- 29 наурыз.
Тәкен Әлімқұлов: ( Мақалалар, суреттер) // Жалын.- 2010.- №6.- 18-28 б.
Әсіпов Сапабек
(1925)
Сапабек Әсіпов оқырман қауымға қаламы қарымды, белгілі көркемсөзші, әрі әдебиет зерттеушісі ретінде кеңінен танымал.
Оның қаламынан туған әр жылдары шыққан «Еменнің жасаруы» (1969), «Ауыл перзенттері» (1975), «Топжарған» (1980), «Ақын даусы» (1983),
«Әліби Жанкелдин» (1990) кітаптары, Абайдың шығармашылығы хақында, Жамбыл жөнінде, Мәлік Ғабдуллин туралы жазған мақала, эссе, зерттеулері кезінде көпшіліктің жақсы бағасын алды.
1994 жылы шыққан С.Әсіповтың «Қазақ қасіреті» кітабы көпшіліктің іздеп жүріп оқитын дүниелерінің біріне айналды. Себебі онда кейінгі кездері қайта- қайта сөз болып қалың жұртшылықты алаңдатып жүрген жер мәселесі көтерілген. Автор оны ұлт мүддесінен таңдап, бізге бұрын беймәлім болып келген көптеген жәйттердің бетін ашып берді.
Еңбек жолын аудандық газетте тілші болудан бастаған Сапабек Әсіпов журналистика саласында да көп іс тындырды. Қостанай облысындағы Аманкелді, Жанкелдин аудандық газеттерінде істеп, кейін облыстық «Ком-
мунизм таңы» (Қазіргі «Қостанай таңы») газеті бас редакторының орынбасары болып істеді. Әртүрлі баспасөз саласында қызмет атқара жүріп, халық тағдырына қатысты ойлы да, өткір проблемалық мақалалар жазып келеді. Қазақ энциклопедиясының бас редакторының бірінші орынбасары болып жұмыс істей жүріп, тұңғыш энциклопедиямыздың өмірге келуіне қыруар еңбек сіңірді.
Сапабек Әсіпов ғалым - журналист ретінде қабілетін жан- жақты көрсеткен тұсы оның Қазақ совет энциклопедиясында қызмет істеген жылдары болды. Оның авторлығымен жазылған үлкенді-кішілі шымыр мақалалар энциклопедияның барлық томдарында кездеседі. Осы 12 томдық бірегей дүниені шығарудағы еңбегі үшін Республика Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сапабек Әсіпов ел, жер тағдыры туралы жазған проблемалық мақалалары мен очерктері үшін 1994 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы берілді.
Бүгінде Сапабек Әсіпов құрметті еңбек демалысында, бірақ жарты ғасырдан бері жазып келе жатқан қаламы әсте мұқалмай қайта жазған сайын жаңғырып, ұштала түсуде. Ол әлі тың, шығармашылық шабыты да шарықтау шегінде.
Шығармалары :
Әсіпов С. Еменнің жасаруы: Очерктер жинағы .- Алматы: Қайнар,1969.
Әсіпов С. Ауыл перзенттері: Очерктер.- Алматы : Қайнар, 1975.
Әсіпов С. Топжарған: Әдеби зерттеу. Мақалалар.- Алматы: Жазушы, 1980.
Әсіпов С. Уақыт және қаламгер: Әдеби сын.- Алматы: Жазушы, 1985.
Әсіпов С. Әліби Жанкелдин.- Алматы: Қазақстан, 1990.
Әсіп С. Қазақ қасіреті . Қоғамдық – саяси зерттеулер мен толғаулар.-
/ Ред. А.Бермаханов.- Алматы: Қазақстан, 1994.
Әсіп С. Қатерлі дерт, қалжыраған халық: Жер туралы толғау/ Ред. Р.Рахымбеков.- Алматы: Қазақстан, 1998.
***
Әсіпұлы С. Аңшы баланың әңгімелері: (Сапабек Әсіпұлы – 80)
//Жұлдыз.- 2005.- №1.- 63-96 б.
Әубәкіров Оспанхан
(1934- 1986)
Артында өлмейтін дана сөз қалдырған, бала шақтан болашаққа арман қанатымен самғай ұшып келіп, талантымен тас жарған тарланбоз ақын- жазушылардың қай - қайсысы болмасын балғын шақты бастан өткерген ғой.
Жазып көрдім мен де өлең,
Жазып көрдім қара сөз.
Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз, -
деп талантты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев айтпақшы, кезінде әзіл-оспақтың текеметін тіліп, балдырғандардың балдай тілін біліп, талай - талай тартымды тақпақ, әзіл - әжуа, жаңылтпаштарын мұра етіп қалдырған Оспанхан Әубәкіров бүгіндері көзі тірі болса, алпыстың асқарынан шығып, кемел шағына келер еді. Артында өлмейтіндей дана сөз қалдырған – Оспанхан да бала кезінде арманшыл болғаны айдан анық. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы қазіргі Сүйінбай атындағы совхозының «Үшбұлақ» бөлімшесінде туған. Жасынан әзіл - қалжың, өнерге өте құштар болып өскен ол «Октябрь» орта мектебін бітірген соң әу баста әртіс болуды армандап, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тәмамдаған.
Жалпы, қай өнер болмасын бір - бірімен етене егіз ғой. Жасында әртіс болуды армандап, консерватория бітірген Оспанхан әу баста
«Қазақконцертте» әртіс болып, әзіл - оспағымен жұртты қыран топалаң күлкіге қарық қылды. Талай жыл сахнада концерт жүргізуші болған, күлдіргі сөз бен күйдіргі сөздің майын тамызған белгілі әртіс Тынышбек Бұйрабаевпен бірге талай үлкен сахнада сатираның «текеметін тіледі». Алғаш Қазақ концертке келген тұста Жамал Омарова гастрольге жүрмек болып, дайындалып жатады. Осағаң залға кіріп келіп бала кезден бірге өскен әріптесі, әртіс Тынышбекке:
- О, ассалаумағалейкум, ағасы, сіз бар екенсіз ғой, жақсы болды, бітті...- демей ме.
Оспанханның бұл сөзіне Жамал:
- Мынауың кім, ей, Тынышбек ?- деп сұраулы кейіппен қарайды.
Сонда Осағаң жауап беріп:
- Сәлеметсіз бе, апасы, мен «Қисық сөйлейтін Қиысбай дейтін ініңіз, немесе балаңыз Әубәкіров Оспанхан боламын. Бес жыл бойы әртіс болам деп босқа оқыппын, «сеннен әртіс шықпайды» дегізіп, Тоқпановқа бес жыл миымды «бесплатно» шоқыттым. Қысқасы:
Ойнаймын деп Жантықты,
Қалмады, апа, жан тіпті...
Қысқасы, апасы, мына ағамен бірге гастрольге мені де ала кетіңіз. Көрермендерді күлкіге батырамыз!- деп жауап береді. Қуақы әртістің мына әзіліне дән риза болған Жамал апай Осағаңды осы жолы Орал өңіріне барған сапарына ерте кетеді.
Оспанханның әртістігі туралы мұндай есте қаларлық езу тартар
«әңгімелерде» есеп жоқ. Мамандығы актерлік болғанымен де өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан О.Әубәкіров республикалық
«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» ( қазіргі « Парасат») журналдарында қызмет істеген. Оннан астам әзіл - оспақ кітаптары көзінің тірісінде баспалардан жарық көрген. Осағаң балалармен балаша тіл табысып, талай тамаша жыр, өлең, ертегі, пьеса, әңгімелер, белгілі сазгерлердің әндеріне текст жазған.
1960 жылы «Қоңырау» атты алғашқы сатиралық жинағы жарық көрген ақынның «Жасыратын не бар?», «Күлеміз- ау», «Сүзеген сөз», «Ұзын сөздің қысқасы», «Қайда безіп барасың?» атты әзіл - сықақ кітаптары жарыққа шықты. Осағаң түріктің атақты сатиригі Әзіз Несиннің «Ақіреттен келген хаттар», Лао Шәнің « Мысықтар шаһары» атты кітаптарын қазақ тіліне тәржімалаған.
Атақты әзілкеш ағамыз балалардың бал тілін таба білген . Оларға арнап жазған «Қағаз қалпақ» атты күлдіргі өлеңдер, ертегі, жаңылтпаштар жинағы үшін 1983 жылы Қазақстан жазушылар одағының сыйлығын алған.
Әлбетте, баланың тілін таба білу үшін ақынның жүрегі нәзік, баламен бала болып күле білу керек. Ол кез келген ақын - жазушының қолынан келе бермейтін табиғи қасиет.
Атақты әзілкеш «Меңдуана» атты сықақ өлеңінде өзі қорқақ, өсекке шорқақ, нашар оқитын маубас баланың кейпін былайша суреттейді:
Мимырттың бір баласы бар,
Өз сөзімен айтсақ,
Бала емес, қып- қызыл бәлесі бар.
Мұны әкесі есепке
Бес жасынан үйретті
Шырт ұйқыдан оятып,
Құлағынан тартып сүйретті
Бірге бірді қоса алмады...
Міне, ойын десе тап беріп, сабақ десе жалт беріп жүретін салғырт баланың кейпін Осағаң осылайша «келістірді». Осындай балаларға арналған әзіл - оспақтарының қай - қайсысын оқи қалсаң да езу жиғызбайды.
Әзілкеш ақын Оспанхан Әубәкіровтың тағы бір қыры жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасына арнап бірнеше қойылымдар жазғаны. Олар бүгін де өміршеңдігін жоймай, игілікке айналып келеді.
Шығармалары :
Әубәкіров О. Төрт томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2005.
Әубәкіров О. Бытпылдақ: Балаларға арналған өлең, мысалдар .- Алматы : Қазмемкөркемәдеббас, 1962.- 52 б.
Әубәкіров О. Күлеміз- ау: Сатиралық өлеңдер.- Алматы : Жазушы, 1966.- 78 б.
Әубәкіров О. Қалтадағы қайық: Әңгіме.- Алматы: Жазушы, 1964.- 10 б.
Әубәкіров О. Көктайғақ: Сықақ өлеңдер.- Алматы: Жазушы,1969.- 60 б.
Әубәкіров О. Сүзеген сөз: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.- 95 б.
Әубәкіров О.Жасыратын не бар: Әзіл- сықақ мысалдар.- Алматы: Жазушы,1979.-168 б.
Әубәкіров О. «Сіз» бен «Біз»: Ертегі.- Алматы: Жалын, 1982.- 12 б.
Әубәкіров О. Қағаз қалпа : Өлеңдер, тақпақтар, сықақтар, ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар.- Алматы: Жалын,1983.- 145 б.
Көңілді көшенің жігіттері: Әзіл- сықақ әңгімелер жинағы./ Құраст. Әубәкіров О. – Алматы: Жалын,1984.- 144 б.
Әубәкіров О. Қайда безіп барасың? – Алматы: Жазушы, 1989.- 252 б.
Әубәкіров О. Жабақ туралы әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1995.- 112 б.
Әубәкіров О. Мұрын ішіндегі мұрт: Әзіл- сықақ әңгімелер.- Алматы : Жалын, 1998.-272 б.
Әубәкіров О. Сіз туралы слух бар: Сатиралық өлеңдер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1998.- 336 б.
Өмірі мен шығармашылығы туралы:
Қазақ күлкісінің Олимпі: (О.Әубәкіров) // Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.- 114- 121 б.
Қабылов Ә. Оспанханның әзіл - оспақ әлемі // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 2007.- №11.- 62- 69 б.
Әмірбек К. Әзіл - оспақ әулиесі: (Оспанхан Әубәкіров) // Әдебиет айдыны.- 2006.- 6 сәуір.
Бектасова Г. Жетпісі кешігіп тойланған қаламгер: (О.Әубәкіров- 70 )
//Түркістан.- 2006.- 20 сәуір.
Достарыңызбен бөлісу: |