Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет25/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа



Оқу мақсаты:

9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау;


9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Мәтіннің мақсатты аудиториясын табады,
автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды;

  • - Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойынжеткізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:



  • Білу және түсіну

  • Қолдану



Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орындаңыз


Биотехнология - ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология ұғымының дəл мəнісі - биологиялық технология, немесе «биология технология». Басқаша айтқанда, биотехнология дегеніміз, биологиялық объектілер мен биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құру, сол арқылы адамға қажетті өнімдерді алу.


Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді. (124 сөз )
http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2017/KYaiK

1.Мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтаңыз


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мәтін авторының негізгі ойын, көзқарасын бір сөйлеммен білдіріңіз


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Мәтіннен сізге таныс болған және таныс емес ақпаратты табыңыз.



Таныс

Таныс емес







Айтылым
2-тапсырма. «ГМӨ-нің (Гендік Модификацияланған Өнім) пайдасы басым ба, әлде зияны ма?» деген тақырыпта суреттерді пайдаланып, жұппен диалог құрастырыңыз. Ойыңызды жеткізуде логикалық екпінді қолданыңыз.








Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды

1

-мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды
- мәтін авторының негізгі ойын, көзқарасын бір сөйлеммен білдіреді
-мәтіннен таныс ақпаратты табады
-таныс емес ақпаратты табады

1

1


1
1

Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

2

-тақырып бойынша сұрақ қояды;
-сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
-тақырыпты ашады;
-кідіріс, екпін, интонацияны орынды қолданады.



1
1
1
1

Барлығы:







8





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет