Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Мәтін тақырыбы және көтерілген мәселе



бет3/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Мәтін тақырыбы және көтерілген мәселе

Тақырып:



Тақырып:

Мәселе:



Мәселе:

2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.
1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. Алайда оның өзіндік қиындықтары болды, себебі онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілмеген. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері сақталып жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Дегенмен ол да мәселе туғызды, себебі араб әріптері сөз басында, ортасында және соңында әртүрлі таңбаланады. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Кирилл жазуы Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін мекендеген қазақ жұрты пайдаланады. Сондай-ақ Түркия, Германия, АҚШ, т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы қалыпты емес әртүрлі латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО тарағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін араб әліпбиін қолданған. 1928-1940 жылдар аралығында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.(164 сөз)
https://znanija.com/task/

3-тапсырма.Сұраққа жауап беріңіз.


Сіздің болжамыңыз мәтін мазмұнымен сәйкес келді ме? Неге?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4-тапсырма. «Латын графикасы – ел болашағының кепілі» деген тақырыпта ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: жаһандық әлемге жол, мемлекеттік тілдің позициясын нығайту, ұлттың сақталуы, әліпби реформасы, қоғамның қолдауы, «Көш жүре түзеледі», қанатын кеңге жайған ағылшын тілі, елу жылда ел жаңа, қолданыс аясын кеңейту, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет