Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары І нұсқа «Тіл және алаш идеясы», «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті» бөлімдері бойынша Тыңдалым мен айтылым Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] А мәтіні Тіл туралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл - бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге? Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше. Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған.. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін үлкен рөль ойнауы мүмкін. Мәселен, кезіндегі Орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр. Ендеше, сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз. ( 200 сөз) https://sputniknews.kz/spravka/20190218/9346813/ Ә мәтіні Қазақтың күйі қуанышта да, қайғыда да қазақпен бірге жасап, бостандықсүйгіш ұлық өнер бостан заманымызға халқымызбен бірге қадам басты. Өнер атаулының ішінде күйдің мерейі жоғары, күйдің рухы биік. Себебі, күй – біздің ең ардақты, ең әлеуетті, ең сәулетті ұлттық құндылығымыз, ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміздің төресі. Ал рухани жаңғыру бағдарында әділ айтылғандай, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру да болмайды. Қазақ мемлекеттігінің дербес даму үлгісіне, әсіресе, күйден қосылар даралық сипаттар мол болмақ. Осы ретте ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталып қалсын десек, ұрпаққа күй мен домбыраға деген махаббат дарытпағымыз ләзім. Қанымыздағы бабалардан мирас ізгі қасиеттерді қайта түлетуде күйден асқан катализатор да жоқ болар. Мәңгілік сақтауға тиісті, тарих тереңінен бастау алған рухани кодымыздың бірегейі де – күй. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілері қатарындағы күйлеріміз мұхитқа құяр дариялардай айдынды. Ендеше, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеттің де көш басында жауһар күйлеріміз тұрары сөзсіз. Иә, күй – құдірет, күй – ұран. Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Даланың дабылындай Құрманғазы, Тәттімбет көңіл назы, өмір жазы. Саймақтың сары өзені, Сары Тоқа, Ұшырған Нұрғисалар аққу қазы. Шүкірлік, үйім де аман, күйім де есен, Болмайды бұған бір сәт сүйінбесем. Қолыма қара домбыра алған кезде, Үйімде падишаның күйін кешем...». Алда да қазақтың күй өнерін осы Ілекеңдерше, Ахаңдарша, Мұхаңдарша қастерлесекші!. (196 сөз) https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125 жүктеу/скачать 2,79 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |