Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет33/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды;
- Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация, нұсқаулық жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:


Орындау уақыты:

Қолдану
15-20 минут



Тапсырма


1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз.
«ПОПС формуласы»
Менің ойымша, ...
Оны былай түсіндіремін: ...
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ...
Ойымды былай қорытындылаймын: ...

Азаматтығы бар робот


2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады.
Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді» дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді.
Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару, ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Сондықтан роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар. (193 сөз)
http://mail.ult.kz/post/alemdi-robottar-zhaulap-ala-ma1
Тапсырма
2.Сіз Қазақстандағы туристік агенттіктің қызметкерісіз. Еліміздегі туристік аймақтарға саяхаттауды ұйғарған адамдарға арнап нұсқаулық жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды.

1

- мәтіндегіөзекті мәселені анықтайды;
-себебін түсіндіреді;
-мәселенің өзектілігіне дәлел келтіреді;
-мәселе бойынша қорытындыға келеді

1

1
1



1



Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация, нұсқаулық жазады.

2

-стильдік ерекшелігін сақтайды;
-нұсқаулық талаптарын сақтайды;
-құрылымды сақтайды;

1
1
1

Барлығы







7





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет