Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы


Delphi бағдарламалау тілінде аттестациялық және емтихандық бағалары бойынша колледждің ең жақсы тобын анықтыйтын бағдарлама жазу



бет8/13
Дата07.02.2022
өлшемі269,29 Kb.
#97233
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
«Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» курстық жұмыс
PhotoShop графикалық редакторы, ZOOM пайдалану, Сызықты емес программалау есебі, Практикалық жұмыс 1, 2 лекция, Лекция 1, Лабораторная работа Ин дизайн, № 1, № 1, 1 лекция, жаңа дәріс

4. Delphi бағдарламалау тілінде аттестациялық және емтихандық бағалары бойынша колледждің ең жақсы тобын анықтыйтын бағдарлама жазу.


5. Мекемедегі барлық компьютерлердің жиынтығын және ақпаратты енгізу, өзгерту, өшіру әрекеттерін басқаратын жүйелік администартордың бағдарламасын жасау. Мұнда әрбір компьютерде келесі ақпаратты сақтау қажет: аталуы, қатқыл дискінің сыйымдылығы, жедел жадының сыйымдылығы, монитор типі, интернетке қосылуы. Өңдеуде файлды құру және оқу, файл мәліметтерін іздеу, өзгерту, қосу, толықтырулар болуы қажет.
6. «Тауып көр» бағдарламасын жасау. Ойын 5 партиядан тұрады. Әрбір партияның басында компьютер 1-ден 100-ге дейін кез келген сан жасырады. Егер қолданушы санды тапса, онда келесі партия басталады, егер таба алмаса партия аяқталғаны туралы хабарлама шығады және жасырылған сан көрсетіледі. 5 партия аяқталғаннан кейін ойын барысы туралы статикалық ақпараттан тұратын хабарлама шығады. Қолданушының жаңа ойын бастауға немесе ойыннан шығуға мүмкіндігі бар. Қолданушы барлық ойын барысында «Анықтама» батырмасын басып, ойын ережесі, авторы туралы мәліметтерді мүмкіндігі бар.
7. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін мекеменің мәліметтер базасын құру. Мәліметтер базасында автосервисте болған барлық автокөліктер, әрбір автокөлік туралы ақпарат (маркасы, тіркеу белгісі, түсі, шыққан жыл, жасап шығарған зауыттың сериялық номері және т.б.), автосервиске келген автокөлік иелері туралы мәліметтерді тіркеледі. Бағдарлама автосервистің иесіне қажетті мәліметтерді (автокөлік иелері туралы ақпарат, авкөлік туралы ақпарат, барлық тапсырыстар туралы есептер немесе белгілі бір уақыт аралығындағы тапсырыстар туралы ақпарат), сонымен қатар оның клиенттеріне (қызмет көрсетулерінің, жаңа құралдарының, мезгілдік жеңілдіктер бағасы) қажетті есептерді баспаға шығаруы қажет.
8. Delphi интегралды ортасының визуальды компоненттері туралы анықтама бағдарламасын құру. Мәліметтер базасындағы таңдалған компоненттер туралы анықтамалық ақпаратты көрсетуі қажет.
Файл бойынша іздестіру жүйесін іске асыруы, қате іздеу кезінде ақпараттық хабарлама құруы қажет. Бағдарламаны қолдану туралы анықтама құру қажет.
Мәліметтер базасы бойынша компонентті іздеуді қолдану үшін іздеу аймағына компонент атауын енгізу және «Search» батырмасының жанында орналасқан батырманы басу қажет. Ақпарат бағдарламаның диалогтық терезесінің төменгі жағында орналасқан аймақта көрінеді.Егер компонент табылмаса немесе оның атауы дұрыс енгізілмесе, онда қате туралы хабарлама енгізу терезесіне шығады.
9. Туристік агенттіліктің мәліметтер базасын құру. Берілген ақпараттық жүйе келесілерді қамтуы тиіс: турлар, осы турлар ұйымдастырылатын мемлекеттер, қонақ үйлер және экскурсиялар туралы ақпарат. Сонымен қатар сапардың құнын, күн санын және таңдалған бөлме бағасын есепке алады. Барлық рәсімделген турлар мәліметтер базасында сақталады, қажет болса есеп жасалады.
10. Төмендегі сұрақтарды қамтитын кәтап дүкенінің мәліметтер базасын жасау қажет:

  1. Дүкенде қандай кітаптар сатылады?

  2. Дүкенге қандай баспалардың кітаптары сатылады?

  3. Дүкенде қандай қызметкерлер жұмыс жасайды?

  4. Дүкеннің қолданылуында қандай ғимараттар бар?

Мәліметтер базасында келесі функциялар болуы тиіс:

  1. Белгілі бір уақыт ішінде өзінің маңыздылығын жоғалтуы мүмкін кестелерді өзгерту мүмкіндігі.

  2. Қолданушыға түсінікті қарапайым және жеке интерфейс.

  3. Базаның мәліметтерімен есептерді баспаға шығару мүмкіндігі.

  4. Қажетті ақпаратты іздеу мүмкіндігі.

11. Delphi интегралды ортасының визуальды компоненттері туралы анықтама бағдарламасын құру. Мәліметтер базасындағы таңдалған компоненттер туралы анықтамалық ақпаратты көрсетуі қажет.
Файл бойынша іздестіру жүйесін іске асыруы, қате іздеу кезінде ақпараттық хабарлама құруы қажет. Бағдарламаны қолдану туралы анықтама құру қажет.
12. «Ұшақты құлату» ойынын модельдейтін бағдарлама жасау. «Ұшақты құлату» ойының мақсаты экран бетінде ұшып жүрген жау ұшақтарын құлату. Қондырғыны оңға және солға жылжытуға болады.
13.Delphi 7 интегралданған ортасында білімгерлердің тест тапсыру бағдарламасын жасау.
14. BorlandDelphi 7 «Көтерме база» мәліметтер базасын жобалау. Ол келесі функцияларды атқару тиіс: мәліметтермен жұмыс және сақтау, есептерді баспаға шығару, мәліметтерді іздеу және сүзгілеу, енгізілетін мәліметтерді тексеру және өңдеу, рұқсат берулерді шектеу.
15. Іздеу мүмкіндігі бар электрондық файлдарды іріктейтін мәліметтер базасын жасау.
Мәліметтер базасын қолданушы сақталатын мәліметтер бойынша әр түрлі сұрақтармен қатынау керек.
16.«Мозайка». Компьютерлік ойынын жасау қажет. «Мозайка» ойыны келесілерді қамтамасыз ету қажет:
- егер сурет толығымен жиналса, ойын аяқталғаны туралы хабарлама шығады.
- суретті таңдау мүмкіндігі бар.
- ойынды қайта бастауға болады.
17. Сатып алулар туралы ақпарат сақтау үшін бағдарлама жасау.
18. «Түрлі түсті кубиктер» бағдарламасын жасау.
19. Мәліметтермен, клиенттермен жұмыс жасайтын бағдарлама жасау: реттік номер, клиент атауы, қызмет түрі, клиентпен жұмыс басталуының күні және абоненттік төлемнің уақыты, мәліметтерді енгізу, түзету, өшіру.
20. «Будильник» бағдарламасын құрайтын Windows қосымшасын өңдеу.
21. «Телефон анықтамасы» қосымшасын жасау.
22. «Мейрамханада тамаққа тапсырыс беруді автоматтандыру» бағдарламасын жасау. Бағдарлама тапсырыстарды автоматтандыру, клиент пен өнім туралы ақпаратты өңдеу және алу мүмкіндікке ие болуы қажет.
23. Borland Delphi бағдарламасында графикалық ақпаратты бейнелеу үшін арналған құралдарды қолданумен ықтималды бөлінуі көмегімен папоротник жапырағының суретін құру бағдарламасын жасау.
24. Аурухананың күндізгі стационарда немесе үй стационарында ем қабылдаған науқастарды есепке алатын «Күндізгі стационар» автоматтандырылған жұмыс орнын жасау.
25. Көлденең 19 сұрақтан және тігінен 16 сұрақтан тұратын крассворд құру қажет.
Егер ұяшықтағы сөз дұрыс енгізілсе, онда жасыл түске боялады, ал дұрыс енгізілмесе қара түс болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет