Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет20/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn

Балл қою кестесі





Бағалаукритерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды.

1-2

мәтін жанрын жазады.

1

анықталған жанрға сай 2 ерекшелікті
белгілейді.

1

1


Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды.

3

сұхбат құрастыруда тақырыпты ашады.

1

сұхбаттың жанрлық ерекшелігін ескереді.

1
1

Барлығы

6



«Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті», «Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)


Білім алушыныңаты-жөні:



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) жанрға қатысты ерекшелікті анықтайды.

Мәтін жанрын және оған тән 2 ерекшелікті анықтауда қиналады.

Мәтін жанрын және оған тән2 ерекшелікті анықтауда қателеседі.

Мәтін жанрын және оған тән 2 ерекшелікті анықтайды.

Шағын мақала, пікір, интервью жазуда жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтайды.

Сұхбат тақырыбын ашуда, жанрлық ерекшелігінсақтауда қиналады.

Сұхбат тақырыбын ашуда, жанрлық ерекшелігін сақтауда қателеседі.

Сұхбат тақырыбын түсінеді, жанрлық ерекшелігін сақтайды.

«Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті» мен

«Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш» бөлімдері бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар





  1. нұсқа




Оқу мақсаты

8.3.5.1 қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктердібақылау;
8.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу.

Бағалау критерийі

Білім алушы:
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданады;
Мәтінге өзгеріс енгізіп, ерекшеліктерді бақылайды; Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, пікір жазады.

Ойлау
дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут


  1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз.

Байқоңыр - планетамыздағы ең алғашқы ғарыш айлағы және бүгінде ол әлемдегі ең үлкен ғарыш кешені болып саналады. Жерден ұшырылатын ғарыш кемелерінің төрттен бірі Байқоңырдан ұшырылады.


1955 жылы Төретам кентінің жанынан ғарыш айлағының құрылысы басталды. Бір қызығы бастапқыда ғарыш айлағының аты Байқоңыр болмаған. Жобаның аты Тайга болған. Төретамнан 400-дей шақырым жерде орналасқан Байқоңыр аулының жанынан жалған ғарыш айлағын сала бастаған. Бірнеше жыл бойы ғарыш саласына байланысты барлық құжаттарда сол Байқоңыр ауылы аталып келген. Біртіндеп сол ғарыш айлағының құпиялығы алынып тасталды. Осылайша Тайға атауы Байқоңырға айналып кетті. Айтпақшы, бұл Гагарин ұшқаннан кейін болған.
1957 жылдың 4 қазан күні Байқоңырдан Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды. Жер серігінің атауы Спутник-1 болды. Оны ресейлік конструктор Сергей Павлович Королев жасап шыққан. Спутник-1 диаметрі жарты метрлік сфера пішіндес болған және антенналар мен радио қабылдағыштардан тұрған. Спутник сигнал таратып, жерді 1440 рет айналған, сосын атмосфераның тығыз қабатында жанып кеткен.
Ал 3 жылдан кейін Байқоңырдан бесінші Жер серігі ұшырылды. Бұл жолы Жер серікте жолаушылар болған еді. 1960-жылдың 19 тамызында Белка мен Стрелка өздерінің атақты ғарышқа сапарын жасады. Иттер бір тәуліктен артық ғарышта болып, салмақсыздықты да бастарынан өткізіп, Жерге аман-есен оралған болатын. Белка мен Стрелка қарапайым көше иттері болған. Ал кейін олар әлемдік танымалдыққа ие болды.
Мәтіннің негізгі ойы:

[1]




  1. Суреттерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізіңіз.




[2]





  1. Мәтіндерді бақылай отырып, ерекшеліктерді жазыңыз. Венн диаграммасы

[3]



  1. Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, Қойлыбай Асанұлының пікіріне өз ойыңызды білдіріңіз.

Қойлыбай АСАНҰЛЫ: Бағзы дәуірлерден бері халықпен бірге жасасып, қалыптасып, дамып келе жатқан айтыс өнері де әр заманның бедерін, уақыт тынысын айшықтайтын рухани жәдігерлеріміздің ең маңызды саласы болып саналады. С. Мұқанов өз зерттеулерінде қазақ айтыстарын:

  1. Әдет-ғұрып;

  2. Қайымдасу;

  3. Жұмбақ айтысы;

  4. Дін айтысы;

  5. Ақындар айтысы деп топтастырады.

Орта мектепке арналған қазақ әдебиеті оқу құралында Қ. Жұмалиев айтысты:

  1. Бәдік айтысы;

  2. Жар-жар;

  3. Мал мен адамның айтысы;

  4. Өлі мен тірінің айтысы;

  5. Жұмбақ айтыс;

  6. Салт айтысы; қыз бен жігіт айтысы; ру айтысы.

  7. Осы күнгі айтыстар, – деп жетіге бөледі.

[3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет