|
© Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, 2017Байланысты: Туған өлке тарихы, 8 сынып© Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, 2017
1.Түсінік хат
Жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған «Туған өлке тарихы» курсын құрастыру барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынды. «Туған өлке тарихы» курсының оқу жүктемесі аптасына бір сағат, жылына 34 сағат
Курстың мақсаты:
– оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын тарихи, археологиялық, мәдени білімдерін қалыптастыру, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандары туралы дерекнамалық мәліметтерді жинақтау.
Оқу курсының міндеттері:
-оқушылар бойында ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімдерін арттыру;
-оқушылардың Қазақстан тарихы, география, және қазақ әдебиеті пәндері сабақтарында алынған білімдері мен дағдыларын кеңейту, тереңдету;
-туған өлкенің тарихи-археологиялық ескерткіштері мен мәдени кешендері туралы мәліметтер қорын әзірлеу;
-өлкенің тарихи, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған тұлғалар туралы білімдерін кеңейту;
-оқушыларды туған өлкенің бірегей тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу және оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыру;
-жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|