Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет39/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
тапсырмалары

Тыңдалым
Күлтегін ескерткіші —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. Ғалымдар арасында тастағы белгісіз жазуларды көне кельт, гот, грек, славян, Скандинавия, финн, тіпті моңғол немесе қалмақ жазулары деген тұжырымдар болды. 1893 жылы 25 қарашада Дания ғылым академиясының мәжілісінде В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап, жырлауға арналған қаhармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (VІІІ ғасыр).


«Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. ( 164 сөз)
https://kk.wikipedia.org/wiki/
1. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіш ғылымда қалай аталады?
A. хикая
B. «үлкен жазу» және «кіші жазу»
C.драмалық шығарма
D. роман
[1]
2. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы кім?
A. Радлов В.В
B. Йоллығ тегін
C. Абай Құнанбайұлы
D. В.Томсен
[1]
3. Күлтегін жырын алғаш оқыған ғалым В.Томсен қандай сөздерді оқыды ?
A. «қолбасшы» және «батыр»
B. «тәңірі» және «түрік»
C. « ағартушы» және «ұстаз»
D. «педагог»және «ғалым»
[1]

4. Перифразбен берілген сөйлемдердің ішінен мазмұнға сай 2 ақпараттарды анықтаңыз.


Мәтінде берілген тұжырым тұсына «+» берілмеген тұжырым тұсына «-» белгісін қойыңыз.



А

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам




В

Күлтегін ескерткіші – ежелгі түркі жазба ескерткіші




С

Академик В.В.Радлов мәтінді тәржімалады.




[2]

Оқылым

Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқыныңдәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді.
«Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел менжердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе,баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрседе, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралы ауылға датүсіп, аттануы тиіс болған.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушығаықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушынысыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп,ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағыоқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған.
Жолаушыны әдейі ауылына бұрып әкеліп, алыс-жақынның жаңалығын тыңдап
аттандыратындар да болған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейінқимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған.Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайынжақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көпшығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады.
Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан.
«Жолаушыны жол сынайды» деген мақал арқылы сапар ауыртпалығын білдірген.
(260 сөз)
5. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеп жызыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]

6. Мәтінде оқшаулап берілген сөздер мәтінде не үшін қолданылған?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
7. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
8. «Қазіргі кезде жолаушы ұғымы экономикалық категория ретінде қолданылады» сөйлемі арқылы қазіргі жолаушыға баға беріңіз.
______________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]

Жазылым
Берілген екі тақырыптың біреуін таңдап, тапсырманы орындаңыз.


[10]

А. «Көшпенділер» романының авторы Ілияс Есенберлинге қалдырып кеткен рухани дүниелері үшін алғыс айта отырып, 150-180 сөзден тұратын мақала жазыңыз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

B. «Қасиетті киіз үй» тақырыбына афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Айтылым
Берілген тақырыптардың біреуіне таңдау жасап, жұбыңызбен 8-11 сөйлемнен тұратын диалогке түсіңіз. Диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз.


[10]
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Қазақ жазуының қалыптасуы және даму тарихы туралы сөйлесіңіз.
2. Көшпенділер мәдениетінің жәдігерлері.
3. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан ұнаған эпизод қандай?
4. Көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет