Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет77/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Барлығы

10

Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз [10]


11-бөлім. «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер»
1. «Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы» деген ойдың астарын қалай түсінесіз? Осы тақырып аясында мақадла жазыңыз.
2. «Жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі» деген пікір жастарға қандай міндет артып отыр? Осы тақырыпта досыңызға хат жазыңыз.
12-бөлім. « Сөз мәдениеті және шешендік өнер»

    1. «Шешендік - қазақтың атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеті. Неге?» деген сұраққа өз пікіріңізді дәлелдеп, аргументативтік эссе жазыңыз

    1. «Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сөз қадірін бағалаған» тақырыбында Сізден сыныптастарыңыздың алдында қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.



Балл қою кестесі
Жазылым


Жазылымға арналған балл қою кестесі



Балл

Сипаттама

9-10

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.
Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.
Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.
Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.

7-8

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.
Құрылымы сәйкес және сақталған.
Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.
Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.

5-6


Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.
Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.
Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.
Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.
Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.

3-4


Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады.
Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді.
Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде.
Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады.
Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.

1-2


Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады.
Құрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады.
Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес.
Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0


Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес.
Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет