Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет27/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа



Оқу мақсаты:

9.1.5.1 мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау;


9.2.3.1. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі
интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:




Мәтіннің мақсатты аудиториясын табады,
автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды;

  • Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойынжеткізеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

  • Білу және түсіну

  • Қолдану


Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Берілген мәтінді тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.


Адамзат дамуындағы ең өзекті нәрсе, шырағым, жылдамдық. Оны ұмытушы болма! Дүниедегі қай нәрсені да жылдам жасауға, қай нәрсеге де жылдам жетуге адам баласы о бастан талпынып, оны жүзеге асырып келеді. Оянған соң, қарағым, қалаған жеріңе әп – сәтте жеткізіп салатын жүйрік көліктерге, жарық жылдамдығымен бара – бар ұшатын ғарыш кемелеріне мінесің. Қайда сапар шексең де, аман жүргейсің, балам!
Жаңа заман ағымына ілесу үшін, Сәметжан, уақыттан ұтылмау керек! Бұл – саналы тіршілік иелері үшін басты нәрсе. Уақытпен санасу – өміріңді ұзартумен тең! Осыны ұмытпа! Ол кездегі ұрпақтар секундтың бөлшегіне де көңіл бөлетін болады. Сен дәлдікке үйренетін бол!
Балам, қоштасар сәт таяды білемін. Соңғы өсиетімді айтайын. Жер шарында құс қанатты, балық желбезекті адамдар да өмір сүретін болады. Сен олардың қай – қайсысымен де тіл табыса білетін бол! Ал, қош енді, қарағым.
Нығмет жыпылық қаққан қызыл шамға қарады. Осы сәтте тоңазытқыш жәшігінің қақпағы жайымен жабыла берді. Мұны көргенде Нығметтің тұла бойы шымырлап кетті. Бірте – бірте ұйықтап, әп – сәтте бозғылттана берген баласының бет әлпетінен көз тайдырмады. Кең бөлме ішіндегі жарық шамдар сөніп, төңіректі алакөлеңке басып, тыныштық орнады.(168 сөз)
Ж.Сахиев «Уақыт қайтарымы» кітабынан

1-тапсырма Мәтіннің мақсатты аудиториясын табыңыз.


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2- тапсырма Мәтін бойынша автордың негізгі ойы мен өз ойыңызды білдіріңіз.



Автордың ойы

Сіздің ойыңыз







Айтылым
2. «ГМӨ-ның (Гендік Модификацияланған Өнім) пайдасы басым ба, әлде зияны ма?» деген тақырыпта суреттерді пайдаланыпжұппен диалог құрастырыңыз. Ойыңызды жеткізуде логикалық екпінді қолданыңыз.








Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды

1

-мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды
- мәтін авторының негізгі ойын, көзқарасын бір сөйлеммен білдіреді
-мәтіннен таныс ақпаратты табады
-таныс емес ақпаратты табады

1

1


1
1

Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді

2

-тақырып бойынша сұрақ қояды;
-сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
-тақырыпты ашады;
-кідіріс, екпін, интонацияны орынды қолданады.



1
1
1
1

Барлығы







8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет