Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет31/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа





Оқу мақсаты:

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;


9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау.



Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді;
- Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда
берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі:


Орындау уақыты:

Қолдану
15-20 минут





Тапсырма

Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.


Жер бетіндегі халық санының өсу қарқыны кезеңдерге байланысты әр мемлекетте әртүрлі сипат алған. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген нәтижелер адам баласының өсімін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп шоғырланған.


Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны ғаламдық игеруді бастады. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік технологиялардың жылдам таралуы барлық континенттегі халықтың тұрақты орналасуына негіз болды.
XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған. Ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.
Ұдайы өсу үздіксіз ұрпақ ауысымын жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. Бұл үдеріске әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жоғары деңгейде ықпал етеді. XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың орта шеніне дейін экономикасы жылдам қарқынмен дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы – «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдайдың жоғарылауы этникалық және діни себептермен, ерте бастан некеге тұрумен, білім деңгейінің төмендігімен, өндіріске әйелдерді араластырмаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар кейбір мемлекеттерді отарлық тәуелділіктен босату, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда.  Қазіргі уақытта халық санының ең жоғары өсімі Африка және Орталық Америкада жылына 3%, Онтүстік Америкада 2,2%, Азияда — 1,8%. Туу көрсеткіштері бойынша көшбасшы мемлекеттерге: Орталық Африка мемлекеттері, соның ішінде Кения жатады, мұндағы туу көрсеткіші 1000 тұрғынға 54 жаңа туылған сәбиден келеді. (257 сөз)
https://ikaz.info/haly-sanyny-sui-azy-t-lik-zh-ne-energetikaly-problemalar/


А. Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны _________________бастады.

В.Мұндай құбылыс __________________________, яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді.



Қажетті сөздер: ғаламдық игеруді, демографиялық жарылысқа.



  1. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.




Сөз немесе сөз тіркесі

Анықтамасы



1. некеге тұру

А. өндірістің қарқынды дамуы 

2. өсу қарқыны

В. ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ

3. өнеркәсіптік революция

С. халықтың қоныстануы

4. халықтың тұрақты орналасуы

Д. халық санының артуы

Тапсырма
2018 жылдың басындағы еліміздің демографиялық көрінісін қалай бағалайсыз? Диаграммадағы ақпараттарды салыстыра отырып, пікіріңізді ауызша жеткізіңіз.






Бағалау критерийі

Тапсырма №

Білім алушы:
Дескриптор

Балл

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

1-2

- сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды;
1-сөйлем
2-сөйлем
- сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді;
1-сөз
2-сөз
3-сөз
4-сөз

1
1
1


1
1
1

Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді.




- диаграммададан қажетті ақпаратты алады;
-таныстырылым жасайды;
- жағдайға өзінің пікірін білдіреді;
-қорытынды жасайды.

1
1
1
1



Барлығы







10

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет